Тақыпып : Республикамызда кездесетің дәрілік өсімдіктер Жоспар I. Кіріспе II. Негізгі бөлім


Дәрілік өсімдіктер ресурстарын қорғау



бет4/6
Дата17.12.2022
өлшемі47.58 Kb.
#467390
1   2   3   4   5   6
ДӘУРЕН

Дәрілік өсімдіктер ресурстарын қорғау
ХХ ғасырдан бастап дәрілік өсімдіктер мен олардан алынатын препараттарға айтарлықтай назар аударыла бастады. Дәрілік өсімдіктерге назар аударудың басты себебі – олардың жоғары терапевтикалық (емдік) құндылығы, кері әсерінің аз болуы.Адамзат пен табиғат арасындағы тепе-теңдік бұзылып, табиғатқа көптеген зиян келіп жатыр. Оның басты бірінші факторы – жер бетіндегі халық санының күн санап өсуі. Егерде 1800 жылы планетамызда 1 млрд адам тіршілік етсе, 1900 жылы 2 млрд., 1980 жылы 4 млрд-қа жетті. Адам санының тез өсуінің бір себебі – санитарлық жағдай мен медициналық көмектің жақсаруы. Өткен ғасырларда мыңдаған адамдар оба, тырысқақ ауруларынан қайтыс болған. Сонымен қатар, халықтың таралуы да айтарлықтай әсер етеді. Көптеген жылдар бойы халықтың көп бөлігі ауылды жерлерде тұрған.
Табиғатқа әсер ететін екінші фактор – ауыл шаруашылығында химиялық заттардың (тыңайтқыштар, пестицидтер, инсектицидтер) көптеген пайдалануы мен өндірістік индустриализациясы.
Үшінші фактор – өндірістік және транспорттық қалдықтардың атмосфера, топырақ пен суға таралуы. Атмосферадағы екі газдың (СО2 О2) тепе-теңдігі де өте маңызды орын алады. Атмосферадағы СО2 реттеуге мұхитта қатысады. Мұхиттың буферлік маңызының ролі оның бетінде қауіпті мұнай пленкаларының көбеюі нәтижесінде төмендеп отыр. Өттегі тек қана тірі заттарға емес, сонымен қатар машиналар мен самолеттерге де қажет. Ауада СО2 концентрациясының көбеюі парник эффектісіне әкеліп соқтыруы мүмкін.
Осындай глобальды жағдайлардың барлығы шабындықтар, далалар, ормандар мен ондағы дәрілік өсімдіктерге әсері бірден байқалмайды. Ресейдің Европалық бөлігі, Солтүстік Кавказ бен Карпатта орман көптеп кесіліп, ондағы неше жылдар бойы қалыптасқан фитоценоздар бұзылды. Осы экосистемалардың біраз өсімдіктері жойылып кеткен. Ауылшаруашылығында, тың жерлерді жыртып, игеру, шөп шабуды күшейту жайылымды көп пайдалану – осындай іс-шаралардың барлығы дәрілік қасиеттерге ие өсімдіктердің тіршілік ортасын бұзады.
Алайда табиғаты бұзылмаған жерлерге туристер, демалушылар келіп кеткен соң осының өзі қиратушы фактор ретінде әсер етеді. Кез келген табиғи экосистемада адамдар санының көбеюі ол экосистема үшін зиянды болып табылады. Адамдардың іздері көбейіп кетсе топырақ тапталып тығыздала бастайды, ал бұл топырақтағы қалыпты биологиялық процестердің бұзылуына әкеліп соғады.
Қорықтарда ерекше қорғауға алынған территорияларға, белсенді туризмге шек қойылған. Мемлекеттік табиғи қорық – қоршаған ортаның табиғи эталондар, реликтілері, ғылыми зерттеулерге, ағарту білім беру ісіне, туризмге арналған нысандары ретінде экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы. Қорықтардың басты мақсатына – табиғи ландшафтар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен қоса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылығын анықтау. Соңғысы адамның шаруашылық әрекетінен табиғатта болатын өзгерісті болжау аса қажет.«Ерекше бағалы орман объектілеріне» шаруашылық саласында ерекше қызығушылық тудыратын орман учаскілері жатады. Мұндай аймақтар адам аяғы баспаған жерлер болып табылады.Қорықтарда қорғауға бүкіл табиғи комплекстер емес, тек қана бірқатар элементтері алынады. Қорғауға алынған объектілерге қатысты бұл жерде ормандарды кесу, мал жаю, шөп шабуға тыйым салынуы қажет.
Табиғи объектілерді қорғаудың ерекше формасы – ұлттық парктер. Ұлттық парктер – ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи – мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттік табиғи – қорық қорының бірегей табиғи кешендер мен объектілерінің биологиялық және ландшафтық сан алуандығын сақтайтын, оларды табиғи қорғайтын және ғылыми мекеме мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.Табиғатты қорғау мен демалуды біріктірудің ең кең таралған түрі – ірі қалалардың айналасындағы «жасыл зоналар» болып табылады.
Жақсы дамыған елдерде флора мен фаунаның кедейлену себептері айтылады. Табиғатты және табиғи ресурстарды қорғаудың халықаралық одағының XIV Бас Ассамблеясында (Ашхабад, 1978) табиғатты қорғаудың әлемдік стратегиясы талқыланды. 1980 жылы халықаралық нормативтік акті қабылданды. Қызыл кітаптың алғашқы баспасы «Дикорастущие виды флоры СССР, нуждающиеся в охране» жарияланды. 1981 жылы бүкіл одақтық ботаникалық қоғам Қызыл кітаптың екінші баспасын шығарды. Сирек және жойылып бара жатқан өсімдіктер бойынша табиғатты қорғаудың халықаралық одағы қауіп төніп тұрған өсімдіктерді категорияларға бөлді: 0 категориясында табиғатта болған, қазір жойылып кеткен, алайда дақылда сақталған түрлер жатады, 1 категориясына – жойылып кетуге қаупі төніп тұрған, ерекше қорғауды қажет ететін түрлер, 2 категориясына тікелей қауіп төнбеген, табиғатта сирек және шектеулі аудандарда кездесетін өсімдік түрлері, 3 категориясына – саны азайтып, таралу аймағы кішірейіп, табиғи немесе адам қатысуы нәтижесінде жойылып кететін өсімдіктер жатады.
Айтылған барлық категорияға жататын өсімдіктер бірдей қорғауды қажет етпейді: кейбір түрлер еліміздің барлық территориясында қорғауды талап етсе, кейбірейлері тек сирек кездесетін жерлерде қорғауды керек етеді. Дәрілік өсімдіктерді жинауға сәйкес ережелер бекітілген, арнайы нормалар бойынша жиналып, әрдайым бақыланып отыруы керек. Дәрілік өсімдіктерді үлкен өндіріс үшін емес, өз пайдасын ажырату үшін жинаушылар көбейіп кетті. Сондықтан сирек өсімдіктер категориясына жататын өсімдіктерді ең аз мөлшерде де жинауға болмайды. Олардың біразы қазіргі медицина көп қолданылады. Мұндай өсімдіктерді сақтап қалудың бір жолы – оларды дақылдар қатарына енгізу.
Өсімдіктерді жинауға шек қою, әрине сұрақтар тудырады: мұның барлығы не үшін жасалып жатыр, егер жер бетінен бұл өсімдіктер жоғалып кетсе не болады.Адамдар басқа өсімдіктер сияқты жоғалған өсімдіктер сорттарын шығарып алады деп ойлайды. Бұл сұрақтардың барлығына нақты жауаптар бар. Олар эстетикалық, этикалық және практикалық себептер. Эстетикалық себеп – адамдар таза ауада, табиғат аясында демалғанда көңіл – күйлері көтеріліп, денсаулықтарын жақсартады. Этикалық себебі, мысалы бұзақылар әйнектерді сындырып, қабырғаларға жазу жазса, қоғамның ашуы келеді. Дәл осы жағдайды табиғи ландшафтарды бұзылуымен салыстыруға болады. Генофондты сақтау – әр организмнің өзіне тән генетикалық ақпараты болады. Егер осындай бір генотип жоғалса, онымен қоса биогеоценоз немесе экосистеманың бір бөлігі де жойылады. Экожүйенің қалыпты жұмысы, әдетте, оның компоненттері түгел қатысқанда қалыпты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет