Тақырыбы : Тамақтану дегеніміз не? ( Тәрбие сағаты) 3 а сынып Өткізген



жүктеу 77.1 Kb.
Дата19.06.2016
өлшемі77.1 Kb.
Тақырыбы :

Тамақтану дегеніміз не?»

( Тәрбие сағаты)

3 а сынып





Өткізген : Тулепкалиева О.К

Орал қаласы



БҚО, Орал қаласы

22 ОЖББМ І санатты бастауыш сынып мұғалімі



О.Тулепкалиева

Тақырыбы: Тамақтану дегеніміз не?

Мақсаты : А) Тамақтану , ұжымды тамақтану туралы түсінік беру.

Ә) Тамақтану мәдениеті мен тамақтану ережесін білуге тәрбиелеу.

Б) Дәрумендер, пайдалы, пайдасыз тағамдарды ажырата білуге дағдыландыру.

Жабдықтары: тамақтану ережесі, суреттер.

Психологиялық ахуал.

1.2.3

Бойға жинап күш



Жақсы сергіп аламыз

Бір демалып қаламыз.



Ұйымдастыру кезеңі: Сабақтың мақсатын түсіндіру.

Тағам- өмір мен қуат көзі. Өз денсаулығынды сақтау үшін тамақтану тәртібін сақтау.



Ой шақыру:

Тамақтану дегеніміз не?

Асықпай тамақ ішу Тамақты уақытымен ішу керек

Тамақ ішіп отырып денсаулығыңыз жақсы болу

оқуға болмайды үшін дәрумендер пайдалану

керек асықпай дұрыс тамақтану адам ағзасы үшін қажетті зат

Дұрыс тамақтану

1 оқушы. Тамақтану- адам ағзасы үшін аса маңызды қажеттілігі. Біздің денсаулығымыз көбінесе қалай тамақтануымызға байланысты. Адам үнемі күш- қуат жұ ол мсайды, соны қалпына келтіру үшін ол дұрыс тамақтана білуі тиіс. Дұрыс тамақтану- денсаулық негізі.

Өткен кезеңі данышпан адамдары : « біз тамақ ішу үшін өмір сүреміз ,өмір сүру үшін тамақтанамыз» деген екен.Дұрыс тамақтану дегеніміз бұл аз-аздан әр түрлі тамақтарды қабылдау. Ағза үнемі жұмыс атқарады , сондықтан уақытылы тамақтануды талап етеді.Ағзада қоректі заттар қарапайым заттарға ыдырайды да , қуат бөліп шығарады. Осы қуаттың арқасында адам жұмыс істейді , қозғалады, спортпен айналысады.

2 оқушы. Тағам өнімдері өсімдік және жануар текті болады. Өсімдік текті тағамдарға: жемістер мен көкіністер , нан, қант, өсімдік майы жатады. Жануартекті тағамдарға: ет, жұмыртқа, ірімшік , сүбе, балық, құс еті, сары май жатады. Тамақта әр түрлі тағам өнімдері болуы керек, олардың VIбіреулері ( сүт, бал, қант, миіз) қуат бееді, басқалары ( жемістер мен көкіністер) ағзаның өсуіне көмектеседі.

Ұтымды тамақтану.

3 оқушы. Ұтымды тамақтану дегеніміз дұрыс, саналы, пайдалы тамақтану.Денсаулық көбінесе адамның немен және қалай тамақтануына байланысты болады. Санасыз тамақтістердің мытану көптеген аурулардың дамуына себепші болады. Үнемі артық тамақтану қоректік заттарды артығымен қабылдау көптеген ауруларды, мысалы семіру және сусамыр ауруларына соқтырады. Олар ас қорыту мүшелерінің, жүректің, бауырдың, бүйректің зақымдалуына және басқа ауруларға қарсылығын төмендетеді.

4 оқушы « Біз тамақтану үшін өмір сүреміз, өмір сүру үшін тамақтанамыз» демекші тамақтануда сабырлық көрсетіп жалпы мәдениеттің белгісі болып есептеледі.Күшті қалпына келтіру үшін ғана тамақтану керек

5 оқушы. Балалардың күнделікті тағамында жеміс-жидектер , витаминдер көп болуы тиіс. «Витамин» терминін американ ғалымы Казимир Функ ойлап тапқан . Ол күріш дәнінің сыртындағы қабықшасын ағзаға қажеттң деп есептеп, «VITA» сөзі « өмір» мен « амин» сөзін қосып , витамин деп атаған. А витамині сәбіз, алмада көп болады, ол кқздің көруін жақсартады. Орамжапырақтв С витамині көп, оның көмегімен тістердің мықты және әдемі қалпында сақталады. Салат жапырағында болатын В витамині ұйқыны жақсартып, көңіл- күйді көтереді. Ал, апельсин шырынында А,В,С витаминдері бар. Витаминдер бәрімізге де , әсіресе жас организмге аса қажет.

Шырынды үнемі ішіңдер!

Тамақтану мәдениеті.

6 оқушы. Дұрыс тамақтану үшін тамақтанудың гигиеналық ережелерін сақтау керек. Тамақ ішер алдында қолды жуу керек.

7 оқушы. Тамақты жиі қабылдау, майлы, тәтті , тұздар тағамдар пайдалану зиянды әдеттерге жатады. Олардың бірі семіздікке, кейбіреуә асқазан, бауыр, бүйрек ауруларына әкеп соқтырады.

8 оқушы. Тамақтың жақсы сіңуіне тағамның сыртқы түрі , иісі, үстел әзірлегенде әсер етеді.

9 оқушы. Үстелде отырған өзіңді жақсыұста. Тамақ ішкен кезде сөйлеме, тамақты жақсы шайна, әдептілік сақта.

10 оқушы. Ретсіз тамақтану ( кейде ерте, кейде кеш) көбінесе асқазан ауруына шалдықтырады. Белгіленген уақытқа сәйкес тамақ ішіп үйренсе сол уақытқа сәйкес ас- қорыту сөлдерінің бөлінуі қалыптасады. Бұл ағзаны жұмысын жеңілдетіп, астың жақсы қортылуына жағдай туғызады.

11 оқушы. Тамақты ұйқыға дейін екі сағат бұрын ішу керек.



Витаминдер

12 оқушы. Витаминдер- бұл тіршілікке қажет заттар. Витамин деген терминді 1912 жылы поляк ғалымы К.Функ ұсынған. Ол латынның «ViTA» - өмір, «amin» қажетті деген сөздерінен тұрады. Витаминнің жетіспеуі, авитаминозға немесе гиповитаминозға ұшыратады. Сондай- ақ ол ағзаның түрлі ауруларға, әсіресе жұқпалы ауруларға қарсылығын төмендетеді. Бүгінгі таңда витаминдердің 30- ға жуық түрі белгілі.

13 оқушы.А витамині- жануар және өсімдік текті өнімдер: балық майында, сүт өнімдерінде, сары майда, көкінестерде болады. А витамині ағзаның өсуіне, жараның жазылуына жағдай жасайды, көрудің нашарлауынан сақтайды. Иммунитетті жоғарлатып, аурулардан тез жазылуға ықпал етеді.Сүйекті, тісті, шашты нығайтады.

14 оқушы.Витамин- сүтте , бидайда, кебекте, күріште, кепке ашытқыда, жаңғақта болады. Оны ауыр науқаспен ауырған кезде жүйке қажығанда, операциядан кейін пайдалану қажет. В витамині рухтың сергектігін, белсенділікті арттырып, ақыл- ой қызметін жақсартады.

15 оқушы. С витамині- зат алмасуға белсенді қатысады, иммунитетті нығайтады. Сондай –ақ антиденелердің пайда болуына қатысып,ағзаны тұмау және басқа ауруларға қарсылыған арттырады. Ол итмұрында, қара қарақатта, итбүлдіргенде, мүкжидекте, қара жемістешетенде,апельсинде, мандаринде, лимонда, алмада, алшада, шабдалыда, шпинатта, қымыздықта, қызылшада, орамжапырақта көп болады. С витамині болмағанда немесе жетіспегенде адам «цинга» (қырқұлақ) ауруымен ауырад.

16 оқушы. Д витамині – сүйек ұлпасының дамуы мен қалыптасуына қатысады. 3 жасқа дейінгі балалада ағзаның Д витамині жеткіліксіз болса, онда ол мешел ауруына ұшырайды. Мешелден баланың сүйегі нашар дамиды, қатайып бекімейді. Онда сақтану үшін таза ауада жиі болу керек.Д витамині балықта, сары майда, ірімішікте, сүт өнімдерінде болады.

17 оқушы. Е витамині ағзаға түскен улы заттарды бейтараптандырып , залалсыздандырады. Ол өсімдік майларында , бидайдың өскінінде , сояда , шырғанақ , бұршақта қыша жармасында, жұмыртқада және т,б болады

Салауатты тамақтанудың 10 ережесін есіне сақта.


  1. Қыдырып келдің бе,

Болдың ба сыныпта.

Тамақтың алдында

Қол жууды ұмытпа!


  1. Кештетпей уақыттан,

Төрт рет тамақтан.

Жалқаулықты қуаттан,

Артады қуатың.

Осындай ереже,

Тәрбие беріп ол

Көтерер көңілді!



  1. Ояндың, жуындың,

Жыйдың ба төсекті?

Ойнап, дем аласын;

Мектепке барасың..!

Уақыт тап бәріне.

Кешікпе сабақтан.

Еңбасты ереже-

Жақсылап тамақтан!


  1. Сүт пенен ірімшік,

Қаймақ бар, айран бар.

Бұлармен дос болмай,

Аласың қайдан нәр?

Сиырға алғыс айт,

Ол саған осындай,

Сан түрлі ас берген

Ең жақсы досыңдай!


  1. Табиғат сыйлаған,

Жеміс пен көкініс

Бойына жинаған,

Дәруін алып өс.

Ақыл мен көрінеді,

«Толтырды» ,- дегейсің,

Қарсы алып әр күнді,

Сүйсініп жегейсің.


  1. Ата-ана, құрметті

Жек көрер кім етті?!

Мен өсіп келемін,

Балық пен тауық еті,

Күніне бір мәрте ,

Бұларды тауып бер!


  1. Ботқаны дайындап

Әр түрлі жармадан.

Диқандар дән егіп,

Еңбегін арнаған.

Нан- тағам, әл берер,

Ер жетіп өсуге

Бұл тағам пайдалы!



  1. Көп су ішерсің,

Күн ысып, жаз болса.

Пайдасы жоқ оның,

Ішінде газ болса.

Шырын мен таза су,

Асыңды қортады.

«Химия» қосылса

Асқазан «қорытады».


  1. Тоқаш пен тәтті нан,

Конфетке құмарлық

Бұл өзі жақсы емес,

Ағзаға ұнарлық.

Қант пен тұз көп жесең,

Біліп қой түсініп.

Томпайып шығарсың,

Тоқаштай ісініп.


  1. Гамбургер, чизбургер

Қуырған картобың...

Бұларға жуымас ,

Ойлаған ертеңін.

«Фас фуд» деп оларды,

«Дәмді» деп,- жеме, сен!

Ештеңең кетпейді

Ешқашан жеме сен!

Ойын : « ия, жоқ»

Мақсаты : Пайдалы тамақтарды атағанда « ия» деп пайдасыз тамақтарды атағанда « жоқ» деп айтулары керек.

Пайдалы тамақтар:

Балық майы аз ет, айран, нан, өсімдік майы, сәбіз , пияз, орамжапырақ.

Пайдасыз тамақтар:



Кока кола, фанта, чипсылар, майлы ет, бәліштер, ссникерс, тәтті нандар, шоколад.

Қортындылау.

  1. Тамақтану режимін сақтау.

  2. Тамақ рационы әр түрлі жаңа өнімдер мен жеміс- жидектерден тұруы тиіс.

  3. Дұрыс тамақтану – денсаулық негізі.




©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет