Эритроциттердің саны (адам қанының әр литрінде): ерлерде – (4,0-5,1)*1012, әйелдерде – (3,7-4,7)*1012. Эритроцитоз – эритроциттер санының артуы. Эритроцитопения – эритроциттер санының азаюы - Физиологиялық
- Абсолюттік
- Салыстырмалы
- Патологиялық
- Абсолюттік
- Салыстырмалы
- Физиологиялық
- Абсолюттік
- Салыстырмалы
- Патологиялық
- Абсолюттік
- Салыстырмалы
Эритроциттердің қызметі - Тыныс алу, оттегіні өкпеден ұлпаларға және көмірқышқыл газын ұлпалардан өкпеге тасымалдайды.
- Қышқылдық-негіздік тепе-теңдікті қамтамасыз етуге қатысады (Hb буфері).
- Ұлпалардан өкпеге суды тасымалдайды.
- Біріншілік осмостық ауытқуларды қалпына келтіруге қатысады, олар микроосмометрлер тәрізді әсер көрсетеді (Х.Қ. Сәтпаева).
- Кейбір улы заттарды адсорбциялайды.
- Қанның ұюына қатысады.
- Қан тобын анықтайды.
Гемоглобин – күрделі белок, хромопротеид, 96% глобин және 4% гем. Гемоглобиннің бір молекуласы О2 4 молекуласын байланыстырады, гем құрамына 2 валентті темір кіреді. - Гемоглобиннің түрлері:
- HbP – примитивті, эмбрионның жатырда дамуының 9 аптасына дейін.
- HbF – феталдық гемоглобин, ұрықта және жаңа туған нәрестелерде.
- HbA - ересек адамда.
Достарыңызбен бөлісу: |