Тақырыбы: Балалар психологиясының жалпы мәселелері Мазмұны



бет2/7
Дата19.05.2022
өлшемі117.22 Kb.
#457555
1   2   3   4   5   6   7
55 ТАКЫРЫП

Зерттеу объектісі – адамның дүниеге келген күнінен бастап қартайғанға дейінгі әр түрлі жас кезеңдеріндегі психологиялық ерекшеліктері. Мұның өзі бірнеше тармақтарға бөлінеді. Олар мектепке дейінгілер, бастауыш сыныптағылар, жасөспірімдер, балан жастағылар, кәмелетке келген және ересек, кәрілік, қарттық жастағылардың психологиясы. Бұлар да жан қуаттардың дамуының жас ерекшелігіне қарай дамып, қалыптасып отыратындығы ілім – білімді меңгеруге лайықты мүмкіндіктер қарастырады. Балалар психологиясы балдырғандарды зерттейді. Балдырғандардың басқа адамдармен қарым-қатынас жасай алатын, еңбектенетін, жаңалық ашатын, өнер туындыларынан қалай ләззат ала білетінін , ересек адамдарға қалай айналатынын анықтап береді. Жас балдырған үлкен адамдарға ұқсамайды. Тек біліммен ғана емес баланың сезінуі ойлауы үлкен кісілермен емес екендігін білеміз. Сәбилердің сезімдері күшті, бірақ көбінесе тұрақсыз болуы мүмкін. Құштар болған нәрсесін ертең ұмытып кетуі ғажап емес. Астарлап сөйлегенді балалар түсіне бермейді. Өзін қызықтырмаған істі зорлап орындай алмайды. Баланың қолынан келмейтіні көп. Сәбидің дамуын сипаттайтын факторлар : Баланың үнемі ілгері ұмтылуы, оның мінез-құлқында іс-әрекетінде жаңалықтың пайда болуы. Қарапайымдылықтан неғұрлым күрделі. Ойланып атқарылатын қимылға ауысуы. Сөйлеуді игеруі дербестілігінің алғашқы көріністерінің пайда болуы. Баланың сәби нәресте кезеңі - жас дамуы кезеңдерінің ішінде өзіндік орны бар, мазмұны бар, мағынасы бар кезең. Жас нәресте кезеңін анықтау теорияларын зерттеуде атақты психологтар - Э.Эриксонның, Ф.Пиазженің, Б.Г.Ананьевтің, А.В.Дмитриевтің, Фрейдтің, Л.Выготскийдің В.Т.Лисаковскийдің және т.б.еңбектері бар.
Фрейдтің идеясы бала туған сәттен екі жасқа дейін болмыстан мүлдем аулақ болады: оның ішкі дүниесі өз қажеттіліктерін ақиқат дүниеде емес, өздерінің қиялдарында, түс тәріздесі толғаныстарында қанағаттандырудың тума қабілетімен шектеледі деп есептеген Ж.Пиаженің алғашқы еқбектеріне әсер етті.
Л. С. Выготский баланың болмысқа деген қарым-қатынасы әуел бастан элеуметтік қарым-қатынас болады деп атап өтті. Ол нәрестені осы мағынада толық әлеуметтік тіршілік иесі деп атау керек, өйткені оның өмірі кез келген жағдайда көзге көрінсе де, керінбесе де басқа адам қатысып отыратындай болып ұйымдастырылған дейді.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Нәресте үлкен адамды қоршаған дүниемен жанасудың қажетті дәнекершісі қажеттерін қанағаттандырудың қайнар көзі ретінде бөліп қарайды. Біртіндеп баланың ересек адамның көрінуіне байланысты жадырау комплексі деп аталатын, арнайы эмоциялы-қимыл реакциясы қалыптасады. Жадырау комплексі қол мен аяқтың екпінді қимылдарынан көрінеді. Бала өзіне еңкейген адамның бетіне тесіле қарап, оған жымиятын болады. Жадырау комплексінің пайда болуы жаңа туған кезеңнің соңы, нәрестелік кезеңнің басы деп есептелінеді.
Үлкен адам баланың заттық дүниемен қарым-қатынас жасауында дәнекерші болып көрінеді. Үлкен адам қатысып отырған кезде бала көбінесе затпен қарқынды қимылдар жасай бастайды да, ал жанында үлкен адам болмаса, затқа қызығуы жоғалады. Баланың белсенділігі үлкен адамның әрекетімен көтермеленіп отырған кезде және бала үлкен адамды бірлескен әрекетке шақырғанда баланың үлкенмен қарым-қатынасының негізгі формасы бірлескен іс-әрекетке айналады
Зерттеу жұмысының міндеттері.

  • сәби нәресте кезіндегі бала психологиясын зерттеу;

  • сәби балалардың жас ерекшелігіне қарай іс-әрекетіне, қимылына назар аудару;

  • сәби нәрестенің үлкен адамдармен қарым – қатынасындағы ерекшеліктерін анықтау;

  • нәрестелік шақтағы психикалық дамудың алғы шарттары мен ерекшеліктеріне назар аудару т.б.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеуге берілген «Сәби нәресте кезіндегі бала психологиясы» атты курстық жұмысы кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет