Тақырыбы: Қатынастар. Унарлы,бинарлы және тернарлы қатынастар



бет1/5
Дата24.09.2022
өлшемі36.11 Kb.
#461245
  1   2   3   4   5
Лекция 3


Дәріс-3
Тақырыбы: Қатынастар. Унарлы,бинарлы және тернарлы қатынастар.
Жалпы математикада екі объектінің арасындағы қатынастар қарастырылады.
1) Сандар арасында: тең, артық, үлкен, кіші, бөлінеді, еселі;
2) Түзулер арасында: параллель, перпендикуляр, қиылысады, айқас;
3) Геометриялық фигуралар арсында: конгруэнтті, ұқсас т. с. с.
Сондай-ақ жиындарды салыстыра отырып, олар қиылысады немесе тең,
біреуі екіншісіне тиісті, т. с. с. , яғни жиындар арасында да қатыстар орнатуға
болады.

Мысал. А={6, 7, 8, 9} сандар жиынын қарастырайық. Бұл сандардың


арасында «артық» қатысы бар, 7>6, 8>7, 8>6, 9>8, 9>7, 9>6.
Осы сандардың арасындағы «1-ге артық» деген қатысты қарастырсақ,
«7 саны 6-дан 1-ге артық», «8 саны 7-ден 1-ге артық», «9 саны 8-ден 1-ге артық» болады. Бұл сандардың арасында әлі де басқа қатыстар болатынын қарастыруға болады. Сонда, әрбір қатысты қарастырғанда элементтері берілген А жиынынан алынған реттелген жұптардың жиынын құрдық. «Артық» қатысы үшін жиыны, ал «1-ге артық» қатысы үшін жиыны болады. Сонымен, қарастырылған әрбір қатыс берілген жиынның элементтерінен құрылған жұптардың жиынымен анықталып тұр. Осы жұптарды А жиынының элементтерінің арасындағы қатынас деп атайды.

Анықтама. А жиынының элементтерінің арасындағы немесе А жиынындағы қатынас деп А  В декарттық көбейтіндісінің кез келген ішкі жиынын айтады.
Қатынас латынның үлкен әріптерімен белгіленеді: P, Q, R, S т. с. с. Егер А жиынының элементтерінің арасындағы қатынас R болса, онда R  А В болады.
Қатынастардың ішінен унарлыбинарлы, тернарлы қатынастар көбірек белгілі. Практикада негізінен унарлы және бинарлы қатынастармен жұмыс істейміз. Унарлы (бір орынды) қатынастар бір жиын элементтерінің белгілі бір R қасиетінің болуын бейнелейді. М жиынының R қасиетімен (белгісімен) ерекшеленетін элементтерінің жиыны М-ң бір ішкі жиынын құрайды. (Мысалы, қобдишадағы шарлардың бір бөлігінің ақ болуы). Оларды унарлы қатынас немесе қасиет деп атайды, R мен белгілесек, яғни aR, RM.
Бинарлы қатынастар М жиынының бір жұп элементтерінің қандай да бір өзара қарым-қатынасын анықтауға қолданылады. Мысалы, М адамдар жиыны десек 2 адамның бір қалада тұруы, бір ұйымда қызмет істеуі, біреуінің екіншісінен жас болуы, әке мен бала болуы т. б.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет