Ақуыздың мөлшерін анықтау.
Мына формуламен есептейді:
x=100-(
Нан және нан өнімдерінің химиялық құрамын анықтау.
2.1 Ылғалдықты анықтау.
Әдістің маңызы өнім өлшендісін белгілі бір температурада анықталған уақытта кептіруге негізделген.
Бюксті қақпағымен бірге 20 минут 130°С-де кептіргіш шкафта кептіріп, кейін эксикаторда суытады.
Нан өнімдерінен ұсақталған жұмсағын бөліп алып, пышақпен немесе үккішпен ұсақтайды. 5 г өлшендісі бар массаны бюкске салып, қақпағымен бірге өлшейді және кептіргіш шкафта 130°С-де 45 минут кептіреді. Кептіргеннен кейін бюкстің қақпағын жауып, эксикаторда 20-30 минут салқынатады. Салқындатқаннан кейін өлшейді.
Ылғалдың мөлшерін мына формуламен өлшейді:
Мұндағы: – ылғал мөлшері, %;
m1- кептіргенге дейінгі бюкс массасы,г;
m2- кептіргеннен кейінгі бюкс массасы, г;
m- бюкс массасы, г.
2.2. Қышқылдықты анықтау.
Нанның қышқылдығы қамырдың ашуына байланысты. Бұл уақытта негізінен сүт және аз мөлшердегі сірке, пропион қышқылы жиналады. Нан үшін қышқылдық нормасы 1-ші сорт ұны үшін 3-5°, 2-ші сорт ұны үшін 4-5°, қара нан үшін 7-10°С. Өнімнен жұмсақ бөлігін кесіп алады және дұрыстап ұсақтайды. 25 г жұмсағын 20 мл колбаға салады. 250 мл колбаға листилденген суды белгіге дейін құйып, дистилденген судың ¼ бөлігін наны бар колбаға құяды, нанды шыны таяқшамен біркелкі массаны алғанша езеді. Алынған қоспаға қалған суды қосады. Колбаны жауып, 3 минут сілкейді. Кейін қоспаны тұндырып, қалған сұйықтықты стаканға сүзгіден немесе дәкеден өткізіп құйып алады. Стаканнан 50 мл ерітіндіні алып, 100-150 көлемдегі 2 колбаға құйып алады және 0,1 н натр ерітіндісі мен 2-3 тамшы фенолфталеинмен ал-қызыл түс пайда болғанша титрлейді, ол түс 1 минут аралығында тұруы қажет.
Қышқылдылығын мына формуламен есептейді:
Мұнда:
V- титрлеуге кеткен 0,1 н натр ерітіндісінің көлемі;
10-0,1 н натр ерітіндісін 1 н ерітіндіге келтіру;
4-100 г өлшеніге келтірілген коэффициент;
m- өнім өлшендісінің массасы;
250- дистилденген судың мөлшері;
50- титрлеуге алынған зерттелетін ерітіндінің көлемі.
Достарыңызбен бөлісу: |