Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың болуын негiздейтiн материалдарды ұсыну, оларды оқшауландыру және жою жөнiндегi iс-шаралар, материалдық-техникалық есептеулер, қаржы және адамзат ресурстары ережесiн бекiту туралы



Дата01.07.2016
өлшемі48.46 Kb.
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың болуын негiздейтiн материалдарды ұсыну, оларды оқшауландыру және жою жөнiндегi iс-шаралар, материалдық-техникалық есептеулер, қаржы және адамзат ресурстары ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi 2009 жылғы 30 қыркүйектегi N 226 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2009 жылғы 28 қазанда Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiне N 5833 болып енгiзiлдi


"Заң газетi" 2009 жылғы 15 желтоқсан, № 191 (1614); "Юридическая газета" газетi 2009 жылғы 15 желтоқсан, № 191 (1787)


      2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220 қаулысымен бекiтiлген Бюджеттiң атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережелерiне сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың болуын негiздейтiн материалдарды ұсыну, оларды оқшауландыру және жою жөнiндегi iс-шаралар, материалдық-техникалық есептеулер, қаржы және адамзат ресурстары ережесi бекiтiлсiн.
      2. "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу туралы өтiнiш беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 3 наурыздағы N 139 бұйрығының (нормативтiк құқықтық актiлер мемлекеттiк тiзiлiмiнде тiркелген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2003 жылғы 1 сәуiрде, тiркеу N 2224, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлер Бюллетенiнде жарияланған, 2003 ж., N 23-24, 852-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Төтенше жағдайлардың алдын алу департаментi осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және заңнамада белгiленген тәртiппен бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсiн.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрi В.В. Петровқа жүктелсiн.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министр                                           В. Божко

Қазақстан Республикасы    
Төтенше жағдайлар министрiнiң
2009 жылғы 30 қыркүйектегi 
N 226 бұйрығымен      
бекiтiлген         

Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың болғанын негiздейтiн материалдарды ұсыну, оларды оқшауландыру және тарату жөнiндегi iс-шаралар, материалдық-техникалық есептеулер, қаржы және адамзат ресурстары ережесi
 

      1. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың болуын негiздейтiн материалдарды ұсыну, оларды оқшауландыру және жою жөнiндегi iс-шаралар, материалдық-техникалық есептеулер, қаржы және адамзат ресурстары ережесi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220 қаулысымен бекiтiлген Бюджеттiң атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесiне сәйкес әзiрленген.


      2. Қазақстан Республикасының аумағында табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен ақша бөлу туралы өтiнiш берудi төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган қарайды. Бұл ретте, пайда болған табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдай өңiрлiк немесе ғаламдық ауқым алуға тиiс.
      3. Жергiлiктi ауқымдағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда тиiстi жергiлiктi атқарушы органның резервiнен ақша бөлу туралы өтiнiштi облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) төтенше жағдайлар жөнiндегi уәкiлеттi орган немесе аудандық (қалалық) қаржы бөлiмi қарайды.
      4. Өтiнiште төтенше жағдай аймағы, қайтыс болған және зардап шеккен адамдардың саны, материалдық зиянның көлемi, төтенше жағдайды жоюға жергiлiктi атқарушы органнан, ұйымдар мен басқа да көздерден бөлiнген және шығындалған қаражат көлемi туралы мәлiметтер көрсетiлуi тиiс.
      5. Өтiнiшке табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың болуын негiздейтiн материалдардың мынадай тiзбесi қоса берiледi:
      1) облыстың (республикалық маңызы бар қала, астана) аудандық (қалалық) әкiмнiң немесе төтенше жағдайлар жөнiндегi комиссиясы мүшелерiнiң және мүдделi мемлекеттiк органдары өкiлдерiнiң қатысуымен зардап шеккен объектiлердi және тұрғын халықты тексеру туралы төтенше жағдайлар комиссиясы төрағасының шешiмi;
      2) комиссия мүшелерi қол қойған және мөр басқан төтенше жағдай пайда болған аумақты тексеру актiсi (болған төтенше жағдайлар, төтенше жағдай аймағының көлемi, ғимараттар мен құрылыстардың зақымдалу және бұзылу сипаты мен деңгейi, зардап шеккендердiң саны, келтiрiлген зиянның мөлшерi, төтенше жағдайды жою шаралары туралы негiзгi мәлiметтер көрсетiледi);
      3) Өтiнiштерде өтiнiш жасаушының көрсетiлген сұрау сомасына шығындардың сметалық жиынтық есебiмен (бiрiншi кезектегi жұмыстар түрлерi бойынша, материалдық-техникалық, қаржы және адамзат ресурстары есептерiнiң толық сомаларын ашумен) төтенше жағдайларды жою бойынша шұғыл жұмыстарға Комиссия мүшелерiмен және облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) Әкiмiнiң, аудан (қала) әкiмiнiң қаржы-экономикалық қызмет бастығымен қол қойылған жобалау-сметалық құжаттамалар;
      Жобалау-сметалық құжаттамаларға жойылған тауарлы-материалдық құндылықтардың құны кiрмейдi;
      4) бiрiншi кезектегi жұмыстарды жүргiзу үшiн жергiлiктi бюджетте көзделген қаражаттың болмауы туралы облыс (республикалық маңызы бар қала, астана), аудан Әкiмi немесе оның мiндетiн атқарушы тұлға, сондай-ақ облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) Әкiмiнiң, аудан (қала) әкiмi қаржы-экономикалық қызмет бастығы қол қойған негiздеме-анықтама;
      5) республикалық немесе жергiлiктi бюджеттен бұрын бөлiнген қаражаттар туралы мәлiметтер;
      6) бұзылған объектiлердi салу мен күрделi жөндеу үшiн төтенше резервтен қаражат бөлiну қажеттiлiгi кезiнде құжаттармен қоса құрылыс салу бойынша уәкiлеттi органның оң қорытындысы берiлуi тиiс;
      7) зардап шеккен ғимараттардың, құрылыстардың, азаматтар мүлкiнiң сақтандырылуы туралы және сақтандыруды өтеу туралы мәлiметтер көрсетiлген анықтама, егер ондайлар болса;
      8) бiржолғы көмек алу мақсатында төтенше жағдайдан зардап шеккен азаматтардың облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) аудандық (қалалық) Әкiмiне жазған арыздары негiзiнде жасалған азаматтардың тiзiмi;
      9) болған төтенше жағдайдың, келтiрiлген зиянның және басқа да салдардың ауқымын растайтын басшы немесе оның мiндетiн атқарушымен қол қойылған және мөрмен басылған мүдделi мемлекеттiк органдардың анықтама-қорытындысы;
      10) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу негiздемесi (жұмыстар түрлерiмен, сұралатын сомалар мен толық түсiндiрмесiмен);
      11) төтенше жағдайлардың нақты жағдайлар кезiнде төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық уәкiлеттi органы облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) Әкiмiнен төтенше жағдайлар министрлiгi аумақтық органдары аудан (қала) әкiмдiгiнен сұралатын басқа да қажеттi қосымша құжаттар.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Төтенше жағдайлар министрiнiң 2011.05.05 N 184 (ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.
      6. Төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган (аумақтық орган) түскен өтiнiш беруi оның түскен күнiнен бастап 5 жұмыс күн iшiнде қарастырады. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың болуын негiздейтiн материалдар тiзбесiнде көрсетiлген мәлiметтерi жоқ өтiнiш қараусыз қайтарылады.
      7. Төтенше жағдайларды оқшауландыру және жою жөнiндегi iс-шаралар Қазақстан Республикасының "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы", "Қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiк туралы", "Азаматтық қорғаныс туралы", "Өрт қауiпсiздiгi туралы" заңдарымен және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 28 тамыздағы N 1298 қаулысымен бекiтiлген Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюдың мемлекеттiк жүйесi туралы ережесiмен айқындалады.
Каталог: npakz -> prmin -> doc
doc -> Мемлекеттiк материалдық резервтен материалдық құндылықтарды (жаңарту және броньнан шығару тәртiбiмен) шығару жөнiндегi тендерлердi дайындау және өткiзу ережесiн бекiту туралы
doc -> Химиялық өнiмдердi түрлi көлiк түрлерiнде тасымалдау үшiн орауларды қолдануға қойылатын талаптарды бекiту туралы
doc -> Сараптау ұйымдары үшiн мамандардың арнайы оқыту курстарынан өту шарттары мен тәртiбiн бекiту туралы
doc -> Қалалар мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн санаттау дәрежесiне байланысты азаматтық қорғаныстың инженерлiк-техникалық iс-шараларының көлемi мен мазмұны жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы
doc -> "Азаматтық қорғаныстың құрылымдарын құру және оларды материалдық-техникалық құралдармен жабдықтаудың (тiзiмдеудiң) шамамен алынған нормалары туралы" Нұсқаулықты бекiту туралы
doc -> Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлiгiнiң Көкшетау техникалық институты
doc -> 2012 жылғы 16. 03. №113 бұйрығы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Құрмет грамотасы
doc -> Қазақстан Республикасы мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында қызмет
doc -> Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi Нұсқаулықты
doc -> Төтенше жағдайлардың қаупi, туындауы немесе жоюы кезiнде ақпаратты беру жөнiндегi Нұсқауды бекiту туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет