Әдебиеттер тізімі
Негізгі
1 Корпоративтік қаржы: оқу-әдістемелік оқулық. – Павлодар : Кереку, 2011. – 80 б.
2 Әлжанова Н.Ш. Инвестициялық жобалау : электрондық оқу құралы. – Алматы, Нұр-пресс, 2010. – 250 б.
3 Жобаларды талдау : Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы. – Павлодар : Кереку, 2010. – 80 б.
4 Қаржы менеджмент : оқу құралы. – Павлодар : Кереку, 2009. – 65 б.
Қосымша
Мерзiмдi басылымдар
5 Каржы-Каражат, экономикалық мерзiмдi басылымы, ай сайын.
6. Экономнкалық шолу. Ұлттық банк басылымы, тоқсан сайын.
7. ҚазЭУ хабаршысы, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университетiнiң мерзiмдi басылымы, тоқсан сайын.
8. Альпари. Экономикалық зерттеу институтының ғылыми-практикалық, экономикалық мерзiмдi басылымы, ай сайын.
6 Тақырып. Эксперттік продедуралар және тәуекелдерді өлшеу үшін пайдаланылатын субъективтік бағалауының әдістері – 4 сағат.
Мазмұны:
1 Эксперттік процедуралардың сипаттамасы.
2 Экспертизалардың жалпы схемасы және эксперттік топтардың қалыптасуы, сұрақтардың қалыптасуы, анкета құру, эксперттермен жұмыс істеу және эксперттік бағалаудың өнделуі.
3 Тәуекелді бағалаудың эксперттік әдістері.
Статистикалық әдісті қолдану мүмкіндігі қандай да бір себептер бойынша ұсынылмаса онда тәуекелдің деңгейін бағалаудың эвристикалық әдістері пайдаланылады.
Эвристикалық әдістердің және модельдерінің өзгешелігі алынатын шешімдердің математикалық дәлелінің болмауында.
Сараптамалық бағалау әдістері әртүрлі қызмет облыстарында (сараптамалар, консилиумдер, жиындар) кең қолданылады. Тәжірибелік қызметте даралар және дәл осылай сияқты топтық сараптамалар бағалары қолданылады. Дара сараптамалық бағалаулардың қолданудың негізгі мақсатты:
- оқиғалардың даму жүрісі және құбылыстардың болашақта, сонымен қатар олардың осы шақта бағалауын болжауы;
- басқа эксперттермен ұсынылған нәтижелерді талдау және жалпылау;
- әрекеттердің сценарийлерін құрастыру;
- басқа мамандардың жұмысына және ұйымдарына тұжырымдарды беру (рецензиялар, пікірлер, сараптамалар).
Жеке сараптаманың жетістігі ақпаратты жедел алу және оған қатысты шығындар болып табылады. Ал кемшiлiктерге субъективтік деңгейінің жоғары болуын және тергеу кезінде бағаларды алу растылығындағы сенiмдiлiктің жоқтығы болып табылады.
Ұжымдық сараптамалық бағалар осы кемшiлiктердi жояды. Топтық талқылау процеске, жеке бағалаумен салыстырғанда келесi өзгеше ерекшелiктер тән:
- ұжымдық бағалардың субъективтілігі;
- оның негiзіне қабылданған шешiмдер анықтықтың үлкен дәрежесіне ие.
Топтық сараптамалық шаралардың келесi түрлерi анықталады:
- тұрақты сұрақтарды ашық талқылаудан кейінгі ашық немесе жабық дауыс беру;
- дауыс бермеу мен талқылаусыз еркiн сәйлеу;
- дауыс беру немесе сараптамалық сұрастырудың сауалнамаларын толтырумен келесi жабық талқылау.
Сараптамалық бағалауды ұйымдастыру. Сараптамалық бағалауды қолдану бойынша жұмысты ұйымдастырудың бiрiншi кезеңі басшылық ететін құжатты шығару және әзірлеу болып келеді, мұнда жұмыстың мақсаты да, және оны орындаудағы негізгі ережелер де құрастырылады:
-
міндеттерді және эксперименттерді қою;
-
эксперименттердің мақсаттары;
-
эксперименттiң қажеттiлiгiн дәлелдеу;
-
жұмыстарды орындау мерзімі;
-
мiндет және басқару тобының құрамы;
-
мiндеттер және тобының құқықтары;
-
жұмысты қаржылық және материалдық камтамасыз ету.
Осы құжатты дайындау үшiн, және де барлық жұмысты басшылық үшiн сараптаманың жетекшiсi тағайындалады, былайша оған басқарудың тобы мен оның жұмысын ұйымдастыру үшін жауапкершілік жүктеледі.
Қалыптастырудан кейiн басқару тобы сараптама топбын таңдап алу жұмысын мына тiзбекте жүзеге асырады. Шешілетін мәселені табу, әр қызмет саласы бойынша сарапшылардың іскер құрамының анықтау мәселесімен байланысты қызметтің облыс ортасын анықтау, олардың орынын есепке алумен сарапшылардың алдын ала тізімін құрастыру, сарапшылардың сапасын талдау және топта қатысатындардың тізімін нақтылау, сарапшылардан жұмысқа қатысу келісімін алу, сарапшылар тобының нақты тізімін құрастыру.
Басқару тобы сарапшылар тобын құрастырумен қатар сарапшыларға сұрау жүргізу әдістемесін және ұйымдастыруды әзірлеуді жүргізеді, сонымен қатар мынадай мәселелер шешіледі.
-
сұрауды жүргізу орны мен уақыты;
-
сұрақтар тобының саны мен міндеттері;
-
сұрауды жүргізу құрамы;
-
сұрау нәтижелерін жинау және тіркеу реті;
-
қажетті құжаттардың құрамы.
Басқару тобының келесі деңгейі сұрау мәліметтерін анықтау болып келеді. Бұл деңгейде өңдеу мерзімін және міндеттерін, өңдеудің алгоритмі мен процедурасын, өңдеуді жүргізу үшін құралдар мен күштерді анықтау керек.
Сарапшыларға сұрау жүргізу және оның нәтижелерін өңдеу барысында басқару тобы әзірленген жоспарға сәйкес, мерзімі, құрамы мен ресурстармен қамтамасыз етумен оны қажетінше өзгертіп жұмыстар кешенін орындауды жүзеге асырады. Топ үшін жұмыстың ақырғы кезеңі жұмыстың нәтижесін рәсімдеу болып келеді. Осы кезеңде сараптамалық бағалаудың нәтижелерін талдау, есепті құру, нәижелерді қолдау және талқылау, жұмыстың нәтижелерін бекітуге ұсыну, сарапты ұйымдастырушылар мен тұлғаларды нәтижелермен таныстыру жүргізіледі.
Сарапшыларды іріктеу. Сарапшылар тобының процедураларын қалыптастыру үшін сарапшылық топты ұйымдастыру қажет. Жалпы талаптар бойынша сарапшылар тобын қалыптастыру кезінде сапраптың мәселесін тиімді шешу болып келеді.
Мәселені шешу тиімділігі сипатамаларыңың сенімділігімен және оған жұмсалған шығынмен анықталады. Сараптама зерттеуінің сенімділігі тек қана мәселені дұрыс шешу негізінде және қорытындысын талдаумен анықталуы мүмкін. Сарапшыларды пайдалану ақпаратты алудың, қандай да басқа тәсiлдерінің болмауымен шартталады. Сондықтан сараптаманың сенімділігін бағалау, тек қана тәжiрибелi мәлiметтерден кейiн жүзеге асуы мүмкiн.
Егер де сараптама жүйелi түрде сараптың сол құрамымен жүргізілсе, онда сарапшылар тобы жұмысының сенімділігі бойынша статистикалық мәлiметтердi қорлану және сенімділіктің орнықты сандық бағалау алу мүмкiндiгi пайда болады. Осы бағалауды сарапшылар тобының сенімділігін деректер ретінде келесi сараптамалар үшiн қолдануға болады.
Топтық сараптамалық бағалаудың сенімділігі, топтағы жалпы сарапшылар санына, топтағы әр түрлi мамандардың үлестiк құрамына, сарапшылардың сипаттамасымен тәуелді болады. Сарапшыларды таңдап алу шарасы атап шыққан факторлардын сипаттамасын растылығын анықтау тәуелдігі тағы бiр мәселе болып табылады. Сараптаманың нәтижесіне және жүрісіне мәнді әсер ететін сарапшының мінезділігі таңдау үрдісінің күрделі мәселесі болып келеді. Бұл сипаттамалар маманның ерекше қасиетiн және сараптамаға ықпал ететін адамдардың арасындағы мүмкiн болатын қатынастарды суреттеуі керек. Сипаттаманың маңызды талаптары осы сипаттамалардың өлшенуi болып табылады.
Сарапшылар тобында ең жоғары сан қаржылық ресурстың шектеулерінде тексеріледi. Сенімділіктің және сарапшылардың санның арасындағы және шығындарды төлеудің тәуелдiлігін анықтап, басқару тобы осы ақпаратты басшылыққа ұсынады, және мүмкiн болатын баламалы шешiмді қалыптастырады.
Мұндай баламалар болып не сарапшылар бағалауының сенімділікпен сарапшыларға төленетін шығынды шектеуді қамтамасыз ететін орындалулар дәрежесінің төмендеуі. Немесе бастапқы талапты сараптаманың сенімділігін сақтау және сарапшылардың төлеуге шығындарының көбеюі.
Сарапшыларды таңдау бойынша жұмыстың келесі деңгейі алдын ала сарапшылар тізімін құрастыру болып табылады. осы тізімді құрастыру барысында сарапшылардың сапасын талдау жүргізіледі. Сарапшылардың сапасын есепке алудан басқа олардың орны және таңдалған мамандардың сарапқа қатысуы анықталады. Сапасын бағалауда сараптамаға жататын кондидаттарды білетін адамдардың мағынасы есепке алынады.
Сарапшылар тобын құрастырғаннан кейін оларға сарапқа қатысу үшін хат жолданады. Хатта сарапты жүргізу мақсаты, мерзімі, жүргізу реті, жұмыс көлемі және сыйлықақы беру шарттары түсіндіріледі. Хатқа сарапшылар туралы мәліметтер және оның құзыреттілігінің өзіндік бағасы қосымша беріледі.
Сарапшылардан жауап алғаннан кейін басқару тобы сарапшылардың нақты тізімін құрастырады. Тізімді құрастырып бекіткеннен кейін сарапшыларға олардың сарапшылар тобының құрамына қосуы туралы хат хабар жіберіледі. Егер сараптық бағалау сауалнамалаудың әдiсiмен жүргізілсе, онда барлық сарапшыларға сараптамалық тобына қосу туралы мәлiмдемесiмен бiрге олардың толтыру үшiн қажеттi нұсқаулықтардың сауалнамасы ұсынылады. Сарапшыларға оларды сараптамаға қосу туралы хабарлама жіберумен сарапшыларды таңдау бойынша жұмыс аяқталады.
Сарапшыларды сұрау. Сұрау – бұл басқару және сарапшылап тобының кешенді жұмысының деңгейі. Сұраудың негізгі мазмұнына мыналар жатады:
- міндетті қою және сарапшыларға сұрақты ұсыну;
- сарапшылардың жұмысын ақпараттық қамтамасыз ету;
- сарапшылармен бағалау, ұсыныс пікірлерін өңдеу;
- сарапшылар жұмысының нәтижелерін жинау.
Сұрау үрдісінде шешілетін міндеттердің 3 түрін атауға болады:
-
берілген объектілердің сандылығы немесе сапалығы;
-
жаңа объектілерді құрастыру;
-
жаңа объектілерді құрастыру және бағалау.
Ұжымдық сараптама кезінде сұраудың келесі негізгі түрлері қолданылады:
-
пiкiрсайыс;
-
сауалнамалау;
-
интервью алу.
Сауалнамалау керi байланыспен немесе олсыз өткiзілуі мүмкiн; Кері сауалнамалауда сараптарды сұрау бірнеше деңгейде, өткен кезеңдегі сұрау нәтижелерін сарапшыларға жеткізумен, жеке сарапшылардың бағасын және оның хабар ошарын жеткізумен жүзеге асырылады. Сұрауды ұйымдастырудың бастапқысы сарапшылардың дербестігінің шығармашылық белсенділігін максимум қамтамасыз ету болып келеді.
Әр сарапшыға талданатын көрініске қатысты сарапшылар және сауалды ұйымдастырушылар білетін барлық ақпаратты, сарапшының шығармашылығы мен белсенділігінен айырмай жеткізуге тырысу қажет. Бірақ та, ақпаратты өңдеу бойынша сарапшының мүмкіндігі шектеулі, оның нәтижесінде сарапшы қолда бар барлық ақпаратты қолданбай шешім қабылдауы мүмкін. Одан басқа, жаңа ақпарат адамғы ішкі кедергімен қабылданады. Және ол бар субъективті бағалауға бірден әсер етпейді. Осы психологиялық өзгешеліктен техникалық құралды пайдалану жазуын жүргізу жолымен түскен ақпаратты белгілеу үшін сарапшылап мүмкіндікті ұсынуы қажет, сонымен қатар ақпаратты алдын ала өңдеп оны сарапшыларға қабылданатын формада ұсынуы керек.
Сұраудың құрылуының әрбіреуінде өзінің жетістіктері мен кемшіліктері бар, оның шығармашылығындағы ұйымдар мен сарапшылардың арасындағы ақпаратпен ауысу, қандай да бір сұрауды таңдау, көптүрлі фактімен анықталатын сараптың мақсаты мен міндеті.
Талданатын мәселенің қиындығы – сұрау нәтижесінде алынған ақпараттың жеткіліктігін және көлемін талап ететін бастапқы ақпараттың толықтығы мен сенімділігі, жалпы сарапқа және сұрауға кеткен уақыт, жалпы сараптың және сұраудың құны, сарапшылар саны, басқару тобы мүшелерінің мінезділігі.
Сұрау өткізгеннен кейін сарапшылар тобы бастапқы ақпараттың нәтижелерін өңдейді, өңдеу үшiн сарапшылардың бағалауын көрсететін, және осы бағалаулардың мазмұны бар сандық мәліметтерді қолданады.
Өңдеудің мақсаты сараптау бағаларының жабық түріндегі жаңа ақпаратты және қорытылған мәліметтерді алу болып табылады.
Өңдеудің нәтижесі негізінде мәселені шешу құрылады. Сарапшылардың мағынасы және сандық мәліметтері сарапшылардың томтық бағалау нәтижелерін өңдеудің сандық және сапалық әдістерін қолдану қажеттілігіне әкеледі. Осы әдістердің үлес салмағы сараптық бағалаудың мәселелерін шешу сыныбына тәуелді.
Барлық мәселелерді екі сыныпқа бөлуге болады.
Бірінші сыныпқа тәжірибе мен білімнің жеткілікті болатын, яғни қажетті ақпараттық әлеуеттің шешімдерді шешу мәселелері жатады.
Осы сыныпқа жататын мәселелерді шешу барысында ол сарапшылармен жақсы орташа өзгерістер деп қарастырылады. Көптеген сарапшыларүшін олардың мағынасы шынайыға жақынырақ топталады. Осыдан, бірінші сынып үшін мәселелерді шешуге сарапшылардың топтық нәтижелерін өңдеу керектігі көрінеді.
Жеке жұмыс істейтін әр сарапшы үшін мүмкін тәуекелдің тізімі және мына төмендегі бағалауларға негізделетін олардың болу мүмкіндігін бағалау ұсынылады:
0-жеңiл-желпi тәуекел;
25 - тәуекелдi жағдай мүмкін болмайды;
50- тәуекелдiң мүмкiндiгi туралы ештеңе айтуға болмайды;
75 - тәуекелдi жағдай мүмкін болмайды;
100 - тәуекелдi жағдай қалайда болады.
Содан соң сарапшылардың бағалауы олардың қарама-қайшылығына талданады және келесi ережеге қанағаттандыру керек: тәуекелдiң кез-келген түрi бойымен екi сарапшылардың бағасы аралығындағы барынша ықтимал айырмашылық 50-ден аспауы керек, бұл сарапшылармен бағалауда жеке тәуекелдiң шабуылы ықтималдығының түрлі айырмашылықтарын жоюға мүмкіндік береді:
мұндағы a, b – әр екі сарапшының бағасының векторы
Үш сарапшы кезінде үш бағалану жүргізілу керек: бiрiншiнiң және екіншінің пiкiрлерiн жұп бойынша салыстыру үшiн; i - бағаланатын тәуекелдiң түрi.
Мысалы, егер үш сарапшы бір тәуекел туралы келесі бағалауды берсе: А – 25; В – 50, онда бұл жағдайда бағалаудың айырмашылығы мынаны құрайды: АВ = 25 және BC = 25, бұл шартты қанағаттандырады.
Сараптамалық әдiстiң бiр түрлiлігі Дельфи әдісі болып келеді. Ол анонимдықпен және басқарылатын керi байланыспен бейнеленедi. Комиссия мүшелерiнiң анонимдығы физикалық бөлiну жолымен қамтамасыз етiледi, бұл оларға қойылған сұрақтарға жауапты талқылау мүмкiндiгiнен айырады. Мұндай бөлiнудiң мақсаты - топтық шешiм қабылдаудың «қақпанынан» құтылу, баскөсшінің пiкiрiнің басымдық болуынан құтылу. Нәтижені өңдегеннен керi байланыс арқылы өңдегеннен ол кейін әр комиссия мүшесiне хабарланады. Негізгі мақсат – кім ақпараттың беруіне қарамастан қысымға ұшырамай комиссияның басқа мүшелерінің бағасымен танысуға көмектесу. Осыдан кейін бағалау қайталануы мүмкін.
Кәсіпкерлік тәуекелді сараптық бағалауда сарапшыларды таңдауға көп көңіл бөлі керек, өйткені олардың дұрыс бағалауынан қандай да бір кәсіпкерлік тәуекелді таңдап алу шешімі қатысты болады.
Тәуекелді зерттеудің тағы бір ең маңызды жері – «шешімдер ағашы» көмегімен таңдау міндетін моделдеу. Бұл әдіс қабылданатын шешімнің нұсқаларын кестелік құруды болжайды. «Ағаш» бұтақтарына мүмкін жағдайлардың объективті және субъективті бағаларын қатыстырады. Құрылған бұтақтың бойымен жүріп және мүмкін есептемелердің арнайы әдістерін пайдаланып әр жолды бағалайды, және неғұрлым тәуекелі аз жолды таңдайды.
Бұл әдістің теріс факторлары да бар, олар оны қолдануды қиындатады:
-
өте сыйымды әдіс;
-
«ағашта» тек қана кәсіпкер жасайтын әрекеттер ғана, және оның ойынша орны бар әрекеттер ғана есепке алынады.
Дегенмен, кәсіпкерлік фирмаға қоршаған сыртқы ортаның әсер етуі есепке алынбайды, ал кәсіпкер серіктестер мен бәсекелестердің әрекеттерін көре алмайды.
Сәйкестік әдісі. Бұл әдіс басқа әдістерді қолдану мүмкіндігі болмаған жағдайда пайдаланылады. Сәйкестікті пайдалану барысында осыған ұқсас жобалар мен мәмлелер, жобалы зерттемелік мекемелердің зерттеу жұмыстарының тәуекелі туралы деректер қоры қолданылады. Осындай жолмен алынған мәліметтер жаңа кәсіпкерлік жобаны немесе мәмлені жүзеге асыру әлеуетті тәуекелді есепке алу мақсатымен аяқталған жобалардағы тәуелділікті анықтау үшін өңделеді.
Әдебиеттер тізімі
Негізгі
1 Корпоративтік қаржы: оқу-әдістемелік оқулық. – Павлодар : Кереку, 2011. – 80 б.
2 Әлжанова Н.Ш. Инвестициялық жобалау : электрондық оқу құралы. – Алматы, Нұр-пресс, 2010. – 250 б.
3 Жобаларды талдау : Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы. – Павлодар : Кереку, 2010. – 80 б.
4 Қаржы менеджмент : оқу құралы. – Павлодар : Кереку, 2009. – 65 б.
Қосымша
Мерзiмдi басылымдар
5 Каржы-Каражат, экономикалық мерзiмдi басылымы, ай сайын.
6. Экономнкалық шолу. Ұлттық банк басылымы, тоқсан сайын.
7. ҚазЭУ хабаршысы, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университетiнiң мерзiмдi басылымы, тоқсан сайын.
8. Альпари. Экономикалық зерттеу институтының ғылыми-практикалық, экономикалық мерзiмдi басылымы, ай сайын.
7 Тақырып. Тәуекел менеджментінің негізгі аспектілері және оның компанияда орнату - 4 сағат.
Мазмұны:
1 Тәуекел менеджментінің негізгі анықтамалары және түсінігі.
2 Тәуекел менеджментін қолдану позициялары.
3 Тәуекелдерді басқарудағы ғаламдық міндеттер: тәуекел менеджментін қолдану, тәуекелдерді түрлері бойынша басқару; тәуекелді бағалау дәлме-дәлділігі.
4 Тәуекел менеджментінің қызметтері.
5 Тәуекел менеджментін ұйымдастыру. Түсініктер: көкейкөз, инсайт, эвристика. Тәуекел менеджментінің ережелері.
Осы таңға дейін тәуекелдерді басқару облысындағы әлі шешілмеген он кең етекті міндеттерді еекшелеуге болады, ал бұл өз кезегінде бұл саладағы қазіргі жағдайды сипаттайды. Бұл міндеттерді үш категорияға бөлуге болады:
-тәуекел менеджментті пайдалану;
- типтері ойынша тәуекелді басқару;
- тәуекелдерді бағалау дәлдігі.
Тәуекел менеджментті пайдалану
I. Түгелдей компанияның тәуекелдерін немесе жеке салымдарының тәуекелдерін басқару.
Тәуекел-менеджменттің басты функциясы компанияның түгелдей тәуекелдерін бағалау болып табылады. Бұл үшін фирманың түгелдей қызметінен болатын табысты бөлу функциясын бағалау қажет. Бұл жасалғаннан кейін тәуекелді капиталдың мөлшерін бағалауға болады. Басқа жағынан бұл тәуекелді капитал тәуекел менеджерінің талаптар әрбір бөлімшенің жұмысымен келісілу үшін жеке қызмет бағыттары арасында бөлінуі тиіс. Проблемалардың бірі – әрбір бағыт үшін компания арнайы тәуекел факторлары арасында кемшілікті корреляция себебінен әлеуетті залалдар мөлшері әрбір бағытта мүмкін залалдар сомасыынан төмен болуы мүмкін. Содан келесі әдістемелік дилемма пайда болады: егер тәуекел менеджер компанияның қажетті капиталын бағаласа, содан кейін жеке бағыттар бойынша бөлсе (жоғарыдан төменге әдісімен) бұл әрбір бағыттағы капиталға талаптардың бұзылуына әкеледі. Балама ретінде тәуекелді капиталды бағалау болып табылады. Содан кейін әрбір бағыт бойынша талаптарды сомалау (төменнен жоғарыға әдісімен). Бұл капиталдың шамадан тыс капитализация тәуекеліне әкеледі және бизнес тиімділігін төмендетеді. Әмбебап әдістеме құрастыру аталмыш мәселені шешетін тәуекелдерді басқару ісінде ілгерілеудің үлкен қадамы болуы мүмкін еді.
II. Әкімшілік реттеу немесе орындардағы басқару.
Әкімшілік мекемелер қаржылық институттар қызметіне өзінің талаптарын қояды, себебі қаржылық жүйенің тұтас тұрақты жұмысы үшін жауапты болып табылады. Алайда соңғы жылдардағы оқиғалары көрсеткендей, әкімшілік талаптар тәуекел менеджерлер әрбір нақты компаниядағы шешімдерді құрастыру үшін жұмысына жақын болып табылады. Нәтижесінде тәуекел менеджерлер екі типті есептеулер жүргізетін тәжірибе қалыптасады: біреулері компания басқармасының басқару шешімдерін қабылдау үшін, екіншілері – әкімшілік талаптарды қанағаттандыру үшін.
III. Қаржылық емес компанияларға тарату.
Тәуекел менеджменті сауда операцияларында пайдаланудың салыстырмалы сәттілік балама тәсілдерді қаржылық емес салада пайдалану идеясына әкелді. Алайда болып жатқан технологияны жаңа сфераларға аудару оңай емес. Шектеулердін бірі болып тәуекелдерді бағалау қажет болатын уақыт шекаралары қаржылық емес салаларда едәуір үлкен табылатын факт болып келеді. Әрине жаңа жағдайлар үшін сауда операцияларында пайдаланылатын бейімделу тәсілдері бар. Бұл рәсімдерің тұрақтылылығы ашық мәселе.
Тәуекелдерді типтер бойынша басқару.
I. Нарықтық тәуекелдер.
VAR-ды есептеу мәселесінде екі тәсілді ерекшелеуге болады: импирикалық және параметрлік. Біріншіде бұл көрсеткіш бақыланатын тарихи тандама негізінде есептеледі. Бұл арада тандаманың ұзындығы бойынша сұрақ туындайды, себебі нәтижелер бұл параметрге тәуелді болып табылады. Бұдан өте өзекті мәселе туындайды, Қандай дәрежеде айқын бағаланған VAR болашақта болуы мүмкін нақты тәуекелдерді көрсете алады. Екінші тәсілде табыстылықты және залалдарды бөлу нормальді заңға бағынады. Содан барып тарихи таңдама бұл бөлудің параметрлерін бағалау үшін пайдалынылады. Алайда әлемдік тәжірибе көрсеткендей, табыстылықты бөлу дұрыс емес, яғни бағалардың ауытқуы нормальды заңға сәйкес болуы күштіге қарағанда жиі болады. Тәуекел менеджерлер бөлудің ауыр салдарын әртүрлі модельдеуге тырысады, бірақ бұл тәуекелдер жиі қайта бағалануына әкеледі және компаниялар капиталға жоғары талаптарды өзіне алуына тура келеді.
II. Несие тәуекелдері. Тәуекелдерді басқару тәсілдерін бұрыннан бері несиелеу саласында қолдануға ұмтылады. Себебі қарызгердің дефолты жағдайында осы сәтте активтердің нарықтық құнына пропорцианал ақша мөлшерін қайтаруға болады. Бұл келісім шарт жасауда уақаттың ауқымды интервалына құндық тәуекелдерді бағалау қажеттігін туындатады. Активтердің нарықтық құны уақыт өте өзгеретіндіктен, нақты мәміленің басынан аяғына дейін мониторингін жүзеге асыруға тура келеді. Тәсілдердің көбі бұл сұрақта VAR тәсіліне ұқсас және сол сияқты тәуекелдерді арттырады, себебі мәміле жасаудан кейінгі нарық туралы түскен ақпаратты қолдануға қабілетті еме: несиелік деривативаларадың нарығын ойлап табудан бастап, 90-шы жылдардың ортасында бұл проблема бөлшектеп алынды. Алайда несиелік деривативалар кең қолданысты алған жоқ және проблема өзекті болып қалады.
III. Өтімділік тәуекелдері. VAR есептеуде басты болжамдардың бірі фирма ішіндегі де, әкімшілк деңгейде де абсолюттік нарықтық бәсекелестік пен өтімділк болып табылады. Позиция мөлшері нарыөтың өзіне қарағанда шамалы артық болған жағдайда немесе барлық қатысушы бірдей әрекет жасағанда тәуекелдің жаңа түрі өтімділік тәуекелі туындайды. Өтімсіздік активтың бағасын шамалы өзгертпей тез арада позицияны жабу мүмкін емес. Бұл жаңа құбылыстарды көрсету үшін – позицияны жабу ұзақтығы мен позиция мөлшерінен активтің құнының өзгеруі – VAR алдында тұрған жаңа тәсілдеме қажет.
IV. Операциялық тәуекелдер. Операциялық тәуекелдер әдетте өзіне құқықтық және моделдік тәуекелді кіріктіретін компания жоспарлаған аяқталған транзакциялар комбинациясын (қаржылық мәмілелер) орындай алмау ықтималына байланысты. Соңғы зерттеулерге байлынсты бұл тәуекелдер түрін бағалау мен басқару үшін өнеркәсіптік стандарттар шамалы аз қарастырылған және егжей-тегжейленбеген. Бұл таң қалар емес, себебі операциялық тәуекелдердің өзіндік сипаттары бар, оларды саудалық стратегия таңдау арқылы сақтандыруға болмайды, мысалы, нарықтық тәуекелдер жағдайында. Нәтижесінде бұл маңызды тәуекелдер көздерін реттейтін тәсілдемеге қажеттілік туындады.
Тәуекелдердің өзгеруі кезіндегі бағалау дәлдігі.
I. Дельта немесе толық қайта есептелген VAR. VAR-ды қарапайым және тиімді есептеу тәсілі бір актив үшін үш элементті кіріктіреді: активтың ағымдағы құны, дельтаны немесе фактордың теріс өзгеруі құнының сезімталдығы және тәуекел факторының сенімді деңгейіндегі мүмкін өзгеруі. Бұл тәсілдеме қарапайым және қолайлы болғанымен, ол екі жағдайда теріс нәтижелерге әкелуі мүмкін. Бірішіден, тәуекел факторының өзгеруі шамалы үлкен болғанда, функцияның жалпақтығы немесе гамма-эффект бастапқы дельта тәсіл тәуекелді толық бағалай алмауына әкеледі. Екіншіден, актив құны бір фактордан едәуір көп тәуелді болса бұл тәсіл шегінде не істеу керек белгісіз. Балама ретінде толық қайта есептелген VAR, яғни активтың соңғы құның бөлуге негізделген, өзара мүмкін барлық тәуекел фактордың ауытқуларды есепке ала отырып. Алайда нетривиалды сұрақ тәуекел факторлардың болашақ коррелиациясын болжау қаншалықты мүмкін болатына волатильдікті бағалау (нарықтық сұраныстың өзгергіштігі мен тұрақсыздығы) байлынысты тәуекелдің нарықтық фактордың волатильдігі нарықтық және несиелік тәуекелдерді бағалауда орталық рөлді атқарады. Бұл параметрлердің маңыздылығына қарамастан тәуекел-менеджерлер бұндай сұраққа аз көңіл бөледі. Тәуекелдердің нарықтық коньюнктурасын бағалау сияқты мәселелерді болашақ волатильдігін бағалауда модельді таңдау еркіндігі немесе күрділі GARCH модельдері негізінде волатильдікті болжау – тәжірибедегі тәуекел-менеджер үшін қызметтін кең алаңы ретінде көрініс береді.
III. Кореляцияны бағалау. Кореляция туралы болжамдар бір актив үшін VAR есебін түгелдей қоржын тәуекелін басқарумен біріктіреді. Олар маңызды рөл атқаратын екі облысқа қызметін жеке бағыттарының белгілі тәуекелдері бойынша жалпы компанияның тәуекелдерін бағалау мен тәуекелдің бір факторынан (мысалы: опциондар) едәуір көп тәуелді позициялардың тәуекелдерін бағалау. Болашақ кореляцияны бағалау міндетті көбінде болашақ волатильдікті бағалау міндетіне тәріздес және сондай қиындықтарды өзіне кіріктіреді. Өкінішке орай тек қана кореляцияны бағалауға тән тағы бір мәселе бар: жіберілетін деректердің синхронсыздығы. Егер түрлі қаржылық ауыспалылар әртүрлі уақытта бекітілсе, бұл ауыспалылардың өзара қозғалысы туралы толық құқықпен айтуға болмайды.
1.2. Компаниядағы тәуекел менеджментін құрастыру.
Бизнес тәуекелдердің арқасында компания көлемінен өнім мен қызмет көрсету түрлерінің сипатына, мөлшеріне тәуелсіз құрылады. Бизнеспен тәукелге бел бумай айналысу мүмкін емес. Тәуекелсіз сыйақы болмайды: Ресей бизнесінің артықшылығы тәуекелдер дәрежесіне де, сыйақы мөлшеріне де негізделген. Бизнестің даму тарихы тәуекел-менеджментінің негізі тәуекелдерді жою емес екендігін куәландырады, себебі оларды басқаруда сыйақы жоғалады.
Тәуекел-менеджменттің құрастыру міндеттердің пайда болуы компанияда бұл сыртқы ортаның динамикалық өзгеру мәселесімен шарттасылған. Қоршаған ортадағы өзгерістер болжай алмайтын сипатта болады. Барлық жерде де бизнесте де анықсыздық өсіп келеді, әрі қорқынышты жеделдікпен. Осындай жағдайлар жаңа тәуекелдердің пайда болуына өз үлесін қосады. Тәуекелдерді толық бағалай алмаудан компаниялар өте қымбат төлейді:қаржылық залалдар, акциялар құнының түсуі, сондай-ақ капитал құны, беделдің бұзылуы, бағалы қызметкерлердің кетуі . Әрине тәуекелдермен бұрын да айналысқан, бірақ әрбір тәуекел жеке қарастырылатын. Алдыңғы тәсілге қарағанда тәуекел менеджмент кешенді басқарушылық бағдарлама ретінде қарастыру керек. Компаниядағы тәуекелдерді тиімді басқару жүйесін жасау үшін басқарма келесіні жасау тийіс:
- тәуекелдерді басқару қажеттілігінің интуитивтік деңгейде болсын түсіну;
- мәселелердің деңгейіне баға беру, тәуекелдер, компанияның жалпы жағдайын бағалау ( өзіндік немесе сыртқы мамандарды тартумен бірге );
- сәйкестендіретін деректерді жинау және қабылдау нақты залалдар және өткен кезеңдегі себептері туралы;
- болашаққа қарай бұл өзгерістер тенденциясын болжау;
- қаржылық залалдарды есептен шығарудың өткен тәжірибесіне тәң және болашақпен келісімді келісіледі ме;
- тәуекелдерді басқарудың пилоттық бағдарламасын құрастыру туралы шешім қабылдау соны өз күштерімен немесе тәуекел-менеджмент бойынша консюльтантқа арттыруға болады.
- топ менеджерлер арасынан компанияның тәуекел менеджментінің даму жобасынынң жауапкершілік артатын жетекшіні тағайындау.
Тәуекел менеджмент белгілі бір функцияларды атқарады. Тәуекел менеджменттің екі типті фуекциясын ажыратады: басқару объектісінің функциялары және басқару субъектісінің функциялары. Тәуекел менеджменттегі басқару объектісінің функцияларына мынаны ұйымдастыру жатады:
- тәуекелді шешуді;
- капиталдың тәуекелді салымдарын;
- тәуекел мөлшерін төмендетужұмыстарын;
- тәуекелдерді сақтандыру процесін;
- шаруашылық процесс субъектілерінің арасындағы байланыстар мен экономикалық қатынастар.
Тәуекел менеджменттің басқару субъектісінің функцияларына:
- болжау;
- ұйымдастыру;
- реттеу;
- координация;
- ынталандыру;
- бақылау.
Тәуекел менеджменттегі болжау объектінің жалпы және түрлі бөлімдерінің қаржылық жағдайының өзгеру перспективасынқұрастыруды көрсетеді. Болжау – белгілі бір оқиғаны алдын ала көру. Ол қарастырылған тәжірибеде болжамды жүзеге асыруды міндет етпейді.
Болжаудың артықшылығы болып белгілі тенденциялар негзіндегі басқару объектісінің қаржылық жағдайының дамуының түрлі нұсқаларын анықтайтын қаржылық көрсеткіштер мен параметрлердің альтернативті құрастырылуы табылады. Тәуекелдер динамикасында болжау өткенді болашаққа экстраполяциялау (өзгерістер тенденциясынэксперттік баға беруді есепке ала) негізінде де, тікелей өзгерісті алдын ала көре білу негізінде де. Бұл өзгерістер күтпеген болуы мүмкін. Басқарма алдын ала көре білу негізінде менеджерден интуиция мен нарықтық механизмін сезуді меңгеруді талап етеді, сондай-ақ икемді төтенше шешімдер. Тәуекел мененджменттегі ұйымдастыру белгілі ережелер мен процедуралар негізінде тәуекелді капитал салу жобасын бірігіп жүзеге асыратын адамдардың бірігуін көрсетеді. Бұл ережелер мен процедураларға: басқару органдарын құру, басқару аппаратының құрылымын жасау, басқару бөлімдері арасында өзара байланыс жасау, нормалар, нормативтер, әдістер құрастыру және т.б.
Тәуекел менеджменттегі реттеу басқару объектісіне әсер етуді көрсетеді, бұл арқылы объектінің тұрақтылық жағдайына жетеді, егер белгіленген параметрлердегі ауытқулар болған жағдайда.
Ауытқулардың алдын алуын ағымдағы шараларын реттеу қамтиды. Тәуекел менеджменттегі координация мамандар, басқару аппаратының және жеке қызметкерлердің қатынастарындағы бірлікті қамтамасыз етеді. Тәуекел менеджменттегі ынталандыру қаржылық менеджерлер мен басқа мамандардың өзінің еңбеегінің нәтижесіне қызығушылықты білдіреді. Тәуекел менеджменттегі бақылау ұйымның тәуекелдік дәрежесін төмендету бойынша жұмыстардың орындалуын тексеруді көрсетеді. Бақылау негізінде әрекет ету бағдарламасының орындалу дәрежесі туралы капиталдың тәуекелді салымдарының табыстылығы туралы ақпарат жиналады және оның негізінде пайда мен тәуекел қатынасы, қаржылық бағдарламаларға өзгерістер енгізіледі,қаржылық жұмысты ұйымдастыру, тәуекел-менеджментті ұйымдастыру туралы ақпарат жиналады. Бақылау тәуекелдің дәрежесін төмендету шараларының нәтижесінің талдауы. Тәуекел менеджмент кәсіпкерлікті ңдербес формасы тәуекелді қаржылық менеджердіің жүзеге асыратын творчестволық қызмет болып табылады. Бұл қызметті мамандардың кәсіптік институттары, сақтандыру компаниялары, қаржылық менеджерлер, тәуекел бойынша менеджерлер, сақтандыру мамандары орындайды.
9-сурет Пайда мен тәуекел қатынасы
Тәуекел-менеджменттің кәсіпкерлік қызметінің саласы сақтандыру нарығы болып табылады. Сақтандыру нарығы бұл экономикалық қатынастарының сақтандыруға қатысты етек алу саласы. Сақтандыру нарығы сатып алу-сату объектісі болып сақтандыру қызметтері болатын және азаматтар мен шаруашылық субъектілерге сақтандыру компанияларымен көрсетілетін мемлекеттік емес зейнетақы қорларымен көрсетілетін ақша қатыастары болып табылады.
Тәуекел-менеджментті ұйымдастыру. Тәуекел менеджменттің экономикалық мазмұны бойынша басқару үрдісінде пайда болатын қарым-қатынастар мен тәуекелдерді басқару жүйесін көрсетеді. Ол өзіне капиталдың тәуекелді салымдары мен тәуекел мақсаттарын құру процесін, оқиғаның болу ықтималдығын анықтау тәуекел дәрежесі мен мөлшерін анықтау, сыртқы ортаны талдау, тәуекелді басқару статегиясын таңдау, тәуекелді басқару әдістерін таңдау,оларды төмендету әдістерін, тәуекелге мақсатты әсер етуді жүзеге асырады. Ұйымдастыру кең мағынада бүтіннің бөліктері арасындағы өзара байланысты жетілдіру мен пайда болуға әкелетін процесстер мен әрекеттер жиынтығын көрсетеді. Тәуекел менеджментті ұйымдастырудың бірінші сатысы ұйым мақсаттарын және капиталдың тәуекелді салымдарының мақсаттарын анықтау. Тәуекел мақсаты – алуға тиісті нәтиже. Бұл жеңу, пайда табу, табыс алу болуы мүмкін. Капиталдың тәуекелді салымдарының мақсаты – максималды пайда табу. Тәуекелмен байланысты кез келген әрекет мақсатты бағытталған, себебі мақсаттың жоқтығы тәуекелмен байланысты шешімді мағынасыз етеді. Тәуекел мен капиталдың тәуекелдік салымдарының мақсаттары нақты, капитал мен тәуекелмен сәйкестелген болуы керек.
Тәуекел менеджментті ұйымдастырудың маңызды сәті белгілі әрекет жасауға шешім қабылдау үшін қажетті қажетті қоршаған орта туралы ақпарат алу болып табылады. Осындай ақпарат талдауы негізінде және тәуекел мақсаттарын есепке ала отырып, оқиғанын болу ықтималдығын дұрыс анықтауға болады (сондай-ақ сақтандыру құбылысын, тәуекел дәрежесі мен оның құнын бағалауға болады). Тәуекелді басқару адамдарға, мүлікке, шаруашылық субъектінің қаржылық нәтижеллерінің қауіп төндіретін тәуекел дәрежесін дұрыс түсіндіруді білдіреді.
Кәсіпкерге оның қызметіне әсер ететін тәуекел құнын білуге маңызды. Тәуекел құны ретінде кәсіпкердің нақты залалдары, бұл залалдардың мөлшерін төмендету шығындары немесе салдарының орнын толтыру шығындары білдіреді. Қаржылық менеджермен тәуекелдің нақты құнын дұрыс бағалау мүмкін залалдардың көлемін көрсетуге және олардың алдын алу мен төмендету жолдарын, алдын алу мүмкін болмағанда олардың орнын толтыруды қамтамасыз ету.
Қоршаған орта, тәуекелдің мөлшері, дәрежесі, ықтималдығы туралы қолдағы ақпарат негізінде түрлі капиатлдың тәуекелдік салымдарының нұсқалары қарастырылады және олардың оптималдығына күтілетін пайда мен тәуекел мөлшері нің сәйкестендірілуі жолымен баға беру жүргізіледі. Бұл дұрыс стратегия мен тәуекелді басқару тәсілдерін таңдауға, мондай-ақ тәуекел дәрежесін төмендету әдістерін таңдауға мүмкіндік береді.
Бұл тәуекел менеджментін ұйымдастыру сатысында басты рөл қаржылық менеджеріне беріледі және оның психологиялық қасиеттеріне беріледі. Тәуекел мәселелерімен айналысатын қаржылық менеджер екі құқыққа ие болуы керек: таңдау құқығына және бұл үшін жауапкершілік құқығы. Таңдау құқығы капиатлдың тәуекелдік салымдарының белгілеген мақсаттарын жүзегеасыру шін шешім қабылдау құқығын білдіреді. Салымдар жасауға менеджердің өзі жеке қабылдау тиіс. Тәуекел менеджменті тәуекелді қабылдау үшін жауапкершілікті қабылдаумен шарттастырылған қасиетінен ұжымдық шешім қабылдау мақсатты айқындалмаған, ал жеке жағдайларда рұқсат етілмейді. Шешім қабылдаған ұжым оны орындау туралы жауапкершілікті ешқашан артпайды.
Бұл арада ұжымдық шешім жеке индивидтердің психологиялық қасиеттері күшінен (олардың антогонизм, эгоизмі, саяси-экономикалық, идеологиялық платформалар) едәуір субъективті болып келеді, маманмен қабылдаған шешімге қарағанда. Тәуекелді басқару үшін адамдардың мамандандырылған топтары құрылуы мүмкін, мысалы сақтандыру операцияларының секторы, венчурлік инвестициялар секторы, капиатлдың тәуекелдік салымдарының бөлімі (яғни венчурлік және қоржындық инвестициялар) және т.б. Бұл адамдар топтары алдын ала ұжымдық шешімдер дайындап алады және дауыстардың көбі жай немесе квалификациялық (үштен екісі, төрттен үші, барлығы) қабылдайды. Алайда тәуекелді және капиталдың тәуекелді салымдарының нұсқасын таңдау туралы соңғы шешімді бір адам қабылдауы тиіс, себебі ол бір уақытта жауапкершілікті де қабылдайды. Жауапкершілік тәуекелді шешім қабылдаушының өз мақсатына жетудегі қызығушылығын көрсетеді. Тәуекелді басқару стратегиясының тәсілдерін таңдауда қаржылық менеджердің жұмыс барысындағы тәжірибесі мен білімінен қалыптасатын белгілі бір стереотип қолданады және жұмыстағы автоматты дағдыларға негіз болады. Стереотиптік әрекеттердің болуы менеджерге белгілі белгілі типтік жағдайларда опперативті және едәуір оптималды әрекет етуге мүмкіндік береді.
10-сурет Тәуекел менеджментін ұйымдастыру
Типтік жағдайлардың жоқтығы кезінде менеджер стереотиптік шешім қабылдаудан оптималды, оңтайлы тәуекелдік шешімдерді іздеуі тиіс. Басқару міндеттерін шешу тәсілдері алуан түрлі болуы мүмкін, себебі тәуекел менеджер көпнұсқалыққа ие, ал бұл стандарт пен ординарлықсыздық қосылысы (қаржы комбинацияларының), нақты шаруашылық жағдайындағы әрекет ету тәсілдерінің икемдігі мен қайталанбайтындығы. Тәуекел менеджменттегі ең бастысы болып – басқару объектісінің экономикалық мүдделеріне жауап беретін мақсаттарды дұрыс қарастыру. Тәуекел менеджмент жеткілікті динамикалы. Оның қызметінің тиімділігі нарық талаптарының, экономикалық жағдайдың, қаржы жағдайының өзгерісіне жылдам жауап беру. Сондықтан ол тәуекелді басқарудың стандартты тәсілдерін білуге, нақты экономикалық жағдайды дұрыс және жылдам бағалауға қабілетіне, жағдайдан шығудың ең тиімді түрін табуға негізделеді.тәуекел менеджменттің дайын рецепті болмайды, болуы да мүмкін емес. Ол белгілі бір шаруашылық міндеттерді, әдіс тәсілдерді білу арқылы шешуге, нақты жағдайларда сәттілікке жетуге, оны өзіне анық жасауға үйретеді.
Тәуекелді шешімдерді қабылдауда маңызды рөлді менеджер интуициясы мен инсайт атқарады. Тәуекелді анықтау мүмкін емес жағдайда тәуекелдік шешімдер эвристика негізінде қабылданады. Эвристика теориялық зерттеу мен шындықты іздеудің әдістемелік еежелер мен логикалық тәсілдерінің жиынтығы болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда бұл өте күрделі есептерді шығарудың ережелері мен тәсілдері. Әрине эвристика едәуір төмен сенімді және едәуір анықталған, математикалық есептеулермен салыстырғанда және ол жеткілікті нақта шешімді алуға мүмкіндік береді.
Тәуекел менеджменттің ережелері. Тәуекел менеджмент өзінің эвристикалық ережелер мен тәсілдердің тәуекел шартында шешім қабылдау үшін жүйесі болады. Олардың негізгілері:
-
өзіндік капитал мүмкіндік беретін мөлшерде ғана тәуекелге бел буу;
-
тәуекел салдарын ойлау керек;
- аз үшін көп тәуекелдікке баруға болмайды;
- оңтайлы шешім тек күмәнсіздік жағдайында болады;
- күмәндік болғанда теріс шешімдер болады;
- бір шешім бар деп ойлауға болмайды, басқа шешімдер болуы мүмкін.
Бірінші ережені орындау капиталды тәуекелді салымын жүргізу бойынша шешім қабылау алдында қаржылық менеджер мынаны жасау тиіс:
-
аталмыш тәуекел бойынша максималдымүмкін болатын залалды анықтау;
-
оны салынатын капитал көлемімен сәйкестендіру;
-
барлық өзіндік қаржылық ресурстармен салыстыру және бұл капиталдың жоғалуы инвесторды банкроттыққа ұшырауына алып келу-келмейтіндігін анықтау;
-
капиталды салу бойынша залал көлемі аталмыш капитал көлеміне тең болуы, аз болуы, көп болуы мүмкін. Тікелей инвестициялар кезінде залал көлемі әдетте венчурлік капитал көлеміне тең болады. Қоржындық инвестициялар кезінде, яғни екінші ретті нарықта сатуға болатын бағалы қағаздарды сатп алу кезінде залал көлемі шығындалған капитал сомасынан төмен болады.
Максималды мүмкін залал көлемі мен өзіндік қаржылы ресурстар көлемінің қатынасы банкроттыққа әкелетін тәуекелдік деңгейін көрсетеді:
Кр = ,
мұндағы Кр -тәуекел коэффиценті, У -залалдың максималды мүмкін сомасы, тг;
С – қаражаттың анықталған түсімдерін ғана ескеретін өзіндік қаржылық ресурстар көлемі, тг.
Екінші ережені жүзеге асыру қаржылық менеджердің залалдың мүмкін максималды мөлшерін біле тұра, оның неге әкеле алатынын анықтауды талап етеді. Сондай ақ тәуекелдің болу ықтималдығын, және тәуекелді өзінің жауапкершілігіне алу немесе алмау не оны басқа тұлғаға беру туралы шешім қабылдайды.
Үшінші ереженің әсері тәуекелді аудару кезінде, яғни сақтандыру кезінде өте айқын көрсетіледі. Осы жағдайда қаржылық менеджер оған тисті сақтандыру жарнасы мен сақтандыру сомасы арсасындағы қатынасты анықтауы қажет. Сақтандыру жарнасы – бұл сақтандыру тәуекелі үшін сақтанушының сақтандырушыға төлемі. Сақтандыру сомасы - материалдық құндылықтар, жауапкершілік, өмір, денсаулық сақтандырылатын ақша сомасы. Тәуекел ұсталынбауы тиіс, басқаша айтқанда инвестор залал көлемі сақтандыру жарнасынан салыстырмалы үлкен болған жағдайда өзіне тәуекелді алмауы тиіс.
Басқа ережелерді жүзеге асыру бір шешімі бар жағдайда (оңтайлы не теріс) біріншіден басқа шешімдерді анықтауға тырысу керектігін білдіреді. Олар болуы мүмкін. Егер талдау басқа шешімдердің болмауын көрсетсе «ең жаманын есепке алу» арқылы әрекет етеді: егер күмәндәнсан онда теріс шешім қабылда.
Тәуекелді төмендету бағдарламасын әзірлеу кезінде тәуекелдік шешімдердің психологиялық әсерін ескеру қажет, себебі тәуекел жағдайында шешім қабылдау психологиялық процесс болып табылады. Сондықтан шешімдердің математикалық дәлелденуімен қатартәуекелді шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру кезінде қалыптасатын адамның психологиялық ерекшеліктерін есекру қажет: агрессиялық, шешімсіздік, күмәндар, қабілеттік, экстраверттік, интроверттік және т.б.
Экстравверттік – қоршаған адамдарға бағытталғандығын көрсететінтұлғалық қасиет. Ол қарым қатынастың жоғары деңгейін,сыртқы құбылыстарға ашық және эмоционалдық ретінде көрініс береді.
Интроверттік – өзіндік ішкі сезімдерге, ойларға, күйзелістерге бағытталған тұлғалық қасиет. Интроверттік тұлғаға қоршағандармен қарым-қатынасы мен мінез-құлқына тән тұрақты ерекшеліктер, ішкі нормаларға тірелу, өзіне терең үңілу. Олардың бағалаулары сыртқы ортаға тәуелсіз болады. Әдетте адам экстраверттік және интроверттік қасиеттерді біріктіруге тырысады. Тәуекел менеджменттің бөлінбейтін бөлігі белгілеген шаралар бағдарламасынорындау бойынша шараларды ұйымдастыру, жұмыстарды қаржыландыру көздері мен көлемдері, нақты атқарушылар мен орындау мерзімін ұйымдастыру болып табылады.
Тәуекел менеджментті ұйымдастыруыдың басты сатысы қойылған мақсатты бағдарламаны бақылау, тәуекелдік шешімнің таңдалған нұсқасын орындау нәтижелерін бағалау мен талдауы.
Тәуекел менеджментті ұйымдастыру аталмыш шаруашылық субъектіде тәуекелді басқару субъектісін таңдауды болжайды. Ол қаржылық менеджер, тәуекел бойынша менеджер, немесе басқарудың сәйкес аппарыты: сақтандыру операцияларының секторы, венчурлік инвестициялар секторын, капиталдың тәуекелді салымдары бөлімі және т.б. Болуы мүмкін. Бұл секторлар мен бөлімдер шаруашылық субъектінің қаржылық қызметтің құрылымдық бөлімшелері болып табылады. Капиталдың тәуекелдік салымдары бөлімі шаруашылық субъектінің жарғысына сәйкес келесі функцияларды атқарады:
-
венчурлік және қоржындық инвестициялар жүргізуге, яғни нақты жарғыға сәйкес капиталдың тәуекелді салымдары;
-
тәуекелді инвестициялық қызмет бағдарламасын әзірлеу;
-
қоршаған жағдай туралы ақпаратты жинау, өңдеу, талдау, сақтау;
-
тәуекелдер құнының дәрежесін, стратегияны, оларды басқару тәсілдерін анықтау;
-
тәуекелді шешімдер бағдарламасын әзірлеу, оны орындауды бақылау, талдау;
-
сақтандыру қызметін жүргізу, келісімшаттар жүргізу, сақтандыру, қайта сақтандыру операциялары, сақтандыру есептерін жүргізу;
-
сақтандырыу және қайта сақтандыру талаптарын әзірлеу,тарифтік ставка мөлшерін анықтау;
-
авариялық комиссар функциясын атқару, шетел сақтандыру компанияларының кепілгерлігімен кепілдік беру, олардың есебінен залалдардың орнын толтыру,тәріздес функцияларды атқаруға басқа тұлғаларға тапсыру,тиісті бухгалтерлік, статистикалық, опеативтік есепті жүргізу.
Достарыңызбен бөлісу: |