Табиғи газдарды тарату және тұтыну жүйелерінің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары


- тарау. Газдытурбиналы (ГТҚ) және булыгазды (БГҚ) қондырғыларды жобалаған, құрылысы және пайдалану кезінде жарылыс қауіпсіздігінің ерекше талаптары



бет8/10
Дата09.06.2016
өлшемі0.85 Mb.
#125407
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

35 - тарау. Газдытурбиналы (ГТҚ) және булыгазды (БГҚ) қондырғыларды жобалаған, құрылысы және пайдалану кезінде жарылыс қауіпсіздігінің ерекше талаптары
556. ГТҚ және БГҚ газбен жабдықтау жүйелерін, технологиялық бақылау, автоматтандыру, дабыл белгісі, қорғаныш және тосқауыл қою құралдарын жобалаған кезде осы Талаптар, сондай-ақ жылу электр станцияларын пайдаланудың шарттары мен талаптарын ескеретін, олардың өндірістік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, Комитеттің аумақтық органдарымен келісілген және белгіленген тәртіпте бекітілген нормативтік-техникалық құжаттар есепке алынады.

Кешенді жеткізудің мамандандырылған блоктарының тізімі 3-қосымшада келтірілген.

557. Газды турбинаның ажырату арматурасының блогын жасаған кезде арматураны басқарудың ГТҚ немесе БГҚ басқару жүйелерінен жүзеге асырылуын ескереді.

558. ГТҚ және БГҚ газбен жабдықтау жүйесіне енетіндер:

1) ГТС ЖЭС аумағындағы газды дайындау орнына (бұдан әрі-ГДО) дейін жеткізетін газқұбыры (бұдан әрі-ЖГҚ);

2) блоктарды қоса алғанда газды дайындау орны: газдың қысымын ықшамдау, сонымен бірге ГРО, қысымды қалыпқа келтіру торабы (бұдан әрі-ҚҚТ), сығатын компрессорлық станция (ДКС), газдытурбиналы редукциялы станциясы (бұдан әрі-ГТРС), тазарту, кептіру, қыздыру, шығынды өлшеу;

3) ГДО- ГТҚ және БГҚ орналасқан ғимараттар мен құрылыстарға дейінгі сыртқы газқұбырлары;

4) газды турбиналардың арматурасын ажырататын блоктар;

5) ГТҚ және БГҚ ішкі газқұбырлары.

559. ГТС жеткізетін газқұбырында ЖЭС бас корпусынан басқарылатын, электрстанциясының аумағында да, сондай-ақ оның аумағынан тыс ЖЭС қоршауларынан 5 м 20 м дейінгі қашықтықта да орналасатын электржетегі бар ажырату құрылғысы қарастырылады.

560. Жобамен газды турбинаны автономды түрде де, сондай-ақ ГТҚ мен БГҚ құрамына енетін кәдеге жаратушы қазандармен бірге автоматты қосу (тоқтату) қарастырылады.

Жобалаған кезде ГТҚ мен БГҚ құрамында газдыауа жолын тиімді желдетуді қамтамасыз ететін жабдық қарастырылады. Қозғалтқыштың газ турбинасының автоматты бұрылуының алгоритмдерімен жартылай үйлесімді бұрылыстарына дейін ГТҚ мен БГҚ барлық газдыауа жолының тиімді желдетілуі қарастырылады.

Қосу құрылғыларын таңдау және желдетудің қажетті еселігіне дейінгі ұзақтығы газды турбинаның бұрылуының икемді болу талаптарын ескере отырып анықталады.

561. Кәдеге жаратушы қазандардың құрылысында тоқырау аймақтары болмайды.

562. ГТҚ және БГҚ газбен жабдықтау жүйелерінде қолданылатын жанарғы құрылғылары сертификатталады және Комитеттің белгіленген тәртіпте берілген өндірістік қолдануға рұқсаты болады.

563. Газды турбинаның жанарғы құрылғылары мен жану камераларын бақылау құралдарымен жарақтандырудың көлемі ГТҚ жеткізудің техникалық құжаттарымен және осы Талаппен анықталады.

564. Газды ГТҚ мен БГҚ құрамына енетін кәдеге жаратушы қазандардың жанарғы құрылғыларына жеткізу осы Талапқа сәйкес орындалады.

565. Газды турбиналар мен ГТҚ және БГҚ құрамына енетін кәдеге жаратушы қазандардың газдыауа жолын желдету қосқан кезде газды турбина арқылы қосатын құрылғымен оның роторын айналдырған кезде өтетін ауаның жұмсалуы есебінен қамтамасыз етіледі.

Газды турбиналарда қолданылады: тиристорлы қосу құрылғылары, ауа оталдырғыштары, электрлі оталдырғыштар, құбырлы компрессорлы оталдырғыштар.

566. ГТҚ және БГҚ құрамына енетін кәдеге жаратушы қазандардың газдыауа жолын желдету күшпен тартып үрлейтін механизмдермен жүзеге асады.

567. ГТҚ және БГҚ газдыауа жолын желдету үшін газды турбиналарды тоқтатқаннан кейін қосатын құрылғылардың көмегімен жүзеге асатын газды турбинаны суық айналдыру тәртібін пайдаланады.

568. ГТҚ немесе авиациялық және кеме газды турбиналары бар БГҚ құрамына енетін кәдеге жаратушы қазандар мен жылу алмастырғыштар, әдетте, түтін құбырын кәдеге жаратушы қазанның немесе жылу алмастырғыштың үстінен тігінен орналастыру арқылы (мұнаралы құрастыру) орындалады.

569. Кәдеге жаратушы қазандары немесе жылу алмастырғыштары бар ГТҚ мен БГҚ - ның құрамына енетін газды турбиналардың қосу құрылғылары 5 минуттың ішінде түтін құбырына дейін желдетілетін көлемде алты еседен кем болмайтын ауа алмасумен үздіксіз желдетуді қамтамасыз етеді.

Газды турбиналарының қосу құрылғылары бұл шарттардың орындалуын қамтамасыз етпейтін қондырғылар үрлейтін механизмдермен жарақталады.

570. Газды турбиналардың қосу құрылғылары газдыауа жолының ең кең қимасында 0,3 м/с кем болмайтын жылдамдықты қамтамасыз ете отырып түтін құбырына немесе кәдеге жаратушы қазандардың от жағатын кеңістігіне дейін желдетілетін көлемде үш есе ауа алмасумен үздіксіз желдетуді қамтамасыз етеді.

571. Жобалық құжаттамада газды турбинаны автоматты қосу (тоқтату) жүйелері баяндалады. Газды турбиналарды автоматты қосудың бағдарламалары газды турбинаның әрбір жылу күйінен қалыпты және жылдам қосуларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Газды турбиналарды автоматты қосу жүйесі қосудың алдыңғы сатысы толық аяқталғанға дейін келесі сатысының орындалуына жол бермейтін тосқауыл қоюды қамтиды.

Газды турбиналарды автоматты тоқтату жүйесінің бағдарламаларына енетіндер:

1) турбинаны уақыт бойынша берілген өлшемдерінде жүктеу;

2) реттейтін, стопорлы және отын бойынша сақтандырғыш бекіту клапандарын, сондай-ақ турбинаның жану камерасының жалын құбырларына және кәдеге жаратушы қазанның жанарғыларына отын жеткізетін электрлендірілген арматураны жабу;

3) кәдеге жаратушы қазанды қоса алғанда, қондырғының газдыауа жолын желдету;

4) газдыауа жолдарын желдету аяқталғаннан кейін ГТҚ сорып алу және (немесе) шығару жағындағы шиберлерді жабу;

5) үрлейтін газқұбырларындағы тығын құрылғыларын ашу.

572. ГДО жабдығы орналасатын ғимараттар мен жайлар (қалқалар), сондай-ақ газды турбина арматурасының блоктары А тобындағы жарылыс өрт қауіптілігіне, газды турбиналардың орналасқан жайлары (машиналы залдар)-Г тобына жатады. Бұл жайлардың отқа төзімділік дәрежесі III төмен емес.

Желдетудің кеңес берілетін жүйелері 4 қосымшада келтірілген.

573. Автоматика құрылғылары қорек қысымының ауытқуының әсерінен қорғалады. Белгі тораптары индустриалды кедергілердің әсерінен қосымша қорғалады.

574. ГТҚ және БГҚ газбен жабдықтау жүйелері газды турбиналарды жанарғы құрылғылардың алдындағы газдың жобалық қысымымен қамтамасыз етеді.

ГТҚ және БГҚ ГТС газбен жабдықтаудың жоспарлары ЖЭС орналасуы мен магистралды газқұбырына қосылған жердегі газдың қысымына байланысты бірге де (энергетикалық қазандармен), сондай-ақ жеке де қаралады.

575. Газбен жабдықтаудың жоспарын ЖГҚ газдың есептік қысымы есебінен таңдаған кезде маусымдық және тәуліктік ауытқуларды ескере отырып ЖЭС шекарасындағы минималды қысым қабылданады, бірақ 0,3 МПа кем емес.

ЖГҚ газдың есептік қысымының мәніне байланысты, автономды түрде де, сондай-ақ ГТҚ мен БГҚ құрамында да жұмыс істейтін газ турбиналарына газды берудің жоспары сығатын компрессорлармен де және оларсыз орындалуы мүмкін.

576. Сығатын компрессорлар жеке жайға орналасады.

Контейнермен жеткізген кезде оларды бас корпусқа жапсарлас салынған жайларға орналастыруға рұқсат беріледі.

ГТҚ машиналы залында сығатын компрессорларды орналастыруға рұқсат берілмейді.

577. ГТС немесе магистралды газқұбырларынан ЖЭС алаңына дейін жеткізетін газқұбырларын тасымалдайтын газдың қысымына қарамастан, әдетте, жердің астынан салады.

578. Магистралды газқұбырларынан (немесе ГТС) ЖЭС газ беруді, әдетте, резервсіз бір құбыржелісі бойынша қарастырады. Газды турбиналы және булыгазды қондырғыларды базалық тәртібінде пайдаланған кезде ЖЭС магистралды газқұбырларынан газды беру бір ГТС екі құбыржелісі бойынша қарастырылады. ГТҚ және БГҚ жүйесінде сұйық отын шаруашылығы болмаған жағдайда және ГТҚ және БГҚ базалық тәртіптегі жұмыстары ЖЭС газды беру тәуелсіз екі магистралды газқұбырларына қосылған бір ГТС екі құбыржелісі бойынша қарастырылады.

Қалалық және елді мекендердің қоныстанған аймағында қысымы 1,2 МПа асатын газқұбырларын салуға рұқсат берілмейді.

579. ЖЭС аумағында кешенді жалпы станционалды газды дайындау орны (бұдан әрі-ГДО) қарастырылады.

580. Газды тазартудың әр сатысындағы аппараттар 50 % резервпен қарастырылады. Газды тазарту блогына қосылған ЖГҚ ГДО ЖБҚ басқарылатын электржетегі бар тығынды құрылғы қарастырылады.

581. ГРО - дағы газдың қысымын ықшамдаудың технологиялық жобасы көлденеңінен байланысып орындалады және газбен жабдықтау жүйесінің жабдығының сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қосымша қорғаныш құрылғылары (СБК, СТК) болады. Ықшамдау тізбелерінің саны таңдап алынған жабдық пен арматураның өткізгіш қабілетімен анықталады және 50 % резервпен жоспарлауға кеңес беріледі, бірақ екеуден кем болмайды.

582. Сығатын компрессорлық станцияның (СКС) технологиялық жобасы жалпы станциялы да, сондай-ақ блокты да болып табылады.

583. Жалпы станциялық СКС өнімділігі газдың ГТҚ максималды шығынына, ал газды маусыммен жағатын электрстанцияларында газдың жазғы маусымдағы шығыны бойынша есептеледі.

584. Газдың жиынтық шығыны 300 000 м3/с дейін болған кезде бір жалпы станциялық СКС салынады. Газдың шығыны көп болған кезде екі және одан да көп СКС салынады.

Газдың жиынтық шығыны 50000 м3/с дейін болған кезде сығатын компрессорлардың саны екеуден кем болмайтындай етіп алынады, олардың біреуі резервтік. ГТҚ жұмыс тәртібіне байланысты энергия жүйесінде сәйкесінше негіз болған кезде үшінші компрессорды орнатуға рұқсат беріледі (жөндеген жағдайда).

Газдың жиынтық шығыны 50000 жоғары 100000 м3/с дейін және 100000 жоғары 300000 м3/с дейін болған кезде сығатын компрессорлардың саны сәйкесінше үшеуден және төртеуден кем болмайтындай етіп алынады.

Блокты компрессорлық станцияда, газдың шығынына қарамастан, сығатын компрессорлар резервсіз орнатылады.

585. Резервті компрессорды қосу уақыты кезінде газды турбиналардың алдындағы газдың қысымының төмендеуі газды турбинаны дайындаған заводтың нормативтік құжаттарда белгіленген жол берілетін мәнінің шегінде орындалады.

СКС жобасымен газдың газды турбиналарға нөлдік шығыны кезіндегі компрессорлардың жұмысы көзделеді.

СКС газды турбиналардың алдындағы газдың қысымын автоматты реттеу көзделеді.

Сығатын компрессорлар олардың қайта автоматты қосылу мүмкіндігін есепке ала отырып таңдалады және электрқозғалтқыштарының өздігінен қосылу жүйелерімен жарақталады. Өздігінен қосылу жүйелерінің іске қосылу уақыты жол берілетін мәнінің шегінен асатын өлшемдердегі шығу уақытынан аз.

Сығатын компрессорлар подшипниктердің жай-күйін температураның шекті мәнінің дабыл белгісімен бақылаудың және осы өлшемдерден асқанда компрессорларды сөндіретін тосқауыл құрылғыларымен жарақталады.

586. Автономды немесе ГТҚ не БГҚ құрамында жұмыс істейтін газды турбинаға газқұбырының қосатын жерінде газдың жүрісі бойынша екі тығынды құрылғы орнатылады: біріншісі-қол жетегімен, екіншісі-электрлендірілген жетекпен; ашуға арналған сайманы мен тоқты өткізетін тұтқасы бар бөлшекті пісірілген жалғаулар; үрлейтін агентті жеткізуге арналған штуцер; шығынды өлшейтін құрылғы; СБК; ГТҚ газқұбырларының ішкі коррозия өнімдерінің түсуіне жол бермейтін механикалық сүзгі.

Блокты жобада қол жетегі бар тығынды арматура (газдың жолы бойынша бірінші) орнатылмайды.

587. Газқұбырының жолы өткелдер мен жолдардың бойынан, әдетте, жаяу жүргінші жолына қарама-қарсы жағынан өтеді және мүмкіндігінше газқұбырының температуралық пішіні өзгеруін барынша қамтамасыз етеді, бұл үшін оның бұрылатын жерлері 90 ° бұрышпен жасалады.

588. Газқұбырларын ашық қосалқы станциялар мен ГЖ және ЛВЖ қоймаларының аумағында, отқа төзімділігі кез келген дәрежедегі А және Б тобындағы ғимараттардың қабырғалары бойынша, В, Г, Д тобындағы, отқа төзімділігінің дәрежесі III төмен ғимараттардың қабырғалары бойынша транзитті салуға рұқсат берілмейді.

589. ЖЭС шегіндегі сыртқы газқұбыры жер үстінен салынады, оның электрстанциясы алаңының ішіндегі қоршаудан 15 м орналасатын телімі жер үстінен де, жер астынан салынуы мүмкін.

590. Жер үстінің газқұбырлары жанбайтын құрастырмаларды пайдалану арқылы биік және аласа тіректерде, эстакадаларда төселеді.

Газқұбырларын эстакадаларда және басқа да технологиялық құбыр желілеріне, электр кабелдеріне салуға рұқсат беріледі және де газқұбырлары эстакаданың жоғарғы қабатына орналасады.

591. Құбыр желісінің астындағы жердің жолының ені жер астындағы газқұбырында арматуралы немесе басқа тораптың көлденең өлшемі және жер үстінің газқұбырында, жеке тұрған тіректердің немесе эстакаданың арқалығын қоса алғанда, траверстің (ригелдің) ең ұзын бойына тең. Сонымен қатар өрт сөндіру техникасы мен көтеретін көлік құралдарының кедергісіз жылжу мүмкіндігі көзделеді.

592. Газқұбыры конденсаттың оның шығатын орнына ағуын қамтамасыз ететін еңіспен төселеді. Еңіс, егер оның бағыты газдың жүрісі бойынша болса 0,002, егер бағыты қарсы болса-0,003 құрайды.

593. П-тәрізді компенсаторлар арнайы негіз болған кезде автомобиль жолдары мен өткелдердің үстінен орналасады.

594. Жерден аласа тіректерде төселетін құбырлардың астына дейінгі еркін кеңістіктің биіктігі құбырлар тобының ені 1,5 м дейін болғанда 0,35 м кем емес және құбырлар тобы ені 1,5 м және одан да артық болғанда 0,5 кем емес.

595. Таратушы газқұбыры ГТҚ жайларынан тыс жерде орналасады.

Газды турбиналарды ортақ машина залында орналастырған кезде газды турбинаға бірінші жетекке дейін 50 м аспайтын қашықтықта таратушы газқұбырына электрлендірілген тығынды құрылғы орнатылады.

596. Газқұбырларында қосымша тығын құрылғылары жобалық ұйымның қондырғыны газбен жабдықтау жүйесінен ажырату мүмкіндігінің жағдайларын ескере отырып анықтайтын орындарында орналастырылады.

597. Жарық бойынша газқұбырына дейінгі қашықтық тігінен кем емес:

1) жаяу жүргінші жолының бетінен 2,2 м;

2) автомобиль жолының бетінен 4,5 м;

3) рельсті темір жолдың бетінен 5,5 м.

598. Электртербелісінің жоғары вольтты желісімен қиылысатын жер үсті газқұбырының, оған үзілген жағдайда электрсымдарының құлауына жол бермейтін қорғаныш құрылғысы болады. Жанбайтын материалдар мен металды құрастырмаларандан жасалған қорғаныш құрылғысы жерге сенімді қосылған.

Газқұбыры мен оның қорғаныш құрылғысының жерге қосылу қарсылығы 10 Ом артық емес.

599. Үрлейтін газқұбырлары мен шығаратын газқұбырлары қамытының газқұбырларында орнатылған сақтандырушы клапандардан орналасуы:

1) қысымы 1,2 МПа артық болғанда-шығаратын құбыр желісінің радиусынан 20 м орналасқан ғимараттың ең биік нүктесінен жоғарылығы 5 м кем емес, бірақ алаңның (жердің) жоспарлы белгісінің деңгейінен 6 кем емес;

2) қысымы 1,2 МПа кем болғанда-ғимараттың дефлекторынан жоғары тұруы 1 м кем емес немесе көршілес ғимараттың (20 м жақын) жарықты аэрационды шамынан 2 м биік, бірақ жерден 5 м кем емес.

600. Шығаратын құбыр желісі ауа алатын құрылғыға қарама-қарсы ғимарат жақтан орналасады. Қамыттан тармақты желдеткіштің ауа алатын орнына дейінгі қашықтық көлденеңінен 10 м және тігінен 6 м кем емес.

Шығаратын құбыр желісі қамытының құрылысы газдың оның орналасу бетінен төмен таралуы мен оған жауын-шашынның түсуіне жол бермейді.

601. Газды жабдықты және газқұбырларын үрлеу ауамен немесе инертті газбен жоспарланады.

Үрлеу агентін беру үшін жобалық ұйыммен тығынды құрылғылары бар штуцерлер жоспарланады.

602. Газды ГТҚ жеткізетін газды коллекторлар ғимараттардың сыртынан қабырғалары немесе тіректер бойынша жердің деңгейінен 4,5 м кем болмайтын биіктікте салынады және терезе мен есіктің ойықтарын қиып өтпейді.

603. Газқұбырлары мен жылу электрстанциялары ғимараттарының құрылысы арасындағы қашықтық келесілерден кем болмайтындай етіп орындалады:

1) диаметрі 200 мм кем болмайтын құбырлар үшін 150 мм;

2) диаметрі 200 500 мм дейін құбырлар үшін 300 мм;

3) диаметрі 500 мм асатын құбырлар үшін 500 мм.

604. Газқұбырларын қабырғалар арқылы төсеген кезде болат қалыптарға салады. Қалыптың ішкі диаметрі газқұбырының диаметрінен 100 мм артық етіп жасалады. Газқұбыры мен қалыптың арасындағы саңылаулар шайырланған пакламен нығыздалады және битуммен толтырылады.

605. Газқұбырлары газды пайдаланатын қондырғылар орналасқан жайға енгізіледі және қызмет көрсетуге, қарап тексеру мен жөндеуге ыңғайлы орындарға төселеді.

606. Газқұбыры мен электржетектерінің қиылысқан және қатар төсеген орындардағы қашықтығы Қазақстан Республикасының электрқондырғыларын орнатудың Талабына сәйкес алынады.

Газқұбырлары мен ГТҚ және БГҚ құрылыстарынан жоғары вольтты желілерге дейінгі минималды қашықтық 5-қосымшада келтірілген.

607. Тығын арматурасының блоктарын арнайы жайда немесе ЖЭС ғимаратының бас корпусына жапсарлас салынған жайда, қалқаларда (шкафтар) орналастырады.

608. Газды жеткізетін жерде, газды турбинаның жанарғы құрылғыларына дейін орнатылған сүзгілердің газқұбыры коррозияға төзімді болаттан жасалады.

609. Газқұбыры мемлекеттік стандарттың талаптарына сәйкес сары түске боялады.

610. Газды дайындау орны газды өлшенген бөліктерден тазартуды, ықшамдауды, оны қыздыруды, кептіруді және шығынын өлшеуді қамтамасыз етеді.

Осы мақсаттарға арналған техникалық құралдарды заводтан жинақты түрінде жеткізілген блоктар түрінде пайдаланады.

611. Газды дайындауға арналған техникалық құралдар жайларда (қалқаларда), контейнерлерде (блокты жасалған) және ашық ауада орналасады. ГДО орналасу алаңдары қоршалады.

Блокты жасалған кезінде олар ГТҚ ғимаратына жақын жерде орналасады немесе ГТҚ ғимаратына тікелей қосылады. Бұл жағдайда ГДО ГТҚ ғимаратына дейінгі қашықтық нормаланбайды.

612. ЖЭС бас жоспарын жасаған кезде ГДО электрстанциясы алаңының қоршауына және ГДО енгізу орнына мүмкіндігінше жақын орналастырады.

ГДО шегіндегі жайлар (қалқалар) мен құрылыстардың арасындағы қашықтық нормаланбайды.

ЖЭС объектілері мен ГДО ғимаратына дейінгі минималды қашықтық 6-қосымшада келтірілген.

613. Газды қатты бөлшектер мен тамшылы сұйықтан тазартуды, әдетте, сыйымдылығы 10 тәуліктің ішінде толтырудың шартымен анықталатын, бірақ 10 м3 кем емес резервуарға сұйықты автоматты құятыны бар айналымды шаң ұстағыштарда жүзеге асырады.

614. Ықшамдау желілері мен ұзындығы 20 м кем болмайтын газқұбырларын реттегіш клапандардан кейін дірілді, шуды басатын оңашалағышымен жобалайды.

615. ГДО - ның алаңы 60 м2 асатын өндірістік жайларында және басқару жайында негізгі есікке қарама-қарсы орналасқан қосалқы шығатын жері болады. Қосалқы есік ғимараттың сыртына шығады.



36 - тарау. Газбен жабдықтау жүйелерінің құбырларына, арматурасына, жетектеріне және басқа да құрылғыларына қойылатын талаптар
616. ГТқ және БГҚ газбен жабдықтау жүйелерінде қалыпты көміртекті және көміртегілері аз болаттан дайындалған, жіксіз және электрмен дәнекерленген тік жікті болат құбырлар қолданылады.

Болат маркаларының құрамындағы көміртектің көлемі 0,24 %, ал көміртекті және көміртегілері аз болаттар үшін көміртек баламасының көлемі 0,46 % аспайды.

617. Газқұбырлары үшін болаттың маркасы тасымалданатын газдың жұмыстық өлшемдеріне және құрылыс ауданындағы сыртқы ауаның есептік температурасына байланысты таңдалады.

618. Жіксіз және электрмен дәнекерленген болат құбырларды мемлекеттік стандарттар немесе белгіленген тәртіпте бекітілген нормативтік құжаттар бойынша қолданады.

619. Құбырлардың беріктігі құбырдың негізгі металына тең дәнекерленген жалғаулары болады. Дәнекерленген жіктер тығыз болады, кез келген ұзындықтағы және тереңдіктегі толық дәнекерленбеген немесе жарылған жерлердің болуына рұқсат берілмейді.

620. Газқұбырлары үшін соғылу жабысқақтығының мәні: қабырғасының қалыңдығы 6-10 мм дейін болған кезде құбырлардың негізгі металы үшін- 29,4 Дж/см2 төмен емес, құбырлардың дәнекерленген жалғауы үшін- 24,5 Дж/см2 төмен емес, қабырғасының қалыңдығы 10 жоғары 15 мм дейін болған кезде қоса алғанда-сәйкесінше 39,2 Дж/см2 және 29,4 Дж/см2 төмен емес.

Менаже үлгілеріндегі соғылу жабысқақтығын минус 40°С температурада анықтайды.

Газқұбырларының беріктігінің есебі белгіленген тәртіпте бекітілген әдіс бойынша жүргізіледі.

621. Қысым 4,0 МПа дейін болғанда құбыржелілерінің бөліктерін, блоктарды, құралатын бірліктерін және газқұбырларына арналған ілгектерді жылу электрстанцияларының құбыржелілеріне арналған белгіленген тәртіпте бекітілген нормативтік - техникалық құжаттамаға сәйкес қолданады.

Қысымы 4,0 МПа асатын газқұбырлары үшін белгіленген тәртіпте бекітілген және магистралды газқұбырларына арналған құрылыс нормаларында және талаптарында көрсетілгеннен төмен болмайтын талаптарды мазмұндайтын нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес 6,3 МПа кем болмайтын қысымға есептелген көміртекті болаттардан жасалған бөліктер мен құрастырма бірліктерді қолданады.

622. Газқұбырлары құрылысының жұмыстарын жүргізудің жобаларында дәнекерленген жалғауларды 100 % көлемде бұзбайтын бақылау жөніндегі талаптар мазмұндалады.

623. Газқұбырының температуралық пішіні өзгеруінің орнын толтыру үшін оның жолын бұрулары мен иіулердің есебінен өздігінен орнын толтыруды пайдаланады немесе П-тәрізді орнын толтырғыштарды орнату көзделеді.

624. Газқұбырында саңылаусыздығы бойынша «А» тобынан төмен болмайтын дәнекерлеген болат арматураны қолданады.

625. Үдерісті басқаруды автоматтандырудың мақсаттарында газбен жабдықтау жүйесінде тығынды арматура қашықтан басқарылатын жетектермен қолданылады.

Электржетегі бар тығынды арматура сондай-ақ қолмен де басқарылады.

626. СБК электрмагнитін тұрақты немесе ауыспалы тоқта қоректендіру техникалы-экономикалық негіздеуде ескере отырып таңдалады.

Тұрақты тоқта қоректендіру аккумуляторлы батареялардың шиналарынан немесе басқару жүйесін тізбелердің жарамдылығын үздіксіз бақылайтын басқару құрылғысымен жабдықтаған жағдайда алдын ала қоректендірілген конденсаторлардың батареяларынан жүзеге асырылады.

Ауыспалы тоқта қоректендіру үздіксіз қоректендіру блогын орнатқан жағдайда тәуелсіз екі көздерден жүзеге асырылады.

СБК - ның жабылу уақыты 1 с аспайды.
37 - тарау. Электрмен жабдықтау, электржабдығы, жерге қосу,

найзағайдан қорғау және жылыту
627. ГТҚ мен БГҚ газбен жабдықтау жүйелерінің жабдығы орналасқан жайларды ҚР ҚНмЕ 4.04-06-2002 сай В-1 а тобының аймағындағы жарылыс қаупіне, сыртқы қондырғылардың кеңістігін-В-1 г тобына жатқызады.

Жарылыс қауіпіндегі аймақтарға сондай-ақ тығынды арматура мен құбыржелілерінің бөлшекті пісірілген жалғауларынан тігінен және көлденеңі бойынша 3 м шегіндегі кеңістікті де жатқызады.

628. Жарылыс қауіпіндегі аймақтарда қабығының қорғаныш дәрежесі 1Р54 (ҚР ҚНмЕ 4.04-06-2002) төмен болмайтын «жарылысқа қарсы тұру қабілеті жоғары» электр машиналары, аппараттар мен аспаптар орнатылады.

Жарылыс қаупіндегі аймақтарда орналасқан құрастыру крандары мен талдардың электржабдығының қабығының қорғаныш дәрежесі В-1 а аймағы үшін 1Р33 және В-1 г аймағы үшін 1Р44-төмен емес.

629. В-1а және В-1г аймақтарында орнатылатын стационарлы шамдар «жарылысқа қарсы тұру қабілеті жоғары» болып жасалады, В-1а аймағындағы тасымалданатын шамдар жарылысқа қауіпсіз болып табылады, В-1г аймағында - «жарылысқа қарсы тұру қабілеті жоғары».

630. В-1а жарылыс қауіпіндегі аймақтарда өзегі мыс сымдар және кабелдерді қолданады, В-1г жарылыс қауіпіндегі аймақтарда өзегі алюминий сымдар және кабелдерді қолдануға рұқсат беріледі.

В-1г жарылыс қауіпіндегі аймақтарда шиналы өткізгіштерді қолдануға қатаң тыйым салынады, В-1а жарылыс қауіпіндегі аймақтарда, қорғаныш дәрежесі 1Р31 кем болмайтын қоғанышты металды қабықтарда тартылған мыс оңашаланған шиналы өткізгіштер қолданылады.

631. Ауыспалы және тұрақты тоқ қондырғыларының электржабдығын нөлге теңеу немесе жерге қосу Қазақстан Республикасының электр қондырғыларын орнату Талабына сәйкес орындалады.

632. ГДО тұрақты электрленуден қорғау және найзағайдан қорғау құрылғысы ғимараттар мен құрылыстарды найзағайдан қорғау құрылғысы жөніндегі белгіленген тәртіпте бекітілген нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сәйкес орындалады.

633. ГДО алаңы сыртқы электр жарығына ие. Шамдарды не арнайы көзделген тіректерде, не найзағай қабылдағыштың тіректерінде орналастырады. Жарықтандыруды басқару ғимаратта немесе ГДО қалқалардың (контейнерлер) бірінде орналасқан тарату қалқанынан қолмен жүзеге асады.

634. Жарылыс қауіпті жайлар мен сыртқы қондырғыларда орнатылатын электрлі бақылау-өлшегіш және автоматты аспаптар нормативтік талаптарға сәйкес келеді.

635. Газбен жабдықтау ғимараттары мен құрылыстарының жайларының, сондай-ақ табиғи газда жұмыс істейтін ГТҚ және БГҚ бас корпусының жылыту және желдету жүйелерін құрылыс нормалары мен талаптарына, Қазақстан Республикасының электр қондырғыларын орнату Талаптарының және осы Талапқа сәйкес жобалайды.

Газды жабдық орналасатын өндірістік жайдың ауасының температурасы қызмет көрсетуші персоналдың болуы уақытын және жылдың суық мезгілінде минималды мәнінен кем болмауын, жылдың жылы мезгілінде-дайындаушы заводтың берген жабдық құжатында көрсетілген максималды мәнінен артық болмауын қамтамасыз етуді ескере отырып климаттық жағдайлардан таңдалады.

636. А тобындағы өндірістік жайлар үшін тармақты желдетумен бірлескен ауалы жылыту көзделеді. Жылу сақтағышының температурасы 110°С артық болмайтын сумен жылыту жүйелерін және беті тегіс жылыту аспаптарын қолдануға рұқсат беріледі. Электрлі жылытуды В-1а тобындағы жайларға қойылатын талаптарға сәйкес жарылыстан қорғалып жасалған электр аспаптарымен бірге жобалауға рұқсат беріледі.

637. Жайларды рұқсат берілген температурада қамтамасыз ететін жылыту жүйелерін есептеген кезде қоршайтын құрастырмалар арқылы жылудың жоғалуы мен табиғи түрде әрекет ететін желдетуді жобалаған кездегі құйылған ауаның қызуына жылудың шығын болуын ескереді. Жылыту жүйелерінің құбыржелілерін төсеу ашық қалпында жүргізіледі, құбыржелілерінің барлық жалғаулары дәнекерленіп жасалады, арматура жарылыс қауіпті аймақтан әкетіледі.

638. ГДО жайларында сағатына үш еседен кем болмайтын ауа алмасуды қамтамасыз ететін ортақ алмасу желдеткішін қарастырады. Механикалы қосылатын желдету жүйесі немесе желдетудің аралас жүйелері табиғи желдету ауаның есептік өлшемдерін қамтамасыз етпеген кезде жобаланады.

639. Газды турбиналар орналасқан бас корпустың жайларында желдетудің қабылданған жобасына байланысты жалпы алмасудың механикалық немесе табиғи тармақты-сорғыш желдету қарастырылады, бірақ бұларда әр энергетикалық блоктың шегіндегі ауаның бір сағатта алмасуы үш реттен кем болмауы керек. Ауа алмасуды ұйымдастырудың қабылданған жүйесі алаңдар мен жайлардың шегінде тоқырау аймақтарының пайда болуына жол бермейді.

Көрсетілген еселігі бойынша ауаның алмасуын анықтау кезінде жайдың немесе аймақтың көлемін есептегенде келесі биіктіктер қабылданады:

1) нақты, жайдың немесе аймақтың биіктігі 4 м 6 м дейін болса;

2) 6 м, егер жайдың немесе аймақтың биіктігі 6 м артық болса;

3) 4 м, жайдың немесе аймақтың биіктігі 4 м кем болса.

Алаңдар болған кезде олардың ауданын еденнің ауданы ретінде алады.

640. Жанатын газ көп мөлшерде шығуы (кіруі) мүмкін жайлар үшін авариялық желдетуді есептеген кезде, өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ауаның шығыны жобаның технологиялық бөлігінде анықталады. Апаттық желдетуді механикалық қосылатындай етіп жобалайды. Апаттық желдетудің жүйелері жайларда орнатылған газдыталдағыштар жалынның таралуының төменгі шоғырлану шегі 10 % асқан кезде автоматты түрде іске қосылады.

641. ГТҚ және БГҚ жобаларында ішкі станциялық газды шаруашылықты қоса алғандағы, жалпы ұйымдасқан немесе ұйымдаспаған шығаруларды ескере отырып, ЖЭС жабдықтарын пайдаланған кезінде шығарылатын зиянды заттардың (шығарулардың) шоғырлануының қоршаған ортаға тигізетін әсерін бағалау анықталады.

642. Қосымша редукциялық және сақтандырғыш клапандардан, компрессорлар мен басқа да шуыл көздерінен қоршаған ортаға шулы әсер анықталады.

ГТҚ бар ЖЭС қоршаған ортаға шулы әсер етудің белгіленген тәртіпте бекітілген нормативтік құжаттарға сәйкес шектеріндегі деңгейін қамтамасыз етудің мақсаттарында шудан қорғану (шуды тұншықтырғыштар, шуға қарсы оңашалау) көзделеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет