Т. Т. Ипалаков., Б. Апшикур маркшейдерлік іс негіздері



бет15/26
Дата26.12.2023
өлшемі1.29 Mb.
#487980
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26
МУП маркшейдер. дела

α + β +  = 180° (3.5)

Алынған қилыспаушылық кері таңбамен тең бөлініп, тек қана есептелінген α және β бұрыштарына таратылады.


СА, АС, СД, СВ, ВС және СД қабырғаларының дирекционды бұрыштары есептелінеді. Жер асты полигонының бірінші қабырғасының дирекционды бұрышы СД (αСД) екі рет алынады. Олар тең болуы керек.
С нүктесінің координатасы есептелінеді:


ХС = ХC + a cos αCB + a' cosαBC
ХС = ХC + в cos αCА + в' cosαАC (3.6)


YС = YC + a sin αCB + a' sinαBC
YС = YC + в sin α + в' sinαАC (3.7)
С нүктесінің екі реткі есептелінген координатасының тең болуы (А және В тіктеуіші арқылы), есептеу үдерісінде қателік болмағанын көрсетеді.
Г қосымшасында бастапқы мәліметтер ретінде 25 нұсқа келтірілген.
Үшбұрыштар тәсілімен оқпанды бағыттауды есептеуді оңайлату және формализациялау үшін, маркшейдер Д қосымшасында келтірілген форманы пайдаланады, ол өз кезегінде жер бетіндегі және жер астындаағы үшбұрыш үшін жеке жеке екі рет есептелінеді. Онда үшбұрыштың шешуінен басқа дәлдікті талдау жүргізіледі.
Кестенің бірінші позициясы есептеу ретін көрсетеді.
Е қосымшасында жалғастырылған үшбұрыштардың біреуінің есептеу мысалы келтірілген.

4 екі оқпан арқылы бағыттау

Аталған жұмыста шахтада пунктер координатасын есептеу үшін, бастапқы мәліметтер ведомостына (осы жұмыстың 4.1 – 4.4 пунктері ) № 2 тәжірибелік жұмыста есептеу жүргізілген (Б қосымшасы) ведомосты қабылдау керек. Мұнда келесі сәйкестіктерді ескеру қажет: тұратын 86 нүктесін А нүктесі үшін, 1 –1, 9 –2, 558 –3, 837 –4, 77 –5,79 –6 және 990 – нүктесін В тұру нүктесі үшін қабылдаймыз.


Координат ведомостысын кезекті есептеу нәтижесінде, В нүктесінің координатасын және дирекционды бұрыштың мәнін (шахтадағы) шартты жүйеде алу керек, осыдан кейін шахтадағы дирекционды бұрыш мәнін шынайы координат жүйесінде есептеу керек, осыдан соң жер бетіндегі А тұру нүктесінің белгілі координат мәніне сүйене отырып, шахтадағы 1-В нүктесінің координатасын шынайы координат жүйесінде есептеуге өту қажет.
Жұмыстың қорытынды сатысы, бақылауды орындау болып табылады.
Төменде координат ведомостын есептеу формулалары, сондай-ақ екі вертикаль оқпан арқылы түсірілген бағыттық-жалғастырудың схемасы келтірілген.



Сурет 4.1 – Екі вертикаль оқпан арқылы түсірілген бағыттық-жалғастырудың схемасы
4.1 Табылған А және В, 1…n пунктерін бекіту қажет (жер бетінде) және (шахтада).
4.2 осыдан кейін жер бетінде және шахтада полигональдық жүрістің 1-ші разрядын жүргізеді.
4.3 Оқпанға тіктеуішті түсіріп, А және В, 1…n нүктелеріне бұрыштар мен тіктеуішке дейінгі арақашықтықты өлшейді.
4.4 осыдан кейін А және В нүктелерінің жер бетінде координаттарын есептейді және αАВ, Ln (АВ) дирекционды бұрышын келесі формуламен анықтайды:

αАВ = arctg (4.1)

Ln (АВ) = (4.2)

4.5 Шахтада координаттың шартты жүйесін АХ/ енгізеді: ХА/ = 0 = УА/, αА-1 = 0.


4.6 Өлшенген β1… βn және L1… Ln бойынша 1…n нүктелерінің координаттары есептелінеді.
4.7 Есептелінеді:
α /АВ = arctg (4.3)

LШ (АВ) = (4.4)


4.8 αА-1 дирекционды бұрышының шынайы координат жүйесіндегі мәні тең болады:
αА-1 = αАВ - α /АВ (4.5)

4.9 Белгілі αА-1 және А нүктесіндегі тіктеуіш координатасы бойынша шахтадағы барлық нүктелердің 1…В шынайы координат жүйесіндегі мәндері есептелінеді.


4.10 Бақылау:

Ln – Lш = ΔL≤ ΔLрұхсатты = (4.6)


Салыстырмалы қилыспаушылық:



(4.7)

Абсолютті қилыспаушылық:



(4.8)

(4.9)

(4.10)

5 МАРКШЕЙДЕРЛІК ГРАФИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТАРДЫ ТҰРҒЫЗУ ЖӘНЕ НӘТИЖЕЛЕРДІ КАМЕРАЛЬДЫҚ ӨҢДЕУ


Рудалық қазба орнының ауданы 500х500 м (Сурет 5.1) жер бетінен 150-200 м сайын бұрғыланған онүш вертикаль ұңғымамен ашылған. Ұңғыманың аузының координаттары (х, у, z), ұңғымадан алынған жыныстың сынақ үлгісі нәтижесінде қазынды жатысының төбесінің және табанының тереңдігі Ж қосымшасында нұсқалар бойынша кестелік түрде келтірілген.


Руданың орташа көлемдік салмағы  = 2,7 т/м3.
Ж қосымшасындағы бастапқы мәліметтер көрсеткіштері бойынша талап етілетіні:
1 Үстіңгі жер бетінің планын 1:2000 масштабында ұңғыманың аузын нөмерін және белгілерін салу. Жер бетінің жер бедерін горизонтальдар арқылы әрбір 1 метр сайын қимамен көрсету (планды тұрғызудың мысалы И-а қосымшасында келтірілген).
2 Қазба жатысының гипсометриялық планын тұрғызу. Изогипс ұңғыма бойынша әрбір 1м сайын, топырақ пен қазынды жатысының төбесінің сәйкесті белгілері аралығында интерполяциямен салынады, (Тұрғызу мысалы И-б қосымшасында келтірілген).
3 Қазынды жатысының топырағының гипсометриялық планын салу. Изогипс ұңғыма бойынша әрбір 1м сайын, топырақ пен қазынды жатысының төбесінің сәйкесті белгілері аралығында интерполяциямен салынады, (Тұрғызу мысалы И-в қосымшасында келтірілген).
4 Ұңғыма бойынша вертикаль қуаттылық мәндері арасында интерполяциямен қазындының изоқуаттылық планын тұрғызу (Тұрғызу мысалы И-г қосымшасында келтірілген).
5 Солтүстіктен Оңтүстікке қарай бағытталған ординатасы Y= … (оқытушымен беріледі) сызық бойынша вертикаль қиманы горизонталь 1:2000, вертикаль 1:200 масштабында тұрғызу. Қиманы тұрғызу үшін, Жер бетінің планын және қазынды жатысының төбесінмен топырағының гипсометриялық планын пайдаланады.
Жұмысты орындаудың әдістемесі:
1 Қазынды жатысының төбесінің белгісі,ұңғыма аузы мен төбе тереңдігінің айырмашылығына тең; қазынды жатысының топырақ белгісі ұңғыма аузы мен топырақ тереңдігінің айырмашылығына тең.
2 Қазынды жатысының вертикаль қуаттылығы төбе белгісі мен топырақ белгісінің айырмашылғына тең.
3 Вертикаль қиманы тұрғызу үшін, Жер бетінің топырақ жатысының белгілерінің мксимальды және минимальды белгілерін ескере отырып, әрбір 50 метр сайын биіктік торын тұрғызу қажет. Горизонталь арақашықтықты Жер бетінің планынан және қазынды жатысының гипсометриялық планынан алуды қарастыру керек; Нүктелер арасындағы вертикаль арақашықтық осы нүктелер арасындағы белгілер айырмасына тең.
И қосымшасында Жер бөлігінің бетінің, төбесінің, топырақтың қазынды жатысының және изоқуаттылықтың планын тұрғызу мысалы келтірілген.

6 ТҮСІРІС НЕГІЗДЕРІН ЖЕТІЛДІРУ


6.1 Бастапқы мәліметтер. Түсіріс негіздері дегеніміз түсірісті толық жасау үшін карьердің жұмысшы горизонтында қажетті және жеткілікті мөлшерде құрастырылатын, нақты жеткілікті анықталынған геодезиялық пунктер жүйесін атайды.


"Техникалық инструкция..." түсіріс негіздерінің келесі түрлерін қабылдауды ұсынады: аналитикалық торлар, геодезиялық қилыстыру, теодолиттік жүріс, тікбұрышты торлар, профильді сызық.
Түсіріс негіздерінің типтері (мәні және оны құру тәсілі) жергілікті жердің жер бедеріне, жұмысшы горизонтының жер бетінің негізгі горизонтына салыстырмалы орналасуы, карьердің өлшемі мен конфигурациясы және тау-кен өңдеу жұмыстарын жүргізу жүйелеріне тәуелді болады.
Жоғарыда аталғандардың ішінде үнемі жиі қолданылатын әмбебап тәсілдің бірі геодезиялық қилыстыру болып табылады: яғни тура және кері қилыстыру.
Бастапқы мәліметтер:
Жергілікті жердегі координаттары белгілі тірек торларының пункті:
- А (X = 0,000 м, У = 0,000 м)
- В (X = 0,000 м, У = 50,000 м)
УВ 35, 000 тен 50, 000м дейін өзгереді. ч-з 1м нұсқаларға байланысты алынады.
- С (X =43,302 м, У =25,000 м).
Талап етіледі:
1) Геодезиялық торлар пунктін түсіріс негіздерінен геодезиялық тура және кері қилыстырулармен жиілету;
2) Д пунктінің координатасын екі тәсілмен анықтау.
6.2 Тура геодезиялық қилыстыру, сызықтық өлшеуді жүргізуге қолайсыз болатын жергілікті жерде координатасы белгілі екі бастапқы пункт негізінде қосымша нүктелердің координатасын анықтау үшін пайдаланылады. бұл тәсілде үшбұрыштың барлық үшбұрышы (А, В, Д) өлшенеді. Анықталынатын пункте бұрыштар 30° кіші және 120° үлкен болмауы керек. Үшбұрыштағы бұрыштардың қилыспаушылығы 45"- 60" аспауы тиіс.
Есепті шешу келесі ретпен орындалады:
6.2.1 Қағазға масштабы 1:500 А және В нүктелерінің координатасы бойынша салу тор салу. Д, пунктерінің жағдайын еркін түрде салу, АВД үшбұрышында бұрыштық қилыспаушылықты тауып, оны барлық өлшенген бұрыштарға кері таңбамен бірдей етіп таратады да, түзетілген бұрышты /А, /В, /Д алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет