3.3 Бөлудің негізгі элементтері
Горизонтальды бұрыштарды және горизонтальды аралықтарды нақтыға шығару
Талап етілген дәлдікке байланысты екі түрлі тәсіл ұсынылуы мүмкін.
Бірінші тәсіл талап етілген дәлдік, алынған дәлдік теодолиттің горизонталь дөңгелегі бойынша дәлдіктен кіші болған жағдайда пайдаланылады.
Нақтыдағы АВ белгілі бағытындағы А нүктесінде (3.1 а суреті ) теодолит қойылады.
Сурет 3.1- Горизонталь бұрышты нақтыға көшірудің екі тәсілі
Дөңгелектің сол жағы жағдайында лимбаны бекітіп, трубаны В нүктесін бағыттап, санақ а алынады. Осы санаққа шегерілетін β бұрышының мәнін қосып, алидаданың алдын ала қыспа бұрандасын босатып нөлін қоятын а1 мәнін алады. Визирлік сәуле бағыты бойынша С1 нүктесін алынады. Трубаны зент арқылы дөңгелек оң жағдайына аударып, жоғарыдағы келтірілген әрекетті қайталайды және С2 нүктесіне қояды. С нүктесінің қорытынды жағдайы үшін, С1 және С2 нүктелерінің ортасы алынады. ВАС бұрышын тексеру үшін, берілген β бұрышы өлшенген және салыстырылған болуы керек.
Екінші тәсіл, бұрыштарды біршама дәл шығару барысында қолданады. Трубаның бірінші жағдайында С1 нүктесіне қойып, (3.1 б суреті) алынған ВАС1 бұрышын талап етілген дәлдікпен өлшейді.
ВАС1 = βизм бұрышын берілген β0 бұрышымен салыстыра отырып, айырмашылығы ∆ β = βизм – β0 шығарудың талап етілген дәлдігімен салыстырады. Егер ∆ β талап етілген дәлдіктен үлкен болса, онда ВАС1 бұрышы түзетілуі тиіс. Бұл үшін АС1 =s аралығы өлшелініп, бұрышқа сызықтық түзету енгізіледі.
(3.1)
Ізделініп отырған бұрыш β0 алу үшін нүктесінмен салыстырылуы қажет. С нүктесін бекіткеннен кейін ВАС бұрышына бақылау өлшемі жүргізіледі.
Берілген горизонтальды аралықты нақтыға көшіру барысында, екі жағдай кездесуі мүмкін.
Бірінші жағдай. Жобалық аралық l салыстырмалы түрде үлкен емес (өлшеу аспабынан үлкен емес), ал жергілікті жер тегіс. Жобалық ұзындықты салу келесі түрде жүргізіледі. Бастапқы нүктеге теодолитті қойып, белгі қойылатын берілген бағыт белгіленеді, ал одан аспап биіктігін өлшейді. Нақтыда салынатын еңістіктің бұрышын δ өлшем еңістіктік аралықты анықтайды:
(3.2)
Мұндағы l0 – горизонтальды ұзындықтың температуралық түзетуімен компарилеуін ескергендегі ұзындығы.
Екінші жағдай (сурет 3.2), жобалық аралық үлкен, салудың үлкен дәлдігін талап етеді, ал жергілікті жер беті күрделі.
Достарыңызбен бөлісу: |