Т. Я. Эрназаров 200 ж



Дата16.07.2016
өлшемі281.5 Kb.
#203676


Студенттерге арналған пән

бағдарламасы






Ф СО ПГУ 7.18.2/07


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Есеп және аудит кафедрасы

Жалпы орта білім негізінде, күндізгі оқу түріндегі

050703 «Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенттеріне арналған

«Бухгалтерлік есеп және аудит» пәні бойынша



СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН

ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ

Павлодар


Студенттерге арналған пән

бағдарламасының бекіту парағы





Ф СО ПГУ 7.18.2/11








БЕКІТЕМІН




Қаржы-экономика факультетінің деканы




___________Т.Я. Эрназаров

200 ж «____»_____________



Құрастырушы: аға оқытушы Ә.С. Амеркулова _____________


Есеп және аудит кафедрасы

СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ

«Бухгалтерлік есеп және аудит» пәні бойынша

жалпы орта білім негізінде оқитын 050703 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы
Бағдарлама 200_ж. «__» ________ жұмыс оқу бағдарлама негізінде өнделген
№ ____ хаттама 200_ жылдың «____»____________кафедра мәжілісінде ұсынылған

Кафедра меңгерушісі ______________ И.Н. Шамрай


№_____ хаттама 200__жылдың «____»_________қаржы - экономика факультетінің оқу - әдістемелік кеңесімен мақұлданған

ОӘК төрағасы ____________________Л.A. Сидорова



1 Оқытушылар туралы мәліметтер
Амеркулова Әсел Ситулақызы – есеп және аудит кафедрасының аға оқытушысы (дәрістер, тәжірибелік сабақтар)

Кафедрада (А-426) қабылдау сағаттары топқа арналған кеңес беру кестесіне сәйкес келеді.


2 Пән туралы деректер
Пән ұзақтылығы 15 апта 3 семестрде оқытылады. Пәннің жалпы еңбек сыйымдылығы 135 сағат, оның ішінде 45 сағат аудиториядағы сабақтарға және 90 сағат – пәнді оқыту бойынша студенттердің өздік жұмысына (СӨЖ) арналған. Сабақ түрлері бойынша аудиториялық уақытты үлестіру күнтізбелік жоспарда келтірілген.

«Бухгалтерлік есеп және аудит» пәні кәсіпорынды басқару жүйесіндегі бухгалтерлік есептің және аудиттің рөлін зерттеуге мүмкіндік береді.



«Бухгалтерлік есеп және аудит » пәнің оқыту мақсаты:

  • бухгалтерлік есептің негізгі тұжырымдамаларын және принциптерін игеру;

  • бухгалтерлік баланстың құрылысын және мазмұның, шоттар және екі жақты жазу жүйесін;

  • шаруашылық субъектінің ағымдағы және ұзақмерзімді активтерің, міндеттемелерін және капиталының есебін зерттеу;

  • дайын өнімді өткізу есебін ұйымдастыру мен қаржылық нәтижелерді анықтауды игеру;

  • аудиттің мәнің, принциптерін және әдістерін игеру;

  • аудиттың стандарттарымен, кәсіптік әдеппен, аудит түрлеріментанысу;

  • аудитті ұйымдастыру және технологиясымен танысу.

Пәнді оқытудың міндеттері:

  • шаруашылық іс-әрекет жүргізетін экономиасын басқару жүйесінде бухгалтерлік есептің және аудиттің ролін игеру, оның ресурстардың мақсатқа сай пайдалану және сақталуын қамтамасыз етуіндегі міндетті;

  • бухгалтерлік есептің бақылау-ақпараттың мүмкіндіктерін зерттеу;

  • бастыпқы құжаттарды, журнал-ордерлерді, Бас кітапты, қаржылық есептілікті толтыру дағдыларын алу;

  • қателерді және бұзушылықтарды айқындау мақсатымен бухгалтерілк құжаттарда ақпаратты талдау дағдыларын меңгеру;

  • нақты-экономикалық ойлау қабілеттерін игеру.
Пәнді оқыту нәтижесінде студенттер білуге тиісті:

  • бухгалтерлік есеп және аудиттің заңдар жиынын, бухгалтерлік есептің стандарттарын;

  • бухгалтерлік есептің тұжырымдамаларын және принциптерін;

  • кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің және аудиттің ұйымдастырылу негіздерін;

  • бухгалтерлік баланстың құрылысын және мазмұның;

  • шоттар жүйесін және екі жақты жазуды; ағымдағы және ұзақмерзімді міндеттемелердің және капиталдың есебі;

  • аудиттің ұйымдастырудың әдістерін және тәсілдерін.

Пәнді оқыту нәтижесінде студенттер:


  • шаруашылық операцияларды бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетуді;

  • бастапқы құжаттарды толтыруды;

  • аналитикалық (талдамалық) есеп регистрлерін толтыруды;

  • синтетикалық есеп регистрлері мен Бас кітапты толтыруды;

  • бухгалтерлік балансты және қаржылық есептілікті толтыруды;

  • тәжірибелік аудиторлық тексеруді өткізуді істей алады.


3 Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі
Негізгі

  1. О бухгалтерском учете и финансовой отчетности: Закон РК от 28 фев. 2007 г. №234-III.

  2. Радостовец В.В., Шмидт О.Ю. Бухгалтерский учет на предприятии. – Алматы: Центраудит-Казахстан, 2002

  3. Нидлз Б., Андерсон Х., Колдуэлл Н. Принципы бухгалтерского учета: Пер. с англ. / Под ред. проф. Я.В. Соколова. – М., 1996

  4. Энтони Р., Рис Д.Ж. Учет: ситуации и примеры. – М.: Финансы и статистика, 1996

  5. Бухгалтерский учет в Республике Казахстан: Реформа бухгалтерского учета/ Сост.: Скала В.И., Скала Н.В., Белкин А.И. – Алматы: Lem, 2001 – 131с.


Қосымша

  1. Качалин В.В. Финансовый учет и отчетность в соответствии со стандартами GAAP.- М.: Финансы и статистика, 2000

  2. Сейдахметова Ф.С. Бухгалтерский учет в современных условиях – Алматы: Lem, 2001- 46с.

  3. Сейдахметова Ф.С. Современный бухгалтерского учет. В 2 частях: Учеб. пособие / под общ. ред. проф. Мамырова Н.К. – Алматы: Экономика, ч.1. – 2000 -336с.

  4. Внеоборотные активы: характеристика, учет, налогообложение/ Сост,: В.И. Скала, Н.В. Скала, Б.В. Скала – Алматы: Lem, 2002 - 180с.

  5. Мазарова В.Л. Бух. учет хозяйствующих субъектов: Учебник / Под ред. Рыскулова Т., проф. Мамырова Н.К. – Алматы: Экономика, 2003 – 298с.

  6. Толпаков Ж.С. Бухгалтерский учет: учебник / Ж.С. Толпаков – Караганда, 2004 – 981с.


4 Пәннің тақырыптық жоспары
4.1 050703 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы, жалпы орта білім негізінде күндізгі оқу түрі (түскен жылы - 2008 ж.)


Тематический план

дисциплины






Форма

ФСО ПГУ 7.18.207












Тақ№

Тақырыптардың атауы

Сағаттар саны

дәріс

тәжір.

СӨЖ

1

Бухгалтерлік есептің концепциясы, стандарттары және қағидалары

1,5

1,5

5

2

Екі жақтылық қағидалары және баланстық теңдеу

1,5

1,5

5

3

Шоттар жүйесi және екі жақты жазу

1,5

1,5

5

4

Есеп саясаты

1

1

5

5

Ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттерiнiң есебi

1

1

5

6

Қорлар мен дайын өнімнің есебi

1

1

5

7

Дебиторлық қарыздар есебi мен аудиті

1

1

4

8

Негiзгi құралдардың есебi

1

1

4

9

Матeриалдық емес активтер есебi

1

1

4

10

Инвестициялар есебi

1

1

4

11

Капитал есебi

1

1

4

12

Мiндеттемелер есебi

1

1

4

13

Табыстар мен шығындарды тану және қаржылық нәтижелер есебi

1

1

4

14

Қаржылық есеп берудi ұсыну

1

1

4

15

Аудиттің концептуалды негiздерi

1

1

4

16

Кәсiпорында аyдиттi ұйымдастыру

6

1

24

БАРЛЫҒЫ

22,5

22,5

90


5 Курс компоненттері

5.1 Дәріс сабақтарының мазмұны
Тарау 1 Бухгалтерлің есептің негіздері

Тақырып 1 Ақпарат жүйесі ретіндегі бухгалтерлік есеп

Басқару жүйесіндегі бухгалтерлік есеп. Бухгалтерлік ақпарат және басқару шешімдерін қабылдау. Бухгалтерлік есептің пәні, әдістері мен міндеттері. Қаржылық есептіліктің пайдаланушылары.


Тақырып 2 Бухгалтерлік есептің концепциялары мен қағидалары (принциптері)

Есептік ақпараттың негізгі принциптері: есептеу принципі; үздіксіз іс-әрекет принципі.


Тақырып 3 Қаржылық есеп берудің элементтері және бухгалтерлік есеп объектілері

Бухгалтерлік есептің объектілері түсінігі. Қаржылық есептілік элементтері (ұйымның активтері, міндеттемелері және меншікті капиталы, табыстары мен шығыстары). Ұзақмерзімді активтер (негізгі құралдар, материалдық емес активтер, еншілес, тәуелді, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалар), олардың сипаттамасы және бағалануы.


Тақырып 4 Бухгалтерлік баланс

Бухгалтерлік баланс, құрылым мен мазмұны. Негізгі бухгалтерлік теңдеу.


Тақырып 5 Бухгалтерлік шоттар және екі жақты жазу

Бухгалтерлік есеп шоттары, құрылысы, мазмұны және жіктелуі. Екі жақты жазу жүйесі. Қарапайым және күрделі бухгалтерлік жазбалар.


Тақырып 6 Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

Есептік саясат. Бухгалтерлік құжаттар, олардың қажеттілігі мен жіктелуі. Түгендеу.


Тақырып 7 Есептік кезең (цикл) және қаржылық есеп беруді дайындау

Есептік цикл. Бухгалтерлік есеп шоттарын ашу.


Тақырып 8 Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттерінің есебі

Кассадағы қолма-қол ақша есебі. Қолма-қол ақшасыз есеп айрысулардың нысандары және олардың сипаттамасы. Ағымдағы, корреспонденттік шоттардағы, аккредитивтердегі, чектердегі, карт-шоттардағы және банктің басқа да шоттарындағы ақша қаражаттарының есебі.


Тақырып 9 Дебиторлық борыштардың есебі

Дебиторлық борыштар, оның түрлері мен жіктелуі. Алынатын шоттар. Күмәнді дебиторлық борыштың есебі.


Тақырып 10 Тауарлы-материалдық қорлардың есебі

Тауарлы-материалдық қорларды бағалау әдістері (орташа өлшенген құн, ФИФО, арнайы идентификациялау).


Тақырып 11 Ұзақ мерзімді активтердің есебі

Материалдық емес активтер түсінігі, бағалануы және олардың жылжуының есебі. Материалдық емес активтердің амортизациясы. Негізгі құралдардың бағалануы: бастапқы, ағымдағы, баланстық құны, өткізу құны және жою құны.


Тақырып 12 Ағымдағы және ұзақ мерзімді міндеттемелердің есебі.

Ұйымдардың міндеттемелері бйынша әр түрлі заңды және жеке тұлғалармен есеп айрысудың түрлері.


Тақырып 13 Табыстар мен шығындардың есебі

Негізгі қызметтен түскен табыстар есебі: дайын өнімді, жұмыстарды және қызметтерді сату, сатып алынған тауарларды сату, жалға беру, байланыс ұйымдардың қызметі және басқа да негізгі қызметтің табыстары.


Тақырып 14 Меншікті капиталдың есебі

Жарғылық капиталдың еесбі, олардың өзгеруі мен қалыптасының тәртібі. Төленбеген капитал, резервттік капиталдың еесбі. Қосымша төленген және төленбеген капиталдың есебі. Жиынтық табыс (зиян) еесбі.


Тақырып 15 Қаржылық есеп берудің ұсынылуы

Қаржылық есеп берудің негізгі нысандары. Бухгалтерлік баланс. Табыстар мен шығыстар туралы есептеменің құрылымы мен мазмұны. Ақша қаражаттары қозғалысы туралы есепті тікелей және жанама әдіспен дайындау. Меншікті капиталдың өзгерісі туралы есеп беру. Түсіндірме жазба хат.


Тарау 2 Аудит негіздері

Тақырып 16 Аудиттің мәні, пәні мен әдістері

Аудиттің мәні, мақсаты және маңыздылығы, оның пайда болуы және дамуы. Қазақстанда аудиттің қалыптасуы және дамуы. ҚР аудитті реттейтін нормативтер жүйесі. Аудитті негізгі принциптері. Аудиттің функциялары.


Тақырып 17 Аудиттің стандарттары және аудиторлардың мамандық этикасы

Аудиттің стандарттарының түсінгі. Жалпы стандарттар, жұмыс стандарттары, есеп беру стандарттары. ҚР аудиттің стандарттары.


Тақырып 18 Аудит жүргізудің дәйектілгі және сапасын бақылау

Ұйыммен танысу және аудиторлық тексеру жүргузіге келісім-шарт жасау. Аудитты жоспарлау және бағдарламасын жасау. Ақпараттарды жинау. Аудиторлық дәлелдеулер, олардың түрлері. Аудиторлық әдістемелері және олардың жіктелуі.


Тақырып 19 Аудиттегі мәнділік және аудиторлық тәуелділік

Мәнділік түсінігі. Аудиторлық тәуелділіктің түсінігі мен оның құрамы: ажыратылмас тәуелдік, бақылау құралдарының тәуелділігі, анықтамаудың тәуекелділігі.


Тақырып 20 Аудиторлық қорытынды есеп беру

Аудиторлық қортынды есеп және оны дайындау тәртібі. Аудиторлық қортынды есеп құрылымы мен түрлері.


Тақырып 21 Қаржылық есеп беру және оның аудитінің дәйектілігі

Қаржылық есеп берудің түсінігі, оның экономикадағы маңыздылығы мен ролі. Қаржылық есеп берудің нысандары. Бухгалтерлік баланс, дұрыс құрылуын тексеру. Табыстар мен шығыстар туралы есеп беру, оның мазмұны. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру. Меншіктік капиталдың өзгеруі туралы есеп беру.


5.2 Тәжірибелік сабақтар тізімі
Тарау 1 Бухгалтерлің есептің негіздері

Тақырып 1 Ақпарат жүйесі ретіндегі бухгалтерлік есеп

Бухгалтерлік есептің пәні, әдістері мен міндеттері.

Оқу материалын бекіту, ауызша сұрау.
Тақырып 2 Бухгалтерлік есептің концепциялары мен қағидалары (принциптері)

Қаржылық есептіліктің сапалық сипаттамалары: түсікнітілік, сенімділік, сақтаық, сәйкестілік.

Оқу материалын бекіту. Жазбаша жұмыс (Глоссарий).
Тақырып 3 Қаржылық есеп берудің элементтері және бухгалтерлік есеп объектілері

Ағымдағы активтер: ақша қаражаттары мен олардың эквиваленттері, қаржылық инвестициялар, тауарлы-материалдық қорлар және олардың бағалануы, дебиторлық борыш. Кәсіпорын құралдарының және қорлану көздерінің жіктелуі бойынша тапсырмаларды орындау.


Тақырып 4 Бухгалтерлік баланс

Шаруашылық операциялардың бухгалтерлік балансқа әсер етуін анықтау. Тапсырмаларды орындау.


Тақырып 5 Бухгалтерлік шоттар және екі жақты жазу

Бухгалтерлік есеп шоттары, құрылысы, мазмұны және жіктелуі. Екі жақты жазу жүйесі. Қарапайым және күрделі бухгалтерлік жазбалар.

Шаруашылық операцияларды шоттарда көрсету бойынша тапсырмаларды орындау, шоттар корреспонденциясы. Екі жақты жазу әдісін дәлелдеу және оның бақылау мәні. Айналым ведомосін құрастыру. Бухаглтерлі кесеп шоттарының Жұмыс жоспарымен жұмыс істеу, негізгі тарауларының сипаттамасы.
Тақырып 6 Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

Есептік регистрлер. Бухгалтерлік есепті жүргізу нысандары. Қате бухгалтерлік жазбаларды түзету тәсілдері.

Оқу материалын бекіту. Жазбаша жұмыс (Глоссарий).
Тақырып 7 Есептік кезең (цикл) және қаржылық есеп беруді дайындау

Бухгалтерлік есеп шоттарын ашумен ьайланысты тапсырмаларды орындау. Бухгалтерлік есеп шоттарында шаруашылық операцияларды тіркеу (шаруашылық операцияларды тіркеу журналы). Бухгалтерлік шоттарды жабу процесі. Шаруашылық операцияларды синтетикалқы және аналитикалық есеп шоттарныда көрсету. Айналым ведомосі.


Тақырып 8 Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттерінің есебі

Кассалық кіріс және шығыс ордерлерін толтыру. Кассирдің есеп беруі. Кассалық операцияларды №1 журнал-ордерде және №1 ведомоста жазу.

Есеп айырысу шотында ақша қаражаттарының қозғалысы мәселелерін шешу. Банк жазбашасын құрастыру. Банк жазбашалары негізінде №2 журнал-ордер мен №2 ведомосты толтыру. Валюталық шот бойынша операцияларды есептеудің ерекшеліктері. Курстық айырмашылықтарды анықтау.
Тақырып 9 Дебиторлық борыштардың есебі

Дебиторлық борыш, оның түрлері және есебі.

Қосымша құн салығы: есептелу, төлену және ҚҚС бойынша операциялардың есепте көрсетілу реті.

Мүлік салығының, акциздердің, жер салығының, әлеуметтік салықтың, транспорттық салықтың бухгалтерлік есеп шоттарында есебі және көрсетілуі.

Сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен есеп айырысудың синтетикалық және аналитикалық есебі. Сатып алушылар мен тапсырыс берушілермен есеп айырысу бойынша Ведомосты толтыру.

Есеп беруге міндетті тұлғалармен есеп айырысудың синтетикалық және аналитикалық есебі. Есеп беруге міндетті сомалармен жүргізілетін операцияларды №7 журнал-ордерге жазу.

№8 журнал-ордер ведомысына өнім берушілер мен мердігерлерге берілген алдын ала төлемдерді есепке алу операцияларын жазу.

Есептік регистрлерін толтырумен тапсырмаларды орындау.


Тақырып 10 Тауарлы-материалдық қорлардың есебі

Әр түрлі әдістермен ТМҚ-ды бағалаудың міндеттерін шешу. Материалдардың қойма мен бухгалтерияда қозғалысының құжаттарын дайындау. «Материалдардың қозғалысы ведомосын» толтыру.


Тақырып 11 Ұзақ мерзімді активтердің есебі

Негізгі құралдардың түсуі мен шығарылу есебі мен бағалануы. Негізгі құралдардың аналитикалық есебі. Негізгі құралдардың түсуі мен шығарылуын құжаттау. Негізгі құралдар тозуын әр түрлі әдістермен есептеу.

Материалдық емес активтердің түсуі мен шығарылуының есебі. Материалдық емес активтер амортизациясының есебі.

Тапсырмаларды орындау.


Тақырып 12 Ағымдағы және ұзақ мерзімді міндеттемелердің есебі

Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айрысу есебі. Еңбекақыны есептеудің есеп айырысу ведомосын құру. Демалыс ақы сомаларының есебі. Уақытша еңбекке жарамсыздық жәрдемақысының есебі. Депозит салынған еңбекақының есебі. Жеке тұлғаның табыс салығын есептеу.

Оқу материалы бйоынша тапсырмаларды орындау.
Тақырып 13 Табыстар мен шығындардың есебі

Өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің өзіндік құнының есебі. Өткізілген өнімнің өзіндік құн нақты өзіндік құнын есептеу. Тауарларды өткізу бйоынша шығындардың есебі.

Дайын өнімнің (тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құнын калькуляциялау бойынша тапсырмаларды орындау. Негізгі қызметтен, негізгі емес қызметтен түскен табыстың (зиянның) есебі бойынша тапсырмаларды орындау. Негезге емес қызметтен пайда болған шығындардың есебі.

Тақырып 14 Меншікті капиталдың есебі

Қосымша төленген және төленбеген капиталдың есебі. Қортынды табыстың (зиянның) есебі. Есептік кезңнің және өткен кезеңдердің бөлінбеген табысының (жабылмаған зиянының) есебі.

Тапсырмаларды орындау.
Тақырып 15 Қаржылық есеп берудің ұсынылуы

Қаржылық есеп берудің негізгі нысандары.

Бухгалтерлік балансты, табыстар мен шығыстар туралы есептемені, ақша қаражаттары қозғалысы туралы есептілікті, меншікті капиталдың өзгерісі туралы есеп беруді толтырумен тапсырмаларды орындау. Есеп берудің әр түрлі нысандарының көрсеткіштерінің өзара байланысы.
Тарау 2 Аудит негіздері

Тақырып 16 Аудиттің мәні, пәні мен әдістері

Аудиттің, пәні және объектілер түсінігі. Аудиттің мақсаттары мен міндеттері. Аудиттің әдістері және әдіснамалық тәсілдері.

Аудиттің түрлерін әр түрлі позициялары бойынша салыстыру кестесін құрастыру. Аудит түрлерін негізгі критерийлері бойынша жіктелуін зерттеу. Аудиттің түрін анықтау бойынша ситуицяиалрды қарастыру.

Аудиттің әдістерін және тәсілдерін пайдалану бойынша тапсырмаларды орындау және ситуацияларын қарастыру.


Тақырып 17 Аудиттің стандарттары және аудиторлардың мамандық этикасы

Аудит жоспарлауын реттейтін аудит стандарттарын зерттеу.

Ситуацияларды қарастыру.
Тақырып 18 Аудит жүргізудің дәйектілгі және сапасын бақылау

Аудиторлық процедураларын орындау. Аудиторлық қортынды есебін құрастыру.

Нақты ситуацияның мысалынды аудиторлық тестілерді және аудиторлық процедураларын құрастыру.
Тақырып 19 Аудиттегі мәнділік және аудиторлық тәуелділік

Аудиторлық тәуелділік түсінігі және онын компоненттері.

Тәуелділік анықтау және ішкі бақылау жүйесін бағалау бйоынша тапсырмаларды орындау.
Тақырып 20 Аудиторлық қорытынды есеп беру

Аудиторлық есеп беру және оны дайындау тәртібі. Аудиторлық есеп берудің құрылымы және нысандары.

Нақты ситуацияның мысалынды әр түрлі аудиторлық есеп беруді құрастыру.
Тақырып 21 Қаржылық есеп беру және оның аудитінің дәйектілігі

Қаржылық есеп беру тексеру дәйектілігі: жалпы қарастыру, қортынды көрсеткіштердің арифметикалық есептелуінің дұрыстығын тексеру, олардың салыстырмалылығы.


5.3 СӨЖ сипаттамасы
050703 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы, жалпы орта білім негізінде күндізгі оқыту формасы, 2008 түскен жылы



СӨЖ түрі

Есеп нысаны

Бақылау түрі

Сағат көлемі

1

Дәріске дайындалу




Сабаққа қатысу

18

2

Тәжірибелік сабақтарға дайындалу,

Оқұ дәптері

Сабаққа қатысу, ауызша сұрақтау

18

3

Үй жұмысты істеу

Оқұ дәптері

Конспекті тексеру

27

4

Бақылау шараларына дайындалу




АБ1, АБ2, тест сұрақтарына жауап беру, есептерді өздік шешу

27

Барлығы:

90


5.4 Дәрістік материалға кірмеген, бірақ оқытылуға міндетті тақырыптар мазмұны
Тарау 1 Бухгалтерлің есептің негіздері

Тақырып 1 Ақпарат жүйесі ретіндегі бухгалтерлік есеп

Бухгалтерлік есептің ғылым ретінде пайда болуының және дамуының тарихи алғы шарттары. Қаржылық есептілік экономикалық ақпаратының қайнар көзі ретінде. .Қаржылық есептіліктің пайдаланушылары.

Әдебиет 4, б. 7 – 12, 20 – 24.
Тақырып 2 Бухгалтерлік есептің концепциялары мен қағидалары (принциптері)

Бухгалтерлік есептің тұжырымдамалық негізі.

Әдебиет 4, б. 12 – 13.
Тақырып 3 Қаржылық есеп берудің элементтері және бухгалтерлік есеп объектілері

Меншікті капиталдың, ұзақмерзімді және ағымдағы міндеттемелердің сипаттамасы. Табыстар және шығыстар, олардың танылуы. Қаржылық нәтижені анықтау. Қаржылық және шаруашылық процестер. «Шаруашылық операция» түсінігі.

Тапсырмаларды орындау. Әдебиет 4, б. 13 – 20.
Тақырып 4 Бухгалтерлік баланс

Шаруашылық операциялардың бухгалтерлік балансқа әсер етуі.

Тапсырмаларды орындау. Әдебиет 4, б. 34 – 43.
Тақырып 5 Бухгалтерлік шоттар және екі жақты жазу

Бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспары, негізгі тарауларының қысқаша сипаттамасы және ұйымдастырылуы.

Тапсырмаларды орындау. Әдебиет 4, б. 24 – 33.
Тақырып 6 Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есептің заңды реттелуі.

Әдебиет 4, б. 44 – 69.
Тақырып 7 Есептік кезең (цикл) және қаржылық есеп беруді дайындау

Бастапқы баланс (айналым ведомосі) – бухгалтерлік процедураның бақылау құралы. Уақытша шоттарды жабу. Қортынды баланс.

Тапсырмаларды орындау. Әдебиет 4, б. 33 -34.
Тақырып 8 Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттерінің есебі

Ақша қаражаттарының, бағалы қағаздардың, ақша құжаттарының және қатан бақылаудағы бланкілердің түгендеуі және оның нәтижелерін бухгалтерлік есеп шоттарында көрсету.

Тапсырмаларды орындау. Әдебиет 3, б.225 – 276.
Тақырып 9 Дебиторлық борыштардың есебі

Есептелген сыйақылар есебі. Болашақ кезеңдер шығындарының есебі. Берілген аванстардың есебі.

Тапсырмаларды орындау. Әдебиет 3, б. 277 – 305.
Тақырып 10 Тауарлы-материалдық қорлардың есебі

Тауарлы-материалдық қорлар түсінігі. Тауарлы-материалдық қорлардың жіктелуі.


Тапсырмаларды орындау. Әдебиет 3, б. 169 – 224.
Тақырып 11 Ұзақ мерзімді активтердің есебі

Негізгі құралдардың жал есебі. Ақпаратты қаржылық есептілікте ашып көрсету.

Тапсырмаларды орындау. Әдебиет 3, б. 41 – 127.
Тақырып 12 Ағымдағы және ұзақ мерзімді міндеттемелердің есебі

Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің кредиторлық берешегінің есебі. Алынған аванстардың есебі. Жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айрысу есебі. Еңбек ақы бойынша қызметкерлермен есеп айрысу есебі. Басқа да кредиторлық берешектің есебі.

Тапсырмаларды орындау. Әдебиет 3, б. 313 - 455.
Тақырып 13 Табыстар мен шығындардың есебі

Негізгі емес қызметтен түскен табыстардың есебі; материалдық емес актвитерді сату, негізгі құралдарды сату, құнды қағаздарды сату, акция бойынша дивиденттер, курсттық айырымынан алынған тағы басқа табыстар есебі. Сатылған тауарлардың қайтарылуының, сату және баға шегерімдерінің есебі. Сатылған тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің өзіндік құнының есебі. Сатылған өнімнің нақтылы өзіндік құның есептеу. Сатылған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша шығыстардың есебі. Жалпы және әкімшілік шығыстарының есебі. Сыйақы шығыстарының есебі. Негізгі емес қызметтер шығыстарының есебі: материалдық емес актвитерді, негізгі құралдарды, құнды қағаздарды сату, курстық айырмасы бойынша шығыстары және басқалары. Корпоратвитік табыс салығының шығыстарының есебі. Төтенше жағдайлар нәтижесінде алынған табыстар мен зияндар есебі. Үлестік қатысудан алынатын табыстар мен зияндар есебі. Шоттардың жабылуы.

Тапсырмаларды орындау. Әдебиет 3, б. 463 – 523.
Тақырып 14 Меншікті капиталдың есебі

Қосымша төленген және төленбеген капиталдың есебі. Жиынтық табыс (зиян) еесбі. Есептік кезеңнің және алдыңғы кезеңдердің бөлінбеген табыстың (жабылмаған зиянның) есебі.

Тапсырмаларды орындау. Әдебиет 3, б. 27 38.
Тақырып 15 Қаржылық есеп берудің ұсынылуы

Есептілік кәсіпорынның шаруашылық іс-әрекетінің нәтижелерін, оның қаржылық және мүліктік жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі ретінде.

Тапсырмаларды орындау. Әдебиет 3, б. 561 – 584.
Тарау 2 Аудит негіздері

Тақырып 16 Аудиттің мәні, пәні мен әдістері

Аудиттің даму кезеңдері: растаушы аудит, жүйелі-бағытталған аудит,тәуелдікке негізделген аудит.

Тапсырмаларды орындау. Әдебиет 55, б. 14 – 33.
Тақырып 17 Аудиттің стандарттары және аудиторлардың мамандық этикасы

Аудиторлардың кәсіптік этикасының Кодексі.

Тапсырмаларды орындау. Әдебиет 55, б. 33-46.
Тақырып 18 Аудит жүргізудің дәйектілгі және сапасын бақылау

Құжаттау және аудит сапасын бақылау. Жұмыс құжаттарының рөлі мен мәні. Аудитордың жұмысын бақылаудың негізгі принциптері мен процедуралары.

Әдебиет 53, б. 110 – 116.
Тақырып 19 Аудиттегі мәнділік және аудиторлық тәуелділік

Қателер және заңсыз іс-әрекеттер. Қателерді белгілеу барысында аудитордың іс-әрекеттері.

Тапсырмаларды орындау. Әдебиет 53, б. 130 – 136.
Тақырып 20 Аудиторлық қорытынды есеп беру

Ескертпесіз пікір – аудиторлық қортынды есеп. әр түрлі ескертудің түрлері, мағынасы. Шартты ескертпесіз аудиторлық пікір (ескертпелі қортынды есеп). Теріс пікір білдіру аудиторлық қортынды есеп. қаржылық есептің дұрыстығы жөнінде өз пікірін білдіруден бас тарту туралы аудиторлық қортынды есеп.

Тапсырмаларды орындау. Әдебиет 53, б. 215 – 240.
Тақырып 21 Қаржылық есеп беру және оның аудитінің дәйектілігі

Қаржылық есеп беруді тексерудің дәйектілігі. Жалпылама шолу, нысаны бойынша есеп беруді толтырудың дұрыстылығын тексеру, көрсеткіштердің жиының арфметикалық есептелуінің дұрысытылығын тексеру, олардың салыстырмалылығы және есеп берудің әр түрлі нысандарындағы өзара байланысы. Қаржылық есеп берудің аудиторлық сараптаудың нәтижесін рәсімдеу.



Әдебиет 53, б. 243 – 259.

5.5 Аралық үлгеру бақылау шараларының күнтізбелік графигі
050703 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы, жалпы орта білім негізінде күндізгі оқыту формасы, 2008 түскен жылы

1 рейтинг (3 семестр)

Апталар

1

2

3

4

5

6

7

8

Барлыѓы

Бір аптада алынатын максималды балл

9

9

13

13

13

17

13

13

100

Дєрістерге ќатысу жєне дайындау

С¤Ж т‰рі

Ќ

Ќ

Ќ

Ќ

Ќ

Ќ

Ќ

Ќ

Ќ

Ќ

Ќ

Ќ

Ќ

Ќ

Ќ

Ќ

32

Баќылау формасы

С

С

С

С

С

С

С

С

С

С

С

С

С

С

С

С

Максималды балл

4

4

4

4

4

4

4

4

Тєжірибелік сабаќтарѓа ќатысу жєне дайындау

С¤Ж т‰рі

УТ1

‡Т2

‡Т3

‡Т4

‡Т5

‡Т6

‡Т7

‡Т

8


29

Баќылау формасы

КТ

КТ

КТ

КТ

КТ

КТ

КТ

КТ

Максималды балл

3

3

3

4

4

4

4

4

Ќосымша материалмен ж±мыс істеу

С¤Ж т‰рі

ЕШ

ЕШ

ЕШ

ЕШ

ЕШ

ЕШ

ЕШ

ЕШ

31

Баќылау формасы

КТ

КТ

КТ

КТ

КТ

КТ

КТ

КТ

Максималды балл

2

2

2

5

5

5

5

5

Курс таќырыптары бойынша білімдердіњ аѓымдаѓы баќылау

Таќырыптыњ №-і







1-3







4-7







8

Баќылау формасы







ТД







ТД




АБ1

Максималды балл







4







4




100

2 рейтинг (3 семестр)

Апталар

9

10

11

12

13

14

15

Барлыѓы

Бір аптада алынатын максималды балл

10

10

25

10

25

10

10

100

Дєрістерге ќатысу жєне дайындау

С¤Ж т‰рі

Ќ

Ќ

Ќ

Ќ

Ќ

Ќ

Ќ

Ќ

Ќ

Ќ

Ќ

Ќ

Ќ

Ќ

28

Баќылау формасы

С

С

С

С

С

С

С

С

С

С

С

С

С

С

Максималды балл

4

4

4

4

4

4

4

Тєжірибелік сабаќтарѓа ќатысу жєне дайындау

С¤Ж т‰рі

УТ

9


‡Т

10


‡Т11

‡Т

12


‡Т13

‡Т

14


‡Т

15


28

Баќылау формасы

КТ

КТ

КТ

КТ

КТ

КТ

КТ

Максималды балл

4

4

4

4

4

4

4

Ќосымша материалмен ж±мыс істеу

С¤Ж т‰рі

ЕШ

ЕШ

ЕШ

ЕШ

ЕШ

ЕШ

ЕШ

14

Баќылау формасы

КТ

КТ

КТ

КТ

КТ

КТ

КТ

Максималды балл

2

2

2

2

2

2

2

Курс таќырыптары бойынша білімдердіњ аѓымдаѓы баќылау

Таќырыптыњ №-і







11-14




15-16







30

Баќылау формасы







ТД




ТД




АБ2

Максималды балл







15




15




100

Қ - оқу процессіне қатысу; ‡Т - үй тапсырма; КТ - конспектті тексеру;
С - сұрастыру; ЕШ - есептердің шешімдерің шығару; ТД - тақырыптық диктант; АБ1, АБ2 - бірінші және екінші аралық бақылау.
6 Курстың саясаты
Егер де сіз барлық сабақтарға қалмай келіп отырсаңыз, барлық сабақтарға дайын болып және жақсы жұмыс істесеңіздер, тапсырмаларды сапалы және мерзімінде орындасаңыздар, онда бақылау шараларының күнтізбелік кестесінде көрсетілген максималды балдар.

Оқу процесіне қатысу - сабақтарға қатысу, дайын болу және топ жұмыстарына белсенді болу.

Сіздің тәжірибелік сабақтарға дайындығыңыз топ ішінде сұраулармен, ҮЖ орындалуының тексерумен, сабаққа қатысуымен тексеріледі. Сабаққа дайындық оның аяқталғанынан кейін бағаланбайды. СӨЖ-дің уақытында орындалмауы аптадағы қалулар кезінде ½ балға төмендеуі мүмкін. Бір аптадан көп қалулар кезінде үй жұмысын орындау бағаланбайды.

Пәнді бұзған және қалған үшін әр сабақ түрлерінің отыру балы 0,5-ке дейін төмендетілуі мүкін. Сабақтан кетірген кезде қатысу үшін бал 0-ге тең болады.

Семестре тест немесе бір сұрақ пен Есеп түріндегі екі рубждік бақылаулар қарастырылған.

Егер де сіз дәлелді себеп бойынша сабаққа қатыспаған немесе бақылау шараларын босатқан болсаңыз, онда сізге жеке тапсырма бойыша және белгіленген уақытта қайта орындауға мүмкіндік беріледі.

Жұмыс қорытындылары бойынша семестрде екі рет ағымдағы үлгерімінің қорытынды балы анықталады. 50-ден төмен бал қанағаттанарлық бағаға тең болады.

Егер де сіз рубеждік бақылауға қатыспасаңыз, онда сіздің рейтингіңіз анықталмайды, яғни ол 0-ге тең болады.

Аралық бақылау 100 балға тең. Аралық бақылауға ағымды үлгерім балдары болған студенттер жіберіледі.

(1,2) Рейтинг келесі формула бойынша есептеледі


(1,2) Р = (1,2)АҮ*0,7 + (1,2)АБ*0,3
Егер студент аралық бақылаудан 50 кем балл алса, рейтинг анықталмайды. Сонда декан АБ тапсыруының жеке мерзімін белгілейді.

Емтиханға рұқсат (РР) алу келесі формула бойынша есептеледі


РР = (1Р + 2Р)/2
Егер студент рейтинг рұқсатынан (РР) 50 баллдан кем алса, емтиханға жіберілмейді.

Қорытынды баға (ҚБ) рейтинг рұқсаттың (РРСҮ) және емтиханның қорытынды бақылауының (ЕҚСҮ) салмақтық үлестерінен құралады. ҚБ келесі формула боыйнша есептеледі


ҚБ = РР*РРСҮ + ЕҚ*ЕҚСҮ
Салмақтық үлес Университетін Ғылыми Кеңесімен жылсайын бекітіледі және РР үшін 0,6 дан кем есес, ал ЕҚ үшін 0,4 коп болмау керек. Сонда
ҚБ = РР*0,6 + ЕҚ*0,4
Емтихан тест бойынша өткізіледі. Тестте қырық сұрақ болады. Бір тестілік сұрақ 2,5. Емтиханда алынатын максималды балл - 100 балл.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет