Тақырыбы : Жыныс циклі


Тежелу сатысы күйлеу және жыныстық қозу белгілерінің әлсіреуі



бет4/5
Дата15.05.2024
өлшемі0.93 Mb.
#501183
1   2   3   4   5
sro(20211134-15739)

Овуляциядан кейін

Тежелу сатысы күйлеу және жыныстық қозу белгілерінің әлсіреуі.

Тежелу сатысы күйлеу және жыныстық қозу белгілерінің әлсіреуі.

Тежелу қозу сатысынан кейін басталады. Аналық мал өндірушіге

парықсыз көңіл көрсетеді. Жарылған фолликулдың орнына сары дене дамиды. Қан кернеуі әлсірегеннен жыныс мүшелерінің көлемі барлық жерлерінде кішірейеді. Жатыр мойны жабылады, шырыш бөлінбейді. Жыныс мүшелерінің бездері кейін қарай дамиды, қынапқа өскен бұлтық эпителиалдык кабаттар бөлінеді. Аналық мал тынышталады, асқа зауықтылығы орнына келеді, сүттің сапасы, қанның құрамы және басқа қозу сатысында пайда болған өзгерістер қалпына келеді. Аналық мал өндірушіге агрессивті көңіл күйін көрсетеді, оны тістеп, аяқпен теуіп калуға немесе одан қашып кетуге тырысады, Бұндай қайшы көрініс аналықтың аталық малға сексуальдық реакциясын - қашкалақтау деп атайды. Сонымен тежелу сатысының ерекшелігі - инволюция көрісінің

басым болуы, қозу сатысында пайда болған морфологиялық және

физиологиялык үрдістердің қайта бастапқы қалпына келуі.

Бірқалыптылық сатысы

Бірқалыптылық сатысы тежелу сатысының жыныс үрдістерінен кейін болады, сосын жаңа келесі қозу сатысына дейін созылады. Бұл сатыда малдың жалпы жағдайы салмақты, аталық малға қайшы реакцисы көрінеді. Аналық жыныс бездерінде фолликулдар және сары денелер болады, жатыр мойыны жабық.

Кейбір мамандар жыныс циклдаріын осы уақытқа дейін әдет бойынша 4 сатыға бөледі: қимылсыз күй (тыныштық), күйлеу алды және күйлеуден кейінгі уақыт. Бірақ бұл түсінік мамандарға олардың малдарды өндіру жөніндегі жұмыстарына көмектеспейді және оптималды ұрықтандыру мезгілін таңдауға негіз бермейді. Бірінші жыныс циклынан кейінгі кезең жыныстық жетілу деп саналады. Осыдан кейін жыныс циклдары малдың барлык жыныстық өмірі бойы қартайғанша дейін қайталанып отырады.

Қартайғаннан кейін аналық малдардың жыныс циклдары тоқталады.Ақырғысын климактерийлік мезгіл деп атайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет