Тақырыбы: Білім мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау Мақсаты


Тест спецификация тапсырмаларды бағалаудың мазмұны мен форматынан, сондай-ақ, тапсырмалардың негізгі мазмұнының сипаттамасынан тұрады



бет9/10
Дата23.12.2023
өлшемі0.57 Mb.
#487752
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Оқушылардың жетістігін критериалды бағалау

Тест спецификация тапсырмаларды бағалаудың мазмұны мен форматынан, сондай-ақ, тапсырмалардың негізгі мазмұнының сипаттамасынан тұрады.

.


ТОҚСАНДЫҚ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ
Оқу бағдарламасы
Пән

ТОҚСАНДЫҚ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫ ӨТКІЗУ

  • Тоқсандық бағалау жұмыстарын және балдарды қою кестесін әзірлеу бір параллельдегі барлық сыныптар үшін біркелкі Тест спецификациясы негізінде жүзеге асырылады.
  • Тоқсандық жиынтық жұмыстар әр түрлі болуы мүмкін (тест, сынақтар, бақылау жұмысы және т.б.).
  • Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу кестесі мектеп директорының бұйрығымен бекітіліп, тоқсан басында ата-аналар мен оқушылардың назарына жеткізіледі.
  • Тоқсандық жиынтық жұмыс бір параллель үшін бірдей жағдайда өткізіледі.
  • Тоқсандық жиынтық бағалауды қайтадан орындауға (көшіруге) болмайды.
  • Егер оқушы тоқсандық жиынтық бағалауға белгілі бір себептермен қатыса алмаған жағдайда (ауырып қалуы, конференцияға, олимпиадаға және басқа да ғылыми жарыстарға қатысқан жағдайда), пән бойынша орындай алмаған тоқсандық жиынтық жұмысын мектепке келгеннен кейінгі екі апта ішінде орындауы тиіс; бұл жағдайда тоқсандық жиынтық бағалау жұмысының қосымша нұсқасы қолданылады.

МОДЕРАЦИЯ

Бағалаудың бірыңғай стандартын белгілеу үшін оқушылардың жиынтық жұмыстарының нәтижесін талқылау үдерісі.

Модерация :

  • бағалауды стандарттау мақсатында оқушылардың жиынтық жұмыстарының нәтижесін мұғалімдердің талқылауы үшін белгіленген.
  • Модерация:

  • бірдей сыныпта сабақ беретін мұғалімдердің қатысуымен өтеді;
  • олар белгілі бір пән бойынша балл қою кестесін бірыңғай қолданудың тәсілі арқылы жұмысты бастапқы бағалауды талқылайды.
  • Білу маңызды:

  • Модерация қорытындысы бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың нәтижесі өзгеруі мүмкін.
  • Модерациялау бойынша төраға әдістемелік бірлестіктің жетекшісімен қатар кез келген пән мұғалімі болуы мүмкін.


  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет