7.3 Шығу траншеясының трассасын жобалау
7.3.1 Бастапқы мәліметтер. Төменгі негізінің ауданы жоғарғы негізінен екі есеге үлкен тікбұрышты қималы пирамида пішіндес топырақ отвалының биіктігі 4,0м + 0,2м ∙ N тең.
Траншея шегіндегі топырақ қабатының қуаттылығын тұрақты және 0,7 метрге тең деп қабылдайды.
Талап етіледі:
1) Топырақ отвалының (VП) көлемін траншея өткізу барысындағы кесіліп алынатын топырақ қабатының көлеміне тең деп қабылдап анықтау;
2) Топырақ отвалы алатын аудан көлемін анықтау және планда отвал шекарасын Д нүктесі аумағына салу;
3) Отвал негізін пландау барысындағы жер жұмыстарының көлемін анықтау;
4) А және Д нүктелерінің арасында трассаны i = 0,060 + 0,0015 ∙ N еңістігімен жобалау.
Есептеуге арналған әдістемелік нұсқаулар:
7.3.2 Траншея қимасындағы топырақ қабатының көлемін анықтау үшін, оның қуаттылығына сәйкес, топырақ шекарасын жер бетіне параллель жүргізеді, оның ауданын қима және суммалық көлемі Vп бойынша анықтайды.
7.3.3 Отвал негізінің берілген шектеуді ескергендегі ауданы келесі формуламен анықталады:
(7.10)
SQCH мәні бойынша топырақ отвалы орналасатын ауданның қабырға ұзындықтары таңдалады ( қабырғаларының біреуінің ұзындығын 5,10 м қысқа етіп таңдау ұсынылады).
Отвал негізі болып табылатын тікбұрыштың шекарасын, планда Д нүктесінің аумағында, оны осы бөліктің төменгі жағына орналастыра отырып салады.
7.3.4 Соболевсктің көлемдік палетка көмегімен отвал контурының шегінде жер бетінің орташа белгілерін келесі формуламен анықтайды:
(7.11)
Мұндағы ZK – палетка нүктесінің белгісі,
п – палеткадағы нүктелер саны.
Zорташа шамасы отвалдың төменгі жобалық ауданының белгісі ретінде қабылданады (палетка орындалған жұмысқа қосылады).
7.3.5 Отвал алатын ауданның шегінде, интерполяция әдісімен жобалық ауданның белгісін жер бедерінің бетінен санап, жер бедерінің жартылай горизонтын, қимасы әрбір 1 метр сайын жүргізеді де, үйінді, қазынды және нолдік жұмыс нүктелерінің мәнін алады, осы сипаттық нүктелер бойынша изосызық жүргізіледі және оларды белгілеуде үйінді үшін қызыл, қазынды үшін қара, нөлдік жұмыс үшін көк түсті сызық пайдаланылады.
7.3.6 Көлемді палетка көмегімен изосызықтар бойынша отвал астындағы ауданды пландау барысындағы жер жұмыстарының көлемін анықтайды:
(7.12)
Мұндағы - палетка негізінің ауданы (м2);
h – палетка нүктесіндегі үйіндінің (қазындының) биіктігі, м.
7.3.7 Траншеяның басынан (А нүктесінен) топырақ отвалы шекарасына дейін (Д нүктесіне) автомобиль трассасын төсеу үшін, сәйкесті берілген еңістікпен iT жер бедерінің h қимасы арқылы салынымды lсалыным келесі формуламен анықтайды:
(7.13)
Осыдан кейін циркуль ашасымен тең есептелінген салынымды жер бедерінің горизонталы бойынша ең қысқа және қолайлы орында таңдайды да, оны планда топырақ жолы үшін қабылданған шартты белгімен белгілейді.
8 әРТҮРЛІ ӘДІСТЕРМЕН ҚИСЫҚты бөлшекті БӨЛУ
Тәжірибелік жұмыста үшбұрышты координаттар әдісі қарастырылған.
8.1 Бастапқы мәліметтер. Берілген жұмыстың нақты мақсаты шеңберлі қисықтың негізгі және аралық нүктелерінің координаттарын анықтау, жоспарды құру және оларды нақтыға шығару болып табылады.
Тапсырманы шешуге берілген мәліметтер:
Кесте 8.1
Трассаның бұрылу бұрышы q°
Нұсқалар
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
q°
|
20
|
22
|
24
|
26
|
28
|
27
|
25
|
23
|
21
|
29
|
30
|
32
|
Кесте 8.2 Шеңберлі қисықтың радиусы R
Нұсқалар
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
R,m
|
70
|
80
|
90
|
100
|
95
|
85
|
75
|
87
|
77
|
97
|
92
|
82
|
Кесте 8.3
Қисық басының (ҚБ) нүктесінің координатасы және трассаның дирекциондық бұрышы АС
Нұсқалар
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
ХАМ
|
1200
|
1150
|
1050
|
950
|
975
|
1050
|
1015
|
1120
|
1080
|
1100
|
1000
|
950
|
УАМ
|
1100
|
1250
|
1100
|
1175
|
1100
|
1190
|
1210
|
1090
|
975
|
950
|
950
|
1000
|
АС, град
|
20
|
21
|
23
|
24
|
25
|
24
|
23
|
22
|
21
|
26
|
27
|
28
|
Х және У тікбұрышты координаталары қисық бөліктің әрбір 5 метрі сайын анықталынады.
8.2 Әдістемелік нұсқау:
8.2.1 Шеңберлі қисықтың келесі элементтерін төмендегі формулалармен анықтау қажет:
Тангенс – жанасу ұзындығы (8.1)
Биссектриса Б = СО – R = Rsec (8.2)
Қисық ұзындығы (8.3)
Домер Д = 2Т – К (8.4)
Сурет 8.1- Шеңберлі қисықтың элементтері
8.2.2 Қисықтың орта және соңғы нүктелерінің координаталарын, бұрылыс бұрышының төбесін, сонымен қатар О нүктесінің анықтау. Шеңберлі қисықтың бөлу планын 1: 1000 масштабында құру.
8.3 Горизонталды қисықты бөлшектік бөлуді орындау, ол үшін:
8.3.1θ бұрыш шамасын анықтау, берілген доғаға сәйкесті Қгор:
= Қгор ∙ 0,017453/ R (8.5)
Мұндағы = 3,14.
8.3.2 ҚБ нүктесінде қисық басының координатасын қабылдап, ҚБ – БТ жанасуын абсцисс өсі үшін, ал ҚБ – О сызығын ордината өсі үшін қабылдап, қисық нүктесінің координатасын оның ортасына дейін (ҚО) келесі формуламен анықтайды:
(8.6)
(8.7)
(8.8)
т.с.с.
8.3.3 Есептелінген есептеулердің дұрыстығын бақылау үшін, осыған ұқсас қисық нүктелерінің координаттарын есептеу, қисық соңын (ҚС) координата басы деп қабылдап, қисық соңынан басталып жүргізіледі.
8.3.4 Есеп нәтижелері кесте түрінде көрсетілуі тиіс.
8.3.5 Шеңберлі қисықтың масштабы 1: 1000 бөлу планында шеңберлі қисықтың нүктелерін сәйкесті координаталарымен салу.
8.3.6 Шеңберлі қисықтың негізгі элементтері мен оның бөлшектеп бөлінуін жергілікті жерде нақтыға шығаруды орындау.
8.3.6 Шеңберлі қисықтың бөлшектеп бөлінуін, жалғасқан хорда, хорда және бұрыш тәсілін пайдаланып дербес өзбетімен орындау.
Жалғасқан хорда тәсілі (Сурет 8.2). Қисықтағы В нүктесін А және В' нүктесінен сызықтық қилыстыру арқылы анықтайды, ол үшін А нүктесінен лентамен d хордасын және В' нүктесінен рулеткамен у кесіндісін салады. В' нүктесінде абсцисс өсі бойынша жалғастыру жолымен d хордасын анықтайды. АВ бағыты бойынша (хорда жалғасы) d хордасын салады да, С' нүктесін алады. В нүктесінен d хордасын және С' ден сызықтық өилыстыру кесіндісін салып, С нүктесін және т.с.с. алады. ОВС және ВС'С ұқсас үшбұрышынан алынады:
(8.9)
АВ'В үшбұрышында В'АВ бұрышы φ/2 тең болғандықтан у = к/2 деп санауға болады.
Сурет 8.2 – Жалғасқан хорда әдісі
Бұрыш және хорда әдісі шеңберлі қисықтың қандайда бір нүктесінде жанасу және қиу арқылы тең доға құрайтын сәйкесті орталық бұрыштың жартысына тең болатын төбе бұрышымен негізделеді (сурет 8.3).
Қисықты бұрыш және хорда көмегімен бөлу үшін, хордаға s сүйенетін орталық φ бұрышты есептейді:
(8.10)
Жанасатын және анықталынатын нүкте бағыты φі арасындағы бұрышты есептейді.
, (і=1,2,3,….n) (8.11)
Ең алдымен қисықты бөлуді оның басынан ШҚБ ортасына дейін ШҚО дейін орындайды. Осыдан кейін алидаданы босатып, қисық қабырғасына тангенс бұрышын салады және визирлік сәуле бағыты бойынша лентамен берілген арақашықтықты s өлшейді. Осылайша 1 нүктесін табады. Осыдан кейін φ2=φ бұрышын салады, ал лентамен оны нақтыға шығарып 1 нүктесінің нөлімен біріктіреді. Саусақпен s тең бөлікті алып, лентаны 1 нүктесінің маңында, қисық қабырғасы жағына бөлік визирлік сәулеге бірдей келгенше айландырады. Осы орында 2 нүктені белгілейді. Осы ретпен орындауды жалғастырады. Аталған әдіске ұқсас қисықты бөлуді оның соңынан ШҚС ортасына дейін ШҚО орындайды.
Сурет 8.3 – Бұрыш және хорда тәсілі
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Шануров Г.А., Мельников С.Р. Геотроника. Наземные и спутниковые радиоэлектронные средства и методы выполнения геодезических работ: Учебное пособие – М.; УПП «Репрография» МИИГАиК, 2001. – 136 с.
2 И.И. Попов., Т. Калыбеков. Маркшейдерские дело/ Учебник для ВУЗов. Алматы. 2000-167.
3 И.И. Попов, Б.М. Жаркимбаев. Маркшейдерское дело. Алматы, 2000 – с.ил.
4 И.И. Попов., Ф.К. Низаметдинов., Р.П. Окатов., В.Н.Долгоносов. Природные и техногенные основы управления устойчивостью уступов и бортов карьеров. – Алматы: Ғылым, 1997.-216 с.
5 Технология и комплексная механизация добычи нерудного сырья для производства строительных материалов, Шпанский О.В., Буянов Ю.Д., М., Недра, 1996.
6 Маркшейдерское дело. Учебник для вузов. Под ред. И.Н. Ушакова. – М., «Недра», 1989, части 1 и 2.
7 Справочник по маркшейдерскому делу. Под ред. проф. А.М. Омельченко.- М., «Недра», 1989.
8 Д.Н. Оглоблин. Маркшейдерское дело. М.- Недра, 1972.
9 М.П.Пятлин. Профессор Бахурин Иван Михайлович // И.М.Бахурин. курс маркшейдерского дела. Москва Высшая школа 1962. С.6-13.
Достарыңызбен бөлісу: |