Тақырыбы: «Абай жолы» романындағы өмір шындығы және көркемдік шешім. «Абай жолы» романындағы этнографиялық сипаттар


Қазақ тіл ғылымында функционалды грамматика



бет2/3
Дата19.05.2022
өлшемі71.18 Kb.
#457525
1   2   3
сөж Жубаева Орынай

Қазақ тіл ғылымында функционалды грамматика

Функционалды грамматика саласы қазақ тіл білімінде алғаш З.Ахметжанованың еңбегінде салғастырмалы тұрғыдан зерттелді десек, ал қазақ тілінде жазылған шақтық (темпоралдылық) қатынастарды мәтін лингвистикасы шеңберінде алғаш қарастырған ғалым Бердібай Шалабаев болды. Ғалым коммуникативтік сөйлеу типтерін ұйымдастыруда етістіктің шақ мағыналарының қызметін қазақ тілінде жарық көрген функционалды грамматика еңбегінің жарық көруінен көп бұрын айтады. Сондықтан ғалымды қазақ функционалды грамматикасы мәселесін көтерген алғашқы ғалымдар қатарына жатқызамыз. Бұған ғалымның темпоралдылық қатынастар туралы айтқан мына талдаулары дәлел: «Мәтіндегі шақтық мағыналарды ажыратуда «есептеу мезгілі» деген ұғымның мәнін айқындаудың маңызы зор.
Бердібай Шалабаев қазақ функционалды грамматикасы жазылу кезінде да өзінің бұрынырақ қалам тартқан тақырыптарын қайта жаңғыртты. А.В.Бондарконың мектебінің ғылыми бағыты бойынша зерттеулер жҥргізіп, функционалды грамматиканың теориялық мәселелері бойынша мақалалар жариялап, монография, оқу құралдарын дайындады. Жекелеген функционалы семантикалық өрістердің мазмұндық құрылымын ашатын тілдік талдаулар жасады.
Атап айтқанда, Бердібай Шалабаев функционалды грамматиканың негізгі 7 базалық ұғымдарынан бастап, жекелеген өрістер бойынша талдаулар жасап, тиянақты тҧжырымдар шығарды. Фунқционалдылық терминінің мән-мазмҧнын аша отырып, функционалды лингвистиканың зерттелуі мен ондағы зерттеу бағыттарын саралап көрсетті. Семантикалық қызмет, құрылымдық қызмет ұғымдарының айырым белгілерін сипаттап, ұғынықты тілмен қазақы танымға сәйкес түсіндіріп берді. Функционалды грамматика саласын зерттеуші ғалымдар, әдетте, жекелеген өрістерді ғана қарастырып кетсе, Бердібай Шалабаев қазақ тілінде зерттелгені бар, зерттелмегені бар бірнеше өрісті қатар алып отырып талдайды. Ғалым қазақ тіліндегі субъектілік, персоналдылық, белгілілік/белгісіздік, предикаттық, посессивтілік, каузалдылық (себеп /салдарлық, шарттылық, мақсаттылық) т.б. мағыналық категориялардың барлығы бойынша шолу жасалынып анық көрсетілген болатын.


  1. Қорытынды

Қорыта келгенде, ғылымның қай саласында болмасын ғасырлар бойы өзектілігін жоймай, керісінше, зат пен құ­ былыстың мәні тереңірек түсінуге жол көрсететін және тың тұжырымдар жасауға қозғау салатын ғылыми тұжырымдар мен ой­пайымдаулар, ғұмырлық еңбектер болады. Осындай қазақ граммати­ касына қатысты айтылған, күні бүгінге дейін өз маңызын жоймаған ХХ ғасырдың басындағы қа­ зақ ғалымдарының тұжырымдары мақала өзегін құрайды. Тілдің қолданыстық сипатына қатысты тұжырымдар тілдегі функционалды бағыттың негізін қалайды десек, оның нышандары өткен ға­ сырдың бірінші жартысында жарық көрген А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов зерттеуле­ рінде айқын көрініс береді. Бұл ғалымдар қазақ тіл білімінің негізін ғана салып қойған жоқ, ондағы ғылыми бағыттарды да айқындап берді. Солардың бірі – тілдегі функционалдық бағыт. Бұл мәселе мақала деңгейінде А. Байтұрсынұлы мен Қ. Жұбанов еңбектеріндегі етістік категорияларына және С. Аманжоловтың септік категориясына қатысты жасаған ғылыми тұжырымдарына талдау жүргізу арқылы қарастырылған болатын.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет