Табиғи газдарды тарату және тұтыну жүйелерінің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары


- тарау. Құрылыс - құрастыру жұмыстарының сапасын өндірістік қадағалау



бет3/10
Дата09.06.2016
өлшемі0.85 Mb.
#125407
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

11 - тарау. Құрылыс - құрастыру жұмыстарының сапасын өндірістік қадағалау
151. Газқұбырларының құрылысын, қайта құруды және жөндеуді жүзеге асыратын ұйымдар жұмыстың жүргізілуінің барлық сатыларында оған құрылыс және құрастыру ұйымдарының басшыларымен және мамандарымен және зертханалардың персоналымен бірге өндірістік қадағалауды қамтамасыз етеді.

152. Өндірістік қадағалау келесілерді тексеруді қамтиды:

1) персоналдың аттестациясын;

2) дәнекерлеу технологиясына аттестацияның болуы;

3) дәнекерлеу және бақылау құрал-жабдығының, аппаратураның, аспаптар мен құралдардың жұмысына аттестацияның болуы;

4) материалдардың сапасын (болат және полиэтиленді құбырлардың, оңашалаушы жабындылардың, дәнекерлегіштердің, сондай-ақ дефектоскопияға арналған материалдардың);

5) газқұбырының астындағы табандарды;

6) дәнекерленген жалғамаларды операциялық бақылауды (көзбен шолып және өлшеу арқылы) ұйымдастыруды және жүзеге асыруды;

7) дәнекерленген жалғамалардың сапасын бұзатын және бұзбайтын әдіспен (радиографиялық, ультрадыбыстық) әдіспен бақылауды, сонымен бірге оңашалаушы жабындылардың сапасын бақылауды ұйымдастыру мен жүзеге асыруды;

8) ақауларды түзетуді бақылауды ұйымдастыруды.

153. Құбырлардың, газқұбырларының бөлшектері мен тораптарының, арматураның, оңашалаушы және басқа материалдардың сапасына кіріспе бақылау белгіленген тәртіпте аттестациядан өткен зертхананың мамандарымен жүргізіледі.

154. Қорытындылар, радиографиялық суреттер, магнитті таспалар немесе диаграммалар газқұбырын пайдалануға бергенінен кейін құрылыс-құрастыру ұйымында (зертханада) бір жыл сақталады.

155. Құрылыстың сапасын бақылау кезінде қолданылатын жабдық нормативтік құжаттамамен белгіленген мерзімде тексеруден өтеді.

Ультрадыбыстық бақылау аппаратурасы есептегіш құрылғымен бірге қолданылады.

Бақылау-өлшегіш аспап белгіленген тәртіпте метрологиялық тексеруден өтеді.

156. Дәнекерленген жалғаулар барлық түрдегі сыртқы ақауларды, сонымен бірге геометриялық көлемдері мен бөліктердің өзара орналасуы бойынша ауытқуларды анықтаудың мақсаттарында көзбен шолып және өлшеу әдісімен бақыланады.

Геометриялық көлемдері бойынша, диаметрі бойынша ауытқуларға, газқұбырларының көлденеңінен қиып өтетін бөліктердегі иілуі, дәнекерленетін бұйымдардың өзара сәйкеспеуіне жол беру нормативтік-техникалық құжаттамен көзделген нормалардан аспайды.

Дәнекерленген жалғауларды бұзбайтын бақылау көзбен шолу және өлшеу әдісімен бақылаудың нәтижелері оңды болған кезде жүргізіледі.

157. Дәнекерленген жалғаулардың сапасын көзбен шолып-өлшеу, радиографиялық және ультрадыбыстық бақылау (бұдан әрі-УДБ) мемлекеттік стандарттардың және нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес жүргізіледі.

158. Жер астының болат газқұбырларының түйісіп жалғанған жерлері қысымына қарай, әрбір дәнекерлеушімен дәнекерленген түйіскен жерлердің жалпы санынан келесі көлемдерде (бірақ бір түйісуден кем болмайтындай) объектіде бақыланады:

1) 10 %-қоса алғанда қысымы 0,005 МПа дейін болған кезде;

2) 50 %-қоса алғанда қысымы 0,005 артық 0,3 МПа дейін болған кезде;

3) 100 %-қысымы 0,3 МПа артық болған кезде.

Диаметрі 50 мм кем болатын жер астының болат газқұбырлары түйісіп жалғанған жерлері физикалық әдіспен бақыланбайды.

159. Елді мекендерден тыс өзінің келешек салынатын жерінің шегінен шыға төселетін, қысымы 0,005 жоғары 1,2 МПа дейін жер астының болат газқұбырларының түйістіріп жалғанған жерлері, әрбір дәнекерлеушімен объектіде дәнекерленген түйіскен жерлердің жалпы санының 20 % көлемінде (бірақ бір түйісуден кем емес) физикалық әдіспен бақылануға жатады.

160. Борпылдақ (борпылдақтығы әлсіздерінен басқа), отыруы 2 типтегі, ісінетін топырақтарда және басқа да ерекше жағдайларда төселетін қысымы 0,005 МПа дейінгі, жер астының болат газқұбырларының түйістіріп жалғанған жерлері әрбір дәнекерлеушімен объектіде дәнекерленген түйіскен жерлердің жалпы санының 25 % көлемінде (бірақ бір түйісуден кем болмайтындай) физикалық әдіспен бақыланады.

161. Жер астының болат газқұбырларының барлық түйістіріп жалғанған жерлері (100 %) келесі жағдайларда физикалық әдіспен бақыланады:

1) көшенің күрделі түрде жабылған өткінші бөліктерінің астынан, сондай-ақ су және табиғи бөгеттер арқылы өтетін жерлерде барлық жағдайларда да қалыптардағы газқұбырларын төсеу (өтетін жердің шектерінде және қиысатын бөгеттердің екі жағынан да бір түйіскен жерден);

2) коммуникациялық коллекторлар, арналармен, тоннельдермен қиысқан кезде (қиысатын шектерде және қиысатын құрылыстардың сыртқы қабырғаларының екі жағынан да бір түйіскен жерден);

3) сейсмикалығы 7 баллдан жоғары аудандарда, карсты және өңделетін аумақтар мен басқа да ерекше жағдайларда;

4) коммуникациялық коллекторлар мен арналардан (сонымен бірге жылу желісінің арналарынан) көлденеңінен 3 м кем қашықтықта төселетіндер;

5) елді мекендерден өзінің келешек салынатын жерінің шегінен шыға төселетіндерін қоспағанда, қысымы 0,3 жоғары 1,2 МПа дейінгілер;

6) ғимараттың іргетастарынан қашықтығы төмендегіден кем орындарда:

2 м - қоса алғанда қысымы 0,005 МПа дейін;

4 м - қоса алғанда қысымы 0,005 жоғары 0,3 МПа дейін;

7 м - қоса алғанда қысымы 0,3 жоғары 0,6 МПа дейін;

10 м - қоса алғанда қысымы 0,6 жоғары 1,2 МПа дейін.

162. Диаметрі 50 мм кем барлық қысымдағы жер үстінің болат газқұбырларының түйістіріп жалғанған жерлері физикалық әдіспен бақыланбайды.

163. ГРО және ГРҚ диаметрі 50 мм асатын газқұбырларының түйістіріп жалғанған жерлері 100 % көлемде физикалық әдіспен бақыланады.

164. Қысымы 0,005 жоғары 1,2 МПа дейін жер үстінің болат газқұбырларының түйістіріп жалғанған жерлері, әрбір дәнекерлеушімен дәнекерленген түйіскен жерлердің жалпы санының 5 % көлемінде (бірақ бір түйісуден кем емес) физикалық әдіспен бақылануға жатады.

165. Жер үстінің болат газқұбырларының барлық түйістіріп жалғанған жерлері (100 %) 1-3 санатты автомобиль жолдары, темір жолдар, көпірлер мен жол өтпелердің шегі арқылы, сондай-ақ табиғи бөгеттер арқылы өткелдер шегінде өтетін жерлерінде физикалық әдіспен бақыланады.

166. Бақылаудың физикалық әдісімен тексеру үшін көзбен шолып бақылаудың нәтижелері бойынша рұқсат берілген дәнекерлеп түйіскен жерлерді таңдап алады.

167. Бақылаудың нормалары газқұбырларындағы шартты диаметрі 500 мм дейін болатын бұрыштық жалғауларға, бөлшекті пісірілген жалғаулар мен тегіс бұқтырмаларға таралмайды.

168. ОДШ шарттарында дайындалған, барлық қысымдағы болат газқұбырларының жалғайтын бөліктерінің дәнекерлеп түйістірілген жерлері 100 % көлемде радиографиялық әдіспен бақыланады.

169. Полиэтиленді газқұбырларының қолмен басқарылатын дәнекерлеу техникасының көмегімен дәнекерленген түйіскен жалғаулары жер астының газқұбырлары үшін көзделген көлемде ультрадыбыстық бақылау әдісімен тексеріледі.

170. Жер астының полиэтиленді газқұбырларының автоматтандыру дәрежесі орташа дәнекерлеу техникасының көмегімен дәнекерленген түйіскен жалғаулары әрбір дәнекерлеушімен дәнекерленген түйіскен жерлердің жалпы санының көлемінде (бірақ бір түйісуден кем емес), газқұбырындағы газдың қысымына байланысты ультрадыбыстық бақылау әдісімен тексеріледі:

1) 0,005 МПа дейін 6 % көлемінде;

2) 0,005 жоғары 0,3 МПа дейін 25 % көлемінде;

3) 0,3 жоғары 0,6 МПа дейін 50 % көлемінде;

4) борпылдақ (борпылдақтығы әлсіздерінен басқа), отыруы 2 типтегі, ісінетін топырақтарда және басқа да ерекше жағдайларда төселетіндер қысымы 0,005 МПа дейін 12 % көлемінде;

5) елді мекендерден өзінің келешек салынатын жерінің шегінен шыға төселетіндер 0,005 жоғары 0,6 МПа дейін 10 % көлемінде;

6) полиэтиленді газқұбырлары үшін көзделген төсеудің барлық қалған жағдайларында 50 % көлемінде.

171. Полиэтиленді газқұбырларының автоматтандыру дәрежесі жоғары дәнекерлеу техникасының көмегімен дәнекерленген түйіскен жалғаулары, әрбір дәнекерлеушімен дәнекерленген түйіскен жерлердің жалпы санының көлемінде (бірақ бір түйісуден кем емес), газқұбырындағы газдың қысымына байланысты ультрадыбыстық бақылау әдісімен тексеріледі;

1) 0,005 МПа дейін - 3 % көлемінде;

2) 0,005 жоғары 0,3 МПа дейін - 12 % көлемінде;

3) 0,3 жоғары 0,6 МПа дейін - 25 % көлемінде;

4) борпылдақ (борпылдақтығы әлсіздерінен басқа), отыруы 2 типтегі, ісінетін топырақтарда және басқа да ерекше жағдайларда төселетіндер қысымы 0,005 МПа дейін 6 % көлемінде;

5) елді мекендерден өзінің келешек салынатын жерінің шегінен шыға төселетіндер 0,005 жоғары 0,6 МПа дейін 5 % көлемінде;

6) полиэтиленді газқұбырлары үшін көзделген төсеудің барлық қалған жағдайларында 25 % көлемінде.

Болат газқұбырларының ішімен тартылған полиэтилен газқұбырларының дәнекерленіп жалғанған жерлері 100 % бақылаудан өткізіледі.

172. Болат газқұбырларының дәнекерлеп түйіскен жерлерін бақылаудың ультрадыбыстық әдісі түйістірген жерлердің 10 % кем болмайтынын радиографиялық әдіспен іріктеп тексеруді жүргізген жағдайда қолданылады. Түйіскен жердің біреуінен болсын радиографиялық әдіспен бақылаудың нәтижелері қанағаттанғысыз болғанда, бақылаудың көлемі түйіскен жерлердің жалпы саны 50 % дейін артады. Ақаулы түйіскен жерлері қайта анықталған жағдайда, дәнекерлеушімен күнтізбелік айдың ішінде объектіде дәнекерленген және ультрадыбыстық әдіспен тексерілген барлық түйіскен жерлер радиографиялық әдіспен тексеріледі.

173. Физикалық (радиографиялық, ультрадыбыстық) әдіспен бақылаудың нәтижелері қанағаттанғысыз болған кезде, газқұбырының пайдалануға қабылданбаған жерлерінен түйіскен орындардың екі есе санына тексеру жүргізіледі.

Егер қайта тексеру кезінде жол беруге болмайтын ақаулар анықталса, онда осы дәнекерлеушімен газқұбырының пайдалануға қабылданбаған орнында жүргізген барлық бір типті дәнекерленген жалғаулары бақылаудың физикалық әдісімен бақыланады.

174. Полиэтиленді газқұбырларындағы дәнекерленген жалғауларды ультрадыбыстық бақылау мен механикалық сынау әдісімен тексерудің нәтижелері УДБ аспаптарымен басып шығарумен және хаттамамен ресімделеді.

175. Бақылау әдісін таңдау (ультрадыбыстық дефектоскопия немесе радиография) ақауларды анықтаудың қамтамасыз етілу шарттарын ескере, материалдың физикалық қасиеттерін есепке ала отырып жүргізіледі.

176. Радиографиялық және ультрадыбыстық бақылауды, олар Комитетпен келісілген жағдайда бақылаудың басқа әдістеріне ауыстыруға рұқсат беріледі.

177. Әр дәнекерлеушімен дәнекерленген болат дәнекерлі жалғаулардың радиографиялық суреттерін бақылау радиографиялық суреттердің автоматты түрде сырын ашудың аппаратты-бағдарламалық кешенінде 20 % көлемде жүзеге асады.

178. Механикалық сынаулар дәнекерлеушілердің білікті сынақтарының (рұқсат берілетін) барысында түйетін жерлерді дәнекерлеу кезінде дәнекерленген жалғаулардың механикалық сипаттары мен сапасын тексеру кезінде және дәнекерлеудің технологиясын аттестациядан өткізгендегі технологиялық өлшемдерін тексерген кезде мемлекеттік стандарттарға сәйкес жүргізіледі.

179. Механикалық сынаулардың негізгі түрлері тұрақты созылуына, тұрақты иілуіне немесе мыжылуын сынау болып табылады.

Оларды радиографиялық немесе ультрадыбыстық әдіспен бақылаудың нәтижелері оңды болған жағдайда өндірістік дәнекерленген жалғауларды тұрақты созылуына сынауға рұқсат беріледі.

Механикалық қасиеттерін тексеру бақылау (рұқсат берілетін) дәнекерленген жалғаулардың немесе бұйымнан кесіп алынатын өндірістік дәнекерленген жалғаулардың үлгілеріне жүргізіледі.

Бақылау дәнекерленген жалғауларды дәнекерлеудің жағдайлары бақыланатын өндірістік жалғауларға ұқсас жүргізіледі.



12 - тарау. Газқұбырларын сынау және пайдалануға қабылдау
180. Сыртқы болат газқұбырлары, оның ішінде маталы шлангпен қалпына келтірілгендері, полиэтиленділері немесе болат құбырлардың ішіне салынған барлық категориядағы полиэтиленділері, сондай-ақ газқұбырлары және ГРО газды жабдықтары, құрылыспен немесе қайта құрумен аяқталған өндірістік орындардың ішкі газқұбырлары саңылаусыздығына сынақтан өткізіледі.

181. Газқұбырларын құрастырғаннан кейін оларды сынақтан өткізуді құрылыс-құрастырушы ұйым тапсырыс берушінің техникалық бақылау бөлімінің және газды таратушы ұйымның өкілдерінің қатысуында жүргізеді. Сынақ нәтижелері хаттама және құрылыс құжатындағы жазбамен ресімделеді. Газқұбырларының элементтері және газды арматура оларды дайындаушы заводта әзірлеген кезде сапа қызметіне сынақтан өткізіледі.

182. Егер арматура, құрал-жабдықтар және аспаптар сынақты қысымға есептелмеген болса, онда катушкалар немесе бұқтырмалар орнатылады.

183. Газқұбырларын сынау дәнекерлеу және оңашалау жұмыстарын аяқтағаннан, арматура және ЭХҚ құрылғыларын орнатқаннан кейін жүргізіледі.

Газқұбырлары мен ГРО газ жабдығын сынау, оларды толық құрастырған, арматураны, автоматика құралдары мен БӨА орнатқаннан кейін жүргізіледі.

Сынақтық қысымға есептелмеген арматура, жабдықтар мен аспаптарды құрастыруды сынақ аяқталғаннан кейін жүргізеді. Сынақ кезеңінде олардың орнына катушкалар немесе бұқтырмалар орнатылады.

184. Газқұбырының жетектері олардың таратушы газқұбырымен жеке құрылысы кезінде құрылыстар мен ғимараттардың алдында орнатылған ажыратушы құрылғыларға дейінгі орындарда сынақтан өткізіледі.

185. Маталы шлангамен немесе полиэтиленді құбырларды тарту арқылы қалпына келтірілген жер астының болат газқұбырларының сынақ орындарының ұзындығы жұмыстарды жүргізудің жобасымен белгіленеді.

186. Қысымы 0,005 МПа дейінгі жер астының болат газқұбырлары, оңашалаушы жабындының түріне қарамастан 0,6 МПа қысыммен 24 сағат бойы сыналады.

187. Қысымы 0,005 жоғары 0,3 МПа дейін, оңашалау жабындысы бар, битумды мастикамен немесе полимерлі жабысқақ таспамен орындалған жер астының болат газқұбырлары 0,6 МПа қысыммен, өңделген полиэтиленді немесе шынылы эмальды қолдану арқылы орындалған, оңашалау жабындысы бар газқұбыры-1,5 МПа қысыммен 24 сағат бойы сыналады.

188. Қысымы 0,3 асатын 0,6 МПа дейінгі, битумды мастикамен немесе полимерлі жабысқақ таспамен орындалған, оңашалау жабындысы бар жер астының болат газқұбырлары газқұбыры 1,2 МПа қысыммен, ал өңделген полиэтиленді немесе шынылы эмальды қолданумен орындалған, оңашалаушы жабындысы бар газқұбыры 1,5 қысыммен 24 сағат бойы сыналады.

189. Қысымы 0,6 асатын 1,6 МПа дейінгі жер астының болат газқұбырлары, оңашалаушы жабындының түріне қарамастан 1,5 МПа қысыммен 24 сағат бойы сыналады.

190. Келесі қысымдағы полиэтиленді газқұбырлары:

1) 0,005 МПа дейінгілер 0,3 МПа қысыммен 24 сағат бойы сыналады;

2) 0,005 жоғары 0,3 МПа дейінгілер 0,6 МПа қысыммен 24 сағат бойы сыналады;

3) 0,3 жоғары 0,6 МПа дейінгілер 0,75 МПа қысыммен 24 сағат бойы сыналады.

191. Полиэтиленді газқұбырларын сынау кезіндегі сыртқы ауаның температурасы-15°С төмен емес.

192. Келесі қысымдағы жер үстіндегі болат газқұбырлары:

1) 0,005 МПа дейінгілер 0,3 МПа қысыммен 1 сағат бойы сыналады;

2) 0,005 жоғары 0,3 МПа дейінгілер 0,45 МПа қысыммен 1 сағат бойы сыналады;

3) 0,3 жоғары 0,6 МПа дейінгілер 0,75 МПа қысыммен 1 сағат бойы сыналады;

4) 0,6 жоғары 1,2 МПа дейінгілер 1,5 МПа қысыммен 1 сағат бойы сыналады.

193. Келесі қысымдағы газқұбырлары мен ГРО жабдықтары:

1) 0,005 МПа дейінгілер 0,3 МПа қысыммен 12 сағат бойы сыналады;

2) 0,005 жоғары 0,3 МПа дейінгілер 0,45 МПа қысыммен 12 сағат бойы сыналады;

3) 0,3 жоғары 0,6 МПа дейінгілер 0,75 МПа қысыммен 12 сағат бойы сыналады.

4) 0,6 жоғары 1,2 МПа дейінгілер 1,5 МПа қысыммен 12 сағат бойы сыналады.

194. Қазандықтар мен өндірістік ғимараттардың келесі қысымдағы газқұбырлары:

1) 0,005 МПа дейінгілері 0,01 МПа қысыммен 1 сағат бойы сыналады.

2) 0,005 жоғары 0,1 МПа дейінгілері 0,1 МПа қысыммен 1 сағат бойы сыналады;

3) 0,1 жоғары 0,3 МПа дейінгілері жұмыс қысымының 1,25, бірақ 0,3 МПа - н артық емес 1 сағат бойы сыналады;

4) 0,3 жоғары 0,6 МПа дейінгілері жұмыс қысымының 1,25, бірақ 0,6 МПа артық емес 1 сағат бойы сыналады;

5) 0,6 жоғары 1,2 МПа дейінгілері жұмыс қысымының 1,25, бірақ 1,2 МПа артық емес 1 сағат бойы сыналады.

195. Жасанды және табиғи бөгеттер арқылы өтетін жерлерде қалыпқа салып төселетін жер астының газқұбырлары үш кезеңмен сыналады:

1) өтетін орынды дәнекерлегеннен кейін төсегенге дейін;

2) төсегеннен және өтетін орынды толық толтырғаннан кейін;

3) негізгі газқұбырымен бірге.

196. Өтетін орынды толық толтырғаннан кейін газды тарату және газды пайдалану ұйымдарының келісімі бойынша сынақты жүргізбеуге рұқсат беріледі.

197. Өтетін орындарды негізгі газқұбырымен бірге сынау бір кезеңде жүргізіледі:

1) өтетін орынның шегінде дәнекерленген жалғаулар болмаған кезде;

2) өтетін орынды салу кезінде еңісті бағытталған бұрғылау әдісін пайдаланғанда;

3) өтетін орынның шегінде полиэтиленді құбырлар үшін төселетін қыздырғыштары бар бөліктерді немесе автоматтандыру дәрежесі жоғары дәнекерлеу жабдығын пайдаланған кезде.

198. Саңылаусыздығын сынақтан өткізудің нәтижелері дәлдік тобы 0,6 болатын манометр бойынша газқұбырындағы қысымның төмендеуі байқалмаған кезінде, ал дәлдік тобы 0,15 және 0,4 манометрлер бойынша, сондай-ақ сұйықтықты манометрі бойынша, егер қысымның төмендеуі шкаланың бір бөлігінен аспаса оңды болып саналады.

199. Газқұбырының саңылаусыздығын сынау аяқталғаннан кейін газқұбырындағы қысымды атмосфералық қысымға дейін азайтады, автоматика, арматура, жабдықты, бақылау-өлшегіш аспаптарын орнатады және газқұбырын жұмыстық қысымда 10 минут бойы ұстайды.

200. Алынатын жалғаулардың саңылаусыздығы сабынды эмульсиямен немесе сезінгіштігі жоғары аспаптардың (газды іздегіштер) көмегімен тексеріледі.

201. Газқұбырларын сынағанда анықталған ақауларды газқұбырындағы қысымды атмосфералық қысымға дейін азайтқаннан кейін жояды.

202. Ақауларын жойғаннан кейін газқұбырларын саңылаусыздығына сынауды қайтадан жүргізеді.

203. Газқұбырлары ауа толтырғаннан кейін сынақтарды бастағанға дейін жер асты және жер үстінің (үйілген) газқұбырларындағы ауа температурасын топырақтың температурасымен, жер үстіндегі (үйместен) және жерден биік орналасқан газқұбырларында-қоршаған ауаның температурасымен теңестіру үшін қажетті уақыттың ішінде сынама қысымның астында ұстайды.

Полиэтилен құбырлардан жасалған газқұбырларын сынау соңғы түйіскен жерін дәнекерлеу аяқталғаннан 24 сағат өткеннен кейін жүргізеді.

204. Газқұбырына сынауды жүргізу үшін ауаны беру компрессордағы қысымды сағатына 0,3 МПа артық болмайтындай етіп көтеру жылдамдығымен жүзеге асады.

205. Болат газқұбырларының сынақтан кейін дәнекерленген, құрастырып түйіскен жерлері радиографиялық әдіспен тексеріледі.

Полиэтиленді газқұбырларының пісіп дәнекерлеу құрастырып түйіскен жерлері-ультрадыбыстық әдіс арқылы тексеріледі.

206. Газбен жабдықтау жүйелерінің құрылысы, қайта құру не күрделі жөндеу объектілерін пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссияға Комитеттің аумақтық органдары өздерінің өкілдерін тағайындайды.

207. Қысымы төмен газқұбырларын (ұзындығы 200 дейін болатын жер астының және ұзындығы 500 м дейін жер үстінің) пайдалануға қабылдау Комитеттің аумақтық органының өкілінің қатысуынсыз өтеді.

208. Тапсырыс беруші 5 күн қалғаннан кешіктірмей Комитеттің аумақтық органдарын қабылдау комиссиясының күні, уақыты мен жұмыс орны туралы хабардар етеді.

209. Қабылдау комиссиясы жобалық және орындау құжаттамасын, газ тарататын жер үстіндегі, жер астындағы желіні, газды тұтынушы ішкі жүйені, олардың нормативті-техникалық құжаттардың, осы Талаптар мен жобаға сәйкестігін анықтау, құрастырудың ақауларын анықтау үшін, сондай-ақ жасырын жұмыстарға актілердің бар екенін тексереді.

Бұдан өзге жобаға өндірістік желдеткіш және түтін шығаратын жүйелердің, электрқуатты және жарық беретін жабдықтың, бақылау-өлшегіш аспаптарының сәйкестігі және ұйымның объектіні пайдалануға дайындығы тексеріледі.

Комиссияға құрылыстың сапасын тексеру үшін, сондай-ақ қосымша қорытындыларды ұсына отырып қайталау сынағын жүргізу үшін жер асты газқұбырының кез-келген телімін ашуды талап етудің құқығы ұсынылады.

210. Қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттарда көрсетілген құрылыстың орындаушылық құжаттамасынан өзге қабылдау комиссиясына келесі материалдар ұсынылады:

1) газды шаруашылықтың қауіпсіз пайдаланылуын қадағалауды жүзеге асыратын тұлғаны тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі;

2) газ қызметі туралы талап немесе газқұбырлары мен газды жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәжірибесі бар ұйыммен жасалған келісім-шарт;

3) осы Талаптарды, нормативтік құжаттарды басшылардың, мамандардың және нұсқауларды жұмысшылардың білуін тексерудің хаттамалары;

4) осы Талаппен көзделген нұсқаулар және технологиялық жобалар;

5) электрлі химиялық қорғаныштың тиімділігін тексерудің акты (жер астындағы болат газқұбырлары үшін);

6) түтінді шығаратын және желдеткіш жүйелерінің техникалық жай-күйін тексерудің акты;

7) газды пайдаланатын жабдықты орнату-ретке келтіруге қабылдау акты және олардың орындалу кестесі (объектіні екі кезеңде қабылдаған кезде);

8) апатты жоюдың және газды тарату ұйымының АДҚ қоса алғанда, әртүрлі мақсаттағы қызметтердің өзара әрекет жоспары.

211. Құрылыспен аяқталмаған объектілерді, сонымен бірге электрлі химиялық қорғанышпен қамтамасыз етілмеген жер асты болат газқұбырларын пайдалануға қабылдауға рұқсат берілмейді.

212. Газқұбырларының осы Талапқа сәйкестігі газқұбырын пайдалануға қабылдау актымен ресімделеді.

213. Егер комиссиямен қабылданған объект 6 айдың ішінде пайдалануға енгізілмесе, оны пайдалануға енгізу кезінде саңылаусыздығына қайтадан сынақ жүргізіледі.

214. Комиссиямен белгіленген тәртіпте қабылданбаған газ тарату және газды тұтыну жүйелерін (техникалық құрылғыларды) пайдалануға рұқсат берілмейді.

13 - тарау. Газды тарату және газды тұтыну жүйелерінің өндірістік қауіпсіздік декларациясы және тіркеу
215. Газды тарату және газды тұтыну желілері мен жүйелерінің (объектілерінің) өндірістік қауіпсіздігін декларациялау Қазақстан Республикасының 03.04.2002 ж. № 314 «Қауіпті өндірістік объектілердегі өндірістік қауіпсіздік туралы» Заңына сәйкес пайдаланудың қауіпсіздігі мақсаттарында қауіпті өндірістік объектілерді мемлекеттік тізімге әрі қарай тіркеу үшін жүзеге асырылады.

216. Табиғи көмірсутекті газды отын ретінде пайдаланатын газ тарату жүйесі (желі) және газды тұтыну жүйелері (объектілері) Қазақстан Республикасының «Қауіпті өндірістік объектілердегі өндірістік қауіпсіздік туралы» Заңына сәйкес тұтанатын (жанғыш, жарылыс қауіпі бар) газ түріндегі қауіпті затты, табиғи газды (метанды) тасымалдау мен пайдаланудың белгісі бойынша сәйкестендіріледі.

217. Қауіпті өндірістік объектілерге елді мекендердің газ тарату желісі, кент аралық таратушы желі, сонымен бірге пайдалануы газды таратушы бір ұйыммен жүзеге асатын құрылыстар мен ғимараттар, сондай-ақ өндірістік, ауыл шаруашылық және басқа да өндіріс орындарының газды тұтынатын объектілері, ЖЭО, АЖС, сонымен бірге бір ұйыммен пайдаланылатын қазандар жатады.

218. Қауіпті өндірістік объектілердегі өндірістік қауіпсіздік декларациясы сараптамасын ресімдеу Қазақстан Республикасының өндірістік қауіпсіздік саласындағы заңымен белгіленген тәртіпте жүзеге асады.

219. Газды тарату желісінің қауіпті өндірістік объектісін Комитеттің аумақтық органдарында тіркеуді құрылыс-құрастыру жұмыстары аяқталғаннан кейін сәйкестендірудің негізінде жүзеге асырады.

Жеке объектіні (желінің телімін) пайдалануға қабылдау газды тарату желісін алғашқы тіркеу туралы куәлікті қайта ресімдеусіз қауіпті өндірістік объектілердің мемлекеттік тізіміне енгізіледі.

220. Газ тарату желісінің, өндіріс орындарының газды тұтыну жүйесінің, жылу электр станцияларының, аудандық жылу станцияларының және қазандықтардың қауіпті өндірістік объектін өндірістік қауіпсіздік саласындағы өкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде тіркеу құрылыс-құрастыру жұмыстары аяқталғаннан және объектіні пайдалануға қабылдағанынан кейін жүзеге асады.

221. Газды тарату жүйелерін (желісін) және газды тұтыну жүйелерін (объектілерін) тіркеу үшін меншік иесі ұйым газды тарату желісінің және газды тұтыну объектілерін пайдалануға қабылдаудың актын ұсынады.

222. Газбен жабдықтаушы қауіпті өндірістік объектілерді басқа меншік иесіне (жалгерге) берген кезде, олар өндірістік қауіпсіздік саласындағы өкілетті органның аумақтық бөлімшесінде қайта тіркетуге жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет