Табиғатты қорғау шараларының таза экономикалық әсері



Дата03.07.2016
өлшемі68.25 Kb.
#174006
Табиғатты қорғау шараларының таза экономикалық әсері
Табиғатты қорғау шараларының таза экономикалық әсерін анықтау келесі мақсаттарда жүргізіледі:

  • Қоршаған ортаға тигізетін әсері бойынша бөлінетін табиғатты қорғау шараларының ең жақсы нұсқаларын таңдаудың техникалық-экономикалық негізін жасау.

  • Нақты жүзеге асырылған табиғатты қорғау шараларын экономикалық бағалау.

Табиғатты қорғау шараларының таза экономикалық әсерін анықтау – осы шараларды жүзеге асырудан келетін экономикалық нәтиже мен оны жүзеге асыру шығындарын салыстыруға негізделеді. “Таза экономикалық әсер” ұғымы “толық экономикалық әсер ұғымынан” табиғатты қорғау шараларын жүзеге асыратын кәсіпорын қызметінің жылдық шаруашылық-есепеті нәтижесіне бағытталуымен ерекшеленеді. Табиғатты қорғау шараларының нақты және күтілетін таза экономикалық әсерін ажырата білген дұрыс. Нақты экономикалық әсер нақты қол жеткізілген экономикалық нәтиже мен шығындарды салыстыруға негізделіп жүзеге асырылған шаралар үшін анықталады. Күтілетін таза экономикалық әсер жаңа табиғатты қорғау техникасын жоспарлау, құрастыру, игеру және НИОКР жоспарларын қалыптастыру кезеңдерінде анықталады.

Тұтыныс және өндіріс қалдықтарын азайту немесе жоюдың техникалық мүмкіндіктері болған кезде, бір мақсатты табиғатты қорғау шаралары міндетті түрде құнды заттардың жойылуын қарастыратын көп мақсатты шаралармен экономикалық әсер бойынша салыстырылуы керек. Бұл жағдайда көп мақсатты шаралар шығындарының құрамына қалдықтарды дайындау және өңдеудің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз ету, арнайы аудандарды, цехтарды, кәсіпорындар мен басқа да қалдықтар өңдеу өндірістері, қоймалау немесе жойылмаған қалдықтарды көму жерлерін жабдықтау шығындары кіреді.

Табиғатты қорғау шаралар шығындары мен нәтижелерінің көрсеткіштері табиғатты қорғау объектілерінің өндірістік қуатын игерудің жоспарлы мерзімі аяқталғаннан кейінгі бірінші жыылы есептелінеді. Шығындар, нәтижелер және әсер жылдық есептеуде анықталады.

Табиғатты қорғау шараларының экономикалық нәтижесі Р осы шаралар арқасында ортаны ластаудың П жылдық экономикалық зиянының азаюы арқылы өрнектеледі:


P = П + Д

мұндағы,


Д – кәсіпорын қызметі өндірістік нәтижелерінің жақсаруынан болған жылдық табыс өсімшесі.
Көп мақсатты табиғатты қорғау шараларын жүзеге асыру нәтижесінде өндірістік нәтижелердің жақсаруынан болған жылдық табыс өсімшесін анықтау:

мұндағы,

qi(1) – бағаланып отырған шараларды жүзеге асырғанға дейінгі і-ші түрдегі тауарлы өнім мөлшері (i=1,m);

qi(0) – бағаланып отырған шараларды жүзеге асырғаннан кейінгі і-ші түрдегі тауарлы өнім мөлшері (i=1,n);

zi - өнім бірлігінің бағасы (өзіндік құны);

Қалдықтарды азайту немесе жою нәтижесінде қосымша алынған өнімді бағалау осындай өнімді бірінші ретті шикізаттан алған жағдайдағы кадастрлық бағалар бойынша жүргізіледі. Бұл жағдайда табиғатты қорғау шараларының бірнеше нұсқасынан ең жақсысын бағалау келесі формуламен есептелінеді:


R = (Р-З)

мұндағы,


З - табиғатты қорғау шараларын жүзеге асырудың жылдық шығындары.

Егер де табиғатты қорғау құрал-жабдықтарының қолданылу мен ендірілу кезеңі экономикалық немесе ұйымдастырушылық шарттардың өзгеруімен сипатталса, онда жылдық нәтижелер P(t) және шығындар З(t) “ағымдарын” олардың өзгерісіне жеке параметрлер әсерінің сандық талдауымен бірге қарастырған дұрыс.


Өнеркәсіптік ағынды суларды тазарту нұсқаларын бағалау

Өндірістік ағынды суларды тазарту нұсқаларын бағалауда келесі жеке көрсеткіштер қолданылады: ағынды суларды тазарту коэффициенті, тазартудың үнемділігі, тазартудың тиімділігі.

Ағынды суларды тазарту жүйесі оны қолданудың шығындарын қарастырады:
И = С+У10+Р+S+,

мұндағы,


С – тазарту жүйесін іске асырудың ағымдағы шығындары;

У0,У1 - ағынды сулардың қоршаған ортаға тазартуға дейінгі және кейінгі зияны;

Р – жүйесні іске асырғандағы қолданылатын табиғи ресурстар үшін төлем;

S – негізгі өндірістегі шығындардың өзгеруі;

Цl, ml - тазартудан кейінгі ағынды судан алынған l-түрлі қалдықтарды жою шығындары және олардың мөлшері.

Ағынды суларды тазарту жүйесін іске қосу шығындарынан басқа оған кететін бір уақытылы шығындарды есепке алу керек:


К = К1+ К2+ К3+ К4 ,

мұндағы,


К1 – жүйені жобалау, құрастыру, ендіру шығындары;

К2 – территторияны иеліктен шығару шығындары;

К3 – негізгі өндірістегі құрал-жабдықты өзгерту шығындары;

К4 – ресурс үшін төлем.


1-мысал. Өнеркәсіптік кәсіпорында әртүрлі ағынды суларды тазарту жүйесін ендірудің экономикалық тиімділігін анықтау керек. Берілген мәліметтертөмендегі кестеде көрсетілген.
1-кесте. Салыстырмалы нұсқалардың негізгі көрсеткіштері

Төгілетін қоспалар

Тазартқанға дейін

Тазарқаннан кейін

Салыстырмалы қауіптілік көрсеткіші

1-нұсқа

2-нұсқа

Өлшенген заттар

41,0

8,0

9,1

1,33

Бутилді ксантогенат

0,8

-

-

1000,0

Амоний нитраты

13,3

2,7

1,5

2,0

цианидтер

30,0

-

-

20,0

фтор

20,0

4,0

2,0

20,0

Азот б/ша нитраттар

7500,0

900,0

750,0

0,11

сульфаттар

6500,0

800,0

850,0

0,01

хлоридтер

400,0

200,0

150,0

0,03

2-кесте. Нұсқаларды салыстыру






1-нұсқа

2-нұсқа

Тазартылатын ағынды сулардың жылдық көлемі

2500

2500

тазарту құрал-жабдықтарына капитал салымдары мың.руб.

20000

23000

Суды тазартудағы ағымдағы шығындар руб./мың.м3

1040

1135

Тазарту ғимараттардың жұмыс істеу уақыты, жыл

10

10

1. Қалдықтардың шығарылған массасы:


m0 = 41,0 * 1,33 + 0,8 * 1000,0 + 13,3 * 2,0 + 30,0 * 20,0 + 20,0 * 20,0 + 7500,0 * 0,11 * 6500,0 * 0,001 + 400,0 * 0,03 = 2783,13 (шартты т/г)
m1 = 8,0 * 1,33 + 2,7 * 2,0 + 4,0 * 20,0 + 900,0 * 0,11 + 800,0 * 0,01 + 200,0 * 0,03 = 209,04 (шартты т/г)
m2 = 9,1 * 1,33 + 1,5 * 2,0 + 2,0 * 20,0 + 750,0 * 0,11 + 850,0 * 0,01 + 150 * 0,03 = 150,60 (шартты т/г).
2. Ағынды суды тазарту коэффициенті:
КОВ1 = (2783,13-209,04)/2783,13 = 0,92

КОВ1 = (2783,13-150,60)/2783,13 = 0,95


3. Тазартудың үнемділігі:
Э1 = (2783,13-209,04)/(1040*2500) =0,99*10-3 (шартты т/тг.).

Э2 = (2783,13-209,04)/(1040*2500) =0,99*10-3 (шартты т/тг.).


Жекелей экологиялық зиянның нормативі ретінде 2217,5 тг./шарт.т. алайық. Қаражат банктен несиеге алынды делік. Банктің пайыздық қойылымы 20%.

4. Тазарту құралдарының қолдану кезеңіндегі (10 жыл) экологиялық зиян:

У1 = 2217,5*0,95*(2783,13-209,4)*(1+0,2)-t = 23,285 (млн.тг.),
мұндағы, 0,95 – қоспаларды төгу ауданын (Кольский түбегі) есепке алатын коэффициент;
У2= 2217,5*0,95*(2783,13-150,6)*(1+0,2)-t = 23,817 (млн.тг.).

5. Тазарту тиімділігі:

е1 = (23,285*106-1040*2500(1+0,2)-t)/(20*106) =0,606 (тг./тг.);

е2 = (23,285*106-1135*2500(1+0,2)-t)/(23*106) =0,506 (тг./тг.).


Жүргізілген есептеулер нәтижесінде бірінші нұсқа экономикалық тиімді екенін көруге болады. Бірақ, төгілетін қоспалар құрамы, тазартудың ағымдағы шығындары, тазарту құрал-жабдықтарына капитал салымдары, жеке экологиялық зиян нормативі өзгеруі мүмкін. Тазартудың тиімділігінің осы параметрлер өзгерісіне тәуелділігі төмендегі суретте көрсетілген. Тәуелділіктер талдауы бірінші нұсқаны қолдану, екіншісіне қарағанда тиімді екенін көрсетті.

1-Сурет. Шығарылған газдың құрамындағы фторға байланысты тазарту үдерісінің тиімділігін бағалау: А-бірінші нұсқа, ағынды суды тазартудан кейінгі нитраттың мөлшері 750т/г.; Б-бірінші нұсқа, 900т/г.; В-екінші нұсқа,750т/г; Г-екінші нұсқа,900т/г.








Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет