Табиғи газдарды тарату және тұтыну жүйелерінің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары


- тарау. Газ құбырларын техникалық диагностикалау



бет5/10
Дата09.06.2016
өлшемі1.96 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

18 - тарау. Газ құбырларын техникалық диагностикалау
275. Техникалық диагностикалау газқұбырының техникалық жай - күйін анықтау және оның әрі қарайғы пайдалану ресурсын белгілеу мақсаттарында жүргізілген сараптаманың негізінде жүзеге асады.

276. Диагностикалау пайдалануға енгізгеннен кейін топырақпен үйілген жер үстінің, жер астының газқұбырлары үшін 40 жыл, сондай-ақ полиэтилен газқұбырлары үшін 50 жыл.

Газқұбырларын мерзімінен бұрын диагностикалау болат газқұбырлардың коррозиялық бұзылуымен, дәнекерлеп түйіскен жерлерінің беріктігі бұзылумен (ажырауымен) туындаған авариялық жағдайларда, сонымен қатар болат газқұбырларын коррозиялық белсенділігі жоғары топырақтарда электрхимиялы қорғанышсыз нормативтік мерзімінен ерте орнатқан жағдайда белгіленеді.

Газқұбырын диагностикалау немесе қайта құру (ауыстыру) жөніндегі жұмыстарды жүргізу туралы шешім газ тарату желісінің меншік иесімен қабылданады.

277. Газқұбырларын диагностикалаудың жоспар-кестелері, оларды пайдаланудың нормативтік мерзімі аяқталуына 6 ай қалғанда жасалады және Комитеттің аумақтық органымен келісіледі.

278. Болат және полиэтиленді газқұбырларын, сондай-ақ газ жабдығын диагностикалаудың тәртібі Қазақстан Республикасының өндірістік қауіпсіздік саласындағы Заңымен белгіленеді.

279. Магистралды темір жолдарының, 1 және 2 санатты автомобиль жолдарының астынан, көшенің көлік қозғалыс қарқыны жоғары бөлігінің астынан, кеме жүретін су бөгеттері арқылы салынған болат газқұбырларының телімдері акустикалық эмиссияның әдісін қолданумен немесе басқа бұзбайтын әдістермен тексеріледі.

280. Газқұбырын пайдаланудың ресурсын ұзарту және келесі техникалық диагностикалауды жүргізудің мерзімін белгілеу сараптаушы ұйыммен анықталады.

281. Диагностикалаудың нәтижелері бойынша газқұбырын қауіпсіз пайдаланудың ресурсы мен жөндеу немесе оны ауыстыру жөніндегі шараларды мазмұндайтын сараптаманың қорытындысы жасалады.

Газқұбырының техникалық жай-күйі туралы сараптаманың қорытындысы Комитеттің аумақтық органымен бекітіледі.



19 - тарау. Газды реттеу орындары
282. ГРО, сонымен бірге ГРБО, ШРО және ГРҚ жұмыстарының тәртібі жобаға сәйкес белгіленеді.

283. Қалалық және елді мекендердегі ГРО реттегіштерді тұрмыстық тұтынушылар үшін ретке келтірудің өлшемдері шығарған кездегі максималды қысымын 0,003 МПа дейін ескере отырып таңдалады.

284. Сақтандырғыш түсіру клапандары, сонымен бірге қысым реттегішке құрылғандары, реттегіштен кейін номиналды жұмыстық қысым 15 % артқан кезде газды түсіруді қамтамасыз етеді; СБК іске қосылуының жоғарғы шегі реттегіштен кейін номиналды жұмыстық қысымның 25 % аспайды.

285. ГРО шыққан кезіндегі газ қысымының ауытқуы жұмыстық қысымның 10 % шегінде болуына рұқсат беріледі. Жұмыстың қысымның артуын немесе төмендеуін тудыратын реттегіштердің ақаулары, сақтандыру клапандарының жұмысындағы ақаулары, сондай-ақ газдың шығуы апаттық тәртіпте жойылады.

286. Газды беру тоқтаған жағдайда қысымды реттегіш жұмысының іске қосылуы СБК іске қосылу себебін анықтағаннан және ақауларды жою жөніндегі шараларды қабылдағаннан кейін жүргізіледі.

287. ГРО реттегішінің 50 м 3/с жоғары номиналды өткізгіш қабілетімен пайдаланған кезде, егер дайындаушымен жұмыстың жекелеген түрлері немесе оларды жүргізудің үлкен мерзімі көзделмесе, келесі жұмыстар орындалады:

1) өндірістік нұсқаумен белгіленетін мерзімдерде техникалық жағдайын қарап тексеру;

2) сақтандырғыш бекіту және түсіретін клапандардың іске қосылу өлшемдерін тексеру-3 айда бір реттен кем емес, сондай-ақ жабдықты жөндеу аяқталғаннан кейін;

3) техникалық қызмет көрсету-6 айда бір реттен кем емес;

4) ағымдағы жөндеу-12 айда бір реттен кем емес;

5) күрделі жөндеу-жабдықты, өлшеу құралдарын ауыстырған, ғимарат, жылыту, желдеткіш, жарық беру жүйелерінің жекелеген элементтерін жөндеген кезде - техникалық қарап тексерулер мен ағымдағы жөндеулердің нәтижелері бойынша жасалған ақау ведомостарының негізінде.

288. Реттегіштің өткізу қабілеті 50 м 3/с жоғары ГРО техникалық жай-күйін қарап тексеру және ағымдағы жөндеуі пайдаланушы ұйымның техникалық басшысы бекіткен кестелер бойынша, пайдаланудың қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ететін мерзімдерде жүргізіледі.

289. Реттегіштің өткізу қабілеті 50 м3/с жоғары ГРО техникалық жай-күйін қарап тексерген кезде орындалатындар:

1) реттегішке дейін және кейін газдың қысымын, сүзгідегі қысымның ауытқуын, егер оларды жылыту көзделген болса, жайдағы (шкафтағы) ауаның температурасын аспаптармен, сабынды эмульсиямен немесе аспаппен газдың шығуының жоқ екенін тексеру;

2) СБК кішкене балғасының дұрыс орналасуы мен ұстасу тұтқаларының сенімді болуын бақылау;

3) тіркеуші аспаптардың картограммаларын ауыстыру, қауырсындарын тазарту және толтыру, сағатты механизмді іске қосу. Қауырсынды «нөлге» қою 15 күнде бір реттен кем емес;

4) электрмен жарықтандырудың, желдетудің, жылыту жүйелерінің жай-күйі мен жұмысын тексеру, ГРО негізгі және қосалқы жайын бөліп тұрған қабырғалардың жарылуын және тығыз еместігін көзбен шолып анықтау;

5) ГРО ғимаратын сыртынан және іштен қарап тексеру, қажет болғанда-ГРО жайлары мен жабдығын кірден тазарту.

Қалалық және ауылдық елді мекендердің газбен жабдықтау жүйелерін ГТ ТҮ БАЖ құралдарымен жарақтандырған кезінде ГРО техникалық қарап тексеру телемеханика жүйелерін пайдалану жөніндегі нұсқаумен анықталатын мерзімдерде, бірақ айына бір реттен кем болмайтындай етіп жүргізіледі.

290. Реттегішінің өткізу қабілеті 50 м 3/с жоғары ГРО техникалық қызмет көрсеткен кезде техникалық жай-күйін қарап тексерген кезде көзделген жұмыстар орындалады, сондай-ақ:

1) тығын арматурасы мен сақтандырғыш клапандардың жұмыс қабілетін және саңылаусыздығын тексеру;

2) барлық жалғаулар мен арматураның тығыздығын тексеру, газ шығуын тоқтату, сүзгіні қарап тексеру және тазалау;

3) қысымды реттегіштің мембраналарының тығыздығы мен сезінгіштігін анықтау және басқару;

4) импульсті түтіктерді бақылау-өлшегіш аспаптарына, сақтандырғыш бекіту клапанына және қысымды реттегішке үрлеу;

5) тығынды және түсіретін клапандарды реттеу өлшемдері тексеріледі.

291. Реттегішінің өткізу қабілеті 50 м3/с жоғары ГРО жыл сайын ағымдағы жөндеу кезінде техникалық қызмет көрсеткен кезде көзделген жұмыстар орындалады, сондай-ақ:

1) қысымды реттегіштерді, сақтандырғыш клапандарды, оларды коррозия мен ластардан тазарта отырып бөлшектеу, клапандардың тұғырға қатысты тығыздығын, мембраналардың жай-күйін тексеру, үйкелетін бөліктерді майлау, тозған бөліктерді жөндеу немесе айырбастау, бөлшектеуге жатпайтын құрастырма тораптарының сенімді бекітілгенін тексеру;

2) жабудың саңылаусыздығын қамтамасыз етпейтін тығын арматурасын бөлшектеу;

3) құрылыс құрастырмаларын жөндеу;

4) ГРО түтін шығаратын ауыздарды тексеру және тазарту-жылына бір рет жалату маусымының алдында;

5) ГРО жылыту жүйесін жөндеу-жылына бір рет жалату маусымының алдында.

Егер дайындаушы заводпен жұмыстардың құрамы мен оларды жабдыққа қатысты жүргізудің басқа мерзімділігі белгіленсе, онда жұмыстар дайындаушы заводтың пайдалану жөніндегі нұсқауына сәйкес орындалады.

292. Реттегішінің өткізу қабілеті 50 м3/с жоғары ГРО күрделі жөндеу жұмысына жататындар:

1) ғимарат (құрастырмалы элементтерді) пен оның инженерлік жабдығын (жарықтандыру, желдету, жылыту) жөндеу;

2) ескірген және тозған жабдықты немесе оның жекелеген тораптары мен бөліктерін жөндеу және ауыстыру.

293. Реттегішінің өткізу қабілеті 50 м3/с дейін ШРО пайдаланған кезде орындалады:

1) техникалық қызмет көрсетумен бірге жүргізілетін техникалық жай-күйін қарап тексеру-12 айда бір реттен кем емес;

2) ағымдағы және күрделі жөндеу қажеттігіне қарай.

294. Реттегішінің өткізу қабілеті 50 м3/с дейін ШРО техникалық қызмет көрсетуді орындаған кезде (техникалық жай-күйін қарап тексерумен бірге жүргізілетін), егер дайындаушы зауытпен басқа тәртібі белгіленбесе, келесі жұмыстар орындалады:

1) жабдықты сырттай қарап тексеру, қажет болған кезде-оны кірден тазарту;

2) реттегіштен кейін аспаппен газ қысымының көлемін, сүзгінің бітелуін тексеру және қажет болған кезде оны тазалау;

3) СБК іске қосылу өлшемінің шамасын тексеру;

4) газ шығуының жоқ екенін тексеру, анықтаған кезде-оларды жою.

295. Орамды газқұбыры (байпас) бойынша газ жабдық пен арматураны жөндеу үшін қажетті уақыттың ішінде ғана беріледі. Жұмыс маманның басшылығымен құрамы екі адамнан кем болмайтын бригадамен орындалады.

296. Сүзгідегі газ қысымының ауытқуы дайындаушы зауытпен белгіленген шамадан аспайды.

Сүзгінің кассеталарын бөлшектеу және тазалау техникалық қызмет көрсеткен кезде ГРО (ГРҚ) жайларынан тыс, тез тұтанатын заттар мен материалдардан алыс орындарда жүргізіледі.

297. Сақтандырғыш клапандардың іске қосылу өлшемдерін ретке келтіру және тексеру қысым реттегішінің көмегімен, егер олардың іске қосылу шегі 0,003 МПа аспайтын болса жүргізіледі.

298. Жабдықты бөлшектеген кезде ажыратушы құрылғылар жабылады. Ажыратылатын телімнің шекараларында газдың барынша жоғары шығу қысымына есептелген бұқтырмалар орнатылады.

Газқұбырларын құрастырған кезде бұқтырмаларды орнату ыңғайлы болуы үшін бөлшекті пісірілген жалғауды ашуға арналған құралы мен тоқты өткізетін тұтқасы бар бұрылысты немесе қаңылтыр бұқтырманы орнатуға арналған бөлшекті пісірілген жалғаулар қарастырылады.

299. Газды реттеу орындарының пайдалану мерзіміне кепілдік берілген жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуі мен ағымдағы жөндеу дайындаушы зауыттың құжатына сәйкес жүргізіледі. Кепілдік мерзімі аяқталғаннан кейін бұл жабдық актыны ресімдеу арқылы сервистік жөндеуден өтеді.

300. ГРО электржабдығын жөндеу және электршамдарын ауыстыру қысымды ажырату арқылы жүргізіледі.

ГРО ғимаратының сыртынан, ШРО және ГРҚ қоршауларына «От қауіпті газ!» деген ескерту жазбалары орнатылады.



20 - тарау. Жарылыстан қорғалған электржабдығы, бақылау - өлшегіш аспаптары, автоматтандыру және дабыл беру жүйелері
301. Пайдаланушы ұйым газқұбырлары мен газды пайдаланатын құрылғыларда орнатылған автоматтандыру, тосқауыл қою және дабыл беру аспаптары мен құралдарына, сондай-ақ жарылыс қауіпі бар аймақтарда және жайларда электр тізбесінің қауіпсіз байланыс жасау тәртібін қамтамасыз ететін жарылыстан қорғалған электржабдығына үнемі техникалық бақылауды, қызмет көрсетуді, ағымдағы және күрделі жөндеуді қамтамасыз етеді.

302. Импульсті газқұбырларының саңылаусыздығын тексеру газды жабдықты қарап тексерген және техникалық жөндеген кезде жүргізіледі.

303. Өлшеу құралдарына, автоматтандыру және дабыл беру жүйелеріне техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жөніндегі жұмыстардың көлемі және мерзімділігі сәйкесінше аспаптарға мемлекеттік стандарттармен немесе дайындаушы зауыттардың нұсқауларымен белгіленеді. ГТ ТҮ БАЖ техникалық құралдарына техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жөніндегі жұмыстардың көлемі және мерзімділігі оның жасаушысымен анықталады және пайдаланушы ұйыммен келісіледі.

304. Өлшеу құралдарына метрологиялық бақылау жүргізу метрологиялық бақылау саласындағы нормативтік актілерге сәйкес жүзеге асады.

305. Мерзімді метрологиялық тексеруге келесі өлшеу құралдары жатады:

1) қысымның тарту күшін көрсететін аспаптар; көрсететін, өздігінен жазатын, қашықтықты манометрлер-12 айда бір реттен кем емес;

2) тасымалданатын және стационарлы стандартталған газталдағыштар, газдың жарылысқа дейін шоғырлануының дабыл белгілері-6 айда бір рет, егер дайындаушы зауытпен басқа мерзім белгіленбесе.

306. Бекітілген мөрі немесе таңбасы жоқ, тексеру мерзімі ұзартылған, бүлінген жерлері бар, ажыратқан кезде тілі аспаптың жол берілетін ауытқуының жартысынан асатын шамада шкаланың нөлдік бөлінуіне қайтадан оралмайтын өлшегіш құралдарды қолдануға рұқсат берілмейді.

307. Көрсететін манометрлердің циферблатында немесе корпусында ең жоғарғы жұмыстық қысымына сәйкес келетін шама белгіленеді.

308. Қауіпсіздік, тосқауыл қою автоматикасын және дабыл беру құралдарын орнатудың мәні орнатып реттейтін ұйымның техникалық есебінде көрсетілген өлшемдерге сәйкес келеді.

Газдалғандығының жай-күйін бақылайтын дабыл белгілері жайда жалынның таралуының төменгі шоғырлану шегінен 20 % аспайтын шамада газдың шоғырлануы орын алған кезде іске қосылады.

309. ГТ ТҮ БАЖ қызмет көрсетудің автоматтандырылған аймақтары бойынша ақпарат алудың дұрыстығы мен сенімділігін қамтамасыз етеді.

310. Қорғаныш, тосқауыл қою және дабыл беру құрылғыларының іске қосылуын тексеру, егер дайындаушы зауытпен басқа мерзімдер белгіленбесе, айына бір реттен кем жүргізілмейді.

311. Газдалғандық дабылының белгілерін тексеру бақылау газды қоспалардың көмегімен орындалады.

312. Жобамен көзделген технологиялық қорғаныштары, тосқауыл қою, дабыл беру және бақылау-өлшегіш аспаптары ажыратылған газды жабдықты пайдалануға рұқсат берілмейді.

313. Жөндеуге немесе тексеруге алынған аспаптар пайдалану шарттары бойынша ұқсас аспаптарға ауыстырылады.

314. Өлшеу құралдарына, автоматика құрылғыларына және ГТ ТҮ БАЖ телемеханикасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу газды тарату ұйымының персоналымен немесе осындай жұмыстарды жүргізуге сәйкесінше тәжірибесі бар мамандандырылған ұйыммен келісім-шарт бойынша жүзеге асады.

ГТ ТҮ БАЖ автоматика құрылғылары мен телемеханикасына техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді жүзеге асыратын персонал, аппаратураның, БӨА аспаптарының құрылысы мен жұмысын біледі, оны жөндеуді және ретке келтіруді жүргізе алады, газды жабдықтың құрылысын біледі, сондай-ақ осы Талапты және тұтынушылардың электрқондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талабын білуіне тексеруден өтіп, электр қауіпсіздігі жөніндегі сәйкесінше топқа ие болады.

315. Газдалған жайда автоматтандыру, апатқа қарсы қорғану, тосқауыл қою және дабыл беру жүйелерін реттеу мен жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге рұқсат берілмейді.

316. Газды тарату желілерінде пайдаланылатын электржабдығының құрылысы электрқондырғыларының құрылысының талаптары жауап береді және тұтынушылардың электрқондырғыларын техникалық пайдалану мен техникалық қауіпсіздігінің талаптары және дайындаушы заводтардың нұсқауларын сақтай отырып пайдаланылады.

317. Қалыпты орындалған және жарылыстан қорғалған электржабдығын жөндеуді ұйымдастыру, бұл кезде орындалатын жұмыстардың көлемі мен мерзімділігі сәйкесінше нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келеді.

21 - тарау. Газқұбырларын коррозиядан қорғау құралдары
318. Электрохимиялық қорғау құралдарын пайдалану және жер астының газқұбырларының әлуетін мерзімді бақылау Қазақстан Республикасының өндірістік қауіпсіздік саласындағы заңымен белгіленген тәртіпте аттестациядан өткен мамандандырылған ұйымдармен, қызметтермен, зертханалармен жүргізіледі.

319. Электрохимиялық қорғау құрылғыларын пайдаланушы ұйым, оларға техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді жүргізеді, қорғаныш құрылғыларының, тіреулер (бақылау-өлшеу орындары) және газқұбырының әлуетін өлшеудің басқа да нүктелерінің орналасу орындарының жоспарларына, топырақтардың коррозиялық белсенділігі және кездейсоқ тоқтардың көздері туралы деректерге ие болады, сондай-ақ жыл сайын газқұбырларының коррозиялық жай-күйі мен электрқорғаныш құрылғылары жұмысының тиімділігі туралы талдауды жүргізеді.

320. Кездейсоқ тоқтардың әсеріне қарамастан, коррозиялы белсенділігі жоғары топырақтардағы газқұбырларының электрхимиялық қорғанышы болаттың қарама-қарсы әлуеттерінің маңызын минус 0,85 минус 1,15 В дейін (салыстырудың қаныққан мысты-сульфатты электродқа қатысты) немесе жиынтық әлуетін (қарама-қарсылықты және омды құрамды қамтитын)-құбыр мен жердің арасындағы әлуеттердің минус 0,9 минус 2,5 В дейін әртүрлі болуын (салыстырудың қаныққан мыс-сульфатты электродқа қатысты) қамтамасыз етеді.

Коррозиялық белсенділігі төмен және орташа топырақтарда кездейсоқ тоқтардың қауіпті әсері болғанда катодты қарама-қарсылық газқұбырларында анодты және белгі ауыспалы аймақтардың болмауын қамтамасыз етеді.

321. Электрқорғаныш қондырғыларды пайдаланған кезде оларға техникалық қызмет көрсету жүргізіледі, оған қондырғыларды мерзімді қарап тексеру және олардың жұмысының тиімділігін анықтау жатады.

322. Телеметриялық бақылау құралдарымен жабдықталмаған электрқорғаныш қондырғыларды техникалық қарап тексеру, дренажды қондырғылар үшін-айына төрт реттен кем жүргізілмейді, катодты қондырғыларда-айына екі рет, протекторлы қондырғыларда-6 айда бір рет.

Телеметриялық бақылау құралдары болған кезде техникалық қарап тексерулерді жүргізудің мерзімі телеметриялық бақылау құрылғыларының сенімділігі туралы деректерді ескере отырып пайдаланушы (газды таратушы) ұйымның техникалық басшысымен белгіленеді.

323. Газқұбырының электрхимиялық қорғанышының тиімділігін тексеру қарама-қарсы әлуетті немесе құбыр мен жердің арасындағы әлуеттердің әр түрлілігін жылына екі реттен кем емес (4 айдан кем болмайтын аралықпен), сондай-ақ электрқорғаныш қондырғылардың жұмыс өлшемдері немесе коррозиялық жағдайлар әр өзгерген сайын өлшеу жолымен жүргізіледі.

324. Электрхимиялық қорғаныштың тиімділігін тексеру қорғалатын газқұбырында тірек нүктелерінде жүргізіледі (электрқорғаныш қондырғысын қосатын нүктесі мен оның жасайтын қорғану аймағының шекараларында).

Газқұбырына қосу үшін арнайы бақылау-өлшегіш аспаптары, ғимаратқа кіретін жерлері және газқұбырының өлшемдерді орындау үшін ыңғайлы басқа да элементтері пайдаланылады.

325. ЭХҚ қондырғылары жұмысындағы үзілістердің жиынтық ұзақтығы жылына 14 тәуліктен аспайды.

Істен шыққан қондырғының қызмет ету аймағында газқұбырының қорғаныш әлуеті көршілес қондырғылармен қамтамасыз етілетін жағдайларда (қорғану аймағын қайта жабу), ақауларды жоюдың мерзімі пайдаланушы (қорғаныш құралдары) ұйымның техникалық басшысымен анықталады.

326. Егер техникалық қарап тексеру кезінде, катодты қондырғының жұмыс істемейтіні, ал оның жұмысына телеметриялық бақылау жүзеге асырылмайтыны анықталса, оның жұмысындағы үзіліс 14 тәулікті құрады деп қабылданады (бір техникалық қарап тексеруден басқасына дейін).

327. Электрді оңашалағыш жалғаулардың жарамдылығын тексеру 12 айда бір реттен кем емес.

328. Газқұбырының бұрын қорғанышты қажет етпеген телімдерінде кездейсоқ тоқтардың қауіпті әсерін анықтау үшін әлуеттерді өлшеу 2 жылда бір реттен кем жүргізілмейді, сондай-ақ коррозиялық жағдайлар әр өзгерген сайын елді мекендерде өлшеу нүктелерінің аралығы 200 м көп емес және кент аралық газқұбырларында 500 м ден көп емес.

329. Газқұбырының меншік иесі немесе газды таратушы ұйым жер асты болат газқұбырларының қорғаныш жабындыларын жөндеу жөніндегі шараларды уақытында қолданып отырады.

330. Газқұбырларының оңашалағыш жабындысының жай-күйін аспапты тексеру 5 жылда бір реттен кем жүргізілмейді.

331. Оңашалағыш жабындының жай-күйін тексеру (өтпелі электрлі қарсылық, адгезия) және жабындының астындағы құбыр металының бетін тексеру газқұбырын жөндеу, қайта құру және коррозиялық бүлінген жерлерін жою кезінде немесе оңашалағышы бүлінгенде ашылатын барлық шурфтарда жүргізіледі.

332. Газқұбырларының дәнекерлеп түйістірген жалғауларын, бұралған (жалғанған) жерлерін оңашалау, жабындылардың бүлінген орындарын жөндеу және орындалған жұмыстардың сапасын бақылау Комитеттің аумақтық органымен келісілген, жабындының әр түріне арналған технологиялық нұсқаулар бойынша жүзеге асады.

333. Құбырлардың дәнекерлеп түйістірген жерлері және қорғаныш жабындысының бүлінген орындары газқұбырларын оңашалайтын материалдармен, сондай-ақ қалқалайтын қабаттары бар битумды мастиктермен, полиэтилен негізіндегі термо отырғыштармен, мастикті-таспалы материалдар араласқан муфталармен және белгіленген тәртіпте қолдануға рұқсат берілген басқа да жабындылармен оңашаланады.

Битумды жабындылары бар газқұбырларының түйістірген жерлерін оңашалау үшін жабысқақ таспаларды қолдануға рұқсат берілмейді.

334. Құбырлардың түйістірген жерлерін әртүрлі қорғаныш жабындыларымен оңашалаған кезде белгіленген тәртіпте бекітілген нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес газқұбырларының ұзына бойының жабындысымен үйлесетін орау материалдарын қолданады.

335. Газқұбырының меншік иесі коррозиялы-қауіпті аймақтың пайда болу себептерін анықтайды.

336. Газқұбырының коррозиялы тесіліп бүлінуінің әрбір жағдайы белгіленген тәртіпте комиссиямен тексеріледі, оның құрамына газқұбырларын коррозиядан қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымның өкілі енеді. Комиссия жұмысының күні мен орны туралы газқұбырының меншік иесі Комитеттің аумақтық органын уақытында хабардар етеді.



22 - тарау. Ішкі газқұбырлары және газ пайдаланатын қондырғылар, өндірістік, жылыту - өндірістік және жылыту қазандары
337. Газқұбырлары салынған және газды пайдаланатын қондырғылар мен арматура орнатылған өндірістік жай техникалық қызмет көрсету және жөндеу үшін кіруге ыңғайлы, сондай-ақ жобаға сәйкес болады.

338. Газқұбырлары тіреулер ретінде және жерге қосу үшін пайдаланылмайды.

339. Ішкі газқұбырлары, сондай-ақ газды жабдық (техникалық құрылғылар), егер дайындаушы заводтың құжатында пайдалану ресурсы және оны жөндеу туралы деректер жоқ болса, айына бір реттен кем болмайтындай техникалық қызмет көрсетуден және 12 айда бір реттен кем болмайтындай-ағымдағы жөндеуден өткізіледі.

340. Өндірістік түтін шығаратын құрылғылардың (газағарлар, жиектер және түтін құбырларының) техникалық жай-күйін тексеру оларды жөндегеннен кейін, сондай-ақ маусымдық қондырғыларды жұмысқа қосқанға дейін және тарту күші бұзылған кезде жүргізеді.

341. Газ пайдаланушы қондырғылардың, қазандардың және пештердің газқұбырлары газды жіберу кезінде, өндірістік нұсқаумен көрсетілген анықталған уақыттың ішінде (сынақты), бірақ 10 минуттан кем емес, барлық ауаны итеріп шығарғанға дейін үрленеді. Үрлеудің аяқталуы газқұбырларында оттегінің бар екенін талдаумен анықталады. Оттегінің құрамы 1 % көп болған кезде жанарғы мойындарды тұтатуға рұқсат берілмейді.

Газқұбырларының жобамен анықталған орындарда сынамаларды таңдап алуға арналған ажыратқыш құрылғылары және штуцерлері бар үрлейтін газқұбырлардың жүйесі болады.

Газқұбырларын құбыр желілері мен газ жанатын құрылғылар арқылы үрлеуге рұқсат берілмейді.

342. Оттықтар және газағарлар газды пайдаланатын қондырғыларды, қазандарды іске қосудың алдында желдетіледі.

Желдетудің уақыты есеппен анықталады және нұсқаумен немесе (автоматтандырылған жанарғылар үшін) қосу (тұтату) бағдарламасымен белгіленеді.

343. Газқұбырындағы жанарғы мойынның алдындағы ажыратушы арматура жобамен белгіленген тәртіпте ысырмасының саңылаусыздығы тексеріледі.

Қосылу қуаты 0,4 МВт жоғары жанарғы мойындар негізгі жанарғыда тұтану тәртібіндегі алауды, сондай-ақ газды пайдаланушы қондырғының жұмысының барлық тәртіптерінде алаудың болуын қамтамасыз ететін стационарлы тез тұтанғыш жанарғы мойынмен жабдықталады.

Газды пайдаланушы қондырғылар үшін қорғанышты-тез тұтанғыш құрылғыларға (бұдан әрі-ҚТҚ) газқұбырының бұрандасы СБК дейін жасалады.

Құрастырмасында жағатын жанарғы мойындар көзделген қазандарда, тұтану тәртібінде жанарғы мойында тез тұтанатын алаудың болуы мен бақылауды және қазанның жұмысының барлық тәртіптерінде, тұтану тәртібін қоса алғанда, негізгі жанарғы мойынның алауын сұрыптаулы бақылауды қамтамасыз етілетін ҚТҚ орнатуға тек жағатын жанарғы мойындарда ғана рұқсат беріледі.

344. Жеке жылу қуаты 0,35 жоғары 1,2 МВт дейін жанарғы мойындары бар газды пайдаланатын қондырғылардың газқұбырлары газдың қозғалысы бойынша жүйелілікпен орнатылған екі СБК және жанарғы мойынның алдындағы реттейтін құрылғымен жабдықталады.

Жеке жылу қуаты 1,2 МВт жоғары жанарғы мойындары бар газды пайдаланатын қондырғылардың газқұбырлары газдың қозғалысы бойынша жүйелілікпен орнатылған екі СБК, олардың арасына орнатылған, атмосферамен байланысты, қосудың (тұтату) алдында СБК ысырмаларының саңылаусыз екенін автоматты түрде тексеруді қамтамасыз ететін автоматты ажыратқыш құрылғымен және жанарғы мойынның алдындағы реттейші құрылғымен жабдықталады.

345. Қалған жанарғы мойындардың (топтың) тұтануын қамтамасыз ететін жанарғы мойындардың тобымен жабдықталған газды пайдаланатын қондырғыларда газдың алғашқы қозғалысы бойынша СБК ортақ орнатуға рұқсат беріледі.

346. Газды пайдаланатын қондырғылар келесі жағдайларда газды беруді тоқтататын технологиялық қорғану жүйесімен жарақталады:

1) жанарғы мойынның алауының сөнуі;

2) жанарғы мойынның алдында газ қысымының тұрақты жұмыс аумағының шегінен тыс ауытқуы;

3) ауа қысымының рұқсат берілген шектен төмендеуі (екі өткізгішті жанарғы мойындары үшін);

4) оттықтағы сиретудің азаюы (үрлеу арқылы жұмыс жасайтын оттықтардан басқасы);

5) электр қуатын беруді тоқтату немесе қашықтан және автоматты басқару құрылғылары мен өлшеу құралдарында қысымның жоғалуы.

347. Газды пайдаланатын әрбір қондырғы ҚТҚ алау болмаған кезде газдың берілуіне жол бермейтін тосқауыл құрылғысымен жабдықталады.

Қауіпсіздік автоматикасы оны ажыратқан кезде немесе ақаулар болғанда газды пайдаланатын қондырғыға қолмен басқарылатын тәртіпте газды беруге тосқауыл қояды.

Қауіпсіздік және реттеу автоматикасы газды пайдаланатын жабдықты автоматты тәртіпте пайдаланудың нормативті үдерісін, қызмет көрсетуші персоналды бұл үдеріске араластырмай қамтамасыз етеді.

348. Егер жанарғы мойынды тұтатқан кезде немесе реттеудің барысында алаудың шалқуы немесе сөніп қалуы орын алса, жанарғы мойынға және ҚТҚ газды беру дереу тоқтатылады.

Қайта тұтатуға ақаулардың себебін жойғаннан, оттық пен газағарларды нұсқауда көрсетілген уақыттың ішінде, бірақ 10 минуттан кем емес, желдетуден, сондай-ақ жанарғы мойынның алдындағы ажыратушы арматура ысырмасын саңылаусыздығына тексергеннен кейін кіріседі.

349. Газды пайдаланушы қондырғыларды апатсыз жұмыс жасауы мен ақаулар орын алған жағдайда апатқа қарсы қорғануды қамтамасыз ететін автоматтандыру жүйесімен жабдықтаған кезде, персоналдың тарабынан тұрақты қадағалаусыз пайдалануға рұқсат беріледі.

Газдалғандығы мен жабдықтың ақаулы екені, сонда орнатылған жайдың күзет дабылы белгісінің жай-күйі туралы белгілер диспетчерлік орынға немесе персоналды шараларды қолдануы үшін жіберетін немесе қызмет көрсету келісім-шарты жасалған ұйымға ақпаратты беретін қызметкерлер үнемі болатын жайға енгізіледі.

350. Орнатылған қорғаныш құралдары жабдықтың өндірістік нұсқаумен көзделген жұмысында жол беруге болмайтын ауытқулар пайда болған кезінде газды пайдаланушы қондырғыға газды беруді бірден тоқтатады.

351. Газқұбырларындағы қауіпсіздік тығын арматурасы қондырғыны ажыратқаннан кейін ашық қалпында болады.

352. Газды жабдықты жөндеудің, оттықтарды немесе газағарларды қарап тексерудің және жөндеудің алдында, сондай-ақ маусымдық қызмет ететін қондырғыларды жұмыстан шығару кезінде газды жабдық пен тез тұтанатын құбыр желілері тығын арматурасынан кейін бұқтырмаларды орнату арқылы газқұбырларынан ажыратылады.

Жөндеуге шығарылған қазандардың, пештер мен басқа да агрегаттардың газағарлары шиберлердің немесе жабық қалқалардың көмегімен ортақ ауыздан ажыратылады.

353. Газды пайдаланушы қондырғыларды, сонымен бірге маусымдық қызмет атқаратындарын жұмысқа қосқанға дейін қамтамасыз етіледі:

1) осы Талапқа сәйкес қызмет көрсетуші персоналдың нұсқауды білуін тексеру;

2) газды жабдық пен автоматтандыру жүйелерін ағымдағы жөндеу;

3) газдалған қондырғылар мен қосалқы жабдыққа жоспарлы-алдын алу жөндеуін жүргізу;

4) өндірістік желдеткіш және түтін шығару жүйелерінің жарамдылығын тексеру;

5) қазандардың құрылысы мен қауіпсіз пайдалану жөніндегі нормативті-техникалық құжаттардың талаптарын орындау.

Көрсетілген жұмыстардың орындалғанын растайтын құжаттар болғанда бұқтырмаларды алуға және газды жіберуге рұқсат беріледі.

354. Газды пайдаланатын жабдық орнатылған жай ауадағы көміртектің тотығы мен метанның құрамын бақылайтын жүйемен жабдықталады.

355. Моншалардың булайтын бөлігіндегі тіке беретін жылу генераторлары, жылытатын тас пештер моншаны ашқанға дейін сөндіріледі.

356. Газды тарату мен газды тұтынуда пайдаланылатын газды жабдықтың (техникалық құрылғылардың) құрылысы нормативтік құжаттарда және мемлекеттік стандарттарда қабылданған жұмыстың есептік ресурсының ішінде пайдаланудың сенімділігі мен қауіпсіздігін, сондай-ақ оны жөндеудің немесе жекелеген тораптарын (блоктарды) ауыстыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Газдың жану үдерістерінің қауіпсіздігі мен реттеудің автоматика жүйесі қауіпсіздіктің өлшемдерін автоматты тәртіпте бақылауды қамтамасыз етеді.



Каталог: laws -> law -> nnic
nnic -> Бағдарламасын пайдалану жөніндегі әдістемелік ұсыныстар Кіріспе
nnic -> Қауіпті өндіріс объектілерде техникалық ҚҰрылғылардың, жабдықтардың ЖӘне салулардың Қауіпсіз қанау мезгілі ұзартылуы реті туралы әдістемелік кепілдемелер
nnic -> Жерасты амалымен жұмыстар жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
nnic -> Өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы нормативтік актіні бекіту туралы «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы»
nnic -> Приложение 7
nnic -> Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары 1-тарау. Жалпы талаптар
nnic -> Руда және жалпы таралған пайдалы қазбаларды өңдейтін кәсіпорындардың байыту және ұсақтау-сұрыптау фабрикаларының өнеркәсіптік қауіпсіздік күйін тексеру бойынша әдістемелік нұсқаулықтар
nnic -> Газ және газоконденсат кен орындарын өңдеу кезіндегі әдістемелік нұсқаулар
nnic -> Мұнай базаларын және автомобильдерге жанар-жағармай құю станцияларын пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
nnic -> Кертпештер қиябеттеріндегі тау жыныстарының шөгу процесін бақылау нәтижелері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет