«Табиғатты аялайық» байқауы



Дата21.06.2016
өлшемі20.5 Kb.
#151315
«Табиғатты аялайық» байқауы
Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті Облыстық білім басқармасымен бірлесіп ағымдағы жылдың 15 наурызы бен 5 маусымы аралығында «Табиғатты аялайық» байқауын өткізді. Байқау 2 номинация бойынша өткізілді. Бірінші номинация «Табиғат – тіршілік көзі» (табиғатты қорғау туралы үздік сурет) және екінші номинация «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» (туған табиғат туралы үздік шығарма) тақырыптарында балалар үйінің және арнайы білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері арасында өткізілді.

Аталған байқауға Алға балалар үйі, Жайсаң арнайы білім беру мекемесі, №7 арнайы (түзету) мектебі, Қобда, Хромтау, Темір аудандарының отбасылық үлгідегі балалар үйінің 129 тәрбиеленушілері қатысты.

Балалардың жан жылуымен салынған суреттері арқылы Туған жеріне деген ерекше махаббатпен жеткізуге тырысқан сезімдерін анықтауға қатысқан қазылар алқасының құрамында Үкіметтік емес ұйымдар өкілдері мен білім беру мекемелерінің, сонымен қатар Ақтөбе облысы бойынша экология департаментінің өкілдері болды.

Байқаудың қорытындысы бойынша:

- 1 дәрежелі дипломмен – 18,

- 2 дәрежелі дипломмен – 23,

- 3 дәрежелі дипломмен –19,

- алғыс хаттармен – 31. Барлығы 91 оқушы марапатталды.


1-ші дәрежелі дипломмен Алға балалар үйінің 6 тәрбиеленушісі, №7 арнайы (түзету) мектебінің 4 тәрбиеленушісі, Жайсаң арнайы білім беру мекемесінің 5 тәрбиеленушісі, Хромтау аудандық отбасы үлгісіндегі балалар үйінің 2 тәрбиеленушісі және Қобда аудандық отбасы үлгісіндегі балалар үйінің тәрбиеленушісі марапатталды.

2-ші дәрежелі дипломмен Алға балалар үйінің 4 тәрбиеленушісі, №7 арнайы (түзету) мектебінің 7 тәрбиеленушісі, Жайсаң арнайы білім беру мекемесінің 6 тәрбиеленушісі, Қобда аудандық отбасы үлгісіндегі балалар үйінің 2 тәрбиеленушісі, Темір аудандық отбасы үлгісіндегі балалар үйінің 2 тәрбиеленушісі және Хромтау аудандық отбасы үлгісіндегі балалар үйінің тәрбиеленушісі марапатталды.

3-ші дәрежелі дипломмен Алға балалар үйінің 4 тәрбиеленушісі, №7 арнайы (түзету) мектебінің 4 тәрбиеленушісі, Жайсаң арнайы білім беру мекемесінің 5 тәрбиеленушісі, Қобда аудандық отбасы үлгісіндегі балалар үйінің тәрбиеленушісі, Хромтау аудандық отбасы үлгісіндегі балалар үйінің 4 тәрбиеленушісі және Темір аудандық отбасы үлгісіндегі балалар үйінің тәрбиеленушісі марапатталды.

Алғыс хаттармен Алға балалар үйінің 13 тәрбиеленушісі, №7 арнайы (түзету) мектебінің 7 тәрбиеленушісі, Жайсаң арнайы білім беру мекемесінің 7 тәрбиеленушісі, Темір аудандық отбасы үлгісіндегі балалар үйінің 3 тәрбиеленушісі және Қобда аудандық отбасы үлгісіндегі балалар үйінің тәрбиеленушісі марапатталды

Марапатталғандардың арасында ең жас суретшілер, Қобда аудандық отбасы үлгісіндегі балалар үйінің тәрбиеленушісі Масалимов Адильжан және Хромтау аудандық отбасы үлгісіндегі балалар үйінің тәрбиеленушісі Рамбаева Рината.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет