Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары». Мақсаты: Білімділік : Оқушыларға «Қазақтың ұлттық ойындары»



бет3/3
Дата25.03.2024
өлшемі1.32 Mb.
#496416
1   2   3
8 сынып ұлттық ойын (копия) (копия)

Негізгі бөлім
2-кезең “Ұлттық ойындар”
1ші Арқан тартыс.
2ші Асық ату
3ші Қол күрес.

3-кезең. Сұрақ-жауап “Капитандар сайысы”

  1. Жігіттер мен қыздар жиналып, жаздың айлы түнінде ашық далада ойнайтын қазақтың ұлттық ойыны. Ойынға ұзақ уақыт күн көзінде жатып әбден қураған мал сүйегі не қабығы аршылған, ұстауға ыңғайлы ақ таяқша пайдаланылады. Ойыншылар екі топқа бөлініп, арнайы сызылған шеңбер бойына орналасады. Жеребе бойынша ойынды бастау кезегі кімге тисе, сол сүйекті алысқа лақтырады. Бұл дәстүрлі ойын қалай аталады? («Ақсүйек»)

  2. Салт аттылардың бірін-бірі ер үстінен аударып алу сайысы.Бұл ойынға қайрат күші мол,батыл да төзімді шапшаң қимылдап,атқұлағында ойнай білетін жігіттер қатысады.Ежелгі заманнан келе жатқан бұл ойын жаугершілік кезінде найза ұстап,қылыш шабатын жауынгерге қажетті қасиеттерді қалыптастырған. (Аударыспақ)

  3. Бұл отырып ойналатын, негізінен қыз балаларға арналған ойын. Оған төрт-бес үміткерден қатысады. Ойын үшін он асық таңдап алынады. Он бірінші асықтардан ерекше өзге түске (қызыл, не көк) боялған болуы шарт бір-бірден асық үйірусіудің қорытындысы бойынша ойыншылар кезектерін бөліседі. Бұдан соң алғашқы ойыншы қос уыстай ұстаған бар асықты ортаға үйіруі керек. («Хан талапай»)



  1. Бұл екі топқа бөлінген балалармен немесе екі баламен ойналады. Бұл ойында екі жағынан екі бала немесе екі топқа бөлінген балалар тартысады. Қай топ бірінші өз жағына тартып алып, келсе сол топ жеңіске жетеді. Бұл ойын қалай аталады? («Арқан тартыс»)

  2. Жастардың кешкілік бас қосып, ән айтып, домбыра тартып, қыздар, жігіттер болып айтысып, бір-бірімен әзілдесіп көңіл көтеретін ойын-сауығы. (Алтыбақан)

  3. Өте көне дәуірден келе жатқан, қазақ халқының ұлт ойындарының бірі. Ол еңбек құралдары ағаш, тас, сүйек болып келетін ғасырларда пайда болған деп болжанады. Бұл ойынды кезінде жас өспірімдерден бастап ересек адамдарға дейін ойнаған екен. Ойынға керекті зат бес кішкентей домалақ тас, немесе кейде бес асық болып келеді. (Бестас)

  1. Балалар арасынан бір ер бала, бір қызды атпен (ағаш атпен де болады) қуады. Бала қызға жетіп қолынан ұстаса ол жеңіске жеткені. Кейде қызды 2 бала да қуады қай бала бұрын жетіп қыз қолын ұстаса сол бала жеңіске жетеді. Бұл ойын қалай аталады? («Қыз -қуу»)

  2. Қазақтың ұлттық ат ойыны. Этнографтардың айтуынша, әуелгі атауы «көк бөрі» сөзінен шыққан. Бұрындары мал баққан көшпелі халықтар көк бөріні соғып алғанда өлігін ат үстінде сүйрелеп, бір-бірінен ала қашып, мәз-мәйрам болған. Кейін ол ұлттық ойынға айналған. (Көкпар)

  3. Ұлттық ойын түрі. Бұл ойынға жазғытұрымғы жабағы жүнді сиыр қыбырына (түбітке ұқсас) араластырып су, топыраққа илеп, қатайтып жасайды. Ойыншылар бір қатарға тізіліп, кезектесіп кіші доп немесе нығыз түйілген матаны аяғымен алысқа тебуге тырысады. Кім үш рет допты алысқа теуіп жеткізсе, сол ойынның жеңімпазы аталады. Осылайша екінші және үшінші жеңімпазды анықтайды. (Доп теппек)

  1. Бұл ойынды ойнау үшін балалар екі топқа бөлінеді, қолдарынан ұстап тұрады. Ара қашықтық 20-30 қадам. Ойынды былый бастайды: ????? бізден сізге кім керек. Бұл қандай ойын? («Ақсерек-көксерек»)

  2. Балалар шенбер жасап турады. 1 ойынға қатысушы балаларды айнала журіп бір баланың артына орамал тастап кетеді. Артына орамалды тастағанын сезген бала менің артымда деп жауап береді. Артына орамалдын тасталғанын сезбесе ол өлең, тақпақ айтып немесе билеп беруі керек. Балалар шенбер бойында көздерін жұмып тұруы керек. (Орамал тастамақ)

  3. Бұл ат ойыны. Ойыншылар екі топқа бөлінеді. екі топтың адамдары тең болуы керек. Ойын жүргізуші арасы бір-екі шақырымдай жерден екі көмбе белгілейді. Көмбенің біреуіне таяқ шаншып, басына тұмақ кигізеді де, екіншісінде өзі тұрады. Екі топтан екі адамды шақырып, біреуінің қолына белбеу (немесе орамал) береді. Ойын жүргізушінің белгісі бойынша ойыншылар екінші көмбесе қарай шабады. Белбеу алған ойыншы екіншісін көмбеге жеткізбей қуып жетіп, ұруы керек. Енді ойынға келесі екі атты шақырылады. Қай топтың ойыншысы көбірек қуып жетіп ұрса, сол топ жеңген болып есептеледі. (Жігіт қуу)

Қорытынды
Мұғалім: Сонымен ұлттық ойындар-ата-бабамыздан бізге жеткен,өткен мен бүгінгіні жалғастыратын баға жетпес байлығымыз,асыл қазынамыз.Ойын адамның алдынан өмірдің есігін ашып,қабілетін оятады.Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы мүмкін емес.Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе секілді.Ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін ,ойдан-ойға жетелейтін ,адамға қиялымен қанат бітіретін ғажайып нәрсе,ақыл-ой жетекшісі,денсаулық кепілі,өмір тынысы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет