«Табиғатты қорғау және ерекше қорғалатын территориялар»



бет10/15
Дата03.01.2022
өлшемі499.5 Kb.
#450655
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Ismailova.TabKorg

Субполярлық ендіктерде поляр мұздары жиектерінің маусымдық миграциясы болады. Жылдың суық бөлегінде бірнеше жүз метрдегі қабата су интенсивті араласып (суыну салдарынан) отек пен және қоректік тұздармен байды. Көктемен жазда көп жарық түседі, әр судың төмен салыстырмалы температурасына қарамастан (жылудың еруіне кетуінің нәтижесі), мұнда фото пламинктон массасы дамиды. Бұдан кейін фитопанктонмен қоректенетін зоопанктон дамуының қысқа кезеңі түседі. Осы кезеңде субполярлық зонада көптеген балықтар жиналады (Сельдь треска, пишка, теңіз окуна жене т.б). Әсіресе оңтүстік жарты шарда көп болатын киттер азықтануға кееді.

Қоңыржай ендіктерде екі жарты шарда судың күшті араласу, жылу мен жарықтың жеткілікті мөлшері тіршіліктің дамуы үшін мейлінше қолайлы жағдайлар жаайды. Бұл мұхиттың ең өнімді зоналары фитопланктонның максималды дамуы көктемде байқалады. Ол қоректік заттарды сіңіреді, лардың саны азая береді де зоопланктон дамуы басталады. Күзде – фитопланктон дамуының екінші максимумы болады. Зоопланктонның мол болуы - балытардың мол болуына (сельедь, треска, анчоус, албырт, сардина, тунец, камбала, палтус, навага т.б.) жағдай жасайды.

Субтропиктік және тропиктік ендіктерде Мұхиттың бетіндегі судың жоғары тұздылығы болады, бірақ температура жоғары болғандықтан біршама жеңіл болып шығады, бұл араласуға бөгет болады. Қоректік заттары бар бөлшектер кідірей түбіне түседі. Қоңыржай зонаға қарағанда оттек екі есе аз. Фитопланктон нашар дамиды, зоопланктон да аз болады. Субтропиктік ендіктерде с мейлінше мөлдір және интенсивті көгілдір түсті болады (мұхит шөлі, түсіндей). Жылы суда түбімен байланыссыз Мұхиттың осы бөлегіне тән қоңыр су балдырлары – саргассалар өседі.

Экваторлық ендіктерде пассат ағыстарымен экваторлық қарсы ағыстардың шекарасында судың араласуы болады, сондықтан да бұл қоректік тұздар мен оттегіне біршама бай келеді. Қоңыржай зонасының солтүтік шеттеріндегідей онша көп болмағанымен көршілес ендіктерден гөрі мұнда планктон едәуір көп болады.

Жылы суда көмір қышқыл газы аз болады да сондықтан көмір қышқыл кальцийді нашар ерітеді, бұл оның ішінде мол болады және өсімдіктер мен жануарлардың қауашақтары ен қаңқалары көлемділікке және беріктікке ие болады, ал организмдер өгеннен кейін қалың қабаттары төменгі ендіктерге соншаа тән болып келетін карбонат шөгінділері маржан рифтер мен аралдар түзіледі.

Жалпы алғанда қоңыржай ендіктерден экваторға қарай ауысқан тірі туатын формалардың азаюы, жануарлардың семіздігімен өсімталдығының азаюы және ізбес қаңқаларының қалыңдығының артуы байқалады. Бірақ жылы суда организдер те өсіп, ерте көбейетіндіктен өнімділік біршама жоғары болады.

Мұхиттың жоғары қабаттарында оның ашық бөлігінде жақсы көрінетін тіршілік таралауының ендік зоналылығы жел мен ағыстардың ықпалы арқылы шет аймақтарда бұзылады.

Вертикаль бойынша Мұхит суы 3 қабатқа - беткі, аралық және тереңдік болып бөлінеді. Беткі қабатта фитопланктоимен (ивготрофалир) қоректенетін гетеротрофтар (жануарлар мен бактериялар) өмір сүреді. Аралық қабатта — беткі қабатта қоректену үшін миграцияланатын зоопланктон; зоопланктонмен қоректенетін жануарлар; осы жәндіктермен қоректенетін жыртқыштар қорегі организмдердің жоғарыдан түскен ыдырамаған қалдықтары болып келетін детритоедтер мекендейді. Терең су-ларда (500—1000 м. тереңдіктен түбіне дейін) жыртқыштар, детритоедтер, фильтраторлар және талғаусыздар болады. Тіпті таяудағы уақытқа дейін өте тереңдіктерде (6—7 км-ден әрі) онда қысымның болуы жарықтың жоқтығы мен жылудың жеткіліксіздігі организмдердің, тіршілік етуіне мүмкіндік бермейді деп саналып келді. Бірақ, зерттеулер тіпті терең су науаларынада да тіршілік бар екенін керсетті. Аса тереңді мекендеушілердің арасында жағдайлардың бірыңғайлылығы организмдердің өзгерістеріне әсер ететін бәсеке тартыстың жоқтығынан сонау өте ертеден сақталған «тірі қазбалар» формалар аз емес. Аса тереңді мекендеушілерді зерттеу Мұхит тарихын және Жер бетінде органикалық дүниенің даму тарихын жақсылап көз алдымызға келтіруге мүмкіндік береді.

Бұларды әзірге адамзат бір шама аз пайдаланады, бірақ пайдалану масштабы өсіп келеді. Ертеден Мұхиттың органикалық байлығы барлығынан көп пайдаланылады, мұнда олардың сан алуан түрлерінің қоры мен тұтынуы арасында айқын үйлеспеушілік байқалады. Мұхиттың негізгі өнімі (85%) —балықтар, мұхиттың органикалық ресурстарының негізі болудан көп кем. Бұл тек тағам ретінде жұмсалмайды, ауланғандардың жартысына жуығы азықтық ұнға, тех-никалық майға, тыңайтқышқа т. б. пайдалануға кетеді. Балықты дүние жүзілік масштабта өндіру қарқыны халықтың өсу қарқынынан озып отырған аздаған бағалы өнімдерінің бірі екендігі хақ.

1850 жылдан 1950 жылға дейін балық аулау 10 есе артқан. Соңғы 10 жыл ішінде бұл екі есе өсіп, көбейе беруде. Балық ау­лау неғұрлым интенсивті жүргізілсе, Мұхиттағы балық қорлары соғұрлым азайып кетеді. Кейбір жерлерде қайсыбір түрлерінің қазірдің өзінде-ақ «асыра ауланғандығы» байқалады. Аулаудың максималды тұрақтылығына жете отырып (балық қорлары азаймайтындай жағдай) аулау ісін реттеп отыру қажет. Бұл мұхитты бұдан әрі жан-жақты зерттеуді және барлық мүдделі елдердің келісілген әрекеттерін керек етеді. Балықтарды қолдан өсіру және олар қоректенетін организмдерді акклиматизациялау жолымен Мұхиттың балық байлығын көбейтудің маңызы өте зор.

Мұхиттағы тіршілік ететін сүт қорсктілерден киттердің, ит балықтардың, морждардыц, сондан-ақ тамаша терісі бар каландардың (Камчатка теңіз кәмшаттарының) және теңіз мысықтарының кәсіптік маңызы бар. Кит майы маргарин, сабын, глицерин, олиф жасауға пайдаланылады. Етін тамакка қолданады, одан консервалар жасайды, азықтық ұн етіп өңдейді. Бауырынан, асқазан асты бездерінің гормондарынан, киг мұртынан дәрі-дәрмек даярлайды. Каталот — өте нәзік иісті сақтайтын қабілеті бар және парфюмерияда қолданылатын амбра затын дүние жүзінде бірден бір өндіруші. 30-жылдардың өзінде-ақ кит соғу кәсіпшілігінің нсгізі қазір мүлде дерлік жойылып кеткен ірі көк киттер болды. Киттерді аулау шектелген.

Қалған сүт қоректілерді салыстырмалы аз мөлшерде ауланды. XVIII ғасырда XX ғасырдың басында қалан мен теңіз мысықтарын аулауды жыртқыштықпен жүргізудің нәтижесінде олар құрып кетугс жақындады. Аулау кәсібін шектеу және Тынық мұхиты аралында Совет Одағының қорықтарын ұйымдастыру бұларды сақтауға мүмкіндік береді.

Балықтарға қарағанда Мұхитта омыртқасыз жануарлар әл-деқайда көп. Бұларды өндіру барлық теңіз жануарларын өндірудің 0,1 бөлігінен аз. Қосөзекті моллюскаларды — устрицаларды, мидийлерді, теңіз ұлуын, бас аяқтылардан негізінен кальмарларды, азырақ — сегіз аяқтармен каракатицаларды кәсіп етеді. Дүние жүзінің рыногында шаян тәрізділер: креветкалар, крабтар, омарлар, лангусталар жоғары бағаланады. Мұның бәрі, әрі бағалы тағам өнімдері әрі техникалық шикізат. Бұлардың санын қолдан өсіру есебінен бірнеше рет арттыруға болады.

Адамдар әзірге су балдырларын салыстырмалы аз пайдаланады. Теңіз капустасы мен теңіз салаты — арзан және өте бағалы тағам өнімдері. Су балдырларынан йод алады. Бұлар өнеркәсіп шикізаты ретінде де құнды. Бұлардан әсіресе, медицинада, тоқыма және кондитер өндірісінде кеңінен қолданылатын агар-агарды көп алады. Ламинариядан маталарды бояуға және сабын жасауға қолданылатын — альгинит желім өндіріледі. Су балдырыныц желімін бетон мен асфальтқа беріктік үшін және су өткізбеу үшін қосады. Теңіз су балдырларын ашытқы, спирт, қагаз, картон жасап шығару үшін пайдалануға болады. Уақыты келгенде, құрамында сапасы жағынан жануар белогынан кем түспейтін белоктары және витаминдері бар, хлорелла — су балдыры кеңінен қолданылуы тиіс. Хлорелла өте тез өседі, сонымеи бірге өзінің келемінен 200 есе асып түсетін оттегін бөледі.

Мұхиттағы организмдердің ең үлкен тобын — планктонды адамдар мүлде дерлік пайдаланбайды. Ал, бұл болса адам үшін тамақ өнімі болып, мал үшін азыққа пайдалануға болады. Планктон — шикізат витаминдер, емдік май, дәрі –дәрмек aлy үшін қажет.



Мұхиттың ең бағалы ресурстары – судың өзі. Адам-заттың тұщы суға қажетті қазірде де барлық жерде қанағаттандырылмай өтe тез өсіп отыртаны мәлім. Қазірдің өзінде заң жүздеген тұщыландырғыш қондырғылары бар, әрі бұлардың саны үздіксіз өсе беретіндігі анық.

Мұхит суларында көптеген ерітілген элементтердің өнеркәсіптік масштабында 4 ға­на натрий, хлор, магний мен бром алынады. Бұларды алғанда қосалқы ретінде калий мен кальцийдің кейбір қоспалары алынады. Негізгі мето­ды жай буландыру. Суық климатты елдерде, соның ішінде СССР-де тоңазытып қатыру да қолданылады. Мұхит суынан өткенде алтын алу методтеріне көп күш пен қаржы жұмсалғанмен оның практикалық маңызы болмауы мүмкін.

Мұхит түбінің түрлі учаскелерінде темір мен марганец тотық минералының — конкрецияның, қабыршақтардың, ұсақ бөлшектердің едәуір шоғырлары табылған, бұлардың өнеркәсіптік маңызы болуы даусыз, бірақ әзірге әлі пайдаланылмай келеді.

Мұхит түбіне шөккен жыныстардың ішіндегі минералдық ресурстар сұйық және еріген күйде (мұнай, газ, күкірт, ), сондай-ақ, қатты (тас көмір, темір рудасы, металдар) бола ала­ды. Мұнай мен газ құны жағынан Мұхитта өндірілетін барлық пайдалы қазбалардың 90%-ін құрайды да, болашақта бұларды өндіру өсе беретін болады. 1980 жылға қарай шамамен барлық мұнайдың бөлігі Мұхиттан алынады деп есептелінеді. Ша­мамен бұл газға да жатады. Қатты пайдалы қазбалар Мұхит түбінен әзірге аз өндіріледі (Жапония, Англия).

Толқындардың орасан зор энергиясы іс жүзінде пайдаланылмайды. Қерісінше, адамдар бұдан қорғаныс іздейді, бірақ толысу энергиясы игерілгеніндей, уақыты келгенде Мұхнттың бұл ресурсының да игерілсі іидігі даусыз.

Дүние жүзілік мүхиттың табиғат ресурстары өлі де түгелдей анықталмай ақ және әлде қайда көп толық дәрежеде пайдаланылмай отыр.

Мұхитты бұдан әрі игеру үздіксіз жетілдіріліп отырған техниканың көмегімен оны күшті зерттеуді керек етеді. Қазіргі кемелер тұтас жүзіп жүретін ғылыми-зерттеу институттармен жабдықтауға мүмкіндік бсреді. Қазір жоғары және төмен, жан-жаққа жүзетін, аударылып түсетін корабльдер бар. Арнаулы аппараттар (батискафтар) үлкен тереңдіктерде тікелей балмау жүргізуге мүмкіндік береді. Океанографтардың қарамай тереңдікті зсрттеугс мүмкіндік бсретін—гидролокация, радио, телевидение бар. Мұхитты зерттеуге Жердің жасанды серіктері мен космос корабльдері өте жақсы көмектеседі.

Мұхиттың табиғат ресурстарын зерттеп пайдалануда түрлі мемлекеттердің күш-жігерін біріктіруге тиіс екендігі даусыз. Мұхитқа ыждаһаттықпен қарау, оны тиімді пайдалану болашақ адамзаттың назарын талап етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет