Математикалық әдістер эвристикалық, классикалық (АБЖ-нің теориясы), «таза» машиналық және машина-аналитикалық болып бөлінеді.
АБЖ-не жалпы зерттеулер жүргізгенде көп жағдайларда мәселенің анық-қанығын анықтау мүмкін болмайды, сондықтан эвристикалық әдістерді (сурет 7.2) қолдану қажеттілігі туады. Эвристикалық әдістерде АБЖ-н әзірлеушінің интуициясына және тәжірибесіне ерік беріледі.
Эвристика (грек. ευρίσκω «табу», «жаңалық ашу») – объектілер арсындағы жаңа көзқарастарды, ой-түрткілерді және өзара байланыстарын ашуда пайдаланатын шығармашылық әркеттерді, әдістерді оқитын ғылым және соларды оқыту үрдісінің әдістемесі. Эвристикалық әдістер мәселенің шешу үрдісін едәуір жеделдетеді.
Классикалық әдістер АБЖ-нің және соның құрылғыларының орнықтылығына, сапасына, дәлдігіне талдау жүргізу және АБЖ-нің реттегіштерін және түзету құрылғыларын синтездеу есептерін шешу үшін қолданылады. АБЖ-н жобалауды теориялық есептерді шығарумен және соларды макеттерде сынақ жүргізумен қабаттастырады. Көбінесе қарапайым жүйелерді жобалауда қолданысын табады.
Машиналық әдістер мәселені тек қана ЭЕМ-да шешу үшін және күрделі АБЖ-н және солардың құрылғыларын жобалауда қолданылады. Бұл әдіске жататындар:
Машина-аналитикалық әдістер аналитикалық процедуралармен қатар сандық машиналық шешімдерді біріктіреді. Аналитикалық түрде АБЖ-гі үрдістердің сипаттамалары мен көрсеткіштері арасындағы математикалық теңдеулерді алумен қатарЭЕМ-да есептеу және өңдеу арқылы сандық талдау жүргізу мүмкіндігі пайда болады.
Машина-аналитикалық әдістерді қолдану арқасында АБЖ-н ары қарай зерттеу мүмкіндігі артады, сандық талдаудың барлық нұсқаларын қарастыру жылдамдығы жоғарылайды, нәтижесінде жобалау уақыты қысқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |