Тақырыбы: Қазіргі заманғы психологияның салалары


Педагогикалық психология - адамға білім және тәрбие берудің психологиялық заңдылықтарын зерттейді



бет2/3
Дата23.09.2023
өлшемі0.69 Mb.
#478389
1   2   3
Қазіргі заманғы психологияның салалары

Педагогикалық психология - адамға білім және тәрбие берудің психологиялық заңдылықтарын зерттейді.
А) оқыту психологиясы - дидактиканың психологиялық негіздерін, оқыту мен білім берудің негізгі әдістемелік мәселелерін, балалардың ақыл-ойын қалыптастыру сияқты өзге де мәселелерін зерттейді;
Ә) тәрбие психологиясы - гуманистік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінің психологиясын зерттеп, оқушылар ұжымының, еңбекпен түзету педагогикасының психологиялық негіздеріне қатысты мәселелерді қарастырады
Тармақтары:

Жас кезеңдер психологиясы -

әр қилы психикалық процестердің табиғи негізі мен үнемі дамып отыратын азаматтык қасиеттерін, психологиялық сапаларын зерттейтін бұл сала мынадай тармақтардан құралады: балалар психологиясы, жеткіншектер психологиясы, жастар психологиясы, ересектер психологиясы, қарт адамдар психологиясы. Бұл сала окыту мен ақыл-ойдын дамуын және олардың өзара байланысы мен іргелі мәселелерін зерттеп, оқыту ісіндегі адамның ақыл-ойын, сана-сезімін жетілдірудің тиімді жолдарын нендей әдістер арқылы өрістетуге болады деген мәселелерді іздестіреді.


ЕҢБЕК ПСИХОЛОГИЯСЫ - адамның еңбек ету әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбекті ғылыми тұрғыда ұйымдастырудың психологиялық аспектілерін зерттейді және психология ғылымының жеке саласы
Еңбек психологиясы
Инженерлік психология
Ғарыш психологиясы
Авиация психологиясы
Спорт психологиясы - спортшылардың іс-әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктерін қарастырыды.
Психологиялық даярлығын іздестіре келе, оларды жаттықтыру және күш-қуатын жинақтау деңгейін, жарыстарды ұйымдастыру, өткізу мәселелерінің психологиялық факторларын зерттейді.
Спорт жетекшілері мен бағынушылардың өзара қарым-қатынасын, оларды даярлаудың жағдайын, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін зерттейді.

Сауда психологиясы-қазіргі заманда кеңінен дамып отырған сала. Бұл сала бойынша әрбір елдің саяси-экономикалық және мәдени-материалдық қажеттіліктерін өтеу мақсаттарына қарай дамыту шаралары белгіленеді. Сонымен қатар , әсіресе , жарнамалардың психологиялық ықпалы, елдегі адамдардың жас ерекшеліктері , сатып алушылардың мұқтаждығы, оларға қызмет көрсетудің факторлары қарастырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет