«Таң намазының екі рәкат сүннетін (парыз) оқуға ниет еттім»



Дата11.02.2020
өлшемі34.05 Kb.
Намаз оқу

1)Ниет

Ниет «Таң намазының екі рәкат сүннетін (парыз) оқуға ниет еттім» – деп, іштей айтылады. Жүрекпен ниет ету – парыз, тілмен айту – мұстахап

2) Тәкбір

Екі алақанын құбылаға қаратып, басбармақтары құлағының сырғалығына дейін келетін етіп қолдарын көтеріп«Аллаһу әкбар» (Алла ең ұлы!)  сөзін айтып, тәкбір алады да қиямға тұрады.

3) Қиям


Оң қолын сол қолының үстіне қойып, бас бармақ пен кішкентай саусақпен сол қолдың білегін қапсыра ұстайды. Қос қол кіндіктен төмен тұсқа байланады.

1)Субханәкә

 سُبْحَانَكَ اللَّهُمَّ وَ بِحَمْدِكَ وَ تَبَارَكَ اسْمُكَ وَ تَعَالَى جَدُّكَ وَ لاَ اِلاَهَ غَيْرُكَ



Субханәкә Аллаһумма уа  бихамдика уә тәбәрәкә-смука уә тә'ала жәддукә уә лә иләһә ғайрук

Уа, Аллаһым! Сені тәсбих етіп (күллі жаратылыс пен нұқсан атаулыдан) пәктеймін. Саған «хамд» айтып, мадақтаймын. Сенің қасиетті есімің аса мүбәрак. Және де сенің ұлылығың аса жоғары. Сенен басқа ешбір Құдай жоқ.



2)«Ә’узу» мен «бисмиллаһ»

أَعُوذُ بالله مِنَ الشَّيْطَانِ الرَّجِيمِ

بسم الله الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ

«Ә’узу биллаһи минаш-шайтанир-ражим,  Бисмиллаһир-рахманир-рахим»

Мағынасы:Қуылған шайтанның (азғыруынан) Аллаға сыйынамын!

Аса рақымды, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!



3)«Фатиха» сүресі

اَلْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ ﴿1﴾ اَلرَّحْمَـنِ الرَّحِيمِ ﴿2﴾ مَالِكِ يَوْمِ الدِّينِ ﴿3﴾ إِيَّاكَ نَعْبُدُ وإِيَّاكَ نَسْتَعِينُ﴿4﴾ اِهْدِنَا الصِّرَاطَ الْمُسْتَقِيمَ ﴿5﴾ صِرَاطَ الَّذِينَ أَنْعَمْتَ عَلَيهِمْ غَيْرِ الْمَغْضُوبِ عَلَيْهِمْ وَلاَ الضَّاۤلِّينَ ﴿6﴾



«Әлхамду лилләһи раббил-’аләмиин, әр-рахмаанир-рахиим, мәәлики иәумид-диин, ийәкә на’буду уа ийәәкә нәста’иин, иһдинас-сираатал-мустақиим, сираатал-ләзина ән’амта ’аләйһим, ғайрил-мағдууби ’аләйһимуәладдааал-лиин»

Мағынасы:
1. Барлық мадақ пен мақтаулар әлемдердің Раббы - Аллаға тән.
2. Ол Рахман һәм Рахымды.
3. Есеп күнінің, ақырет күнінің жалғыз Иесі.
4. Саған ғана ғибадат етіп, Сенен ғана жәрдем тілеп, көмек сұраймыз. 
5. Бізді тура жолға сал. 
6. Бізді өзіңнің ашуыңа, қарғысыңа ұшырағандар мен тура жолдан тайған, адасушылардың жолына емес, ырыс-береке мен ізгі-жақсылықтарыңды, ерекше шарапатыңды төккен салиқалы құлдарыңның жолымен жүргіз.

 

4)Құраннан бір сүре немесе кем дегенде үш аят



«Кәусәр» сүресі 

Сура «аль-Каусар»

 

 بِسْمِ اللَّهِ الرَّحْمَٰنِ الرَّحِيمِ



إِنَّا أَعْطَيْنَاكَ الْكَوْثَرَ  ﴿١﴾

فَصَلِّ لِرَبِّكَ وَانْحَرْ ﴿٢﴾

إِنَّ شَانِئَكَ هُوَ الْأَبْتَرُ  ﴿٣﴾

Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим

«Иннә әътайнәкәл кәус̃әр.  Фәсалли лираббикә уәнхәр. Иннә шәниәкә һууәл әбтәр»

Мағынасы:

(1) (Мұхаммед Ғ.С.) Шын мәнінде саған кәусәрді бердік.

(2) Сондықтан Раббың үшін айт намазын оқы, құрбан шал.

(3) Расында дұшпаныңның өзі ұрпақсыз қалады.

4) Рүкұғ

Осыдан кейін «Аллаһу әкбар» деп рүкүғке барады.

Саусақтарының арасын ашық ұстап, қолды тізенің үстіне қояды. Бас пен арқа бір деңгейде болып, аяқты түзу ұстайды. Көз аяқтың ұштарына бағытталуы тиіс.

Рүкүғ кезінде «субхана раббиял азим» (Ұлы Раббымды барша кемшілік атаулыдан пәктеймін!) деп, үш мәрте тәсбих айтады.

5)Рукуғтан тұру

«Сәмиаллаһу лимән хамидаһ» (Алла мадақ айтқан құлын естіді!) деп рүкүғтан тұрады. 

Тұрғаннан кейін «раббәнә уә ләкәл-хамд» (Уа, Раббымыз! Барша мадақ тек саған лайық) сөзі айтылады.



6) Сәжде

Содан соң «Аллаһу әкбар» депсәждеге барады. Сәждеге барарда ең алдымен тізе, сосын қол, одан кейін маңдай мен мұрын жерге тиеді.

Сәждеде шынтақтарын ашып, жерге тигізбей ұстайды. Аяқ ұшымен жер тіреп, аяқтар құбылаға бағытталады.

Сәждеде «субхана раббиял а’ләә» (Аса Ұлық Раббымды барша кемшілік атаулыдан пәктеймін!)  деп үш мәрте тәсбих айтады.

7)Екі сәжде арасындағы отырыс

Сонан соң «Аллаһу әкбар» деп басын сәждеден көтеріп тізерлеп отырады. Отырғанда «субханаллаһ» сөзі айтылатындай қысқа уақыт кідіреді. Қолымыздың ұшы тізеге тиіп, санның үстіне қойылады.

Сол аяғын жайып, үстінеотырады. Оң аяғын тік ұстап, құбылаға бағыттайды.

8)Екінші сәжде

Бұдан соң «Аллаһу әкбар» деп екінші мәрте сәждеге барады. 

Сәждеде «субхана раббиял а’ләә» деп үш мәрте тәсбих айтады

9) Сәждеден тұру

Екінші сәждеден кейін «Аллаһу әкбар» деп, алдымен басын көтеріп, сонан соң қолымен тізесін таянып қиямға тұрады.

Оң қолын сол қолының үстіне қойып, бас бармақ пен кішкентай саусақпен сол қолдың білегін қапсыра ұстау керек. Қос қол кіндіктен төмен тұсқа байланады.

1-ден 9-ға дейінгі жоғарыдағы тармақтар 1-рәкатты құрайды. Келесі - ЕКІНШІ рәкатқа өтіңіз! 

2-РӘКАТ:

10) Қиямда кезегімен төмендегілерді оқиды:

1) «Бисмиллаһ»

بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَانِ الرَّحِيمِ



Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим

Аса рақымды, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!



2)«Фатиха»

اَلْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ ﴿1﴾ اَلرَّحْمَـنِ الرَّحِيمِ ﴿2﴾ مَالِكِ يَوْمِ الدِّينِ ﴿3﴾ إِيَّاكَ نَعْبُدُ وإِيَّاكَ نَسْتَعِينُ﴿4﴾ اِهْدِنَا الصِّرَاطَ الْمُسْتَقِيمَ ﴿5﴾ صِرَاطَ الَّذِينَ أَنْعَمْتَ عَلَيهِمْ غَيْرِ الْمَغْضُوبِ عَلَيْهِمْ وَلاَ الضَّاۤلِّينَ ﴿6﴾

 

«Әлхамду лилләһи раббил-’аләмиин, әр-рахмаанир-рахиим, мәәлики иәумид-диин, ийәкә на’буду уа ийәәкә нәста’иин, иһдинас-сираатал-мустақиим, сираатал-ләзина ән’амта ’аләйһим, ғайрил-мағдууби ’аләйһимуәладдааал-лиин»

Мағынасы:
1. Барлық мадақ пен мақтаулар әлемдердің Раббы - Аллаға тән.
2. Ол Рахман һәм Рахымды.
3. Есеп күнінің, ақырет күнінің жалғыз Иесі.
4. Саған ғана ғибадат етіп, Сенен ғана жәрдем тілеп, көмек сұраймыз. 
5. Бізді тура жолға сал. 
6. Бізді өзіңнің ашуыңа, қарғысыңа ұшырағандар мен тура жолдан тайған, адасушылардың жолына емес, ырыс-береке мен ізгі-жақсылықтарыңды, ерекше шарапатыңды төккен салиқалы құлдарыңның жолымен жүргіз.

3)Құраннан бір сүре немесе кем дегенде үш аят

«Ықылас» сүресі 

Сура «аль-Ихлас»

 

قُلْ هُوَ اللَّهُ أَحَدٌ ﴿١﴾ اللَّهُ الصَّمَدُ  ﴿٢﴾ لَمْ يَلِدْ وَلَمْ يُولَدْ  ﴿٣﴾ وَلَمْ يَكُنْ لَهُ كُفُوًا أَحَدٌ ﴿٤﴾



(1)  қул һууаллаһу әхәд

(2)  аллаһус самәд

(3)  ләм йәлид уәләм йууләд

(4)  уәләм йәкул ләһу куфууән әхәд



Мағынасы:

(1) (Мұхаммед Ғ.С. оларға) айт: Ол Алла, біреу ақ.

(2) Алла мұңсыз. (Әр нәрсе оған мұқтаж)

(3) Ол тумады да, туылмады.

(4) Әрі оған ешкім тең емес.

11) Рүкүғ

Осыдан кейін «Аллаһу әкбар» деп рүкүғке барады.

Саусақтарының арасын ашық ұстап, қолды тізенің үстіне қояды. Бас пен арқа бір деңгейде болып, аяқты түзу ұстайды. Көз аяқ ұштарына бағытталуы тиіс.

Рүкүғ кезінде «субхана раббиял азим» (Ұлы Раббымды барша кемшілік атаулыдан пәктеймін!) деп, үш мәрте тәсбих айтады.

12)Рукуғтан тұру

«Сәмиаллаһу лимән хамидаһ» (Алла мадақ айтқан құлын естіді!) деп рүкүғтан тұрады. 

Тұрғаннан кейін «раббәнә уә ләкәл-хамд» (Уа, Раббымыз! Барша мадақ тек саған лайық) сөзі айтылады



13) Сәжде

Содан соң алдыңғы рәкаттағы секілді «Аллаһу әкбар» деп сәждеге барады. Сәждеге барарда ең алдымен тізе, сосын қол, одан кейін маңдай мен мұрын жерге тиеді.

Сәждеде шынтақтарын ашып, жерге тигізбей ұстайды. Аяқ ұшымен жер тіреп, аяқтар құбылаға бағытталады.

Сәждеде «субхана раббиял а’ләә» (Аса Ұлық Раббымды барша кемшілік атаулыдан пәктеймін!)  деп үш мәрте тәсбих айтады.

14)Екі сәжде арасындағы отырыс

Сонан соң «Аллаһу әкбар» деп басын сәждеден көтеріп тізерлеп отырады. Отырғанда «субханаллаһ» сөзі айтылатындай қысқа уақыт кідіреді. Қолдың ұшы тізеге тиіп, санның үстіне қойылады.

Сол аяғын жайып, үстіне отырады. Оң аяғын тік ұстап, құбылаға бағыттайды.

15)Екінші сәжде

Бұдан соң «Аллаһу әкбар» деп екінші мәрте сәждеге барады.

Сәждеде «субхана раббиял а’ләә» деп үш мәрте тәсбих айтады

16)Соңғы отырыс

Сонан соң «Аллаһу әкбар» деп басын сәждеден көтеріп тізерлеп отырады. Қолдың ұшы тізеге тиіп, санның үстіне қойылады.

Сол аяғын жайып, үстіне отырады. Оң аяғын тік ұстап, құбылаға бағыттайды.

Отырғанда кезегімен төмендегілерді оқиды:

1)Әт-тахият

اَلتَّحِيَّاتُ لِلَّهِ وَ الصَّلَوَاتُ وَ الطَّيِّبَاتُ* اَلسّلاَمُ عَلَيْكَ اَيُّهَا النَّبِىُّ وَ رَحْمَةُ اللَّهِ وَ بَرَكَاتُهُ* اَلسَّلاَمُ عَلَيْنَا وَ عَلىٰ عِبَادِ اللَّهِ الصَّالِحِينَ* اَشْهَدُ اَنْ لاَ اِلاَهَ اِلاَّ اللّهُ وَ اَشْهَدُ اَنَّ مُحَمَّدًا عَبْدُهُ وَ رَسُولُهُ



«Әт-тахияту лилләһи уас-салауаату уа-таййбәәт, әс-сәләәму ’аләйка әйюһән-нәбию уә рахмәтуллааһи уә бәракәтуһ, әс-сәләму ’аләйнә уа ’алә ’ибәдилләһис-саалихиин, әшһаду әл-ләә иләһә иллАллаһ уә әшһәду әннә Мухаммәдән ’абдуһу уә расуулуһ».

Мағынасы: Барлық дұғалар, мадақтар, тәндік, дүниелік ғибадаттар Аллаға лайық. Уа, Пайғамбар! Саған сәлем. Әрі саған Алланың рақымы мен берекеті жаусын! (Уа, Раббымыз!) Сәлем бізге және Алланың салиқалы құлдарына болсын. Мен Алладан өзге ешқандай құдай жоқ екеніне, хазіреті Мұхаммед Алланың құлы әрі пайғамбары екеніне куәлік етемін. 

2)Салауат

اَللَّهُمَّ صَلِّ عَلىٰ مُحَمَّدٍ وَ عَلىٰ اٰلِ مُحَمَّدٍ كَمَا صَلَّيْتَ عَلىٰ اِبْرَاهَيمَ وَ عَلىٰ اٰلِ اِبْرَاهِيمَ اِنَّكَ حَمِيدٌ مَجِيدٌ

اَللَّهُمَّ بَارِكْ عَلىٰ مُحَمَّدٍ وَ عَلىٰ اٰلِ مُحَمَّدٍ كَمَا بَارَكْتَ عَلىٰ اِبْرَاهَيمَ وَعَلىٰ اٰلِ اِبْرَاهِيمَ اِنَّكَ حَمِيدٌ مَجِيدٌ

«Аллаһумма салли ‘алә Мухаммәдин уа ‘алә әәли Мухаммәд, кәмәә саллайтә ‘алә Ибраһимә уа ‘алә әәли Ибраһим, иннәкә хамидум мәжиид»

«Аллаһума бәрик ‘алә Мухаммадин уа ‘алә әәли  Мухаммад, кәмә бәәрактә ‘алә Ибраһима уа ‘алә әәли Ибраһим, иннәкә хамидум мәжид»

Мағынасы: Аллаһым! Ибраһимге және Ибраһимнің жанұясына салауат еткенің сияқты, хазірет Мұхаммедке және оның жанұясына салауат ет. Расында, Сен – барлық жағынан мақтауға лайықсың әрі даңқың ұлы.

Аллаһым! Ибраһимге және Ибраһимнің жанұясына берекет бергенің сияқты, хазірет Мұхаммедке және оның жанұясына да берекет бер. Расында, Сен – барлық жағынан мақтауға лайықсың әрі  даңқың ұлы.

Хазіреті Мұхаммедтің Алланың құлы әрі пайғамбары екеніне куәлік етемін.

3)Раббәнә әтинә

رَبَّنَا اٰتِنَا فِى الدُّنْيَا حَسَنَةً وَفِى اْلاٰخِرَةِ حَسَنَةً وَقِنَا عَذَابَ النَّار



«Раббәнәә әәтинә фид-дүния хасанатән, уа фил-аахирати хасанатән, уа қинәә ‘азәбән-нәр»

Мағынасы: Я, Раббымыз! Бізге бұл дүниеде де жақсылық бер, ақыретте де жақсылық бер және бізді тозақ азабынан сақта!

17)Екі жаққа сәлем беру

Дұғаларын оқып болған соң «Әс-сәләәму аләйкум уа рахматуллаһ» деп, алдымен оң жақ иығына, содан соң дәл осылайша сол жағына сәлем беріп дұға жасайды.

Екі жаққа сәлем бергеннен кейін намаз аяқталған болып есептеледі
18)Намаздан кейін дұға жасау

Екі иығына сәлем бергеннен кейін екі алақанын жайып төмендегі дұғаны оқып бет сипайды.

1)Истиғфар дұғасы

أَسْتَغْفِرُ اللهَ، أَسْتَغْفِرُ اللهَ، أَسْتَغْفِرُ اللهَ، أللهُمَّ اَنْتَ السَّلامُ وَ مِنْكَ السَّلامُ تَبارَكْتَ يا ذَالْجَلالِ وَ الاكْرَامِ



«Астағфируллаһ! Астағфируллаһ! Астағфируллаһ! Аллаһумма әнтәс-сәләәму уә минкәс-сәләәм, тәбәәрактә иәә зәл-жәләәли уәл-икраам» 


Мағынасы: Аллаһым, кешір! Аллаһым, кешір! Аллаһым, кешір! 

Аллаһым! Сен сәлемсің. Сәлем сенен. Сен күллі нұқсандық атаулыдан пәксің. Дүние мен ақырет сәлеметі мен бейбітшілігі сенің көмегіңмен ғана болады. Нағыз қасиетті – Сенсің. Уа, құдірет пен жомарт иесі Раббым.

Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет