Тақырыбы: Басқару ғылымының эволюциясы


Тақырыбы: Менеджменттегі жоспарлау



бет18/27
Дата11.11.2022
өлшемі144.84 Kb.
#464548
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27
Та ырыбы Бас ару ылымыны эволюциясы

Тақырыбы: Менеджменттегі жоспарлау
1. Жоспарлаудың мазмұны, мақсаттары мен міндеттері
2. Жоспарлаудың негізгі жіктелуі
1. Жоспарлаудың мазмұны, мақсаттары мен міндеттері
Жоспарлау жүйеге ықпал ететін белсендi басқару процесi болып табылады, сол арқылы белгiленген мақсатқa жету үшiн өндiрiстiң даму қарқыны, материалдық көздерi мен оны жетiлдiру әдiстерi анықталады. Басқарудың басты функциясы ретiнде жоспарлауұйымның болашақтағы дамуын анықтайды, алға қойған мақсатқа жетудiң жолдары мен әдiстерiн белгiлейдi, мiндеттi орындауда болуы ықтимал зардаптарды көре бiлудi қамтиды.
Жоспарлаудың маңызы болып қоршаған сыртқы орта факторларының әcepi мен ұйымның iшкi мiндеттерiн бағалай отырып мақсаттарды белгiлеу және сол мақсаттарды жүзеге асыруда тиiмдi әдiс жолдарын таңдап алу болып табылады. Нарық жағдайындағы жоспар өндiрiс пен өткiзу көрсеткiштерiн үнемi қадағалап отыру мақсатында маркетинг жүйесi және бақылау процесiмен тығыз байланыста болады. Басқаша айтқанда жоспарлау мынандай сұрақтарға жауап бередi:
- Бiздiң қазiргi, бүгiнгi жағдайымыз қандай?
- Болашақта бiз қандай болуымыз қажет?
- Осы жолда нендей кедергiлер орын алған?
- Мақсатқа жетуге қандай әрекеттер жасағанымыз орынды ?
Осыдан барып жоспарлау барысында ұйым деңгейiнде жүзеге асырылатын төмендегiдей мiндеттердi атап кетуге болады:
- нақты мерзiм ауқымында белгiленген мақсаттар мен оны орындаудағы iс-әрекеттер;
- қажет етiлетiн адамды, материалды, ақпаратты және басқа да ресурстарды iздестiру;
– басқару жүйесi мен ұйымдық құрылымды қалыптастыру және ақпараттар тасқынын реттеу;
– -еңбек өнiмдiлiгiмен пайда деңгейiн арттыру, өндiрiс барысы мен құрал-жабдықтарды ұтымды пайдалану және жақсарту жолдарын қарастыру;
– сенiмдi бақылау жүйесiн қамтамасыз ету арқылы мiндеттердi орындауға қол жеткiзу.
Басшылықтың алдында тұрған проблемалар мен мiндеттер әрдайым өзара байланысты әрекеттер жиынтығын талап етедi. Осы тұста жоспарлауды ұйымның даму бағытын белгiлейтiн кешендi жиынтық ретiнде қарастыра отырып, бiрқатар бастапқы кезеңдерiн атап етугеболады.
Бірінші кезеңде ұйымның нақтылы жағдайы мен мүмкiндiктерiн, нарықтағы алар орнын бағалау және бәсекелестер мен қызмет жасау ортасын зерттеу орындалады.
Екiншi кезеңде бастапқы мақсаттар шеңберiнде жалпы ұйымның және оның әрбiр бөлiмшелерiнiң нақтылы мiндеттерi айқындалынып, олардың орындалу мерзiмi белгiленедi. Мiндеттерге жағдайдың сай келуi, олардың жүзеге асырылуы мүмкiндiгiнiң болуы,нақтылығы және тартымдылығының орын алуы талаптары қойылады.
Үшiншi кезеңде анықталған мiндеттердi орындауға қажеттi ic-әрекеттер жиынтығын ұйымның iшкi және сыртқы жағдайларын ескере отырып қалыптастыру орын алады. Төртiншi кезеңде өткiзiлетiн зерттеулер мен болжамдар негiзiнде қажеттi баламаны таңдап алу арқылы жоспарды жасап шығару көзделеді.
Бесінші кезеңде жоспарды жүзеге асыру мен қажет болған жағдайда түзетулер және өзгерiстер енгізу әрекеттері орындалады.
2. Жоспарлаудың негізгі жіктелуі
Қазiргi кездегi басқару теориясы мен тәжiрибесiнде стратегиялық жоспарлау, тактикалық жоспарлау, индикативтi жоспарлау және ұйым iшiндегi жоспарлау орын алады.
Стратегuялық жоспарлау.
Стратегия ұғымы ежелгi грек елiндегi ауқымды өкiлеттiлiкке ие болатын басқарушының, тура аудармасында генерал шеберлiгiн бередi. Стратегиялық жоспарлау- ұйым алдындағы мақсатқа жетудегi басшылықтың қабылданған кешендi, жан-жақты шешiмдержиынтығын бередi. Басқару қызметiн жүзеге асыруда стратегиялық жоспарлау шеңберiнде шектеулi ресурстарды бөлу, сыртқы opтағa бейiмделу, iшкi үйлесiмдiктi орындау және ұйымдық стратегияны ұғыну әрекеттерi орындалады.
Ресурстарды бөлу қызметi барлық қоғамдық ресурстардың шектеулiлiгiмен байланысты. Яғни, ұйымдағы қолда бар еңбек, материалдық және қаржылық ресурстарды мақсат барысында тиiмдi бөле отырып, барынша жоғары нәтижеге қол жеткiзуге бағытталады.
Сыртқы ортаға бейімделу. Басқару iciнің барысы көп жағдайда қоршаған ортадағы экономикалық, саяси, әлеуметтiк-мәдени, техникалық факторлардың әсерiнде болады. Жоспарды жүзеге асыруда басшылық ұйым тарапынан тысқары факторларды зерттеп, солартарапынан төнетін қауiп-қатердi анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет