Т. Т. Ипалаков., Б. Апшикур маркшейдерлік іс негіздері



бет7/26
Дата26.12.2023
өлшемі1.29 Mb.
#487980
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26
МУП маркшейдер. дела


Сурет 3.2 - Жобадағы берілген жазықтықты нақтыға көшіру


Бұл жағдайда келесідегідей жұмыс реті атқарылады:


1 А нүктесіне теодолит қойылады, берілген аралықты салуға қажетті АВ бағытын белгілейді.
формуласымен анықталынған еңісті аралықты L0 салып, В нүктесіне бекітеді. Еңістік бұрышы δ жуықтап анықталынады.
2 АВ кесіндісін жеке бөлікте, олардың ұзындығы өлшеу аспабынан аспайтынай етіп, қазықтар қағумен бөледі.
3 бүтіндер арасындағы қазық қағылған еңістік аралық L1, L2, L3, …өлшейді. Рулеткамен өлшеу барысында динамометрмен қажетті тартылу беріліп, температура өлшенеді.
4 Геометриялық нивелирлеу арқылы қазықтар арасындағы h1, h2, h3,… өсімшені анықтайды.
5 Көршілес жұп қазықтар арасындағы горизонтальды ұзындықты есептейді.
(3.3)

Мұндағы ∆Li – еңістіктің, температура, компарилеу және иілудегі жалпы түзетуі.


Өлшенген горизонтальды аралықтың жиынын Σl анықтайды.
6. Берілген горизонтальды аралықты l0 алу үшін, нақтыда соңғы қазықтан домерді d анықтайды және салады.


(3.4)

2. Нүктелерді нақтыда олардың берілген координаталары бойынша көшіру


Нақтыда нүктенің Р оның берілген координатасы бойынша көшіру келесі тәсілдермен жүргізіледі.
Полярлық тәсіл. Егер жергілікті жерде дирекционды бұрышы А және координатасы белгілі АВ бағыты бекітілген болса, онда АР сызығының дирекционды бұрышы келесідегідей болады:


(3.5)
Ал Р нүктесіне бағытталған бұрыш:


(3.6)

Есептелінген β бұрышының мәні жоғарыда қарастырылған тәсілдердің бірімен теодолитпен салынады.


АР бағыты бойынша келесі формуламен анықталынған горизонтальды аралық 1 салынады:
(3.7)

және Р нүктесі белгіленеді.


Бұрыштық қилыстыру тәсілі. Егер нақтыда координаттары белгілі бекітілген А және В екі нүктесі болса, онда кері есептеумен дирекционды бұрыштар (АВ), (АР) және (ВР) есептелінеді. Ал олардың айырмашылықтары бойынша βА және βВ бұрыштары есептелінеді. Осыдан кейін βА және βВ бұрыштары осы бағыттағы қилыстарда қазықпен белгіленген нүктелерде нақтыға теодолитпен шығарылып, тартылған сым қилысы бойынша ізделініп отырған Р нүктесі табылады.
Сызықтық қилыстыру тәсілі. Кері есептеу жолымен АР= l1 и ВР= l2 аралықтары есептелінеді. А және В нүктелерінен екі рулетка арқылы l1 және l2 радиусымен доға жүргізіліп, олардың қилыстарынан ізделініп отырған Р нүктесін табады. Бұл тәсіл егер l1 және l2 аралықтары өлшеу құралының ұзындығынан асқан жаңдайда және жер беті тегіс болғанда пайдаланылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет