Қосымша
7. Омирбаев С. М – Финансы социального обеспечения – Учебное пособие для вузов и клледжей. – Астана : 2012. – 408 с.
8. Журанал «Аль-пари»..
9. Журнал «Финансы Казахстана».
10. Журнал «Финансы и кредит».
4 Тақырып Салық құқықтық қарымқатынасының қатысушылары – 1 сағат.
Жоспар:
1. Салық құқықтық қарымқатынасының қатысушыларының негізгі сипаттамасы.
2. Салық құқықтық қарымқатынасының классификациясы.
Қаржы құқығы – қоғам дамуының процесінде пайда болатын қаржы қатынастарын реттейтін заң нормасының жиынтығы болып табылады. Қаржылық бақылау деп – тиісті ақша қорлары бойынша қоғамдық өнімді бөлу оларды белгілі-бір мақсатқа жұмсаудың негізділігін тексеруге бағытталған ереже қызметі айтады. Қаржылық бақылаудың міндеттері мен деңгейіне қарай микро және макро деңгейдегі бақылау деп біледі.
Макро деңгейдегі қ/б – меншікті ақу-ды қаржыныұйымдастыру оның іс-әрекетін бақылау қайтарылады.
Микро деңгейдегі қ/б – меншіктің барлық қорлардағы шаруашылық жүргізуші субьектілер деңгейіндегі бақылауды айтады.
Мемлекеттік қаржы жүйесіндегі бақылау – салықтық, бюджеттік, сақтық, және банктік қадағалау, кедендік бақылау, т/б. Қаржылық бақылауды жетілдіретін маңызды бағыттың бірі – аудиториялық бақылау болып табылады. Бұл бақылау ведомоствадан тыс тәуелсіз қаржылық бақылау болып саналады.
Қаржы аудиториясы деп – олардың жұмысының өкіметті тапсырмалардың орындалуы, бақылайтын тәуелсіз қызметін айтады. ҚР-да 1998жылдың 20-қарашасынан бойы «Аудиториялық қызметі тұралы заң» жұмыс істейді.
Аудиториялық қызметінің негізгі міндеттеріне мыналар жатады: тәуелсіздік, объективтік, кәсіби біліктілік, және құпиялық, қаржылық баулаудың бірнеше әдісі бар: Олар: көзбен шолып тексеру, (мұндай тексеруде активтік анықтамалар жоғалмайды) экономикалық талдау, тексеру ревизия 2-бөлінеді, шоттық және тақырыпты құжатты тексеріп, нақты тексеріс, толық тексеріс, іріктемелік тексеріс, Мемлекеттікбақылауды Қаржы министр-ң қаржылық комитеті орындайды. Сондай-ақ салық комитеті – бюджеттерге төлейтін салық және басқа да міндетті төлеулердің айр-р мен айп-мен келісіп бақылайды. Экономика мен қаржы саласында қаржы тәртібін сақтау үшін ҚР-ның қаржы полициясы қатысады.Оның шығу міндеттері осындай:
-
Өкіметтің шетінде эко-ң қауіпсіздігін, кәсіп-ң міндеттерін қамтамасыз ету.
-
Салық төлеуден жайсыздық болдырмау жолын кесу және тексеру.
-
Сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу,жұмысқа қажет-ді жасау.
-
Халықтық ынтымақты жүзегеасыру.
Қаржы ұйымдарға жүргізетін бақылау, барлық мысалда жүзеге асырылады. Ведомоствалық қаржының бақылауды министрліктер, кәсіпорындар, мен ұйымдарға жүргізеді.
Ішкі шаруашылық бақылауды – шаруа-қ жүргізуші субъ-дің экономикалық бөлімдері жүргізеді.
Қоғамдық қаржылық бақылауды – еріктілік және ақысыз жеткізер топтар, жетелеген тұлғалар орын-ды.
Қаржылық бақылау – міндеті іске аусу үшін мына бағыттарға дамуы тиіс.
-
мемлекеттік бақылауды нығайту.
-
Тәуелсіз аудиториялық бақылауды дамыту.
Бақылауды ор-у қызмет ақысымен компютерлердіру.
Әдебиеттер тізімі
Негізгі
1 Ильясов А.А., Мельников В.Д. Қаржы – 2008.: жоғары оқу орнына. – Алматы : ФинЭко, 2008.
2 Құлпыбаев С. Қаржы – 2008. : жоғары оқу орнына. – ЖШС «Изд-во LEM»
3 Құлпыбаев С. Қаржы – 2010. : жоғары оқу орнына. – ЖШС «Изд-во LEM»
4 Баймұратов. Қазақстан қаржылары. Изд-во «Экономика» 2010.
5 Блеутаева К.Б. Қаржы: электронный учебник. Алматы, Нұр-пресс – 2010.
6 Құлпыбаев, С. Қаржы теориясы:оқу құралы / С. Құлпыбаев, Ш.Баязитова, А. Баязитова. – Алматы : Мерей, 2011.-174 б. -
Қосымша
7. Омирбаев С. М – Финансы социального обеспечения – Учебное пособие для вузов и клледжей. – Астана : 2012. – 408 с.
8. Журанал «Аль-пари»..
9. Журнал «Финансы Казахстана».
10. Журнал «Финансы и кредит».
5 Тақырып. Салық салудың дамуы және оның шетел елдеріндегі бюджеттерге әсері – 1 сағат.
Жоспар:
1.Шет елдеріндегі салық жұйесінің қызметінің жалпы сұрақтары. Шет елдеріндегі салық жұйесінің қалыптасуы мен құрылымының негізі.
2. Салық салудың тура жұйесі. Салық салудың жанама жұйесі.
3. Халықаралық салық конкренциясы.
4. Трансферттік баға және бағаны бақылау. Салық органының бағаларды бақылау әдістемесі.
Салық деп – мем-т біржақты тәртіппен эаң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде, және мерзімде бюджетіне төлемді және қайтарусыз өтеусіз сипаттамаға міндетті ақшалай төлемдерді айтады. Салықтар – қаржының бақылау капиталы, және негізі болып табылады. Салық барлық мемлекеттерде ұлттық табысты қайта бөлуді басты қаржылық құрал, Мемлекеттіккірістері және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі деп аталады. ҚР-ның ата заңының 35-ші бабында «Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдар мен өзге де міндетті төлемдерді төлеу, әркімнің міндеті» - деп көрсетілген.
Салықты ұғымды ұйым-ң классикалық аспектілерін (қағидаларын) А.Смит ұсынған. Олар:
-
Салық – салық төлеушінің әрқайсысының табысына сәйкес алынуы тиіс.
-
Салықтың мөлшері және төлеу мерзімі алдын ала анықтауы тиіс.
-
Әрбір салық төлеуші үшін қолайлы уақытта, әдіспен алынуы тиіс.
-
Салықты алудың шығындары өте аз болуы тиіс.
Салық алудың қазіргі қағидалары мынадай:
-
Салық салудағы әділдік. Ол екі түрге бөлінеді:
а) Деңгейлі теңдікке жету.(табыстары тең жағдайда бірінші с/с-ды).
б) Сатылас теңдікті сақтау – табыстардың бір бөлігін қайта бөлу үшін қолданылады. (жеке тәуелді табыс салығы).
2) Қарапайымдылық қағидаты – (түсінікті бөлу, күрделі болмау).
3) Салықтардың ашықтығы – (түсіндіру мен қолданудың біркелігі)
4) Жеңілдіктің ең аз саны – (әділ болуды қадағалау).
5) С/с-дің экономикалық бейтараптылығы – сақталуы керек.
6) Басқа елдерде салық мөлшерінің (декларация) салыстырмалығы.
ҚР-ның 1991-1995 ж қабылданған бірқатар заңдарға сәйкес рес-да жаңа салық жүйесі қалыптасты. ҚР-да 1991ж 25 желтоқсанан бастап салық жүйесі жұмыс істей бастады.
1992ж 1 қаңтарда 23-жалпы Мемлекеттіксалық, 18-жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді. 1995ж 24-сәуірде коопер-ң «салық және б/т-тін, б/м тал-р туралы» заң куші бар жарлығы шықты. Юсы жарлық бойынша негізгі салықтың 11-түрі қолданылар енді.
200 жылғы 1-қаңтардан бастап ҚР-ның жаңа салық кодексіқолданады енді. Хал-ң статис-на сай, көптеген жеңілдіктер қаратылған. Салықтарды с/с объектісі бойынша тікелей және жанама салықтарды 2 бөлінеді. Тікелей салық-7-түрге. Жанама салық 2 бөлінеді.
Тікелей салықтар нақты және жеке салыққа жіктеледі. Нақты салық – салық төлеушінің мүлкінің меншігінің кейбір түрлерін (үй, жер, ақшалай) салынады.
Жеке салықтар – жеке тұлға, заңды тұлғаның табыстары мен мүлкіне салынады. Жанама салықтар 2 бөлінеді.
Жанама салықтар – мемлекеттік фри-қ мүделерін білдіреді. Салықты алатын және оған билік жасайтын орталықтарға қарай, мемлекеттік және жергілікті деп ажыратады. Пайдалануу тәртібіне қарай барлық салықтар, жалпы салықтар, арнаулы салық деп бөлінеді.
Салықтар – объектілерінің экомикалық бейімі бойынша табысқа салынатын салықтар және тұтынуға салынатын салық деп бөлінеді. Салық салу объек-н жеке алу және оларды бағалау тәсілдеріне қарай салық салудың 4 түрлі әдісі қолданылар:
-
Қадағалан әдіс – (СТ-нің мағлұмасы бойынша, табыс кезінде ұстап қалу, патенттік жерде жүргізіледі).
-
Мағлұматан табыстың келісім көрсетіп сол қаржыны алып салу әдісі.
-
Ұйым бөлім-ң бухалтерияның табысынан салықты ұстап қалады.
-
Кәсіпорынның түрлерінен бейімделген ставка патент бойынша төленеді. Патент деп дер қолдану құқығын құжаттан және салық сомасын бюджетке төленетінін растайтын құжат. Салықтық есепте 2 әдісі қолданылады:
-
Кассалық әдіс.
-
Есептеу әдісі.
Әдебиеттер тізімі
Негізгі
1 Ильясов А.А., Мельников В.Д. Қаржы – 2008.: жоғары оқу орнына. – Алматы : ФинЭко, 2008.
2 Құлпыбаев С. Қаржы – 2008. : жоғары оқу орнына. – ЖШС «Изд-во LEM»
3 Құлпыбаев С. Қаржы – 2010. : жоғары оқу орнына. – ЖШС «Изд-во LEM»
4 Баймұратов. Қазақстан қаржылары. Изд-во «Экономика» 2010.
5 Блеутаева К.Б. Қаржы: электронный учебник. Алматы, Нұр-пресс – 2010.
6 Құлпыбаев, С. Қаржы теориясы:оқу құралы / С. Құлпыбаев, Ш.Баязитова, А. Баязитова. – Алматы : Мерей, 2011.-174 б. -
Қосымша
7. Омирбаев С. М – Финансы социального обеспечения – Учебное пособие для вузов и клледжей. – Астана : 2012. – 408 с.
8. Журанал «Аль-пари»..
9. Журнал «Финансы Казахстана».
10. Журнал «Финансы и кредит».
6 Тақырып. Қазақстан Республикасында салық салудың дамуы – 1 сағат.
Жоспар:
1. Салықтың мәні мен түсінігі.
2. Салық функциясы. Салық элементтері.
3. Салық жұйесі және нарықтық экономикада оның құрылмының негізгі талаптары. Қазақстанның салық жұйесі.
Әр түрлі сипаттамасы бойынша салықтардың классификациясы. ҚР салықтардың түрлері. Салық кодексі.
1) КЖС. Бюджет түсімдерінің 27,2%-щещеді. Төлеушілер ҚР-ның рез-т және рез-т емес заңды тұлғалары және Аст қолданатын заңды тұлғалар (4-төлейді). КТС салық салу механизмн-заңды тұлғалар салықты салу, төлеу тәртібін, алу шарттарын, жеңілдіктер мен санкцияларды және төлеу уақытын анықтайды.
КТС-тің обьектілері – салық салынатын табыс, төлем кезінде с/с-тан табыс. ҚР қызметін тұрақты немесе ақтылы атқаратын рез-р емес заңды тұлғаның таза табыстары кіреді. Салық кодекісіне сәйкес 20 түрлі жылдың жиынтық табысын сомасынан – 7 – түрлі табыстың түсетінін шегеріліп қайта сомасы 20 – ставка сомасы арқылы шешеді.
а) Негізгі онд туралы жер б/т-тын салық төлеушінің табысы 10% .
б) Төлем кезінде с-с-тын табыстар – 25%
в) Дивиденттер, сыйақылар – 15%
г) тәуе-ді анық-у – 10%
д) тәу-ді қайта сақтандыру – 5%
е) Халықтың тал-ғы жүз-н түскен табыс – 5%
КТС-ты бюджетке салық кезеңі ішінде ағымдағы айдың 20-нан кеш-пей ай сайын төлеп отырады.
2)ЖШС. Салық салу объ-рі бар жеке тұлғалар төлем-р болып табылады. Салық салу объ-рі төлем кезде салық салынатын табыстар және т/к немесе с/с басқа табыстар болып табылады.
ТКСС-тын табыстарға: қызметкерлердің табысы, бір жолғы төлемдерден алынған табыс. ШЖС-нан берілетін зейнетақы төленеді, дивиденттер, сыйақылар, ұтыстар, стипендиялар.
ТКСС-байтын табыстарға: табыс шешімдері сомалыны азайтып, дербес жүргізілді. Жер-р мен нот-ң табыстарына 10% – ставка қолданады.
10% ЖЗҚ-на (ннобл сом-ны шы-ық) 10%себебі ай сайын төленеді.
3) ЖҚП салығы. Салықтың аса түріне мыналар қойылады:
а) Үстіне пайдаға салынатын салық, ЖҚП-дың ортаңғы төлемдер. Бұған бонустар: қол қойылатын бөлу, және қол қойылмайтын бөлу.
б) Роялти
в) Өнімді бөлу арасы ҚР-ның үлесі кіреді, және ҚТС-ның с/с объ-сі – кен орынан алынатын пайдалы қазбалар қорынан осы мақсаты көлемі болып табылады. Коммер-қ табу банксының ставкасы 0,1 %дан кем болуы қажет. Роялти деп – пайдалы қазбалар өндіру және техногеннің құрылымдары қайта өңдеу процесіне ЖҚП – құқығы үшін төленетін төлемді айтады.
ЖҚП салығы ешбіркелген жері бойынша салық кезеңінен кейінгі айдың 10-нан кешік-й табыс етеді.
4) Әлеуметтік салық. Бұл салықтық үлес салмағы меншікті бюджеттің 27/ қарайды. 1999 жылдан бастап қолд-нан кейін әлеу-к қорларға зейнетақы, Мемлекеттіксақтау, қорларына ауд-тын салық жарна-ң орнын ауыстырды. Төлеушілер: ҚР-дың рез-р заңды тұлғалары, ҚР-да қызметте тұрақты мекемелер арқылы атқарылып, рез-р емес тұлғалар, және кәсіпкерлер, нот-тар, адвакаттар саналады. Салық ставкасы 11/ құрайды. Жітік салықты есептеу айдың 15-нен кешіктірмей төлейді.
5) Жер салығы. 1992 жылы енгізілді.
Жердің 7 саласы белгіленген (заңда). Мақсатындағы жерлер, өнеркәсіп мақсатындағы, және егеменді жерлерге салық салынады. АШ мақсатындағы жерге, жердің саласына қарай 1 гектарға егілмеген 5-100 бонитет бойына сәйкес мөлшерінде қолданылады. Мемлекеттік мекенді біріңғай жерде айналысатын шаруа қожалықтары, Ұлы Отан соғысының ардагенрлері жер салығын төлеушілер болып табылады.
6) Мүлік салығы. Заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер және жеке тұлғалар төлейді. Заңды тұлғалар с/с огбьектісінің орташа құнының 1%, және жеке кәсіпкерлер с/с объ-ң орташа құнының 0,5%, салық төледі. Ал жеке тұлғалар 1,0 млн теңгеден 20,0 млн теңге аралығында және одан жоғары арнайы ставка арқылы төлейді.
7) Көлік құралдары салығы. Салық төлеушілері болып жеке тұлға және шаруашылық жүргізуші тұлғалар саналады. Салық объ-сі – Мемлекеттіктіркеуге жататын есепте тұрған көлік құралдары жатады.
Салық салынатын көлік құралдары 7объектіге бөлінеді:
-
Жеңіл автомобильдер
-
Жүк көліктері
-
Автобустар
-
Мотоциклдер, моторольлерлер
-
Әуе кемелері
-
Өзен су кемелері
-
Өздігінен жүретін ...
Табанды механизмдер, мына көлік түріне салық салынбайды.
-
мемлекеттік мекемелердің көліктеріне
-
АШ құрылымынан пай ретінде алған, пайдалану мерзімі 7жылдан асқан автокөліктер
-
Медициналық арнайы мамандырылған автокөліктер
-
Жүк көтеріштігі 400 тоннадан асатын авто самосвалдар.
-
Көлік салығы жылына 1 рет, пайдалану мерзімі 2 ж астан автокөліктері – 1шілдеден – 5шілде аралығында төлейді.
-
ҚҚС сатып алушылар төлейтін тауардың құны қызмет көрсету тарифіна енгізілген 12 % ставканы құрайтын жанама салықтың түрін қолданысқа 1992 жылы енгізілген.
-
Акциздер. Бағаға қосылатын және сатып алушылар төлейтін салықтың түрі. Тауардың 7 түріне салынады:
-
спирттің барлық түрі
-
алкогольдік өнімдер
-
темекі бұйымдары
-
құрамында темекі бар басқа бұйымдар
-
бензин (авиациалық бензинді қолданғанда)
-
жеңіл автомобильдер
-
шикі мұнай және газ қолданатындар
Қызметтің акцизделетін түрлері 2-ге бөлінеді:
-
ойын бизнесі
-
лотореяны ұйымдастыру мен өткізу
Әдебиеттер тізімі
Негізгі
1 Ильясов А.А., Мельников В.Д. Қаржы – 2008.: жоғары оқу орнына. – Алматы : ФинЭко, 2008.
2 Құлпыбаев С. Қаржы – 2008. : жоғары оқу орнына. – ЖШС «Изд-во LEM»
3 Құлпыбаев С. Қаржы – 2010. : жоғары оқу орнына. – ЖШС «Изд-во LEM»
4 Баймұратов. Қазақстан қаржылары. Изд-во «Экономика» 2010.
5 Блеутаева К.Б. Қаржы: электронный учебник. Алматы, Нұр-пресс – 2010.
6 Құлпыбаев, С. Қаржы теориясы:оқу құралы / С. Құлпыбаев, Ш.Баязитова, А. Баязитова. – Алматы : Мерей, 2011.-174 б. -
Қосымша
7. Омирбаев С. М – Финансы социального обеспечения – Учебное пособие для вузов и клледжей. – Астана : 2012. – 408 с.
8. Журанал «Аль-пари»..
9. Журнал «Финансы Казахстана».
10. Журнал «Финансы и кредит».
7 Тақырып. Мемлекеттік бюджеттің құрамы және бюджет түрлерінің сипаттамасы - 2 сағат.
Жоспар:
1. Мемлекеттік бюджеттің мәні және спецификалық белгілері.
2. Мемлекеттік бюджет қажы жұйесінің негізгі звеносы.
3. Мемлекттік бюджетін құрылымы.
4. Қаржы жұйесінде жергілікті қаржылардың орны және мәні.
5. Жергілікті бюджеттін табысы және әлеуметтік, мәдениет инфрақұрылымда алатын рөлі.
Мемлекеттік қаржы – экономикалық, әлеуметтік, саяси міндеттерін орындау үшін оларды қажетті осы ресурстарымен қамтамасыз ететін қаржы жүйесінің маңызды салалы болып табылады. ҚР-ның Мемлекеттікқаржысының құрамы мынадай түрде бөлінеді:
-
Республикалық қаржы
-
Жергілікті функциялық қаржы
Республикалық қаржы екіге бөлінеді: олар бюджет және бюджеттен тыс қорлар.
Жергілікті қаржы екіге бөлінеді: мемлекеттік қаржы және кәсіпорындардың қаржысы.
Мемлекеттік сектордың жұмыс істеуі – мемлекеттік меншіктің болуына негізделген. Меншікті жіктеу тұрғысынан мемлекетік мүлкі – мемлекетік қазына деп аталады. Мемлекеттік қазына – республикалық және жергілікті қазына болып екіге бөлінеді. Республикалық қазнаға :
-
Республика бюджетінің қаражаттары.
-
Мемлекеттік айналмалы валюта қаражаттары.
-
Мемлекеттік меншік құңдылықтарының мүлкі (жер,өлке,т/б).
-
Республикалық меншікке жататын бөлектеленген мүлік (талап етілген иесіз мүлік, тәр-ген мүлік, мемлекетке берген мураланған мүлік) т/б.
Жергілікті қазына мыналарды қамтиды:
-
Жергілікті бюджеттің қаражаттары.
-
Компаниялардың меншігіне жататын бөлінбеген мүлік.
Мемлекеттік кірістер деп – экономикалық қатынастардың жүйесін айтады. Бұл қатынастың процесінде мемлекеттік меншігіне түсетін қаражаттар жиынтығы құралады. Жиынтық өнімді бөлудің нәтижесінде мемлекеттің жеке қайырымдардың, шаруашылық ұйымдардың бастапқы табыстар жасалынады. Орталықтандырылған қаржы кірістер – негізінен салық түсімдері сыртқы экономикадан қайтадан алынатын кірістер, халық төлемдері есебінен алынады. Орталан-маған кірістер кәсіпорын-ң өзгерістерінің ақшалай табыстары мен қорлары мен құралады.
Табыстар ұғымының матер-қ заттық жағы мем-те ШЖС-де халықта жинақтайтын ақша қаражаттардың анықтамасы болып табылады. Меншік шығындары ұйымдық құқықтың рәсімдерге қарай мем-ң кірістері мыналардан тұрады:
-
Мемлекеттіккәсіпорындар мен ұйымдардың табыстарынан.
-
Жеке кәсіп-н сектордың салық төлемдерінен.
-
Халықтың салық төлемдерінен.
-
Кооп-тік және ұжым-ң кәсіп-ң салық түсімдерінен.
-
Қоғамдық ұйым-ң салық түсімдерінен.
Жалақы сфераларына байланысты – Мемлекеттіккірістер матер-қ өндірістеқалыптасатын өндірістер, өндірістік емес сал-да қалыптасатын кіріс деп белгіледі.
Қаржының мазмұны бойынша – салықтық және салыққа жатпайтын деп бөлінеді.
Жұмылдыру әдістері бойынша – орталықтандырылған және орталықтандырылмаған деп бөлінеді.
Таза табыс өсуінің бойы араларына мыналар жатады:
1) Еңбек өнімдерін арттыру, ақша ресурсын үнемдеу, өнім сапасын жақсарту, капитал тиімділігін жаңарту, табиғи өндіріс жағдайын жақсарту болып табылады.
Әдебиеттер тізімі
Негізгі
1 Ильясов А.А., Мельников В.Д. Қаржы – 2008.: жоғары оқу орнына. – Алматы : ФинЭко, 2008.
2 Құлпыбаев С. Қаржы – 2008. : жоғары оқу орнына. – ЖШС «Изд-во LEM»
3 Құлпыбаев С. Қаржы – 2010. : жоғары оқу орнына. – ЖШС «Изд-во LEM»
4 Баймұратов. Қазақстан қаржылары. Изд-во «Экономика» 2010.
5 Блеутаева К.Б. Қаржы: электронный учебник. Алматы, Нұр-пресс – 2010.
6 Құлпыбаев, С. Қаржы теориясы:оқу құралы / С. Құлпыбаев, Ш.Баязитова, А. Баязитова. – Алматы : Мерей, 2011.-174 б. -
Қосымша
7. Омирбаев С. М – Финансы социального обеспечения – Учебное пособие для вузов и клледжей. – Астана : 2012. – 408 с.
8. Журанал «Аль-пари»..
9. Журнал «Финансы Казахстана».
10. Журнал «Финансы и кредит».
8 Тақырып. Тиімділікті талдау және салықтардың ҚР бюджетіне әсері – 1 сағат.
Жоспар:
1. Салық саясатының теориялық аспектісі және салық механизімімен қарым – қатынасы.
2. ҚР бюджетінің түсімдеріне салық саясатының әсер етуін талдау.
3. ҚР салқ саясаты және негізгі жетілдіру жолдары.
Мемлекетте экономикалы процесстерді реттеу – қазақстан қоғамдық жүйесінің, соның ішінде қаржыны басқарудың ажырамас жетісі болып табылады. Экономиканы реттеу 2 нысанда жүргізіледі: 1) Өзін-өзі реттеу.
2) Мемлекеттік реттеу. өзін-өзі реттеу – қоғамдық өндірістегі қаржыны қалыптастырудың шаруашылық жүргізуші субъектілер өздері пайдалануға сипатталады. Мемлекеттік реттеу – қоғамдық экономикада өндірістің алуан экономикалық тентіктері соның ішінде қаржы арқылы оралуын бейнелейді. Экономикалық мемлекеттік қаржыны реттеу – бұл макроэкономикалық тепе-теңдікке және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір кезеңіне, оның дамуы үшін әсер етіп, экономикалық әдістер мақсаты және дәйекті қолданудың процесі болып табылады. Мемлекеттік қаржылық реттеудің жүзеге асырудың алғышарты болып мыналар саналады:
- Қоғам дамынуының экономикалық заңдарының іс-әрекетін есепке алу.
- Қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін білдіретін қоғам дамуының ғылыми негізделген бағдарламамен әзірлеу.
- Көзқарастарды білдіретін демократиялық жүйенің болуы және халықтың барлық жіктерінің әлеуметтік ұлттық топтарының мүдделерін еркін білдірудің мүмкіндіктеріне арналған.
- Шаруашылық қызметтің нормасы мен ережесін айқындайтын және жедел сезілетін елде жақсы жолға қойылған, заңнаманың жүйесінің болуы. Қаржылық реттеудің көмегімен мынадай негізгі мәселелер шешіледі:
1) Материалдық өндіріс сферасында жұмылдыратын қаржы құрлымының жалпы деңгейін реттеу.
2) Өндірістік саладағы монополияның қызметті экономикалық шектеу,
3) Кәсіпкерлердің сыртқы экономикалық қызметін реттеу, олардың құқықтық және келісім шарт тәртібін қамтамасыз ету.
4) Кәсіпорын, фирмаларда, өндірісті дамытуды материалдық жағынан ынталандырып отыру.
5) Кәсіпорын, фирмалардың ақшалай ресурстарын бөлудің ішкі өндірістік аралықтарын реттейді.
6) Ел, аймақ, сала, кәсіпорын, фирма көлемінде инвестициялық және инновациялық процестерді реттеп отыру.
Мемлекеттік қаражаттың реттеудің нақтылы қорытындысына оны жүзеге асырудың белгілі бір шарттары сақталған кезде қол жетеді. Мұнда шарттардың қатарына мыналар жатады:
А) экономикалық құрымдылық жағынан қамсыздандыру.
Ә) басқарудың барлық деңгейіне және меншіктің барлық нысандарында шаруашылық процестер мен құрылымдарды монополиялау.
Б) нарықтық коммерциялық қызметтің барлық түрлеріне заңнама арқылы еркіндік беретін бюджет, кәсіпорынды дамыту.
В) өндірістің өзгермелі факторларының орнын кедергісіз ауысуы мүмкіндігі.
Әдетте, реттеу обьективті және субьективті факторлардың экономикалық жұмыс істеу шарттарының сан алуандығына, әртүрлі кәсіпорындардың, олардың меншіктерін пайдаланумен сипатталады.
Экономикалық реттеудің 2 түрі бар. Олар:
1. экономикалық (қаржылық, бағалық, кредиттік, валюталық және еңбекке пұл төлеу бөліктерімен).
2. әкімшілік реттеу. Қаржылық реттеудің экономикалық түрлеріне сәйкес оның мынандай нысандары бар: бюджетте – қаржыландыру, салықта – тура және жанама салық салу, валюта – қаржыға-сыртқы инвестициялау, сыртқы қарыздар.
Валютаның қаржы деңгейдегі негізгі әдістері мыналар: валюталық бағам, ақшаның пайыздық мөлшерлемесі, халықаралық төлем қаражаттары мен бағалы қағаздарының бағамдары, валюталық тәуекелді сақтандырудың сан алуан әдістері кіреді. Сонымен бірге, экономика мемлекеттік қаржылық ықпал жасаудың бәрін бірдей қамти алмайды. Ол әдісте өтпелі және экономиканы реттеудің қосымша нысандары мен әдістерін қажет етеді. Мемлекеттік қаржыны реттеу құралдарының ішінде салықтарға маңызды орын беріледі.
Салықты реттеу – кәсіпорындар мен халықтың экономикалық белсенділікті ынталығын қамтамасыз етуге арналған, салықтардың көмегімен нәтижеліктің деңгейі мен кәсіпорындардың қаражатында қалатын ақша қорларыны реттеліп отырады.
Әдебиеттер тізімі
Негізгі
1 Ильясов А.А., Мельников В.Д. Қаржы – 2008.: жоғары оқу орнына. – Алматы : ФинЭко, 2008.
2 Құлпыбаев С. Қаржы – 2008. : жоғары оқу орнына. – ЖШС «Изд-во LEM»
3 Құлпыбаев С. Қаржы – 2010. : жоғары оқу орнына. – ЖШС «Изд-во LEM»
4 Баймұратов. Қазақстан қаржылары. Изд-во «Экономика» 2010.
5 Блеутаева К.Б. Қаржы: электронный учебник. Алматы, Нұр-пресс – 2010.
6 Құлпыбаев, С. Қаржы теориясы:оқу құралы / С. Құлпыбаев, Ш.Баязитова, А. Баязитова. – Алматы : Мерей, 2011.-174 б. -
Қосымша
7. Омирбаев С. М – Финансы социального обеспечения – Учебное пособие для вузов и клледжей. – Астана : 2012. – 408 с.
8. Журанал «Аль-пари»..
9. Журнал «Финансы Казахстана».
10. Журнал «Финансы и кредит».
9 тақырып. Бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдер – 2 сағат.
Жоспар:
1. Бюджетке салықтық түсімдердің түсінігі.
2. Бюджетке салықтық түсімдердің түрлері.
3. Салық реформасы және жергілікті бюджеттердің кіріс базасын нығайту мәселелері.
4. Бюджетке салықтық емес түсімдердің түсінігі. Бюджетке салықтық емес түсімдердің түрлері. Бюджетке салықтық емес түсімдерді болжау әдістері.
Бюджеттен тыс қорлар мемлекеттік қаржы жүйесінің маңызды мемлекеттік қатаң белгілі бір мақсатына пайдаланатын ақша ресурстарының жиынтығы болып табылады. Ол экономикалық категория ретінде ұлттық табысты қайта бөлу жөніндегі қатынастар болып табылады. 1991жылдан бастап бюджеттен тыс қорлардың пайда болуы. әлеуметтік экономиканың дамудың қателіктерінен туындады. Бюджеттен тыс қорларды қалыптастыру кезінде шаруашылық жүргізу субъектілеріне қайтарылатын тәртіппен ақша қаражаттарының бір бөлігін салудың қосымша міндеті жүктеледі. Қорларға аударылатын аударымдарды өнімнің өзіндік құнына жатқызған жағдайда құнының бір бөлігі баға арқылы тұтынушыға аударылады. Бұл орайды бюджеттен тыс қорлардың қызметінде топтық, және қоғамдық мүделердің қарама-қайшылықтары көрінеді.
Бюджеттен тыс қорлар – мынадай белгілері бойынша түрлерге бөлінеді:
1) Мақсатты белгісі бойынша-әлеуметтік (3жинақы қоры, мемлекеттік сақтау қоры, жұмыспен қамтып, жәрдемдеу қоры, медициналық сақтау қоры).
Экономикалық (жол қоры, жер қойнауын қорғау қоры, табиғатты қорғаудың регионалдық қоры), экологиялық, көші-қон құқық қорғауға жәрдемдеу, мәдени және тағы басқалары.
2) Басқару деңгейі бойынша - мемлекетаралық мемлекеттік және аймақтық (жкргілікті, бюджеттен тыс қорлар арқылы қаржы-ресурстарының едәуір ауқымы қайта бөлінеді.) ҚР-да қайта бөлудің ауқымы елдің ішкі өнімінің 10-12% жетіп отыр.
ҚР-да әлеуметтік орналымның бюджеттен тыс қорларына мыналар жатады: Зейнетақы қоры, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, міндетті медициналық сақтандыру қоры, жұмыспен қамтуға жәрдемдеу қоры. Олардың жұмыс істеуі ҚР ның заңдарымен реттеліп отырады.
Міндетті әлеуметтік сақтандырудың әлеуметтік сомасы мынадай нормативтер бойынша бөлінеді:
Зейнетақы қорына – 85% (немесе еңбекақы қорының 255%) міндетті медициналық сақтандыру қорына 10% (Еңбекке ақы төлеу қорының 3%), мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына 5% (Еңбекке ақы төлеу қорының 1,5%.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қоры шаруашылық жүргізуші субъектілердің жұмыс беруі, субъектілердің еңбекақы қорының – 2,0 % мөлшерінде құрылады. Экономикалық орталықтың бюджеттен тыс қорлары қоғамдық дамудың кезеңдерінің мақсаттары мен міндеттерін негіздей отырып жасалады. ҚР-да әртүрлі мерзімдерде, әртүрлі қорлар іс әдеттен өтті, инвециялық қор, экономиканы тұрақтандыру қоры, экономиканы жаңғырту қоры, кәсіпкерлікті қолдау және бәсекелі дамыту қоры т/б.
Бюджеттен тыс қор қаражаттарын қалыптастырудың көздері мынандай болды:
-
Республикалық бюджеттен оның кіріс бөлігінің жалпы сомасының 1 %-шамасында қаржы бөлу.
-
Консультациялық әдістермен және басқа қызметпен сондай-ақ бағалы қағаздардан түсетін табыстар.
-
Ерікті жарналар мен қайырымдылық көрсетер. Бюджеттен тыс кәсіптерді қолдау және бюджетті дамыту қоры нарықтық қатынастарды дамыту және баламалы экономикалық құрылымдарды мемлекеттік түрлі мысалдарының кәсіпорындары мен ұйымдарына қолау көрсету, бюджеттік қаржыландыруды, кәсіптерді дамыту жөніндегі шараларды мемлекеттердің прогрессивті мысалдарымен тиімді үйлестіру, мақсатында құрылды. Жұмыссыздарға материалдық көмек (табыстың ең төменгі шегін ескере отырып) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, қорының орнына бұл мақсатқа тиісті қаражаттарды қарастырған кезде жергілікті бюджеттерден қаржыландырылады. Жалпыға арналған автомобиль жолдарын, сондай-ақ олардағы ғимараттарды ұстау, жөндеу, және салу, қайта құру, арнаулы қордан.
Жол қоры есебінен жүргізілді. Сөйтіп жол қоры қаржы жүйесінде - өзгешілігі бар шаруашылық қызметпен байланысты мамандырылған болды. Қорды қалыптастырудың көздері мыналар:
-
Автомобиль жолдарын пайдаланулардың аударымдары.
-
Қазақстан аумағы бойынша кіру-шығу және транзиттік өту үшін төлем.
-
Бөлшек саудада сатылатын бензин мен дизель отынын сақтау үшін төлем.
-
Ақылы автомобиль жолдары бойынша жүргені үшін тасымалдау.
Жол қорының қаражаттары – белгіленген үйлесімде республикалық жол қоры мен объектік жол қорлары арасында бөлініп отырады. Жол қорын көлік және коммуникациялар министірлігі – облыстық жол қорларын автомобиль жолдарының қазыналық кәсіпорындары басқарады. Қаражаттардың мақсаты және ұйымды пайдалануына бақылауды – жергілікті, өкілдікті және атқарушы органдар, қаржы министірінің қаржылық бақылау комитетінің органдары жүзеге асырып отырады.
Әдебиеттер тізімі
Негізгі
1 Ильясов А.А., Мельников В.Д. Қаржы – 2008.: жоғары оқу орнына. – Алматы : ФинЭко, 2008.
2 Құлпыбаев С. Қаржы – 2008. : жоғары оқу орнына. – ЖШС «Изд-во LEM»
3 Құлпыбаев С. Қаржы – 2010. : жоғары оқу орнына. – ЖШС «Изд-во LEM»
4 Баймұратов. Қазақстан қаржылары. Изд-во «Экономика» 2010.
5 Блеутаева К.Б. Қаржы: электронный учебник. Алматы, Нұр-пресс – 2010.
6 Құлпыбаев, С. Қаржы теориясы:оқу құралы / С. Құлпыбаев, Ш.Баязитова, А. Баязитова. – Алматы : Мерей, 2011.-174 б. -
Қосымша
7. Омирбаев С. М – Финансы социального обеспечения – Учебное пособие для вузов и клледжей. – Астана : 2012. – 408 с.
8. Журанал «Аль-пари»..
9. Журнал «Финансы Казахстана».
10. Журнал «Финансы и кредит».
10 тақырып. Бюджет шығындарының жіктелуі - 2 сағат.
Жоспар:
1. Мемлекеттік шығындардың түсінігі.
2. Мемлекеттік табыстардың, шығындардың және қаржы ресурстардың ара қатынасы.
3. Мемлекттік шығындардың жұйесі және ұймдастыру принциптері. Нарық жағдайында мемлекеттік шығындардың саясатының өзгеруі. Мемлекеттік шығындардың құрамы мен иқұрылымы.
4. Мемлекеттік шығындардың классификациясы. Экономиканы қаржыландыру. Экономикаға арналған негізгі шығындардың түрлерінің сипаттамасы. Қаржы резервтеріның мағынасы.
Мемлекеттік шаруашылық жүргізуші субъектілерімен және қалыптасатын қаржы қатынастары қоғамдық өнімді бөлудің саласын құрайтын қоғамдық қызметкерлерді қанағаттандықтан, орталықтандырылған ақша қарым қатынастардың жалпы жиынтығын мемлекеттік бюджет деп атайды. Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде – бөлу және бақылау функцияларын орындайды.
Бөлгіштік функциясының ерекшеліктері – қоғамдық өнімнің құны, қоғамдық өндірістің сфералары, ұлттық шаруашылық секторлары, аумақ, сала, жеке шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасында бөлінеді. Қазақстанда жалпы қоғамдық өнімнің шамасымен 10%, жалпы ішкі өнімнің 20 %бөлінеді. Мемлекеттік бюджет, ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдердің бірі болып табылады. Ақырында мемлекеттік бюджет орындалуы міндетті мемлекеттік заңдарының бірі болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында мемлееттік бюджеттің қаражаттары ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, бюджет ..... бағдарламасын қаржыландыру, ҒТ-әділетті дамыту, әлеуметтік дамытуды жеделдету, халықтың табысы өз бөліктеріне көмектесу, білім беру, денсаулық сақтау, сондай-ақ мәдениет бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталады. Бюджет құрылысына маңызды мәселе – бюджет жүйесі болып табылады. Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық мемлекеттік құрылылымен анықталады. Мемлекеттік бюджеттің федеративтік және унитарлық құрамы айналатын 2-құрылымы болуы мүмкін.
Федеративтік мемлекеттерде бюджет 3 буыннан тұрады:
-
Федералдық немесе орталық бюджет.
-
Федерация мүшелерінің бюджеттері.
-
Жергілікті бюджеттер.
Унитарлық (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады:
-
Орталық республикалық бюджет.
-
Барлық жергілікті бюджеттеу.
ҚР-ның бюджет жүйесі унитарлық типі мен анықталады. ҚР-ның мемлекеттік бюджетінің басты бөлігі республикалық бюджетіне шоғырланған.
Республикалық бюджет – салықтың және басқа да түсімдер есебіне қалыптасып, жалпы республиканың бағыттарын жүзеге асыруға арналған орталанған ақша қоры болып саналады.
Жергілікті бюджет облыстың, республикалықмаңызы бар қалалар, Астана, аудандардың бюджеттерінен құралады.
Төтенше мемлекеттік бюджет – Республикалық және ҚР-дағы төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі.
Бюджеттің бірлігі – жүйесі экономикалық орталықтандырудың дәрежесін білдіреді. Бюджеттердің бірлігі, бюджет заңын қолдануына қамтамасыз етіледі. Бюджеттің толықтылығы – барлық қаржы операцияларының, барлық түсімдерінің, шығыстарының, толық көрсететінін қамтамасыз етіледі. Бюджеттің транспорттық қағидасы, бюджеттің нормативтік құқықтың актілерді міндетті түрде жариялау, қаржылық бақылау жүргізу болып саналады. Бюджеттің дәйектілігі – мемлекеттік басқару орталарының бюджет қатынастары сферасында бұрын қабылданған шешімдердің сақталуын айтады.
Бюджет кодексіне сәйкес бюджеттің құрылымы мына бөлімдерден тұрады.
-
Кірістер – салық түсімдері, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түсімдер, ресми трансферттер түсімдері.
-
Шығыстар.
-
Операциялық сальдо (қалдықтар).
-
Таза бюджеттік кредит беру – бюджеттік кредиттер, бюджеттік кредиттерді өтеу.
-
Қаржы активтерінен жасалатын операциялар бойынша сальдо, қаржы активтерін сатып алу, мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер.
-
Бизнес тапшылығы (профициті).
-
Бюджет тапшылығын қаржыландыру – қарыздар түсімі, қарыздар өтеу, бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы кірді.
Бюджеттің шығындарға мына түрлерге бөлінеді:
-
Мемлекеттік мекемені қамтамасыз ету.
-
Тұрақты сипаты жоқ іс шараны ұйымдастыру.
-
Мемлекеттік тапсыруға арналған шығындар.
-
Жеке тұлғаларға ақшалай төлемдер.
-
Заңды тұлғаларға субсидиялар.
-
Ресми трансферттерге жұмсалады.
Жоспарланбаған, кездейсоқ іс шараларға арналған резервтер қорлары республикалық және жергілікті бюджеттің құрамында құрылады. Үкіметтің және жергілікті атқарушы орталардың резервтеріне мыналар кіреді:
-
Төтенше резерв.
-
Шұғыл шығындарға арналған резервтер.
-
Жергілікті бюджеттердің кассалық алшақтығын жабуға арналған резервтер қамтылады.
Түсетін кірістер мынадай түрлерге бөлінеді:
-
Салықтық түсімдер, алымдар және басқа да міндетті төлемдер.
-
Салықтық емес түсімдер.
-
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер
-
Ресми трансферттердің түсімдер:
Бюджеттің шығыстары – бұл бекітілген бюджет шетінде қайтарылмайтын негізде белгілейтін қаражаттар жатады.
Әр бюджет – оның кіріс шығын бөлігін тексерген яғни балансталған болуы тиіс. Баланс – бұл тепе-теңдік, бюджетті, жасаған кезде ақшалай түсімдер мен шығыстардың тепе-теңдігін сақтау болып саналады.
Бюджет тапшылығының болуы мына себептерге байланысты.
-
Елдің экономикасында өндірістің құлдырауы.
-
Қоғамдық өндіріс шығындарының өсуі.
-
Айналымға тауар шығынымен қанағаттандырылатын ақшаны шеттен тыс шығарылуы.
-
Экономиканың дамуына сәйкес келетін әлеуметтік шығындардың басым болуы.
-
Әсіресе өнеркәсіптік шығындардың өсуі.
-
Көлеңкелі экономиканың айналымының көбеюі.
-
Ұлттық шаруашылығындағы орынсыз ысыраптар т/б.
Бюджет тапшылығын жоюдың мынадай әдістері бар:
-
Шығыстар тұрақтылығы, кірістер өседі.
-
Кірістер тұрақтылығы, шығыстар азаяды.
-
Кірістер өседі, шығыстар азаяды.
Тапшылықты қаржыландыру – оны жабдықтау жүйесін қосымша ақша қаражаттарын іздетумен жүзеге асады. Бюджет тапшылығын қарастырудың жолдары:
-
Ақша белгілерін шығару.
-
Мемлекеттік қарыздар.
-
Шетелдік қарыздар.
-
Ұлттық байлықты пайдалану.
Бюджет тапшылығына қатысты фискальд саясат 3-тұжырымға негізделеді:
-
Жыл сайынғы тексерілетін бюджетті жасау.
-
Циклдің негізінен тексерілетін бюджет жасау.
-
Қаржының функциялық тұжырымдамасын жасау.
Әдебиеттер тізімі
Негізгі
1 Ильясов А.А., Мельников В.Д. Қаржы – 2008.: жоғары оқу орнына. – Алматы : ФинЭко, 2008.
2 Құлпыбаев С. Қаржы – 2008. : жоғары оқу орнына. – ЖШС «Изд-во LEM»
3 Құлпыбаев С. Қаржы – 2010. : жоғары оқу орнына. – ЖШС «Изд-во LEM»
4 Баймұратов. Қазақстан қаржылары. Изд-во «Экономика» 2010.
5 Блеутаева К.Б. Қаржы: электронный учебник. Алматы, Нұр-пресс – 2010.
6 Құлпыбаев, С. Қаржы теориясы:оқу құралы / С. Құлпыбаев, Ш.Баязитова, А. Баязитова. – Алматы : Мерей, 2011.-174 б. -
Қосымша
7. Омирбаев С. М – Финансы социального обеспечения – Учебное пособие для вузов и клледжей. – Астана : 2012. – 408 с.
8. Журанал «Аль-пари»..
9. Журнал «Финансы Казахстана».
10. Журнал «Финансы и кредит».
11 тақырып. Бюджеттік үрдісті ұйымдастыру негіздері - 2 сағат.
Жоспар:
1. Бюджеттік процесс, және этаптары. Бюджеттік жоспарлау.
2. Мемлекеттік жоспарлаудың құжаттар жұйесі. Бюджеттік жұйесінде табыстарды және шығындарды қалыптастыру.
3. Бюджетті өтеу. Бюджеті өтеу есебі.
МШ-бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен байланысты саясатының негізгі құралдары, орталанған және орталанбаған кірістерді пайдалануға байланысты болатын қаржы қатынасының бір бөлігі. МШ-тің құрамына мемлекеттік бюджеттің, бюджеттен тыс қорлардың, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың, өндірістік және өндірістік емес сала мекемелердің, шығыстары кіреді. Республикалық бюджеттің шығыстары мына бағыттарға жұмсалады:
-
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету.
-
Қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік .
-
Құқық, сот, қылмыстық атқару комитеті.
-
Білім беру.
-
Денсаулық сақтау.
-
Әлеуметтік кенен және әлеуметтік қаржызандыру.
-
Мәдениет түрі, тәрбие және ақпараттық кеңестік.
-
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау, жер қатынасы.
-
Өнеркәсіп, жер қойнауын пайдалану, сәулет, қала құрлысы.
-
Көлік және коммуникациялар.
-
Экономикалық қызметті реттеу.
-
Басқа да бағыттар.
Мемлекеттік сектордың кәсіпорын шығыстарының құрамына мыналар кіреді:
-
Өндірістік, шаруашылық пайдалану қызметіне байланысты шығындар.
-
Ұлғаймалы ұдайы өндіріске жұмсалатын актілер.
-
Бюджетке және бюджеттен тыс қорларға төлейтін төлемдер.
-
Көтермелеу және ынталау қорларына аударатын актілер.
Экономиканы дамытуға жұмсалатын шығыстарды – бұл өндіріс көлемінің тұрақты кезі, және оның тиімділігін арттыруға жағдайлар жасайтын ақша-қаражаттар болып табылады. Экономиканы қоршауға жұмсалатын шығындар мына бағытта жұмсалады:
-
Жандысуға жұмсалатын шығындар.
-
Айналым қаражаттарының өсімі.
-
Резервтер жасауға жұмсалатын шығындар.
-
Мемлекеттік резервтерге аудуру.
Әлеуметтік-мәдениет шараларға жұмсалатын шығыстар мына түрлерге бөлінеді:
-
Білім беру және кадрларды кәсіпке даярлау.
-
Мәдениет, өнер, спорт, және бұхаралық ақпарат құралдары.
-
Денсаулық сақтау.
-
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік кенен.
Азаматтарға республикалық бюджеттен тегін медициналық көмектің көлемі:
-
Денсаулық сақтау ұйымының жолдамасы бойынша көрсететін медициналық көмектер.
-
Вич-инфекциясын жұқтырған ауруларға көрсететін көмек.
-
Шұғыл төтенше жағдайдағы ауру, науқастарға көрсететін көмек.
-
Сот-медициналық сараптамаларға бағытталады.
Халықты әлеуметтік қорғау шығыстарына мемлекеттік шығыстардың ішінде үлкен роль атқарады.
Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар-мүгедектікке душар болған жағдайда, мүгедек адамдарға зейнетақы төлеу, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша, жасына байланысты жәрдемақы алуға жұмсалады. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесіне мына төлемақылар жұмсалады:
-
Әлеуметтік көмек.
-
Тұрғын-үй жәрдемақысы.
-
Тұрғын үй коммуналдық қызметкерлерге.
-
Жұмыссыздарға материалдық көмек.
-
Этикалық отанына оралған қазақтарға жәрдемақы.
Ғылыми-техникалық прогресті қаржыландыру, мемлекеттік бюджет есебінен жүргізуінің басымдылығы жалпы мемлекеттік маңыздылығы бар, аса ірі зертеулерге, сала арталық проблемалар бойынша жұмыстарға, мемлекеттік және халықтық, ҒТ-ның бағдарламалар мен жобаларының тапсырмаларына беріледі. ҒТП-ны ынталандырудың бағыты, ҒТП-ның басым бағыттарн жүзеге асыратын субъектілер үшін мақсатты субциялар, жеңілдіктер мен кредиттер беру арқылы жүзеге асырылады.
Қорғануға және басқаруға жұмсалатын шығыстарға қарулы күштерді қаржыландыру, қару жарақтарды, соғыс техникасын, өндіруге және сатып алуға жұмсалатын шығындар, ғылыми-қорғаныс зертеулері және әскери қызметкерлердің жеке басының сақтандыру, біріккен қарулы куштердің әскери объектілерін пайдалануға қатысты шығыстар жұмсалады.
Мемлекеттік басқару органының жүйесі деп – барлық деңгейлердің заңнаманың атқарулының және өкілдікті органдарының, сондай-ақ шаруашылық басқару аппаратының жиынтығын айтады. Мемлекеттік шаруашылық жүргізуші субъектілердің басқару аппаратын ұстауға жұмсалатын шығыстар - өндірістік шығындарына кіреді, және өнімнің өзінің құйынында көрсетеді.
Мемлекеттік басқару орындарына устауға жұмсалатын шығыстар барлық деңгейлердегі рольдерінің , бюджеттен жергілікті бюджеттке дейінгі шығыстардың құрамына жыл сайын бекітіледі.
Бюджет қаражаттары бекітілген сметаға сәйкес жұмсалады. Басқару аппаратын ұстауға жұмсалатын шығыстарды анықтайтын басты құжаттар штат кестесі мен шығыстардың сметалы болып табылады. Басқару органдары кәсіпорындар, ұйымдар, мен мекемелер штат кестесін қалыптастырған кезде типтік құрылымдары, типтік штаттарды, сан нормативтерін, басқару аппараты қызметкерлерінің лауазымдық қызмет ақыларының сомаларын, олардың жалақысының мөлшерлерін және шығыстардың басқа түрлерінің нормаларын басшылыққа алады. Мемлекеттік шығыстардың басты бөлігі қоғамдық тауарларды, игіліктерді, және қызметтер көрсетеді, өндіруге немесе халықты қамтамасыз етуге бағытталады, бұл мемлекет шығыстарының ролін айқындайды.
-
Бағыттары мен мақсатты атқаруы – бойынша шығыстардың барлық түрлерінің жиынтығы мемлекет шығыстарының жүйесін құрайды.
Әдебиеттер тізімі
Негізгі
1 Ильясов А.А., Мельников В.Д. Қаржы – 2008.: жоғары оқу орнына. – Алматы : ФинЭко, 2008.
2 Құлпыбаев С. Қаржы – 2008. : жоғары оқу орнына. – ЖШС «Изд-во LEM»
3 Құлпыбаев С. Қаржы – 2010. : жоғары оқу орнына. – ЖШС «Изд-во LEM»
4 Баймұратов. Қазақстан қаржылары. Изд-во «Экономика» 2010.
5 Блеутаева К.Б. Қаржы: электронный учебник. Алматы, Нұр-пресс – 2010.
6 Құлпыбаев, С. Қаржы теориясы:оқу құралы / С. Құлпыбаев, Ш.Баязитова, А. Баязитова. – Алматы : Мерей, 2011.-174 б. -
Қосымша
7. Омирбаев С. М – Финансы социального обеспечения – Учебное пособие для вузов и клледжей. – Астана : 2012. – 408 с.
8. Журанал «Аль-пари»..
9. Журнал «Финансы Казахстана».
10. Журнал «Финансы и кредит».
7. Тәжірибелік (семинарлық, зертаналық, жеке, студиялық) сабақтардың мазмұны, сағаттағы олардың көлемі
1 тақырып. Қаржылардың пайда болу концепциясы: ұдайы өндірістік және үлестіргіш - 1 сағат.
Жоспар:
1. Экономикалық категорияда қаржының түсінігі.
2. Ақша және қаржы. Қаржының табиғаты.
3. Қаржының қызметтері.
4. Қоғамдық қайта өндірістегі экономикалық категорияның рөлі мен қызметтерінің қарама-қайшылығы.
5. Ұдайы өндірістік және үлестіргіш концепциясы.
Тапсырма:
Аудиториядағы кезекті талқылау үшін келесі сұрақтар:
1 Қаржының қызметтері.
2 Қоғамдық қайта өндірістегі экономикалық категорияның рөлі мен қызметтерінің қарама-қайшылығы..
3 Ұдайы өндірістік және үлестіргіш концепциясы.
4 Қаржының айрықшалықты белгілері, тауар-ақша қатынастары жүйесіндегі олардың шекаралары. Нарық жағдайында жаңа каржы қатынастарының дамуы.
5 Қаржының функциялары. қоғамдық ұдайы өндірістегі экономикалық категорияның функциялары мен рөлін шектеу.
6 Қаржының функцияларына экономистер көзқарастарының эволюциясы.
Тапсырмаларды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар. Қаржының басқа экономикалық категориялармен (багамен, еңбекақымен, кредитпен) өзара байланысы: олардың мазмұнын және бір-бірінен айырмашылығын біліп, меңгеру қажет.
2 тақырып. Шығындар мен өнімдер айналымындағы қаржының рөлі - 1 сағат.
Жоспар:
1. Жалпы ұлттық табыс ұғымы (ЖҰТ). Өткiзуден тыс табыстар мен шығындарға арналған ЖҰТ өлшем. Кіріс және шығындар бойынша ІҰӨ өлшемі.
2. Қаржы ресурстері және оның құнының құрама элементтерi: таза табыс, қосылған құнға салық, акциздер, кеден төлемдері, әлеуметтiк мұқтаждықтарға аударым және амортизациялық аударым.
3. Қаржы ресурстерінің қаржы қорларынан айырмашылығы. Қаржы ресурстерінің және қорлардың көздерi.
Тапсырма:
Аудиториядағы кезекті талқылау үшін келесі сұрақтар:
1 Қаржы ресурстерінің қаржы қорларынан айырмашылығы.
2 Қаржы ресурстерінің және қорлардың көздерi.
3 ШЖСҚ-ның бақылау функциясы.
4 ШЖСҚ-на қандай негізгі белгілер тән болады?
Тапсырмаларды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар. Қаржы ресурстерінің қаржы қорларынан айырмашылығын меңгеріп,. қаржы ресурстерінің және қорлардың көздерiне назар аудару қажет.
3 тақырып. Салықтың жалпы теориялары. Салықтың жеке теориялары.- 1 сағат.
Жоспар:
1. Салық салу туралы ғылыми ұсыныстардың даму тарихы.
2. Салықтардың ортақ теориялары.
3. Айырбастың теориясы, атомистикалық теория, рақаттың теориясы, сақтандыру ақысы ретiнде салық теориясы, классикалық және кейнсиялдық теориясы, монетаризмның теориясы және ұсыныс экономикасының теориясы.
4. Жалпы салық теориялары.
5. Жалпы және жанама салудың қарым қатынасының теориялары.
6. Салық теорияларының меншіктігі.
Тапсырма:
Аудиториядағы кезекті талқылау үшін келесі сұрақтар:
1 Салықтардың ұғымы, оның мәні. Салықтардың функциялары. Салықтардың эволюциясы.
2 Салық салудың және салықтарды ұтымды ұйымдастырудың қағидаттары. Салық жүйесі, нарықтық экономика жағдайда оны құруға қойылатын негізгі талаптар. Қазақстанның салық жүйесі..
3 Әртүрлі белгілері бойыша салықтарды сыныптау. Қазақстан Ресцубликасындағы салықтардың түрлері. Салық кодексі.
4 Салықтарды ұйымдастыру мен алудың негізі ретіндегі салық элементтері.
5 Салық түсімдерін қамтамасыз ету жөніндегі салық службасының жұмысы. Салық санкциялары
Тапсырмаларды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар. Салықтардың ұғымы, оның мәнін, салықтардың функцияларын, салықтардың эволюциясын меңгеріп, олардың атқарылатын қызметтеріне аса назар аударған жөн.
4 тақырып. Салық құқықтық қарымқатынасының қатысушылары - 1 сағат.
Жоспар:
1. Салық құқықтық қарымқатынасының қатысушыларының негізгі сипаттамасы.
2. Салық құқықтық қарымқатынасының классификациясы.
Тапсырма:
Аудиториядағы кезекті талқылау үшін келесі сұрақтар:
1 Қаржы құқығы.
2 Қаржылық бақылаудың міндеттері мен деңгейіне қарай микро және макро деңгейдегі бақылау
3 Мемлекеттік қаржы жүйесіндегі бақылау
4 Қаржы ұйымдарға жүргізетін бақылау
5 Аудиториялық қызметінің негізгі міндеттері
Тапсырмаларды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар. Салық құқықтық қарымқатынасының қатысушыларының негізгі сипаттамасын ашыңыз, негiзгi әдiстерiнiң құрамы және қолдануын меңгеріп, нормативтерін анықтау қажет.
5 тақырып. Салық салудың дамуы және оның шетел елдеріндегі бюджеттерге әсері 1 сағат.
Жоспар:
1 Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер
2 Қосылған құнға салынатын салық бойынша бюджетпен өзара қатынастар
3 Дамыған елдерде салық салу ерекшеліктері
Тапсырма:
Аудиториядағы кезекті талқылау үшін келесі сұрақтар:
1 Салықтар Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің негізгі табыс көздерінің бөлігі ретінде.
2 Қазақстан Республикасындағы салық салу механизмі және оның мемлекет бюджетінің кіріс бөлігіне әсер етуі
3 Есептелуге жатқызылған сома салық кезеңі үшін есептелген салық сомасынан асып кеткен жағдайда бюджетпен өзара қатынастар
4 Халықаралық салық салудағы оффшорлық механизмдер.
5 Шетел мемлекеттерінде жергілікті салықтардың алыну тәжірибесі.
Тапсырмаларды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар. Салық салудың дамуы және оның шетел елдеріндегі бюджеттерге әсеріне назар аудару қажет.
6 тақырып. Қазақстан Республикасында салық салудың дамуы - 1 сағат.
Жоспар:
1 Салық түсінігі және оның экономикалық мәні.
2 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі даму және құрылу кезеңдері.
3 ҚР-да электронды салық қызметтерін дамуын талдау.
Тапсырма:
Аудиториядағы кезекті талқылау үшін келесі сұрақтар:
1 Салық түрлері және олардың мәні
2 Салық жүйесі және құрылу жүйесі мен оның құрылымын тұрақтандыру ҚР-да
3 Мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі салықтардың алатын орны мен рөлі.
4 Салық механизмі және мемлекеттің салық саясатын іске асырудағы оның рөлі
5 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесін реформалау ерекшеліктері және проблемалары.
Тапсырмаларды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар. Қазақстанның салық жұйесі және нарықтық экономикада оның құрылмының негізгі талаптарын сипаттау.
7 тақырып. Мемлекеттік бюджеттің құрамы және бюджет түрлерінің сипаттамасы - 2 сағат.
Жоспар:
1 Мемлекеттiк бюджеттiң экономикалық мәнi мен рөлi.
2 Нарықтық экономикада адами капиталды дамытудағы мемлекеттік бюджеттің маңызын арттыру бағыттары.
3 Бюджет деңгейлері арасында тиімді бюджет саясатын жүргізуге ынталандырудың механизмдері.
Тапсырма:
Аудиториядағы кезекті талқылау үшін келесі сұрақтар:
1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны және оның қалыптасуы.
2 Мемлекеттік бюджеттің құрамы мен құрылымы.
3 Әртүрлі деңгейдегі бюджеттің экономикалық талдауы.
4 Республикалық және жергілікті бюджетті процестерін жетілдіру жолдары
5. Мемлекеттік бюджеттік жоспарлауды жетілдіру
6. Мемлекеттік бюджеттің қаржы жүйесінде алатын орны
7. Мемлекеттік бюджеттің қаржы базасын жетілдіру
Тапсырмаларды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны және оның қалыптасуы, мемлекеттік бюджеттің құрамы мен құрылымын анықтап білу қажет.
8 тақырып. Тиімділікті талдау және салықтардың ҚР бюджетіне әсері - 1 сағат.
Жоспар:
1 Қазақстан Республикасындағы салық салу механизмі және оның мемлекет бюджетінің кіріс бөлігіне әсер етуі
2 Қазақстан Республикасындағы салық саясаты
3 Салықтардың экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу жүйесіндегі рөлі мен орны
Тапсырма:
Аудиториядағы кезекті талқылау үшін келесі сұрақтар:
1 Салықтардың пайда болуы мен дамуы
2 Салықтар Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің негізгі табыс көздерінің бөлігі ретінде
3 Қазақстан Республикасындағы салық салу принциптерi.
4 Ұзақ мерзiмдi қарыздық қаржыландыру көздерiнiң түрлерi.
5 Қазақстанның салық службасы қалыптасу кезеңдері және қазіргі жай-күйін бағалау.
6 Салық мiндеттемесiн орындау бойынша бюджетпен есеп айырысу кезiнде салық төлеушiлердiң артық төленген салық сомаларын есепке алу.
7 Салық механизмі және мемлекеттің салық саясатын іске асырудағы оның рөлі
Тапсырмаларды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар. Тиімділікті талдау және салықтардың ҚР бюджетіне әсері, салық механизмі және мемлекеттің салық саясатын іске асырудағы оның рөлін анықтап меңгеру қажет.
9 тақырып. Бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдер - 2 сағат.
Жоспар:
1 Салықтардың қалыптасуы мен дамуының теориялық негіздері
2 Салықтық жәнк салықтық емес түсімдер
3 Салықтық жәнк салықтық емес түсімдерді есептеу тәртібі
4 Мемлекеттік бюджетті қалыптастыру және жетілдіру
Тапсырма:
Аудиториядағы кезекті талқылау үшін келесі сұрақтар:
1 Мемлекеттік бюджет түсінігі.
2 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі.
3 Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің кірістерінің көздерін талдау.
4 Салықтық түсімдер.
5 Салықтық емес түсімдер
6 Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер
7 Ресми трансферттік түсімдер
8 Бюджетке түсетін кірістер, оларды жұмылдыратын формалар мен әдістер.
9 Қазақстанда салық жүйесін жетілдіруде шетел тәжірибесін қолдану
10 Мемлекеттік бюджеттегі салықтық түсімдердің тиімділігін арттыру
Тапсырмаларды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар. Мемлекеттік бюджеттің құрылысын, құрамын және құрылымын анықтау, салықтық, салықтық емес түсімдерді ажырату және ресми трансферттер, негізгі капиталдан түсетін түсімдерді анықтау және меңгеру қажет.
10 тақырып. Бюджет шығындарының жіктелуі - 2 сағат.
Жоспар:
1 Қазақстан Республикасы республикалық бюджетінің шығындары
2 Қазақстан Республикасы бюджеті шығыстарының функционалдық жіктемесі
3 Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы
4 Бюджеттік тапшылық және оны жабудың әдістері
Тапсырма:
Аудиториядағы кезекті талқылау үшін келесі сұрақтар:
1 Қазақстан Республикасындағы бюджет үдерісінің негіздері
2 Мемлекет шығыстарының экономикалық мазмұны және сыныптамасы.
3 Мемлекет шығыстарының мәні және құрамы
Достарыңызбен бөлісу: |