Тағы да бір-біріңе деген жұмсақтық пен ізгілік, уа, Сүннеттің жақтаушылары! Шейх ‘Абдуль-Мухсин әл-‘Аббад әл-Бадр



жүктеу 0.67 Mb.
бет1/3
Дата23.02.2016
өлшемі0.67 Mb.
  1   2   3


«әд-да’уату-ссаляфия»

сериясынан

19-бөлім



Тағы да

бір-біріңе деген жұмсақтық

пен ізгілік,

уа, Сүннеттің жақтаушылары!

Шейх ‘Абдуль-Мухсин әл-‘Аббад әл-Бадр

Бірінші басылым

Орыс тіліне араб тілінен аударған және түсіндірмелер берген



Қазақ тіліне сайт басшылығының мақұлдауымен орыс тілінен аударылған



Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Аллаһтың атымен

Редакцияның кіріспесі

Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мадақ! Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасы мүшелеріне және барлық сахабаларына Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын!

Ал содан соң:

Мәдина қаласының мухаддис шейхы - ‘Абдуль-Мухсин әл-‘Аббад әл-Бадрдың осы мақаласы оның осыдан он жыл бұрын алғаш рет жарияланған «Бір-біріңе деген жұмсақтық пен ізгілік, уа, Сүннеттің жақтаушылары» («Рифқан аһль әс-Сунна би аһль әс-Сунна») атты жолдауының өздігінше бір жалғасындай. Онда шейх әл-‘Аббад Сүннетті жақтаушылардың арасында бір-біріне қатысты орын алып жатқан бүлікпен және қастасумен байланысты маңызды мәселелер туралы айтқан болатын. Мысалы, қатынасты үзу және діннің негіздеріне жатпайтын немесе аһлю-Суннаның арасында орынды болып табылатын келіспеушіліктердегі мәселелерде бір-бірінен сақтандыру. Немесе өздерін саләфия қатарына жатқызатын жастардың өздерімен келіспейтіндерді бидғаттарда және қисынсыз басқа да адасушылықтарда айыптаулары. Қателікке жол берген кез келген Сүннеттің жақтаушысы Сүннеттен шығатыны және бидғаттың жақтаушысына айналып кететіні туралы. Сүннетті жақтаушыларға негізсіз сенімсіздік (джарх)1 таныту т.б. туралы.



Сүннетті жақтаушыларды (аһлю-Суннаны) негізсіз сенімсіз ету (джарх жасау) т.с.с. әрекеттер туралы

Аһлю-Суннадан болған кейбір шейхтардың шейх әл-‘Аббадтың «Рифқан аһль әс-Сунна би аһль әс-Сунна» атты жолдауынан сақтандырып, аһлю-Суннаға қатысы жоқ, бірақ өздерін оған жатқызатын кейбір ағымдар бұл еңбекпенен бүркенетініндерінен қауіптеніп, наразы болғандарына қарамастан, көптеген ғалымдар бұл еңбекті мақтаған және оқуды насихат еткен.

Бұл еңбекті мақтағандардың қатарында шейх ‘Абдуль-‘Азиз Әли Шейх, шейх Салих әл-Фаузан, шейх Салих әс-Сухайми т.б. бар. Ал шейх ‘Абду-Ссалям ибн Барджис өзінің: «Сенімдердегі, амалдардағы және адамдар туралы тұжырымдаудағы артық кетудің (ғулюудың) таралуы» атты жолдауында былай деген: «Ақиқатында, біз өз заманымызда өздерін саләфияның қатарына жатқызатын, адамдарды бидғатта айыптауда шектен шыққан кейбір адамдармен сыналдық. Бидғатшылықта айыптау және өздерімен келіспейтіндердегі негіз, олардың шынайы жағдайын анықтап алмайларынша – адасушылық деп есептеу бүкіл қауымға жалпылама түрде жайылуға дейін жетті. Мұндай адамдар - шариғи білімге қатысты надандар және олар ғалымдардың бидғаттар мен бидғатшылар туралы айтқан сөздерін түсінуде де надандар болып табылады. Ал мұндай адамдардың шығарған тұжырымдарынан пайда жоқ, одан қалса, бұл – салмағы жоқ шаң ғана. Шындығында, атақты ғалым ‘Абдуль-Мухсин әл-‘Аббад өзінің «Рифқан аһль әс-Сунна би аһль әс-Сунна» кітабында осындай адамдарға жолданған және олардың манхаджынан сақтандыратын насихатында табысқа жетті. Аллаһ Тағаладан бізді құтқаруын және кез келген шектен шығушылықтан сақтауын сұраймыз!» Қз.: “Мазахир әл-ғулюу филь-и’тиқад уәл-‘амал уәл-хукм ‘аля-ннас” 3.

Ал шейх әл-‘Аббад жақында ғана жазған осы қосымшаға келер болсақ, бұл жолдаудың біздің кезіміздегі маңыздылығы мен орындылығы жайлы, ол шыққаннан екі күн өткен соң, шейх Салих әс-Сухайми де айтқан болатын. Ол былай деген: “Осыдан екі күн бұрын біздің шейхымыз ‘Абдуль-Мухсин әл-‘Аббад әл-Бадрдің «Тағы да бір-біріңе деген жұмсақтық пен ізгілік, уа, Сүннеттің жақтаушылары!» деп аталатын жаңа мақаласы жарық көрді. Бұл мақала ең бірінші кезекте білім алып жүрген студенттерге пайдалы болуы керек. Бұл - насихаттарына ілесу қажетті болған ұлы мақала”. Тыңдаңыз “Шарх хадис: Итақу-Ллаһ хайсума қунт” 18/01/1432.

Бірақ оқырманның дұрыс түсінуі үшін, оған: «Шейх әл-‘Аббадтың бұл мақаласы Исламның ережелеріне қайшы келетін қателіктерді, тіпті олар Сүннеттің ең білгір және ең жақсы жақтаушылары тарапынан орын алған болса да, талқылауға немесе қателесетіндердің қателіктерін теріске шығаруға болмайды дегенді білдірмейді», - деп түсіндіру қажет. Жоқ! Ақиқатында, теріске шығару, қателіктерді нұсқау және сақтандыру – мұның барлығы шариғат тарапынан дінді қорғау үшін талап етіледі және жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтару дағуатының ажырамас бөлігі болып табылады. Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деп айтатын: «Пайғамбарлар, Аллаһтың оларға сәлемі болсын, салмақты қателіктер жасаудан қорғалған еді, ғалымдар мен әмірлерден айрықша. Ақиқатында, олар (ғалымдар мен әмірлер) бұдан қорғалмаған. Сондықтан соңынан ілесуге тиісті ақиқатты, тіпті ғалымдар мен әмірлердің қателіктерін көрсетуге тұра келсе де, ашып көрсету рұқсат етіледі, оған қоса міндетті (уәжіп) болып табылады»». Қз.: “Маджму’уль-фатауа” 19/123

Хафиз Ибн Раджаб былай деген: “Аллаһқа, Оның Кітабына және Елшісіне деген ықыластық (насыха) танытуға Құран және Сүннеттің көмегімен адасушылықтарды әшкерелеп жатқан ғалымдардың істеп жатқандары да жатады. Әрі бұған ғалымдардың әлсіз пікірлерін әшкерелеу де жатады. Қз.: “Джами’уль-‘улюми уәл-хикам” 96.

Шейх ‘Абдур-Рахман ибн Хасан былай деп айтатын: “Құран мен Сүннетке қайшы келетінді теріске шығару міндетті болып табылады, бұл жөнінде Ибн ‘Аббас, әш-Шафи’и, Малик және Ахмад айтқандарындай. Бұл мәселеде олар бірауыздан келіскен!” Қз.: “Фатх әл-Маджид” 344.

Бірақ қателіктерге нұсқап, оларды теріске шығару мен Сүннеттің және саләфияның жақтаушыларын бидғаттарда айыптау, орынсыз немесе ақылға қонымсыз нәрселерге және шариғи белгілер мен ережелерден алыс нәрселерге негізделген сенімсіздендіру (джарх) - бір емес екендігіне еш күмән жоқ. Ал аһлю-Сунна имамы Ахмад ибн Ханбаль былай дейтін: “Адамдарды Сүннеттен шығару – салмақты нәрсе!» әл-Халляль “әс-Сунна” 2/373.

Шейх әл-‘Аббадтың осы мақаласын дұрыс түсіну үшін, оның «Рифқан аһль әс-Сунна би аһль әс-Сунна» мақаласы жайында, бірінші басылымынан бірнеше уақыт өткеннен кейін, оның өзінің айтқан сөздерін келтіруге болады. Оған: «Кейбір жастардың арасында шейх ‘Абдуль-Мухсин әл-‘Аббад шейх ‘Абдуль-Малик Рамаданидің «Мадарик ән-назар фи-ссияса»2 атты кітабына пікір жазудан бас тартты, ал оның «Рифқан аһль әс-Сунна би аһль әс-Сунна» деген кітабы осының дәлелі болып табылады деген сыбыстар таралып жүр. Бұл сөздерді қалайша жоққа шығаруға болады, Аллаһ сізге есендік берсін?» - деген сұрақ қойылды.

Шейх әл-‘Аббад былай деп жауап берді: “Біріншіден, «Мадарик ән-назар» кітабын мен екі рет оқыдым. Мен бұл кітапты толық оқығаным, әлде оның бір бөлігін ғана оқығаным жөнінде бірнеше рет сұралдым. Мен: «Мен бұл кітапты екі рет басынан аяғына дейін оқып шықтым», - деймін. Ал бұл кітапты оқып шыққан соң, оның авторына: «Бұл өте пайдалы кітап!» - деп айттым. Ол маған кітапқа пікір жазуды ұсынғанда, мен: «Онда оны тағы да бір рет оқып шығамын», - дедім. Сөйтіп мен оны тағы да басынан аяғына дейін оқып шықтым.



Ал менің соңғы жазған «Рифқан аһль әс-Сунна би аһль әс-Сунна» атты кітабыма келер болсақ, «Мадарик ән-назар» кітабында айтылатын адамдармен бұл кітаптың байланысы жоқ. Бұл «Рифқан аһль ас-Сунна би аһль ас-Сунна» кітабы «ихуан әл-муслиминге», Сайид Кутб пен өзге де партияларға қатысты азғыруларға түскендерге (хизбияға)3 қатысты емес. Сондай-ақ оған «фиқх әл-уақи’» (қалыптасқан жағдайды білу) мәселесімен алданғандардың да, мұсылман әмірлеріне қарсы шығатындардың немесе ғалымдардан сақтандыратындардың да қатысы жоқ. Олардың барлығының бұл еңбекке ешқандай қатысы жоқ. Ақиқатында, бұл еңбек тек аһлю-Сунна жолын ұстанатын, бірақ араларында келіспеушілік орын алған, бір-біріне сенімсіздендіру (джарх) жасап, қарым-қатынастарын үзіп (хаджр) және бірін-бірі сөгіп, бір-бірімен айналысып кеткен Сүннеттің жақтаушыларына ғана қатысты. Олар бір-бірінің қателіктерін аңдуды және кейін сол қателіктердің себебінен бір-бірінен сақтандыруды бастады. Ал екі адамның арасында келіспеушілік орын алса, Сүннеттің жақтаушылары екі топқа бөлінеді де, олардың бір тобы біріншісін, ал екінші тобы екіншісін қолдайды. Осыдан соң барлық жерде аһлю-Сунна арасында ұлы қасірет болып табылатын бөліну орын алады. Яғни екі адамның өзара келіспеушілігі себепті Сүннеттің жақтаушыларының бір-бірімен жанжалдасуы және бойкот жасауы.4 Кейін «Пәленше түгенше туралы былай депті..., ал түгенше пәлен туралы былай дейді... Сенің пәленшеге деген қатынасың қандай? Егер біздермен келіссең, онда құтылдың, ал келіспесең, онда сен - бидғатшысың!» деген сөздер басталады. Ал содан соң қарым-қатынастарды үзу және сол сияқты іс-әрекеттер орын алады да, аһлю-Сунна қауіпті бөлінушілікке түседі. «Рифқан аһль әс-Сунна би аһль әс-Сунна» кітабы да тура осы жөнінде. Түрлі партиялардың жақтаушылары бұл кітапқа наразы екендігі белгілі, өйткені олар Сүннеттің жақтаушыларынан құтылу үшін, олардың бір-бірімен бастары қатқандарын жақсы көреді. Ал бұл кітап Аһлю-Суннаны табысуға және өзара жұмсақ болуға шақырады. Бұл кітаптың мәні міне осыда!”. Тыңдаңыз “Шарх Сунан Әби Дауд” х. 1421 ж.

Сөйтіп, баяндалғанның негізінде шейх ‘Абдуль-Мухсин әл-‘Аббадтың осы мақаласы едәуір маңызды және едәуір көкейтесті екенін байқаймыз. Әсіресе бидғатта айыптау (табди’) және негізсіз сенімсіздендіру (джарх) фитнасының таралуы соншалықты – бұл келелі мәселе мен қасірет өзінің көлемі бойынша мұсылмандарды негізсіз күпірлікте айыптау (такфир) фитнасынан қалмайтын болды. Бұл мәселелерді түсіндірудің көкейтестілігіне және маңыздылығына тек шейх ‘Абдуль-Мухсин әл-‘Аббадтың аталған мәселелердегі қауіп пен шектен шығуды байқағандығы ғана емес, басқа да көптеген ғалымдардың соңғы уақытта мұндай проблемалардан сақтандыра отырып, оның жиі қайталануын сызып айтқандары да нұсқайды. Мысалы, шейх Ибн ‘Усаймин де өздерін саләфияның қатарына жатқызатын және өздерімен келіспейтіндерді адасушылықта айыптап, секта сияқты топқа айналып бара жатқан кейбір адамдар туралы айтқан. Шейх Ибн ‘Усаймин былай деген: “Саләфия – бұл Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабаларының манһажына ілесу, өйткені олар біздің саләфтарымыз және алдыңғы буындарымыз. Оларға ілесу – міне осы - саләфия. Алайда саләфия арқылы белгілі бір адамды ерекше белгілеп алып, ал содан соң мұсылмандардың ішінен оған қайшы келетін адамды, тіпті ол ақиқаттың үстінде болса да, адасушылықта айыптай отырып, саләфияны белгілі бір манһаж ретінде таңдап алу – саләфияны хизбия манһажы ретінде таңдап алу (болып табылады). Ал бұның саләфияға қайшы келетініне ешқандай күмән жоқ. Саләфтардың барлығы Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетінің төңірегінде бірігуге шақыратын және өздеріне қате түсінудің (тауильдің) негізінде қайшы келетіндерді, тек егер бұл ақида мәселелеріне қатысты болмаса, адасушылықта айыптамайтын. Олар өздеріне ақидада қайшы келетінді адасқан деп есептейтін. Ал өзге діни мәселелерге қатысты олар жеңілдік жасайтын. Алайда біздің кезімізде саләфияға ілесетін кейбір замандастарымыз өздеріне қайшы келетін әрбір адамды адасушылықта айыптайтын болды, тіпті егер ақиқат олардың жағында болмаса да! Ал олардың кейбіреулері саләфияны хизбия манһажына айналдырды, бұл өздерін Исламға жатқызатын әртүрлі партиялармен орын алып жатқанындай. Сөгуге қажет және мақұлдауға болмайтын нәрсе – осы. Мұндайларға: «Салиқалы саләфтардың мазхабына қараңдар, олар қандай амал жасады. Олардың ижтихад жасау орынды болып табылатын келіспеушіліктер мәселесіне қалайша қарағандарына назар бұрыңыздар. Бұдан қалса, олар тіпті қарапайым емес мәселелерде де келіспеушілікте болған, мысалы, кейбіреулері Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһты көргендігін айтқан тұсында, олардың басқаларының оның Аллаһты көргенін теріске шығарған сөздері. Олардың кейбіреулері «Қиямет күні Таразыға амалдар қойылып өлшенеді» десе, басқалары «Амалдар жазылған кітаптар өлшенеді» деп айтатын. Сондай-ақ олардың фиқх мәселесінде, неке, міндеттіліктер, сауда-саттық мәселелерінде т.б. жиі келіспеушілікке түскендерін көруге болады және соған қарамастан, олар бірін-бірі адасушылықта айыптамайтын!» - деп айтуға болады. Сондықтан да саләфияны өздерімен келіспегендерді адасушылықта айыптау құқығын өзіне меншікті етіп алған белгілі сектаға (хизбияға) айналдыру орынсыз, әрі мұндай адамдардың саләфиямен ортақ ешнәрсесі жоқ! Шынайы саләфияға қатысты айтар болсақ, бұл – өзара жұмсақтық пен мейірімділік көрсетіп, ақидада, сөздерде, амалдарда, бауырластықта, келісімде саләфтардың манһажына ілесу, бұл туралы Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Бір-біріне деген сүйіспеншілігінде, мейірімділігінде және жанашырлығында муминдер бір дене сияқты. Оның бір мүшесіне ауру жетсе, бүкіл дене де бұған мазасыздықпен және қызумен жауап береді», - деп айтқанындай. Нағыз саләфия дегеніміз – осы!» Қз.: “Лиқаат Баб әл-мафтух” 15/57.

Сондай-ақ шейх ‘Абдуллаһ әл-‘Убайляннің жақында айтқан мына сөздерін де келтіру өте орынды: “Бөлінуге алып келетіннің қатарына өздерін Сүннетке жатқызатын кейбір адамдардың арасында кейбір мәселелерде болып жатқан нәрселер жатады. Ижтихадқа жақын мәселелердегі келіспеушіліктердің келіспеушілік пен бөлінуге алып келуіне рұқсат етілмейді. Бұл Аллаһ сүйетін және бізден талап ететін бірауыздылық пен бірлік туралы Аллаһтың ұлы талабына қайшы келеді! Ақида бір және манһаж бір болып тұрған тұста мұндай мәселелердегі келіспеушіліктер бөлінуге алып келмеуі керек! Өйткені мұндай нәрсе үзуге, өшпенділікке, көре алмаушылыққа және бір-бірінен жалтаруға (аулақ болуға) тыйым салған Пайғамбардың да (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұйырғанына қайшы келеді. Бұл – шариғаттың (мұсылмандарды біріктіру туралы) мақсатына және Сүннетке қайшы келетініне күмән жоқ. Сондай-ақ бұл нәрселердің басқа да салдары бар, ал бұл - пәленшені бидғатта айыптауда (табди’) сенімен келіспейтін адамның өзі сондайға айналуы! Шындығында, осы сияқты нәрселерді істейтіндер және орнататындар – білім иелерінен емес және білім туралы ұғымға да ие емес! Және біз мұндай манһажды араларында шейх ‘Абдуль-‘Азиз ибн Баз, шейх Насыруддин әл-Әлбани, шейх Ибн ‘Усаймин, шейх әл-Фаузан, шейх ‘Абдуль-Мухсин әл-‘Аббад және басқа да ғалымдар сынды біздің ғасырымыздағы аһлю-Суннаның ұлы имамдарынан байқамаппыз (білмейміз).



Оларда мұндай нәрселер жоқ және бұл – осындайды естігенде таң қалатын білім иелерінің арасында ерсі нәрсе. Мұндай құбылыс Аллаһқа шақыру ісіне кір түсіреді және дағуатты әлсіретеді. Бұл жастардың дінді үйренудің, Құран мен Сүннетті жаттап, оларға шақырудың орнына осы мәселелерге салынып кетуіне әкеп соғады, ал бұл нәрсе Рахманның емес, шайтанның үлесі болып табылады! Кім адамдардың біреуінің пікіріне ілесу міндетті болып табылады және ол адамның қателесуі мүмкін емес деп сенсе, онда бұған Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзге ешкімге қатысты жол берілмейді. Ал кім бұлай ойласа, ол іс жүзінде өздерінің имамдарын күнәсіз деп жариялайтын шииттер-рафидилер сияқты болады. Содан соң, діннің негіздеріне жатпайтын кейбір мәселер үшін бидғатта айыптау – жаңадан шыққан нәрсе. Шейхуль-Ислам Ибн Таймия: «Адам бидғатты айтуы мүмкін, бірақ сол мезетте бидғатшы болмауы мүмкін», - деп айтатын. Сондай-ақ, саләфтардың қатарынан болған кейбір имамдардың белгілі бір уақытта айтқан сөздері біз үшін Құран мен Сүннет сияқты5 шариғат болып табылмайды.

Олар ондайды сөгіске лайықтыны сөгу үшін айтатын, бірақ сөгіске лайықты нәрсені өзгерту жағдай мен уақытқа байланысты ерекшеленеді, мұны шейх Ибн әл-Қайим түсіндіретініндей”. Тыңдаңыз “Шарх әл-Исбах фи манхадж әс-саляф”.

Біз Аллаһ Тағаладан құрметті шейх ‘Абдуль-Мухсин әл-‘Аббадтың осы мақаласын мұсылман үмметі үшін пайдалы етуін және оның Сүннетті және саләфияны жақтаушылардың бірігуіне себеп болуын сұраймыз!


Шейх ‘Абдуль-Мухсин әл-‘Аббадтың сөзі

Аллаһқа мадақ және Аллаһтан өзге ешкімде күш-қуат жоқ! Аллаһ Өзінің құлы және елшісі болған пайғамбарымыз Мухаммадты, оның отбасын және сахабаларын, сондай-ақ оның басшылығының себебінен дұрыс жолға ілескендердің барлығын игілікке бөлеп, береке берсін.

Ал содан соң:

Ақиқатында, Сүннеттің және біртұтас жамаъаның жақтаушыларының (аһлю-Сунна уаль-жамаъаның) қатарынан болған, бұл үмметтің алғашқы ұрпақтарының жолына ілесіп, өздерін шариғи ғылымдарды зерттеп-үйренуге бағыштаған мұсылмандардар біздің кезімізде барлығынан бұрын келісімге және керіс туғызбайтын нәрселердің барлығында бір-біріне насихат айтуға мұқтаж. Әсіресе егер олардың саны алдыңғы буындардың жолынан ауытқыған ағымдармен және секталармен салыстырғанда аз екендігін ескерсек.6

Осыдан он жылдан астам уақыт бұрын, екі шарапатты шейхтардың - шейхымыз ‘Абдуль-‘Азиз ибн Баздың және шейх Мухаммад ибн ‘Усайминнің (Аллаһ оларды рахым етсін) өмірлерінің соңғы жылдарында Сүннеті жақтаушылардың азғантай бөлігі бұл үмметтің ізгі алдыңғы буындары (саләфтар) ұстанған жолына қарама-қайшы жүретін кейбір секталардан сақтандырумен айналыса бастаған болатын. Бұл - мақтаулы және алғыс айтуға лайықты еңбек. Бірақ қынжылтатыны – осы екі шейхтың өлімінен соң бұл топтың ішіндегі кейбір адамдардың осы елдегі (Сауд Арабиясындағы) және оның сыртындағы саләфтардың жолына ілесуге шақыратын аһлю-Суннадан болған өздерінің бауырларымен шұғылданып кеткендері. Алайда олар өз бауырларының ізгі амалдарын қабылдаулары және оларға әрі қарай игі істер жасауға көмектесулері керек еді, ал егер олар қателікке жол берген болса және бұл шындығында да қателік болған болса, онда оларды түзетіп, дұрыс жолды нұсқаулары қажет еді де, соңынан олар туралы ұдайы әңгіме құрумен және олардан сақтандырумен алаңдамаулары керек еді. Білімді игерумен, білімге үйретумен айналысулары және дағуат жүргізулері қажет еді. Біздің шейхымыз ‘Абдуль-‘Азиз ибн Баз – аһлю-Сунна уәл-жама’аның біздің заманымыздағы имамы, Аллаһ оны рахым етсін, осы жолда еді.

Біздің кезімізде өздерін білімге бағыштаған Сүннеттің жақтаушылары аз және олардың қатарларын қысқарту емес, толықтыру қажет. Оларды қарым-қатынастарды үзуге емес, келісімге келтіру қажет, және тіл мамандары айтпақшы: «Кішірейтетін есім кішіреймейді», тура соны өздерін білімге бағыштаған саны жағынан шағын осы топ туралы да айтуға болады.7

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деген: “Діннің негізі болып табылатын ұлы ережелердің бірі – жүректерді жақындату, бірауыздылық және өзара келіспеушіліктерді реттеу. Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Аллаһтан қорқындар және өзара келіспеушіліктеріңді реттеңдер» (әл-Әнфал 8: 1). Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деген: «Түп-түгел Аллаһтың жібіне (дініне) жармасып ұстаңдар да, бөлінбеңдер» (Әли ‘Имран 3: 103). Ол сондай-ақ былай деген: «Өздеріне айқын дәлелдер келгеннен кейін бөлініп, өзара келіспеушілікке түскендер тәрізді болмаңдар. Міне дәл соларға зор азаптар әзірленген» (Әли ‘Имран 3: 105). Осы және басқа да осы сияқты мәтіндер үмметті біріктіруге әрі өзара келісімге ұмтылуды әмір етеді және бөлінушілік пен алауыздыққа тыйым салады. Осы негізді ұстанатындар біртұтас жамағатты (әл-жамаъаны) жақтаушылар болып табылады, ал одан ауытқығандар – бөлінушілікті жақтаушылар”. Қз.: «Маджму‘ әл-фатауа» 21/58.

Мен бұл тақырып бойынша хижраның 1424 жылы басылымға шыққан, кейіннен 1426 жылы қайта басылған және 1428 жылы жинақ болып жарияланған, басқа да кітаптарым мен трактаттарыммен бірге жарық көрген «Рифқан аһль әс-Сунна би аһль әс-Сунна» деп аталатын трактат жазған болатынмын.

Трактатта Құран мен Сүннеттен алынған мәтіндермен және Сүннеттің жақтаушыларынан болған зерттеуші ғалымдардың сөздерімен күшейтілген мынандай тақырыптар түсіндірілген еді:

- Сөйлей білу және шешендік – бұл Аллаһтың рақымы мен нығметі.

- Игілік болмаған сөздерден тілді тыю.

- Күдік пен аңду туралы.

- Жұмсақтық және ізгілік.

- Сүннеттің жақтаушыларының қателікке жол берген ғалымға қатысты ұстанымы – ол бидғатта айыпталмайды және одан бас тартпай, оған ақталу табады .8

- Сүннетті жақтаушылардың қатарынан болған ғалымдарды сенімсіз ету және олардан бас тарту фитнасынан құтылу.9

- Адамдарға олардың белгілі тұлғаларға деген қатынасына сәйкес емтихан жасау сияқты жаңалықтың түсіндірмесі.10

- Сүннеттің жақтаушыларының қатарынан болған кейбір қазіргі заманның ғалымдарын сенімсіз ету (таджрих) және бидғатта айыптау (табдиъ) фитнасынан сақтандыру.
Бірақ қынжылтатын нәрселердің қатарынан – бұл соңғы кезде сенімсіз ету (джарх) және бидғатта айыптау (табдиъ) жебелерінің Сүннеттің жақтаушыларына қарай бағытталуының күшеюі, сондай-ақ осыдан келіп туындайтын бойкот жасау (хаджр). Сонымен бірге «Сен пәлен оны бидғатта айыптаған пәлен туралы не деп ойлайсың?», «Мен пәлен оны бидғатта айыптаған пәленнің кітабын оқысам болады ма?» деген сұрақтар көбейіп барады.11

Білім талап етуге кейбір жаңадан келгендер: «Пәленше оны бидғатта айыптаған түгенге қатысты сенің ұстанымың қандай? Сенің оған қатысты міндетті түрде ұстанымың болуы қажет, әйтпесе біз сенімен қарым-қатынасымызды үземіз!» - деп айтып, өздері сияқтылардың арасында емтихан өткізе бастайды.12

Ал бәрінен де жаманы - мұндай нәрселердің Сүннетті жақтаушыларының қатарынан болған білім ізденушілері бар еуропа және басқа да ислами емес елдерде орын алғаны. Олардың білімі көп емес және олар пайдалы білімге және қайнар көзі джарх мәселесіндегі соқыр ілесушілік (тақлид) және еліктеп-ұқсау болып табылатын бір-бірін бойкоттау фитнасынан құтылуға қатты мұқтаж! Мұндай қате тәсіл «әл-ихуан әл-муслимин» сектасының әдіснамасымен кейбір ұқсастықтарға ие. Осы әдіснаманың мәнін бұл сектаның негізін салушы Хасан әл-Банна былай деп тұжырымдаған: «Сендердің үгіт-насихаттарың адамдардың өздері оған келіп қосылулары үшін лайықтырақ, өйткені ол барлық игіліктің іске асуын өзіне қамтыған, ал өзге шақырулар кемшіліксіз емес». Қз.: “Музакарат әд-Да‘уа уә әд-Да‘ия” 232-бет.

Сондай-ақ ол былай деген: “Алауыздық пен шиеленістер енгізіп, басып кірген түрлі идеялар мен үгіт-насихаттарға қатысты біздің ұстанымымыз біз оларды біздің іліміміздің таразысында өлшеуіміз қажет екендігінде. Оған сәйкес келетінді біз құптаймыз, ал оған қайшы келетінге біздің қатысымыз жоқ!” Қз.: “Маджму'у расаиль Хасан әл-Банна” 240-бет.

Білім талап етушілер бұл фитнамен айналысудың орнына Сүннетті жақтаушылардың пайдалы кітаптарын оқумен айналысулары абзал. Қазіргі заман ғалымдарынан, әсіресе біздің шейхымыз ‘Абдуль-‘Азиз ибн Баздың пәтуалары мен Тұрақты Комитеттің пәтуаларын, шейх Ибн ’Усайминнің еңбектерін (оқып білгені абзал). Осылайша олар пайдалы білімге қол жеткізеді, өсек-аяңнан, «пәлен былай депті, пәлен былай деп айтыпты» деген сөздерден және Сүннетті жақтаушылардан болған өз бауырларының етін жеуден құтылады.

Ибн әл-Қайим былай деген: “Адамның өзін харам нәрсені қолданудан, зұлымдық, зина, ұрлық жасаудан, мас қылатын заттарды ішуден, харам етілген нірсеге көз салудан т.с.с. оңай қорғай алатындығы таң қалдырады. Бірақ оған өз тілін тыйю өте қиын. Сен оған (адамдар) діндар, зұхд, бар уақытын ғибадатпен өткізетін кісі ретінде қарайтын адамды көруің мүмкін, бірақ ол Аллаһтың қахарын туғызатын сөздерді айтады және осыған көңіл бөлмейді. Және осындай әдепсіздік пен зұлымдық жасаудан қорқатын, ал оның тілі өлгендер мен тірілердің ар-намысы туралы жаман сөздерге салынып кететін, айтып жатқан сөздері туралы ойланбайтындар қаншама десеңізші?!» Қз.: “әл-Джауаб әл-кафи” 203.

Егер Сүннетті жақтаушылардың қатарынан болған ғалымның қандай да бір мәселе бойынша жалпылама айтқан сөздері әрі оның осы мәселеге жасаған егжей-тегжейлі түсіндірмесі де болса, онда ол туралы жақсы ойлау қажет және оның жалпылама айтқан сөздерін оның бұл мәселені жан-жақты қарастырған сөздерін ескере отырып түсіну қажет. Мұндай іс-әрекет ‘Умар ибн әл-Хаттабтың (оған Аллаһ разы болсын) мына сөздеріне сәйкес болады: “Ешбір жағдайда мұсылман бауырыңның сөздері туралы, оларға игі түсіндірме тауып тұрғаныңа дейін, жақсылықтан өзге ешнәрсе ойлаушы болма”. Бұл деректі Ибн Касир (Аллаһ оны рахым етсін) «әл-Худжурат» сүресіне жасаған тәпсірінде келтіреді.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деген: “Сөйлеушінің жалпылама тұжырымдары туралы пікір (үкім) оның нақтылаушы сөздерін ескерген түрде айтылатыны мәлім және назарға оның айқындықсыз және туралықсыз атылған сөздерін емес, нақтылап айтқан сөздерін алу қажет”. Қз.: “әр-Радд ’аля әл-Бакри” 324.

Ол сондай-ақ былай деген: “Фақиһтардың тұжырымдарын олардың жалпылама айтқан сөздерінің негізінде, нақтылаушы сөздері мен олардың ілімдерінің бастапқы ережелерін ескермеген түрде қабылдау жаман ағымдардың пайда болуына әкеледі». Қз.: “әс-Сарим әл-маслюль” 2/512.

Ол сондай-ақ былай деген: “Кімнің болсын сөзін оның басқа сөздерімен, оларды ана жақтан да, мына жақтан да алып, түсіндіру керек және ол әдетте белгілі бір сөздерді қолданғанда нені тұспалдайтынын біліп алу қажет”. Қз.: “әл-Джауаб әс-сахих” 4/44.

Бірақ сынаушыларда және айыптаушыларда кемшіліктің болуы негіз ретінде алынады және сондықтан да олардан қателіктері мен кемшіліктері табылған ешкім құтылмайды. Иә, кемелдікке ұмтылу қажет, бірақ бұл қолда бар игілікті оның кемел болмауы себепті опат ету керек және одан толық бас тарту керек дегенді білдірмейді. «Не кемелдік (болсын), не құру (керек)», немесе «не толық жарық (орнасын), не қараңғы түнек (болсын)» деп айтпау керек. Керісінше, бар жарықты сақтау қажет және оны көбейтуге тырысу керек, егер оны екі немесе одан көбірек шырақтарға көбейту мүмкін болмай жатса, онда осы бір шырақтың өзі де қараңғылықтан жақсырақ. Бүкіл өмірін білім алуға және оны тәжірибеде қолдануға, білім беруге және дінге шақыруға арнаған, білім беруде және дінге шақыруда шейхтар мен студенттерді жігерлендіретін және оларға көмектесетін біздің шейхымыз ‘Абдуль-‘Азиз ибн Базды Аллаһ рахым етсін.

Бірде мен оның бір шейхқа білім берумен және дағуатпен айналысуға насихат беріп тұрғанынын естідім, бірақ ол бас тарта бастады, алайда шейх оның келтірген сылтауын қабылдамады және оған: «Бұлдыр соқырлық, бірақ толық соқырлық емес», - деді. Оның сөздерінің мағынасы: толық көлемде игеру мүмкін болмаған нәрседен оның кіші көлемінде бас тартпау керек. Егер жақсы көру қабілеті болмаса, бірақ әлсіздеуі – бұлдыр соқырлық болса, онда бұл толық соқырлықтан жақсырақ. Біздің шейхымыз Ибн Баз, оған Аллаһ рахым етсін, жиырма жасында көру қабілетінен айырылды, бірақ Аллаһ оған мұны ол арқылы оны қарапайым адамдар да, атақтылар да таныған білімдегі нұрмен ауыстырды.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деген: “Күңгірт жарықтан өзге айқын жарық болмаса және осы күнгірт нұрсыз, адамдар қараңғылықта қалатын болса, адамды қараламау керек және күңгірттігі бар жарыққа тыйым салмау керек, тек егер күңгірттіксіз нұр болмаса ғана. Әйтпесе, осыдан бас тартып, қап-қараңғы түнекте қалушылар қаншама”. Қз.: “Маджму’ әл-фатауә” 10/364.

Кейбір адамдар: “Ақиқат – біртұтас бір нәрсе және ол бөлшектерге бөлінбейді, сондықтан не ақиқатты толық алыңдар, не оны толық тастаңдар», - дейді.

Ақиқатты толығымен қабылдау – ақиқат, ал оны толығымен тастау – адасушылық. Кім ақиқаттың қандай да бір бөлігіне ие болса, одан ұстануы керек және ақиқатты толығымен игеруге ұмтылуы қажет.

Және үзу мен бойкоттау (хаджр) егер оның ізінен зиян емес, пайда келсе ғана мақтаулы болып саналады.

Шейхуль-Ислам былай деген: “Егер екі мұсылманның пікірлері әртүрлі болатын әрбір жағдайда олар бір-бірін тастап кеткенде, мұсылмандардың арасында ізгілік жасау мен бауырластық қалмас еді”. Қз.: “Маджму’уль-фатауа” 28/173.

Ол сондай-ақ былай деген: “Қарым-қатынасты тоқтату әртүрлі болады және ол қарым-қатынасты үзушілердің жағдайына, олардың күштілігі мен әлсіздігіне, олардың көпшілік не аз болуына тәуелді болады. Өйткені қарым-қатынасты үзудің мағынасы – қарым-қатынас үзілген адамды айыпты нәрседен ұстап (тосып) қалу және бұл оған сабақ болуы және қарапайым халық та оның ұстанған нәрсесінен бас тартуы болып табылады. Егер қарым-қатынасты тоқтатудан келер пайда, зиянды азайтуға және жасыруға алып келетіндей, басым болса, онда мұндай бойкот жасау заңды болады. Ал егер қарым-қатынасты үзіп тастау онымен қарым-қатынас үзілетін адамды да, оған ілесушілерді де ұстап (тосып) қалмаса, ал қарым-қатынасты үзуші әлсіз болса және бұл тек көбірек зиян әкелсе, және зиян пайдадан басым болса, онда мұндай жағдайда бойкот жасау заңды болмайды”.13

Шейхуль-Ислам тағы да былай деген: “Егер бұл мәлім болған болса, онда шариғаттың заңдарына сәйкес келетін түрде қарым-қатынасты үзу – Аллаһ және Оның Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұйырған амалдардан болып табылады, ал бұйрықтарға деген кез келген бағынушылық Аллаһ үшін ықыласты түрде орындалуы және шариғаттың заңдарына сәйкес болуы қажет. Осы шарттарға сәйкес келетін нәрсе дұрыс болады, ал егер кім өзінің қалауларына бағынып (Аллаһ үшін ықыласты болмаған күйде) қарым-қатынасты үзсе, немесе қарым-қатынасты үзудің өзі шариғаттың заңдарына сәйкес болмаса, онда ол дұрыс болмайды. Ал өте жиі жағдайда адамдар бір нәрсені Аллаһқа мойынсұнып істеп жатырмыз деп ойлап, қисынсыз қалауларына сәйкес істеп жатады”. Қз.: “Маджму’уль-фатауа” 28/206.

Егер ғалым қателік жіберсе, онда бұл қателік нұсқалған соң осы тақырыпты әрі қарай өрістете берудің керегі жоқ және осы үшін одан бас тартудың да қажеті жоқ, ал оның қателігі кешіріледі және оның қателігі оның дұрыс шешімдерімен салыстырғанда салмақты емес. Бұл жөнінде ғалымдар айтып өткен. Шейхуль-Ислам Ибн Таймия қателіктері кешірілетіндерді атап, былай деп айтқан: “Оларға дінге жаңалық енгізгендер, бірақ осы жаңалығын достық немесе дұшпандық танытудың негізіне айналдырып, осынысымен Исламның бірлігін бөлмегендер де жатады. Мұндай нәрселер қасақана жасалмаған қателіктердің санатына жатады, ал Пәк Аллаһ Тағала муминдерге мұндай қателіктерді кешіреді. Мұндай қателіктерді Құран мен Сүннетке қайшы келетін өз ижтихадына негізделген тұжырымдамалары бар саләфтардың және бұл үмметтің жетекшілерінің көбі жасайтын. Оларға кереғар болғандар - өздерімен келісетіндермен достасып, өздеріне қайшы келгендерге дұшпандық танытып, сонысы арқылы мұсылмандардың бірлігін қақ бөлетіндер».14 Қз.: “Маджму’уль-фатауа” 3/349.

Тура осыны аз-Захаби де айтады: “Егер қандай да бір имам жеке мәселелерде дербес шешім шығарғанында кешірілуге тиісті қателіктермен қателескен әрбір жағдайда біз оған қарсы көтеріліп, бидғатта айыптап және онымен қатынасты үзетін болғанымызда, онда бізден Ибн Наср да, Ибн Мандах та, олардан жоғары болғандар да құтыла алмас еді”. Қз.: “Сияр а’лям ән-нубаля” 14/39.

Ол сондай-ақ былай деген: “Егер өзінің дербес шешім шығаруында қателікке жол бергеннің әрбірін біз, оның иманының және ақиқатқа ілесуді қалайтынының шынайы екеніне қарамастан, жарамсыз деп санасақ және бидғатта айыптасақ, онда имамдардан аз-ақ адамдар бізден құтылады. Аллаһ өзінің рахымымен және жомарттығымен баршаны рахым етсін”. Қз.: “Сияр а’лям ән-нубаля” 14/376.

Ибн әл-Джаузи кейде джарх жасаудың себебі құмарлықтарды құптау болып табылатындығын ескертіп айтқан. Өзінің «Сайд әл-хатыр» кітабында (143 бет) Ибн әл-Джаузи былай деген: “Мен әртүрлі мәртебедегі және білімдерінің денгейі әртүрлі болған шейхтармен кездескенмін, әрі ең көп пайданы мен білімдерін амалға асыратындардан алатын едім, басқалары одан білімдірек болса да. Сондай-ақ мен ғайбат мәселесін де «әл-джарх уа-тт’адиль» ұстанымы деп көрсетіп, оған жеңілдік танытатын хадис бойынша ғалымдардың бір тобын кездестірдім... Мен ‘Абдуль-Уаххаб әл-Анматыйды кездестіргенмін, ол алдыңғы ұрпақтың (саляфтардың) ережелерін ұстанатын және оның мәжілістерінде ғайбат болмайтын ...».

«Тәлбису Іблис» деп аталатын өзінің басқа бір еңбегінде (2/689) Ибн әл-Джаузи сондай-ақ былай деген: “Ібілістің хадис білгірлерін алдауынан – олардың бір-бірінен өш алып, бірін-бірі қаралауы және осыны бұрын бұл үмметтің алғашқы буындары шариғатты қорғау үшін қолданған «әл-джарх уа-тта’диль» ұстанымы деп көрсетуі. Ал Аллаһ ниеттер туралы жақсырақ біледі!”

Егер осы нәрсе хижраның 597 жылы өлген Ибн әл-Джаузидің тұсында болған болса, онда біздің заманымыздың адамдары туралы не айтуға болмақ?!15

Жақында йемендік шейх – Мухаммад ибн ‘Абдуллаһ әл-Имамның «әл-Ибана ‘ан кайфия әт-та‘амуль ма‘а әл-хиляф байна аһль әс-Сунна уәл-джама‘а» деп аталатын жаңа кітабы жарық көрді. Бес йемендік шейх бұл кітап туралы мақтау пікірлерін айтты. Онда аһлю-Суннадан болған бұрынғы және қазіргі ғалымдардың көптеген айтқан сөздері келтірілген. Әсіресе шейхуль-Ислам Ибн Таймияның және имам Ибн әл-Қайимнің, Аллаһ оларды рахым етсін, сөздері көп пайдаланылған. Және бұл еңбек Сүннеттің жақтаушыларының арасында ішкі келіспеушіліктер орын алған тұста өзара игі қатынас жасауға қатысты Сүннеттің жақтаушыларына жасалған насихат болып табылады.16 Мен онда зерттелген көптеген тақырыптармен танысып шықтым және мен осы мақалада келтірген екі имамның - Ибн Таймияның және Ибн әл-Қайимның сөздері сол еңбектен алынған болатын. Ал бұл еңбектің авторының 170-бетте айтқан мына сөздері нендей жақсы: “Құрмет иесі Сүннеттің кейбір жақтаушыларын сынға алатын, әрі өзара бас тарту, қарым-қатынасты үзу, күрес және қарсыластық сияқты бүліктер бұрқ ететін кездер болады, ал бұл кейде Сүннеттің жақтаушыларының бір-бірімен соғысуына алып келеді. Осыдан бір нәрселер орын алса, бүліктердің себебі джарх болғаны түсінікті-ақ болады. Ал мұндай жағдайда джархтың әдісін қайта қарап шығып, осы іс-әрекеттің пайда мен зиянын есепке алу керек, (яғни) ол бауырластықты сақтауға ықпал жасайды ма, дағуаттың сақталуын қамтамасыз етеді ме және қателіктерді түзетеді ме. Және джархтың зиян алып келетіні айқын болған тұста, оны түзету мен дағуаттың әдісі ретінде қолдану дұрыс емес”.

Сондай-ақ Сүннеттің жақтаушыларының қатарынан болып табылатын қалған шейхтар мен білім талап етушілердің де осы йемендік бауырлар сезініп тұрған нәрсені сезінетіндеріне күмән жоқ. Және солар сияқты олардың да бөлінушілік пен келіспеушіліктен жандары ауырады және бауырлармен кеңестермен, насихатпен бөліскілері келеді. Бірақ йемендік бауырлар олардан бірінші болды және Аллаһ оларға осы үшін игілікпен қайырсын! Йемендік бауырлардың осы насихаты Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын):

  1   2   3


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет