Тақырыбы: алаш қОЗҒалысы және алашорда үкіметінің тарихи деректері



бет4/7
Дата17.11.2022
өлшемі247.18 Kb.
#465083
1   2   3   4   5   6   7
КАРИБАЕВ АЛАШ

Ұқсас жұмыстар

Алаш қозғалысының қалыптасуы мен дамуы

Қазақстанның XX ғасырдағы тарихы

Алаш қозғалысының тарихнамасы

Алашорда үкіметінің құрылуы

Х. Досмұхамедовтың туған жері, өскен ортасы

Оқу-ағарту, ғылыми мекемелер мен өнер саласындағы мәдениетті қалыптастырудың алғышарттары

Ұлттық әдебиеті кезеңіндегі түрік ақындар шығармашылығы

Қазақстанның орталық және жергілікті мұрағаттар қорлары құжаттары саяси репрессиялар тарихының дерек көзі (1917-1956 жж.)

Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысының мәселелері қазақ зиялылары еңбектерінде

ХІХ ғасырдың ІІ жартысы – ХХ ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясы: тарихы мен тарихнамасы

Алаш қозғалысының тарихнамасы


Скачать

Жұмысты толықтай көру

Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Академик Е.А. Бөкетов атындағы


Қарағанды мемлекеттік университеті

Пернебек Б.

Алаш қозғалысының тарихнамасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В011400 - Тарих

Қарағанды 2019


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Академик Е.А. Бөкетов атындағы


Қарағанды мемлекеттік университеті

Қорғауға жіберілді


Археология, этнология және
Отан тарихы кафедрасының
меңгерушісі т.ғ.к., доцент
________Ускембаев Қ.С.
_______________ 2019 ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

тақырыбы: Алаш қозғалысының тарихнамасы

5В011400 - Тарих

Орындаған: Пернебек Б.

Ғылыми жетекші


т.ғ.к., доцент Бейсенбекова Н.А.

Қарағанды 2019

Мазмұны

Kipicпe ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1 Кеңестік билік кезеңіндегі Алаш тарихнамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.1 1920-1930 жылдардағы мерзімді басылымдардағы Алаш мәселесі ... ... ... .
1.2 1930-1990 жж. Кеңестік және шетелдік тарихнамадағы зерттелуі ... ... ... .

2 Қазіргі кезеңдегі (1995-2018 жж.) Алаш тарихының зерттелуі ... ... ... ... ... ..


2.1 Алаш тарихын зерттеудегі қазіргі заманғы тұжырымдамалар ... ... ... ... ...
2.2 Алаш қозғалысы отандық және шетелдік тарихнамада ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...


Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы өзін егемен, тәуелсіз мемлекет ретінде жариялай отырып, өткен тарихы мен келешек мемлекеттің дамуында демократиялық ел болуды таңдап алды. Азаматтық қоғам құра отырып, заңның барлық жағдайда жоғары тұруын қалайтын қоғамдық институттар, елдің, халық әлеуетінің жоғары тұруын бірінші жолға қояды. Қазақ халқы текті ұрпақтың өкілі ретінде, ежелден, яғни алғашқы тайпалық одақтар мен мемлекеттер құрылған тұстан бастап ақ, табиғатына сай, ғасырлар бойы сұрыпталып, өмірге бейімделген ұлттық идеологияны жоғары қойды.


Әртүрлі жағдайлармен, саяси ойынмен Патшалық Ресейдің ықпалына түскен Қазақ хандығының хандары қашан да ел мүддесі үшін күресті. Қазақ жері талай күрескер, батыр тұлғаларды дүниеге әкелді. ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында Ресейдің білім беру жүйесін тәмамдаған, қазақ халқының ұлттық мәдениетін бойына сіңірген жаңа зиялы ұрпақ дүниеге келді. Бұған дейінгі кезеңде ашық қақтығысқа келіп, көтерілістер ұйымдастырып, қарулы күреске шығатын тұлғалардан ерекшелігі сонда, олар білім-ілімді негізгі күрес құралына айналдыра алуында еді. Батысша білім алған, сол заманның озық ойлары мен жетістіктерінен хабардар болды. Қазақша тәлім-тәрбие мен ұлт құндылықтарын дәстүрлі қазақ қоғамында тәрбиелене отырып сіңірді.
ХІХ ғасырдағы Еуропаның дамыған бірқатар елдеріндегі халық игілігі үшін күрестің жетістіктерін оқып білген олар, осы жолды қазақ халқының егеменді үшін, қазақ халқының әл-ауқатының көтерілуі үшін күресте қолдануға бел байлады.
ХІХ ғасырдың соңында алғаш мерзімді баспасөздер пайда болып, патшалық Ресей мүддесі үшін қызмет етті. Осы сәтте қоғамдағы айтылуы тиіс, ауыр да өзекті мәселелерді көтерген мерзімді баспасөздер пайда болды. Басылымдар басында тұрғандар, келешек алашордашылар еді. Мерзімді баспасөз беттері үлкен даулы, қоғамдағы сол сәтте шешімін табуы тиіс жағдаяттардың бетін ашты, халық санасын оятты.
Патшалық Ресейдің түрлі реформалары нәтижесінде өз жерінде өгейдің күйін кеше бастаған қазақ халқының жоқтаушылары пайда болды. Бұл мәселеге де қырын келіп, патша әкімшілігінің назарын аудартуға тырысқан да болашақ алашордашылар.
Мемлекеттің дамуының ең негізгі көрсеткіштерінің бірі халқының әл-ауқатының жоғары болуы болса, халқының жағдайын көтеру үшін инженер, орман шаруашылығы маманы, кенші, заңгер, ұстаз, психолог т.б. мамандықтарды игерген де алашордашылар еді.
Жалпы айтқанда Отандық тарих ғылымында көлемді орын алған тақырыптардың бірі - Алаш тарихы. Алаш тарихы қарастырылды дегеннің өзінде, көп зерттелмеген тақырыптардың бірі қозғалыс, кейін партияның тарихнамасы. Отандық және шетелдік тарихшылардың еңбектеріндегі Алаш көсемдері, бағдарламаларын жүзеге асырудағы әрекеттері жайлы тұжырымдар бір зерттеу жұмысы ретінде жарияланбады. Отандық тарихшылардың алашорда мәселесімен жарияланған еңбектері өте көп. Дегенмен тарихнамасының кезеңдер бойынша бөлінуі кездеспейді.
Патшалық өкіметке де ашық сындарымен қолайсыз болған, кеңес өкіметі үшін де қазақ жерін әрі қарай отарлауға мүмкіндік бермеген алашордашылардың сол тұстардағы тарихнамасы билік тапсырысымен жазылғандықтан кері пікір қалыптасқаны белгілі. Тәуелсіз тарихымызды жазудағы негізі міндеттердің бірі, сол зерттеулерді сараптау мақсатында осы диплом жұмысы таңдалып алынды.
Диплом жұмысының зерттелу деңгейі. Алаш тарихы көп жылдар бойы тыйым салынған тақырыптардың бірі болды. Билік ауысқанымен, билік басына келген саяси күштердің жоспарларына пікірлері қарама-қайшы болған алашордалықтар халық санасынан мүлдем жойылуы тиіс еді. Мемлекеттік Думаға әртүрлі жолдар арқылы сайлана отырып, көкейкесті мәселелерді көтергендіктен қудаланған қазақ зиялылары, кеңес өкіметі орнаған тұста да саяси қуғындалды.
Ф. Голощекин Қазақ өлкелік партия комитетінің басшылығына келген кезден бастап Алаш деген атқа қатысы бар өнер, ғылым, мәдениеттің түрлі салаларында халық үшін жемісті еңбек етіп жүрген барлық қазақ зиялыларының соңына түсіп, қудалай бастады. Қазақ халқына қарсы жасалған геноцидтік саясатын іске асыру үшін Голощекин 20-шы жылдардың өзінде жекелеген қызметкерлерге алаштың контрреволюциялық ұлтшылдық мәнін әшкерелейтін еңбектер жазуға арнайы тапсырмалар береді.
Сондай тапсырма алған республика мемелекеттік баспаның директоры А.К. Богачов Алашорда [1] деген кітапша жазып, онда алашты бастан-аяқ қаралап шығады.
Алаш жөнінде құжаттар жинағын жазған БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің насихат бөлімінің меңгерушісі Николай Мартыненко Алаш жинағына енгізді [2]. Алаш партиясы бағдарламасының орыс тіліне А.Кенжин аударған, түпнұсқаға жақын нұсқа бола тұра, сапасыз аударма түпнұсқасын енгізген жинақ, Алаш партиясының бағдарламасы, мүшелерінің қызметі мен назар аударған негізгі мәслелерін көтерген жинақ болды. Кейіннен бұл нұсқа шетелдік басылымдарға да енді.
Богачев пен Мартыненко еңбектері шыққан тұста, алаш зиялыларын қудалап, сотқа тарту ісі қатар жүрді. Бұл еңбектер Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қайта басылып шықты.
БКП (б) Қазақ өлкелік комитетінің жанындағы Партия тарихы институтының ұйымдастыруымен 1933 жылдың желтоқсанында өткен Алашорда және Алаш партиясы тарихына арналған пікір-сайыста институт қызметкерлері С.Брайнин мен Ш. Шафиро Алашорданың тарихи рөлі деген баяндама жасады. 1935 жылы екеуінің авторлығымен Алашорда тарихы бойынша очерктер [3] деген кітабын жарыққа шықты.
Аталған еңбектер Правда газетінде (1935 жылы 14 сәуір) жарияланып. П.Русановтың Алашординская контрабанда мақаласына орай БК (б)П Қазақ Өлкелік Комитеті 1935 жылы 15 сәуірде пленум өткізіп, контрреволюциялық ұлтшылдық идеологияны таратуға қызмет етуіне байланысты Алаш атауын пайдаланудан шұғыл алып тастауға қаулы қабылдады. Осылау, 1989 жылдың шілде айына дейін Алашты айтуға тиым салынады.
Қазақ ұлт-азаттық қозғалысын бүгінгі қоғамдық сұранысқа сай зерттеуде М. Қозыбаев еңбектерінің орны ерекше [4]. Ол бұл күрделі мәселені ескі, ұлыдержавалық мүдде тұрғысынан емес, ұлттық ерекшеліктер мен мүддеге, жалпы адамзаттық қасиеттерге негізделген жаңа әдістемелік және теориялық деңгейде зерттеуді меңзейді. Академик М.Қозыбаев Алаш партиясының бағдарламасының жобасын және бүкілодақтық екінші съездің құжаттарын талдай келіп, партияны ұлтшыл саяси ұйым деп айыптаудың негізсіз екендігін дәлелдеп берді.
Интеллигенция тарихын зерттеудегі жаңа кезеңнің тағы бір белгісі бұл мәселені кең тарихи хронологиялық ауқымда және нақты деректік негізде зерттеуді қуаттайтын еңбектердің жарық көре бастауы. Ұлттық интеллигенция тарихын Кеңес билігі дәуірімен шектеген Қарағұсов және басқа авторлардың пікірін Х.Әбжанов орынды сынаған [5].
М.Қойгелдиев пен Т.Омарбеков Алаш қайраткерлерінің негізгі мақсаттары қазақ елін отарлық езгіден азат ету және қазақ қоғамын ортағасырлық мешеуліктен өркениетті әлеуметтік-экономикалық, мәдени даму жолына алып шығу болғандықтан, Алаш партиясын Ұлттық демократиялық партия деп атады [6].
М.Қойгелдиевтің тұжырымы бойынша - сол тарихи кезеңде қазақ қоғамына терең дағдарыстан өркениетті жолға шығу үшін, тарихи тәжірибе көрсеткендей, большевиктер ұсынған жол анағұрлым тиімді және азабы кем еді. Себебі алаштық интеллигенция ұсынған жол қазақ елінің сан ғасырлық даму тәжірибесін, салт-дәстүрін революциялық әдіспен күрт өзгертуді емес, қайта оларды эволюциялық жолмен, басқа өркениетті елдердің өмір тәжірибесін ескере отырып, одан әрі жетілдіре түсуді көздеді.
Қазіргі таным тарихында кеңестік саясатқа ұлттық тұрғыдан баға берген академик Манаш Қозыбаев Кеңестік Орталық пен большевизм жүргізген геноцид-отаршылдық шыңы болды [7] деп ой қорытуы негізсіз еместі. Осы орайда ұлт зиялыларын зерттеп жүрген белгілі тарихшы Мәмбет Қойгелдиевтің Алаш өкілдерінің осы аралықтағы ұстанған позициясы мен көздеген мақсаты біреу, ол мақсат қазақ қоғамын ояту, халқын, жұртын тәуелсіздікке үндеу болатын [8] деген тұжырымы да орынды.
Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметінің шын тарихы тек Қазақстан тәуілсіздік алғаннан кейінгі жылдары жаңаша парадигма негізінде зерттеле бастады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, тарихымыздың осы мәселесін зерттеуге бет бұрған тарихшы ғалымдардың бірі академик М. Қозыбаев болды. 1992 жылы М. Қозыбаевтың осы тақырыпқа және Қазақстан тарихының басқа да өзекті мәселелеріне арналған Ақтаңдақтар ақиқаты атты еңбегі жарық көрді. Осы еңбектің Тарихтың ащы сабағы дейтін мақаласы [4, 17-18.б.] аталмыш мәселеге арналған. Академиктің пікірінше И. Сталин кезіндегі жеке басқа табынушылық идеологиясының әсерінен тарихшылар Алашорда қозғалысын арнайы зерттеген емес, Ресейдегі үш төңкеріс кезіндегі қазақ зиялыларының Алаш қозғалысына саяси топталуы кеңес үкіметіне қарсы контрреволюциялық ұйым ретінде беріліп, оларға ұлтшыл, пиғылдағы зиялылар дейтін айдар тағылды. М.Қозыбаев пікірінше, Алаш- қазақ халқының ежелгі атауы. Ендеше, Алаш қозғалысы- ұлт-азаттық қозғалысы. Осылайша М.Қозыбаев Алаш қозғалысын ұлт-азаттық қозғалысқа теңеп, қазақ сахарасындағы ұлт-азаттық қозғалыс тек таза пролетарлық қозғалысы болуы мүмкін еместігін, бұл қозғалыс ортағасырлықтан буржуазиялық демократияға төңкерісінен кейін қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалысының туын жоғары байқуатты отбасылардан шыққан, оқыған, зиялы қауымның саяси аренаға көтергенін жазады [7, 18 б].
Қазақ мемлекеттігін жаңғырту жолында күрес жүргізген Алаш қозғалысы туралы жазылған іргелі зерттеу К. Нұрпейісов Алаш қозғалысы туралы жазылған іргелі зерттеу К. Нұрпейісовтің Алаш һәм Алашорда атты монографиясы. Қ. Нұрпейісов Алаш қозғалысы бірнеше құрамдас бөлімдерден тұратын күрделі ұғым екендігін, бұл ұғымға біріншіден, саяси партия ретіндегі Алаш, екіншіден, мемлекеттік құрылым түріндегі Алаш автономиясы, үшіншіден, осы автономияны (Алаш атты қазақтың мемлекеттігін) бақаруға тиісті болған Алаштың ордасы (Алашорда үкіметі) кіретіндігін жазады [9]. Д. Аманжолованың Казахский автономизм в России. История движения Алаш [10] Р. Нұрмағанбетованың Проблемы Алаш и Алашорды в казахстанской историографии 20-90 годов XX века [11] еңбектерін бөліп көрсеткен жөн. Бұларда Алаш қозғалысы тарихын зерттеудегі жетістіктерімен қатар, әлі де назардан тыс қалып келе жатқан мәселелер кеңінен талданды.
Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ ұстаздары да ХХ ғасырдың басындағы зиялы қауым тақырыбымен, оның ішінде Алаш мәселесімен де айналасып келеді. Монографиялар мен оқу құралдары жазылып, Алашордашылар көтерген мәселелер насихатталып отыр. Университет ғалымдарының еңбектері арасында Н.А. Бейсенбекова, Л.К. Шотбакова мен Қ.С. Өскембаевтың Алаш қозғалысының тарихы оқу құралын ерекше атап өту керек [12]. Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің қызметі жайлы жазылған оқу құралы, диплом жұмысын жазудағы негізгі ұстанымдарды айқындаған еңбектердің бірі болды.
Осы мәселемен бірнеше жылдар айналысып келе жатқан ғалым Қ.С. Өскембаевтың зерттеулері бар. Алаштың Әлімханы [13], Ә.Ә.Ермековтің қоғамдық - саяси және ағартушылық қызметі (1891-1970 жж.) [14] монографиялары Алаш тарихының белді мүшелерінің бірі Әлімхан Ермековтың қоғамдық-саяси қызметіне арналды.
Кешегі таптық саясат келмеске кетті десек те, кеңестік саясат пен кеңестер билігі бүгіндері ұлттық тұрғыдан қайта жазылуы керек. Қазіргі тәуелсіз Қазақстан тарихында ұлт зиялыларының саяси қызметтері қайтадан жазыла бастады. Бұл - құптарлық жайт. Болашақ ұлт бірлігі, мемлекет тұтастығы қазақ қоғамының болуында десек, қоғамның бірлігі ұлт өкілдерінің саяси танымының, біліктілігінің болуына байланысты.
Зерттеулерге сараптама жасауда бір қуантарлық жайт, КСРО дәуіріндегідей тақырыптарды тек қана үлкен ғылыми зерттеу ордаларында ғана емес, аймақта орналасқан тұлғалардың, ЖОО ұстаздары мен кәсіпқой тарихшы, өлкетанушылардың ат салысуында. Бірақ солай болуы заңдылық, себебі Алаш ол жалпы қазаққа, аймағына, тегіне бөлінбей қолданылатын ортақ түсінік.
Дипломдық жұмыстың деректік базасын Алаш қозғалысының тарихтағы орны, тарихнамасы туралы бүгіндер біршама бар. Мысалы: зерттеудің деректік негізін Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясы мұрағат қорларының құжаттары мен кітапханаларының сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар бөлімінде сақталған материалдар негізінде жарық көрген дерек жинақтары құрады. Түрлі материалдар жинақтары, мерзімді басылымдар, кітапхана қорында сақталған материалдар құрайды.
Алаш зиялыларының еңбектері және оларға байланысты түрлі деректер көптеп кездеседі. Деректердің ерекше бір тобын Алаш зиялыларының еңбектері және жеке адамға байланысты құжаттардың ішінде түрмеден жазылған хаттар құрайды. Оның ішіпде олардың қазақ халқының тарихына байланысты зерттеулері, әдебиет пен мәдениетке катысты, экономика, жер мәселесі және мемлекетшілдік, ағартушылық пен білім беру мәселесіне арналған еңбектері құнды дерек болып табылады. Мысалы, Әлихан Бөкейханның тарих саласында Исторические судьбы Киргизского края и культурные его успехи, Материалы по киргизскому землепользованию, собранные и обработанные по исследованию степных областей Семипалатинской области Каркаралинского уезда, Русские поселения в глубине Степного края, Сказания по киргизской былине Кобланды, Овцеводство в степном крае және басқа еңбектері жатады.
Алаш зиялылары, жалпы Алашорда тарихына қатысты деректер тек Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ғана жарық көре бастады. Сондай алғашқы деректік рөл атқаратын жинақтар кітап болып басылып шыққан Қазақ газеті мен Айқап журналын айтуға болады. Аталған мерзімді басылымдардың жарық көруіне үлкен еңбек сіңірген, жинақтарды құрастырушы ғалымдар Ү.Субханбердинаның, Қ.Саховтардың Қазақстан тарихында алатын орындары жоғары.
Ал 1990 ж. бастап Алаш зиялыларының еңбектері жеке жинақ болып шыға бастады. Мысалы, Мұстафа Шоқайдың шндамалы шығармаларының XII томдығы шықты, Ахмет Байтұрсынұлының VI томдық шығармалары, Сұлтанхан Жүсіп Аққұлұлы құрастыруымен Әлихан Бөкейханның XV томдық шығармалары 2016 ж. және тағы басқа Алаш партиялыларының еңбектері жарық көрді. Бұл жинақтар да деректердің бір тобын құрайды.
XX ғ. басында қазақ қоғамында орын алған оқиғалар мен саяси ахуалды сипаттап көрсететін Қазақстанның қазіргі заман тарихына қатысты құжаттардың жинақтары бар. Олардың ішінде Общественное движение в Степном крае в 1895 -марте 1917 гг.: хроника, материалы, документы, екі тілде жарық көрген Алаш қозғалысы: құжаттар мен материалдар жинағы. Сэуір 1901 ж. - желтоқсан 1917 ж., Движение Алаш: сборник документов и материалов. апрель 1901 г. - декабрь 1917 г. жинақтарды айтуға болады. Мысалы, соңғы екі томдық жинақта Алаш қозғалысының пайда болуын айқындайтын, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін жақсартудың жолдарын іздеген қазақ зиялыларының қызметін және осы жолда олардың демократиялық ұстаным танытқан Ресейдің көпұлтты интеллигенциясымен өзара ықпалдастығын көрсететін деректер келтірілген.
Зерттеу тақырыбы бойынша деректер тобының толыға берері сөзсіз. Себебі, алаш мұрасын зерттеу өз жалғасын табуда.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері: Диплом жұмысының мақсаты отандық және шетелдік тарихшылардың зерттеулеріндегі Алаш қозғалысының қалыптасу тарихы мен дамуы, бағдарламалық ұстанымдары, көтерген ел проблемалары мен оған жетудегі күрес жолын, кезеңдер бойынша жарияланған еңбектер негізінде талдау.
Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер айқындалды:
- Ұлт-азаттық Алаш қозғалысының қалыптасуын, осыған байланысты ХХ ғасырдың басындағы қазақ өлкесіндегі Ресей империясының отарлау саясатын, ұлт зиялыларының теңдік және бостандық туралы ой-пікірлерін талдау;
- Алаш қозғалысының саяси рөлін тарихи тұрғыдан кезеңдеу;
- Алаш қозғалысының бастау көздерін және тарихшы ғалымдардың тұжырымдамалары негізінде тарихнамалық шолу жасау;
- Қазіргі таңда жарық көрген әдебиеттер мен материалдар негізінде алаш мұрасы жайлы тұжырымдамалар жасау;
- Кеңес дәуірінде жарияланған еңбектер мен қазіргі уақытта жарияланған зерттеулерді салыстыра отырып, Алаш қозғалысының тарихтағы орнын анықтау;
- Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ұлт-азаттық күресінің қалыптасу, өрістеу, бәсеңдеу сатыларындағы Алаш, Алаш қозғалысына құқықтық тұрғыдан баға беру;
- Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов Ж. Ақбаев бастаған қазақ зиялыларының саяси мұрасын және Алаш және Алаш қозғалысының конституциялық құжаттарын саралай келіп, олардың Қазақстанда зайырлы қоғам құруды мақсат еткенін дәлелдеу.
Зерттеу жұмысының нысаны. Алаш қозғалысының осы уақыт аралығындағы зерттелген тарихнамасы.
Зерттеу жұмысының пәні. Алаш қозғалысының тарихнамасынасының негізгі тұжырымдамалары мен оған қатысты мәселелерді жаңартудың ерекшеліктері және маңызы.
Жұмыстың методологиялық негізі. Тарих ғылымындағы мәселенің методологиялық негізін осы уақытқа дейінгі зерттеулерде айтылған пікірлер мен тұжырымдар құрайды. Отандық және шетелдік тарихшылардың ХХ ғасырдың басындағы ұлттық қозғалыстардың шынай тарихын жазудағы объективтілік құрайды.
Сонымен қатар, тарих ғылымының тарихилық, жүйелік, салыстырмалық талдау мен жинақтау сияқты ғылыми таным принциптері негізге алынды. Ұлт болашағы үшін күрескен, жанын құрбан еткен бабаларымыздың қазақ халқының мәдени, рухани, азаттық, мемлекетттілік принциптерін қазіргі кезеңнмен салыстыра отырып, болашақ ұрпаққа насихаттау Отандық тарих ғылымының негізгі ұстанымы болуы керек.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
1 Кеңестік билік кезеңіндегі Алаш тарихнамасы

1.1 1920-1930 жылдардағы мерзімді басылымдардағы Алаш мәселесі



Ресейдегі қосөкіметгілік жүйесінде болып өткен қазақ съездерінің күн тәртібі, олардың өтілу барысы және қабылдаған қаулы-қарарларының орындалу деңгейі туралы алғашқы түпнұсқалық деректерді Алаш қозғалысының өзі тудырғаны баршамызға аян. Сондай тарихи деректерді болашақ ұрпаққа мұра етіп қалдыру да ұлт зиялыларының назарынан тыс қалмаған.
1917 жылғы ақпан төңкерісі жеңіске жетіп, патшаның тақтан түсірілуі Ресей империясы құрамында болып келген халықтардың ұлттық қозғалыстарының жаппай өрбуіне ерекше ықпал етті. Ресейлік басқа ұлттар сияқты қазақ халқы да ендігі сәтте жаңа қоғам құру ісіне белсене араласу қажеттілігін түсінді. Өйткені, ақпан революциясы бүкіл ресей халықгарына жаңа тұрғыда даму мүмкіндігін туғызды. Ақпан төңкерісінің қазақ халқының саяси санасының жандануына ерекше ықпалды болғанын сол кездің өзінде-ақ жазылды. Мәселен, қазақ өлкесінде ерекше беделді басылым болған Қазақ газетінің 1917 жылғы көктем айларындағы сандарында Зор өзгеріс, Реттелу керек, Тендік және Алаш ұлына атты мақалалар жарық көрді [15]. Бұл мақалалардың мазмұның Ресейдегі ақпан төңкерісінің ең басты жемісі азаттық, бостандық пен теңдіктің қадыр-қасиетін жете түсініп, елдің жаңару жолындағы жасап жатқан алғашқы қадамдарына жақтас болып, қолдау көрсету. Сонымен қатар қазақ үшін бұл зор өзгеріс азаттық таңы атқанмен бірдей деп бағалаған пікір алдымен айтылған. Азаттық, теңдік пен бостандыкқа ие болған шақга жаңа үкіметке (Уақытша Үкімет) қолдау көрсете отырып, ұлттық мақсат-мүддемізді іске асыратын шараларды бастау керектігі, алаш ұлдарының қоғамдық-саяси қызметтерге белсене араласуы қажеттілігі осы мақалаларда баса айтылады [15, 521 б].
Соңғы уақытта халық өкілдерінің саяси тұлғасын, жалпы азаматтық болмысын сомдауға жол ашылғанымен, жергілікті жерлердегі, айталық уездік, облыстық қазақ комитеттерінің белсенділерін толығымен зертгеу әлі де шешімін таппай отыр. Сондықтан, осындай тұлғалардың артында қалған ұрпақтары мен замандастарының естеліктерінде және жергілікті жерлердегі тарихи мұраларды бір жүйеге келтіріп жинастырып жүрген өлкетанушыларда сақталған деректерге сүйеніп, оларды шама келгенше халқымен қайта қауыштыру арқылы зерттеу жұмысының қатпарлы тұстарын ашуға талпыныс жасалып отыр. Бұл мәселеге байланысты Бірлік туы газеті: ... осы күні халық күшін бастап жүрген Алаштың әрбір азаматы әр қадамын аңдап басуға міндетті. Өйткені, тарихтың қатты жазасын қалың халық жалпы көтерсе де, ол жазаның кінәсін әр уақыт бірнеше көсемсінген адамдар-ақ істеп тастайтын ... Болашаққа көз жіберіп, алдыңда белгілі бір қарақшың болмаса, өмірдің қателері де көп болады ... Алаштың көз тігіп, ұмтылатын мақсаты - бірлік, түгелдік,- деп ұлт өкілдерінің әрбір басқан қадамы, жасаған әрбір іс-әрекеті келешек ұрпақтың тағдырын шешетіндігін, сондықтан ел басында жүрген азаматтарға үлкен жауапкершілік жүктелетіндігін айтады [16].
Қазақ съездеріне қатысты алғашқы пікірлерді Алаштың танымал жетекшілері Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Шоқай, А.Кенжин, Ж.Досмұхамедов, Х.Досмұхамедовтермен қатар бүркеншік есімді авторлардың деректік негіздегі мәліметтері мен сол кезеңнің шынайы келбетін сипаттайтын саяси-әлеуметтік тақырыптарға жазылған мақалалалары [17] береді. Мәселен, Уақытша үкіметтің қызметіне орай Бірлік туы газеті: ...оның ең бірінші міндеті - мемлекетті аман-есен Учредителъное собраниеге жібертіп, тапсыру еді. Бірақ ол өзінің бұл міндетін атқара алмады - дей келіп, - мұның себептерін тексеріп, Уақытша үкіметті ақтап, иә қаралап шығару тарихтың ісі. Бұған Россияның сол күндердегі әртүрлі ахуалы себеп болды ма, жоқ Уақытша үкіметтің өзінің тұтынған бағыты бастан-аяқ теріс болды ма, мұны айырып, бұл жұмбақты шешетін тарих екендігін, әйтеуір, не қылғанымен, Уақытша үкімет өзінің мойнына алған міндетін атқара алмай, мемлекет тізгінін қолынан шығарып алғандығын жазады [18]. Осы басылымның 15-ші санында: ...өзгеріс болғаннан бері ... Россиядағы әртүрлі жұрттар әлденеше рет сиездер құрып, бас қосып келешектегі жаңа тіршілікке әзірліктерін жасап, ата тілектерін жарыққа шығаруға ұмтылған іс- әрекеттеріне мемлекеттегі қызғаншақ таптардың олардың бұл істері асығыстық. Россияның мынадай қиын сәтін пайдаланып қалу деген сөздеріне орай түбінде ұлттық халықтарды айыптауға болмайтындығын, өйтккені найзадан бұрын туған халық тілегінің бостандық шуағы астында бұлайша тасып шығуы - табиғи іс. Сондықтан, оны асығыстық деп тоқтатуға тырысу - адасқандық, - деп, автономияға халықтардың бас қосып, өз алдына әрекет адамзаттық қасиеттер тұрғысынан баға береді [19]. Уақытша үкіметтің соғыс саясатына ...бұл зор қатесі еді, - деген баға беріп, оны түсіндіреді: Уақытша үкімет соғысты тоқтатпай, аяғына дейін жеткізуде екі мақсатты, атап айтқанда, елде һәм Россияның сыртқы жауларын жеңуді Уақытша үкімет екі кеменің күйрығын ұстаған кейпіне ұшырап, үлкен өзгерістің қисық жолға түсіп кетіп, оның осы күнге дейін қиратқаннан басқа ешнәрсе күнгі жұмысшылар қожайындығы большевиктердің жүгенсіз кетуі - бәрі де сол қатесінің кесірінен туған бәлелер [20]. Бұдан Уақытша үкіметтің саяси бағытындағы осындай қателіктерінің салдарынан мемлекетті тұрақты басқару мүмкін болмағандығы аңғарылады, Осылайша, Уақытша өзіне зор сенім артқан халқының күнделікті түзеудің орнына, сыртқы саясатты бірінші кезекке қойып, соның әуресімен халық арасында өз беделін түсіріп қалжыраған халықтың діңкесі құрып, соғысты тоқтатамыз , жер береміз деген большевиктердің соңынан кете баруының бір ұштығы осы соғыс саясатына байланысты болған.
Ақпан төңкерісі Ресей халықтарын серпілткен зор оқиғаның қазақ халқы үшін қандай маңызды болғанын кезінде А.Байтұрсынов былай деп көрсеткен: Қазақтар үшін бірінші төңкеріс түсінікті болды және оны қуанышпен қарсы алды, өйткені ол біріншіден, патшалық үкіметтің езгісі мен зорлығынан құтқарды және екіншіден, олардың өзіндік зор арманы- өзін-өзі басқаруға жеткізеді деген үмітін бекіте түсті [9, 239 б.]. Кезінде кеңестік тарихнамада Ақпан төңкерісінің Ресей халықтары үшін, соның ішінде қазақ халқына тигізген әсерін біржақты, яғни теріс мағынада баяндап келді. Ал соны зерттеулер бұл революцияның қазақ қоғамы үшін алға даму (қарқынды) бағытында ықпал еткенін көрсетіп отыр. Зерттеуші К.Нұрпейісов ақпан төңкерісінің қазақ қоғамына тигізген ықпалы жөнінде былай деп көрсетеді: Іс жүзінде революция Россияда кең көлемді халықтың демократиялық қалыптасуына жол ашты. ...Ақпан революциясының жеңісі саяси жүйенің жоғары сатысы - республикалық құрылысқа көшуге жағдай туғызып қана қойған жоқ; сонымен қатар ұлттық езгінің күш-қуатын әлсіретуге мүмкіндіктер берді. Осының нәтижесінде ұлттық өзін-өзі билеу проблемасын шешу мәселесін қоюға, қазаққауымының әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге мүмкіндіктер туды. ...Ақпан революциясы қогамда азаматтық келісім орнатуға жағдай туғызды. ...Ақпан революциясы жеңісінің ең маңызды нәтижесі елде кең көлемінде саяси бостандықтар мен бүкіл қоғамдық өмірдің демократияландырылуы болды [9, 74-75 бб.]. Шынында да Ақпан төңкерісі патшалық Ресей тұсында бұратана халықтар санатындағы қазақ сияқты ұлттардың титулды ұлтпен тең екендігін заңдастырды, олардың ресми үкімет органдарында қызмет қылуына мүмкіндіктер туғызды. Ұлттың езілуінің (саяси және экономикалық тұрғыдан) тоқтатылуына жағдай туғызды. Зерттеуші М.Қойгелдиевтің сөзімен айтсақ: ...А.Байтұрсынов пен оның серіктестері ақпан революциясымен бірге келген саяси өзгерістер ұлт-азаттық қозғалыстың негізгі мақсаттарының орындалуына, яғни ұлттық мемлекеттік дербестік алуға, жер мәселесін ұлттық мүдде тұрғысынан шешуге, мәдениетті өркендетуге және басқа міндеттерді шешуге жол ашады деп түсінді [8, 214-215 бб.]. А.Байтұрсынов Алаштың жетекші қайраткері ретінде қазақ қоғамында танымал тұлға болды.
1917 жылғы ақпанда Ресейде жеңіске жеткен буржуазиялық-демократиялық революция нәтижесінде қоғамдық өмірдің барлық дерлік мәселелері толықтай шешілді деуге болмайды. Жалпы Ресей кеңістігінде бас көтерген ұлт-азаттық қозғалыстар даму жолы (тактикасы мен стратегиясы), ресми билік иесі Уақытша Үкімет тарапынан толықтай қолдау таппады [9, 75-76 бб.]. Бұл мәселе туралы сөз алда болады. Қазақ халқының көшбасшысы ретінде кеңінен танылған, 1917 жылға дейін халыққа жағымды істерімен жұртшылыққа мәлім болып келген Алаш қозғалысы қайраткерлері ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан күрделі жаңа жағдайда саяси күрес жолына шықты. Дәл 1917 жыл Алаш қозғалысы тарихындағы ең бір маңызды да, шешуші жыл болғаны тарихтан белгілі болып отыр. Алаш қозғалысының өлкедегі жетекші саяси күші ретінде танылыуының өзіндік тарихы бар. Қазақ қоғамының Алаш қозғалысына қолдау көрсетіп, оған ілесуінің әр түрлі сипаттағы мән-мағынасы бар. Атап айтқанда:
- Алаш қозғалысы қайраткерлері қазақ халқының мұң-мұқтажын жете түсінді;
- Қозғалыс қайраткерлері өздерінің білімділігімен және біліктілігімен көпшіліктің үміт-сенімдерін әрдайым (1905 жылдан бастап) ақтап келді;
- Қозғалыстың ағартушылық саласындағы орынды іс- әрекеттері, олардың қазақ қоғамы арасындағы беделін көтереді;
-Ұлттық бірлік пен халықтың өзін-өзі билеу құқын іске асыруды жолға қою бағытындағы туындатқан идеясының жұртшылыққа кеңінен мәлім болуы және т.с.с. іс-әрекеттері Алаш қозғалысын өлкедегі жетекшілік позициясын айқындап берді.
Алаш қозғалысы төңірегінде топтасқан қазақ зиялылары және олардың түрлі әлеуметтік топтарға жататын жақтастары қазақ өлкесінде жаңа өмір құру ісіне қарқынды түрде араласа бастады.
Олардың бұл бағыттағы бастамасы ресми өкімет Уақытша Үкімет тарапынан қолдау таба бастады. Өйткені Уақытша Үкімет аса күрделі саяси жағдайда Ресейдің шеткері аймақтарында бас көтерген ұлттық қозғалыстармен санасу керектігін жете түсінді.
Уақытша Үкіметтің елде саяси қызметін тұрақтандыру елдің территориялық тұрғыда біртұтастығын сақтап қалу және сыртқы саясатындағы қиыншылықтардан (бірінші дүниежүзілік соғыс) аман шығу үшін алғашқы уақытта ұлттық ұйымдармен компромистік бағыт ұстады. Өз кезегінде ұлт зиялылары да қазақ қоғамы үшін Уақытша Үкіметке қолдау көрсету арқылы белгілі бір саяси белестерге жетуге болады деп есептеді. Оның үстіне Ресейде акдан төңкерісінен кейін қосөкіметтілік туындағанын, яғни ресми билік иесі Уақытша Үкімет пен жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңесі жүйесінің жоғарыдан төмен қарай (вертикалды) жаппай кұрыла басталуы. Олардың өзара саяси тартыс таласында айту керек. Әрине, жұмысшы және солдат депутаттары Кеңесі өзінің саяси жүйесін жақтай бастады, ал Уақытша Үкімет бұрынғы патшалық әкімшілік жүйесінің құрылымын жаңа саяси жүйемен (атаулармен) алмастыру арқылы және кейбіреулерін жою арқылы жаңа әкімшілік құрылымын түзді. Қазақ зиялыларының Уақытша Үкіметке деген сенімдерінің негізінде, оның демократиялық бағытта жасаған қадамдары болды. Мәселен, сөз бостандығы, саяси партиялар кұру, баспасөз бостандығы, халықтың өз еркін білдіру құқықтары т.т. Сонымен ақпан революциясынан кейінгі қазақ өкіметінің саяси тұрғыда даму процесстері Уақытша Үкімет тарапынан туындалған демократиялық өзгерістермен тығыз ұштасты.
Билік басына келген Уақытша Үкіметке сенім білдірген арнайы жеделхаттар Алаш қайраткерлерінің халыққа тастаған үндеу хаттарынан кейін Қазақстанның барлық аймақтарынан Петроградқа жаппай жіберіле бастады. Бұл жеделхаттарда Уақытша Үкімет жаңа қоғамды демократиялық тұрғыда құруда ерекше ұйымдастыру қабілетін көрсетеді деген сенім мол болды. Мәселен, жеделхаттар Орынбордан Торғай қазақтары А.Байтұрсынов бастаған топ (6 наурызда), Оралдан Б.Қаратаев бастаған топтың, Ақмола облысынан, Семей облысы Қарқаралы уезі орыс-қазақ мұғалімдерінің кәсіподағы және Омбы қазақтарының атынан Петроградқа Ресей Думасына жіберілді [21]. Сондай-ақ М.Тынышбаевтің атынан Жетісу қазақтарының жеделхаты Петроградқа жіберілді [15, 380 б.]. Қазақ газетінің 1917 жылғы 223-санында Минскідегі бұратана бөлімінде қызмет қылып жүрген Ә.Бөкейханов бастаған қазақ зиялылары қазақ өлкесін саяси тұрғыдан жандандыру мақсатында жіберген жеделхаты жарияланды.
ХХ-ғасырдың алғашқы ширегінде еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде елеулі рөл атқарған Алаш қозғалысы тарихын зерттеу ісін сол кездегі қазақ зиялыларының өздері бастап берген болатын. Қазақстан тарихында орын алған ұлттық және мұсылмандық қозғалыстар жайлы Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Шоқай және т.б. өздерінің жан-жақты талдау жасалынған еңбектерінде кеңінен көрсетті.
Алайда Алаш немесе Алашорда қозғалысына тікелей қатысы бар қазақ зиялыларының еңбектері кеңестік тарихнамадан 20-шы жылдардың соңына қарай тысқары қалды. Оның өзіндік себебін сол кезде қоғамымызда үстемдік алған большевиктік идеологиядан деп білеміз.
Тақырыбымызға байланысты зерттеулердің ішінде 10-шы жылдың соңы 20-шы жылдардың бас кезінде жарық көрген еңбектердің ерекшелігі, ол мәселенің негізгі мән-мағынасын ашып көрсетуде жан-жақтылық пен деректілік сипат танытуында деп білеміз. Алашордаға қатысты тарихи шындық тұрғысындағы тұжырымды ойлар А.Байтұрсыновтың атақты Революция және қазақтар деген мақаласында айтылды [22]. Бұл мақала А. Байтұрсыновтың кеңестер өкіметі жағына торғайлық топты бастап өткеннен кейін РСФСР-дың Ұлт істері жөніндегі халық комиссариаты органы Жизнь национальностей газетінің 3 тамыздағы санында 1919 жылы жарық көрген.
А.Байтұрсынов аталған еңбегінде Алашорданың нағыз халықтық сипатын көрсете отырып, болашақта құрылар Кеңестік Қазақ мемлекетінде де ұлттың өзін-өзі басқаруы мәселесі және Орталықтағы биліктің өз кезегінде аймақтағы билікпен санасуы қажеттілігін көрсеткен. Бір сөзбен айтқанда А.Байтұрсынов Кеңес өкіметі жариялаған Ресей халықтары құқықтарының декларациясын нақты іске асырылуын баса көрсеткен. Бұл құжат жалпы алғанда демократиялық сипаттағы мәтінде берілген болатын [23].
Бұдан кейін С.Сейфуллин Қазақ интеллигенциясы деген мақаласында Алаш қозғалысының 1905 жылдан бергі тарихына шолу жасайды. Алаш қайраткерлерін контрреволюцияшыл, реакцияшыл деп айыптай келе, олардың қазақ қоғамын жандаңдыруға ізденістерін де жоққа шығармаған [24].
Алаш автономиясы мен Алашорда үкіметінің құрылуы және олардың Кеңес өкіметімен арақатынасы туралы пікірлер 1919-1920 жылдардағы большевиктік бағыттағы баспасөздерде жарық көрді. Айталық қарастырылып отырған мәселеге аз да болса тоқталған С.Сейфуллин [24], М.Атаниязов [25], О.Исаев [26], П.Варламов [27], С.Мещеряков [28] өз мақалаларында құжаттық деректерді талдаудан өткізбей жатып-ақ оларды бір жақсы бағалады.
С. Сейфуллиннің Алаш немесе Алашорда қозғалысы туралы көзқарасы 1927 жылы Қызылорда қаласында жеке кітап болып шыққан Тар жол, тайғақ кешу деп аталған тарихи еңбегінде нағыз большевиктік рухта сипат алғаны мәлім. С.Сейфуллиннің Алашорданы реакцияшыл ұлтшылдық көзқарастағы саяси ұйым ретіндегі айыпталуын іле-шала Ә.Әйтиев те қостаған [9, 96 б]. Ал, 1922 жылы Степная правда газетінің 26,27 шілдедегі 160-161 сандарында Н.Ш. деп бүркеншік атпен жарияланған К истории революционного движения в Восточной Киргизии деген мақалада Алашордаға байланысты саяси пікірталасқа жол ашып берді. Бұл пікірталасқа қатысқан Ә.Байділдин мен А.Кенжин Алаш қозғалысын кері сипатта көрсетуін әділетсіз екенін көрсетеді [29]. Өйткені, олардың өздері Алаш қозғалысы аясынан өсіп шыққандар болатын. Осы пікірталасқа қатысқан М.Атаниязов Алашорда қозғалысының контрреволюцияшылдығын кеңінен ашып көрсетуге тырысқан [25]. А.Кенжин өз мақаласында Алашорда қозғалысын сол кездегі қазақ қоғамында туындалған қоғамдық-саяси жағдайлардан өрбіген қозғалыс ретінде, оның қызметін нақты жағдайлармен байланыстыра қарауды ұстанды. А.Кенжиннің Алашордаға қатысты нағыз азаматтық позицияда тұруын ерекше атап өткен жөн. Өйткені, оның мақаласы жарияланардан бұрын, яғни 1922 жылғы 15 қазанда РК(б)П Қазақ облыстық комитеті Президиумның мәжілісінде (хаттама №37) А. Кенжиннің, Б. Қаратаевтың және Мұрзағалиевтың Алашордамен байланыстары жөніндегі мәселе қаралады. Президиум мүшесі Рябоконьның Кенжин мен Қаратаевтардың Торғай қаласында Алашорда жағында болып, оның торғайлық отрядын құруға қатысқандар деп айыптауы орын алды. Кенжин жауап сөзінде Алаш отрядында (Торғайдағы) тек шаруашылық істеріне басшылық жасағанын, ал соғыс қимылдарына қатыспағанын атап өтеді. Мәжіліс шешімі Кенжин, Қаратаев және Мұрзағалиевтерге байланысты біржақты шешімге келе алмаған. А.Кенжиннің өз мақаласындағы Қазақстанда сол кезде орын алған саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайларға аса мән беруге назар аудартуы тегін емес. Өйткені, А.Кенжин саяси баррикаданың екі жағында да болған қайраткер және оған барлық жәйттер өте жақсы мәлім екендігі белгілі.
Алашорда қозғалысы тарихы ресми тұрғыдан, таптық және партиялық тұрғыдан зерттеу науқаны Ф.Голощекиннің Қазақстанның партия ұйымын басқаруға келген 1925 жылдан кейін үдей түсті. Осы кезден бастап Алашорда қозғалысы жетекшілері мен қарапайым мүшелеріне қарсы саяси науқан да басталды. Идеологиялық тұрғыда күрес Қазақстан бойынша жаппай жүргізіле бастады. Алашорданы қаралайтын еңбектер пайда бола бастады. Бұл істің басы-қасында Өлкелік партия комитеті болғанын архив құжаттары растайды.
БКП(б) Қазақ Өлкелік комитеті секретариатының 1926 жылғы 10 қарашадағы мәжілісінің №55 хаттамасында былай делінген ... Оқу орындарында Алашорда қозғалысын тарихи арналарда оқыту ұшін арнайы брошюра-көмекші кұралдарды шығару жөнінде. Брошюраны құрастыруды Мартыненко және Сейфуллин жолдастарға тапсырылсын [9, 134 б]. Секретариат мәжілісінен кейін, іле-шала сол жылғы 25-30 қарашада өткен БК(б)П Қазақ Өлкелік комитетінің екінші пленумы Қазақстан партия ұйымдарын Алашорда идеологиясына қарсы идеялық күресті кұшейтуге шақырады. Партиялық тапсырыспен сол кездегі республикалық мемлекеттік баспаның директоры А.К.Бочагов 1927 жылы Алашорда туралы Краткий исторический очерк национально-буржуазном движении в Казахстане периода 1917-1919 гг. деген атпен кітапша шығарады. Бұл еңбек идеологиялық сұраныс тұрғысынан жазылғандықтан, Алашорданы қаралаудан аса алмады. Алашорда қызметіне тарихи негізде объективті талдау жасалынбады. Соған қарамастан, А.К.Бочаговтың еңбегінің құжат материалдарымен қоса берілгендігімен құндылығын өрі күнге дейін жоғалтқан жоқ.
Алайда А.К.Бочаговтың Алашорда тарихына байланысты еңбегіне партия тарапынан тиым салынды. Осы мәселе БК(б)П Қазақ Өлкелік комитеті Секретариаты мәжілісінде (21 наурыз 1927 жыл) арнайы қаралады. Енді құжатқа жүгінейік: Хаттама №79А. БК(б)П Қазақ Өлкелік комитеті Секретариатының мәжілісі 1927 жылғы 21 наурыздағы. Қатысқандар: жж Голощекин, Рябоконь, Литвин...
1. Бочагов жолдастың брошюрасы жөнінде. А.Бочагов жолдастың Алашорда деген брошюрасын шығару тоқтатылсын... [11, 97 б.]. Бұдан байқайтынымыз, Ф.Голощекин басқарып отырған Қазақстан партия ұйымы А.К.Бочаговтың еңбегіне қанағаттанбаған. Партиялық тапсырыспен Алашорданы идеологиялық тұрғыда жамандап көрсету ісі жалғаса берді. Бұл мақсатта арнайы кітап шығаратын комиссия құрылған. Бұл комиссиядан өз өтініші бойынша Юсуфбеков босатылып, орнына Н.Мартыненко ұйғарылады. Қүжатта былай делінген: Хаттама №93. 1927 жылғы 23 маусымдағы. 29п. Азамат соғысы және Алашорда атты жинаққа кіріспе құрастыру міндеті жүктелген Юсуфбеков жолдастың осы аталған міндеттен босату жөніндегі өтініші. 29п. Юсуфбеков жолдас босатылсын. Оның орнына комиссия құрамыиа Мартыненко жолдас енгізілсін. Большевиктік партия үшін сәтсіз деп табылған А.К.Бочаговтың еңбегінен кейін құрылған Комиссия жұмысы Қазақ Өлкелік комитетінің Секретариатында қайта қаралған: Хаттама №28. БК(б)П Қазақ Өлкелік комитеті Секретариаты мәжілісі 1928 жылғы 13 мамырдағы. 5п. Алашорданың құясаттарын шығару жөнінде (Оразбаев жолдас).
5п. Алашорданың негізін көрсететін Алашорда құлсаттары жинағын тиісті алғысөзбен және ескертпелермен шығару қажет деп есептелінсін. Аталған жинақты шығаруға байланысты барлық жұмыстар мына құрамдағы комиссияға жүктелсін: 1.Мартыненко. 2.Тоқтабаев. 3.Сейфуллин. 4.Оразбаев және 5.Байдильдин. Нәтижесінде, 1929 жылы Қызылордада Н.Мартыненконың құрастыруымен Алашорда: сборник документов құжаттар жинағы шығарылды. Бұл жинақтың түсініктемелерінде Алашордаға қарсы пікірлердің орын алғанына қарамастан, Алашорданың тарихының әр қилы кезеңіндегі тарихына талдау жасауға мүмкіндік беретін құжаттар жинағы ретінде қазіргі зерттеушілер тарапынан кеңінен қолданыс табуда.
1933 жылғы 8-28 желтоқсан аралығында БК(б)П Қазақ Өлкелік Комитеті жанындағы ҚМЛҒЗИ тарих секторында Алашорда қозғалысына арналған пікірталас ұйымдастырылды [21]. Аталған институт қызметкерлері С.Брайнин мен Ш.Шафиро Алашорданың тарихи ролі деген тақырыпта баяндама жасайды. Баяндамаларындағы негізгі пікірлер, пікірайтыс барысында айтылған пікірлермен нақтыландырылып, екі автор 1935 жылы Очерки по истории Алаш-Орды деген атпен кітап шығарады. С.Брайнин мен Ш.Шафироның бірлескен еңбектеріндегі негізгі тұжырымда сол кездегі идеологиялық сүранысқа сәйкес келгеніне қарамастан, кітап тағдыры басқаша шешіледі. Жоғарыда аталған, Н.Мартыненко құрастырған Алашорда: сборник документов және С.Брайнин мен Ш.Шафироның Очерки по истории Алаш-
Орды деген кітаптары Қазақ Өлкелік партия ұйымының ұйғаруымен пайдаланудан алынып тасталынды. Бұл еңбектерге тағылған айып: оларда Алашорда қозғалысының тарихын жан-жақты талқылау негіз болатын құжаттардың беріліп кетуі және оны авторлар Алаш идеологиясын насихаттау сипатында қосты делінді [9, 11-146 бб].
Белгілі қазақ қайраткерлері Т.Рысқұлов пен С.Асфендияровтар өз кезегінде замана ықылымынан шыға алмағанмен, еңбектерінде Алаш зиялыларының қалыптасу тарихының алғы шарттарына тоқталады, әрі қазақ зиялыларының қазақ қоғамын саясаттандырудағы іс-әрекеттері Қазақстандағы Қазан төңкерісінің жеңістерімен салыстырмалы көрсетіледі [30].
1920 жылдардың аяғы мен 1930 жылдардың басында Алаш қозғалысының басшыларына қарсы ұйымдастырылған саяси сот процестерінен кейін бұл тақырыпты тарихи тұрғыдан зерттеуге ресми түрде тыйым салынды.
30-жылдары Қазақстанда үстемдік алған жаппай қуғын-сүргін саясатының шеңгеліне Алаш қозғалысы қайраткерлері алдымен ілінді. Ал ресми өкімет органдарының Алаш мәселесін жабық деп табуы, тікелей Алаш немесе Алашорда қозғалысына арналған зерттеулер жүргізуге 80-жылдардың соңына дейін мүмкіндік берілмеді. Сонымен, Алашорда тарихын зерттеу ісі 20-30 жылдары осындай ретпен өтті.

1.2 1930-1990 жж. Кеңестік және шетелдік тарихнамадағы зерттелуі

... жалғасы 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет