Тақырыбы: Білім көзі – кітапта



жүктеу 70.7 Kb.
Дата07.07.2016
өлшемі70.7 Kb.
Тақырыбы:   Білім көзі – кітапта

1.     Кіріспе

2.     Кітап-рухани байлығымыз.

3.     Кітап – білім бұлағы  (оқыған кітап жөнінде мазмұнын айту)

4.     Мақал-сөз мәйегі (мақалды жалғастыру)

5.     Өлең-сөздің патшасы (ақын-жазушылардың білім,кітап жөнінде өлеңдерін мәнерлеп оқу )

6.     Жұмбақтарды шешу.

7.     Білім көзі-кітапта ( сұрақтарға жауап беру )

8.     Ойлан, тап (кітапхана сөзіне сөз құрау )

9.     Қортынды. Көрініс «Кітап ескірмейді»

 Көрнекіліктері:  Кітап-білім бұлағы, білім өмір шырағы.

                                                                       Халық даналығы.

Артық білім кітапта,ерінбей оқып көруге.

                                                                 Абай.

Әрбір адамның ең жақын досы-кітап болуы тиіс.

                                                                М. Әуезов

Кітаптар суреті, кітап көрмесі

« Білім көзі- кітапта»

 Жүргізуші: Бүгінгі «Білім көзі - кітапта» тәрбие сағатымыздың мақсаты оқушылардың кітап оқуға деген ынтасын арттырып, білімділікке тәрбиелеу. Кітапты сүйе білуге және қадірлеуге баулу.

 Кіріспе:

 Кітап (араб.: ‎ – жазба) — мерзімсіз баспасөз басылымы; көркем-әдеби, қоғамдық-саяси, ғылыми-практикалық мазмұндағы туынды.Кітаптың алғашқы түрлері ежелгі Шығыс елдерінде, ГрекиядаРимде қыш текшелеріне, тақта тастарға сына жазуымен жазылды. Біздің заманымыздан бұрынғы 25-ғасырда Мысырда қыш текшелердің орнына қамыс (папирус) қолданылды. Біздің заманымыздан бұрынғы 7-ғасырда қамысқа кітап жазу ісі Грекия мен Римде кең өріс алды. Осыған байланысты кітапты көшіріп жазуға машықтанған көшірушілер мен қолжазбаны көркемдеуші суретшілер пайда болды. [1]Біздің заманымыздан бұрынғы 2-ғасырда қамыстың орнына тері жарғақ қолданыла бастады. Ежелгі Рим мәдениеті мен ғылымы өкілдерінің туындылары жарғақ кітаптарға жазылып таралды. 105 ж. қытай шебері Цай Лунь қағазды ойлап тауып, 13-ғасырда қағаз жасау өнері Шығыстан Батысқа тарай бастады. Осыған орай, Еуропада қолжазба кітап қауырт өркендеп, түрліше әріптер, бас тақырыптар (айдарлар) қолданыла бастады. Кітап мұқабалары алтын, күміс, т.б. металмен өрнектелді. 15-ғасырдың ортасында неміс өнертапқышы Иоганн Гутенбергтің баспа қалыбын ойлап табуына байланысты, жылжымалы құйма қаріппен құйылатын баспа кітап пайда болды. Осы заманғы кітап — мұқабаға дәптерлер түрінде өзара тіркестіріліп бекітілген кітап блогі үлгісінде жасалады.

 Жүргізуші: Армысыздар, оқушылар, ұстаздар!

Бүгінгі «білім көзі –кітапта» тәрбие сағатын Ахмет Байтұрсын ұлының өздеріңе таныс өлеңімен бастайын.

Балалар,бұл жол басы даналыққа,

Келіңдер, түсіп байқап,қаралық та,

Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп.

Соларды көре тұра,қалалық па?!

Даналық-өшпес жарық,кетпес байлық,

Жүріңдер,іздеп тауып алалық та?

( Осы кезде кітап бейнесін мойнына ілген оқушы кіреді )

 Кітап: Бәрекелді! Мың рахмет Ахмет атамызға. Балалар,мен сіздерге үлкен  қуанышпен келдім және дос болып қайтатыныма сенімдімін!

Жүргізуші: Қош келдіңіз, қымбатты досымыз-кітап.Жоғары шығыңыз.               

( кітапты төрге отырғызу)



Жүргізуші: Балалар, мен бүгінгі тәрбие сағатымызды жұмбақ айтудан бастаймын.

1.     Үндемес серік,ақылы берік.( кітап)

2.     Қабат-қабат қаттама,ақылың болса аттама.( кітап)

3.     Бір ғажап бар,тілі жоқ,сөйлесем  десең міні жоқ.( кітап)

( Оқушылар жұмбақты шешеді)

Жүргізуші: Құрметті балалар,мен жұмбақпен тегін бастап тұрған жоқпын.Бүгінгі әңгімеміздің өзі кітап жөнінде болмақ.Кім біледі,балалар! «Кітап» деген сөз қайдан шыққан.Қандай мағына береді.

Кітап: Мен өзім жауап берейін бе?

Жүргізущі: Жоқ,балалар жауап берсін.

1-оқушы: Кітап-арабтың « жазу» деген сөзі.Кітап рухани қазына,өмір айнасы,замана сыры,тарих шежіресі,оқу-тәрбие құралы.Алғашқы кітап жазу құпиясын тек дінбасылар мен монахтар ғана білген.Сондықтан дүние жүзіндегі тұңғыш кітаптар еврей тілінде «Таурат»,қытай тілінде «Конфуция», парсы тілінде «Авеста», грек тілінде «Інжіл», араб тілінде «Құран» шыққан.

2-Оқушы: Алғашқы кітап баспасы ағаштан жасалды.Ксилография қалыбы ХІ ғасырда пайда болған.Европада тұңғыш рет ХV ғасырда неміс өнер тапқышы Гутенберг баспа станогын жасап шығарды.Русте тұңғыш басылымды 1564 жылы Мәскеуде Иван  Федоров пен Петр Мстиславец басып шығарды.

3-Оқушы: Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң қалыптасты.Бірақ араб тілінде ІХ ғасырда жазылған « Оғызнама», ХІ ғасырда Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» кітаптары болды. 1800 жылы қазақша кітаптар шығарыла бастады.

( Балалар,кітаптың пайда болу тарихын айтады)



Кітап. Ой,бәрекелді! Өздерің менің тарихымды жақсы біледі екенсіңдер.Міне ,мен осылай өмірге келдім. Менің атыма сай ішкі мәнімде өзгерді.Мен сендерге ақын аға-апаларыңның көңіл күйін, ішкі сезімін жеткіземін.

Кітапты оқымайды сыйламаған

Білімге жанын жанып қинамаған

Өсірген кімнің болсын ой-өрісін

Сол кітап бек ақылшы күнде маған.

Жүргізуші:

Рахмет балалар!

.-Әрине кітап туралы.Егер кітап болмаса,сен рухани бай болмас едің.

Олай болса, балалар!Кітап –білім бұлағы бөлімі.

Дейді оқушылар «кітап-білім бұлағы»

Кітапхана-сол кітаптар тұрағы.

Көп үйреніп,көп оқыған баланың

Анықтағы білімпаз боп шығары.

Ендеше балалар өзі оқыған кітаптарынан түсінік



Жүргізуші: Рахмет балалар!

1. Болсада көкте мекені

Кездеспейді екеуі ( Ай мен күн)

2.     Сандығым бар өзгеше

Қолыма алып жүремін

Ішін ашып ақтарып,

Өмір сырын білемін ( Кітап)

3.     Ұрамыз ол байғұсты  таяқпен де,

Тебеміз сәті түссе аяқпенде

Томпаңдап жүгіреді ұрған сайын,

Басынан сипамайды аяп пенде.(доп)

4.     Бірде орақ,бірде доп,

Бірде барда,бірде жоқ.( Ай )

2-оқушы:

1. Күннен көзін алмайды,

Мойны бірақ талмайды ( Күнбағыс )

2.     Белі бүкір,алысқа түкір ( мылтық )

1.     Жаһанда бір нәрсе бар аузы жабық,

Ашылар мезгілінде бауырын жазып.

Ішінде толып жатқан қазынасы бар

Қорек қып пайдаланалар тамам халык ( Кітап )

2.     Бір құтыда екі түрлі су жатады,

Қайнатсаң мұз боп қатады ( Жұмыртқа )



Жүргізуші: Рахмет балалар!

Жүргізуші: Келесі кезеңіміз « Білім көзі-кітапта» Сұрақтарға жауап беру

Қойылатын сұрақтар.



1-оқушыға:

1. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақтың батыр қыздарын ата.

( Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова )

2. Бірінші маусым қандай мереке ( балаларды қорғау күні )

3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының авторларын ата

 ( сөзі: Жұмекен Нәжмәдиновтікі. Әні: Шәмші Қалдаяқовтікі )

4. Қазақтың үш биін ата ( Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би )

5. « Кел балалар оқылық» өлеңінің авторы кім.( Ы. Алтынсарин )

6.Абайдың шын аты кім? ( Ибраһим )

2-оқушыға:

1. 22 қыркүйек қандай мереке? ( Тілдер мерекесі)

2. Қазақстан Мемлекетінің Рәміздерін ата. ( Ту, Елтаңба,Әнұран )

3.Жыл атауынан құр қалған жануар ( Түйе )

4. Абайдың жыл мезгілдеріне байланысты  қандай өлеңдерін білесің.           

( қыс, жаз,жазғытұры,қарашамен, желтоқсан,сол бір екі ай)

5. Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесің, атап бер.                                         ( Көкпар,тоғызқұмалақ,қыз қуу,теңге алу )

6. Қазақстан Республикасының астанасы қай қала? ( Астана )



Жүргізуші: Рахмет балалар!

Жүргізуші: Рахмет балалар!

Келесі бөлім балалар « Ойлан, тап» Кітапхана сөзіне сөз құрау. Кітап, тап, ана, тана, пана, тапа, ат, ах, апа.



Жүргізуші: Рахмет балалар!

Кітап. Бәрекелді балалар! Барша әлемді ұлан- ғайыр білімімен таңқалдырған ғұламалар балалық балғын шағынан, өмірінің соңына дейін кітаппен дос болған.Мені басқа елдердегі жанашыр достарым күтіп жатыр. Енді соларға бет алмақпын.

Балалар! Ақылына ақы сұрамайтын асыл қазына- кітаппен достықтарың үзілмесін. Әрқашан жүздеріңіз жарқын болсын, жолдарыңыз даңғыл болсын! Ал,жақсы балалар. ( Кітап кетіп қалады )



Жүргізуші: Қымбатты оқушылар!

Кітап сендерді мәңгі сенімді достарың, серіктерің болсын. Кітап қадірін білетін жақсы балалар көбейе берсін.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет