Ғылыми – техникалық революция Ғылыми – техникалық революция ұғымы ғылым мен техникада пайда болған сапалық өзгерістерді білдіреді. Оның басталуы XX ғасырдың 40 жылдарына сай келеді.
Ғылыми – техникалық революция еңбектің сипатын мағынасын, өндіргіш күштердің құрылымын, қоғамның кәсіптік және салалық құрылымын өзгертеді, еңбектің өнімділігін арттырады, қоғамның барлық жағына әсер етеді.
XX ғасырдың 50 жылдарынан бастап ғылыми – зерттеулерде, өндірісте, басқару, ұйымдастыру саласында электронды – есептегіш машиналар кеңінен қолданыла бастады. Информатиканың, есептеу техниканың, микро процессорлар мен работотехниканың дамуы өндіріс пен басқарудың кешенді автоматтандандырылуына жол ашты.
Ғылым дамуының қазіргі кезеңдегі философиясы — дүниетанымдық базасы диалектикалық-логикалық тұжырымдама болып табылады.
Сонымен қорытындылай келе ХХ ғасыр талабына сай білім беру жүйесі әрдайым өзгерісте болуы керек. Бүгінгі тандағы білім үлесінің (ақпараттың) қоғамның қай саласында болмасын дәрежесі күрт өсуде. Еліміздің алға қойған негізгі мақсаты, ғылым мен техниканы ұштастыра отырып, жастарымызға сапалы білім беру болып отыр. Сонда ғана біз артта қалушылықпен мәңгілік қоштасамыз. Электрондық, мультимедиалық құралдар да кеңінен пайдалануы керек. Неше түрлі тестілерді де оқу барысында қолдану қажет. Бірақ қай елде болмасын, тек қана мыңдаған жылдар бойы өзгермеген бір нәрсе бар: ол — Ұстаздың оқу барысындағы шешуші рөлі, өйткені білім беру жүйесінде адам заманның талабына сай тұлғаға айналуы қажет. Бірде-бір техникалық құрал Ұстаздың орнын ауыстыра алмайды. Ол — білім беру жүйесінің арқауы. Олай болса, қоғам өміріндегі оның мәртебесін көтеру, оның материалдық ахуалын жаксарту арқылы білім беру жүйесін шынайы дамытуға болады. Қазақстан интеллигенциясының шығармашылық потенциалы жеткілікті. Біздің жастар да талантты. Олай болса, бұл саладағы саясат осы мүмкіндіктерді шындыққа айналып отыр.
Технология Технология- материалды немесе шикізатты жекелеген бұйымдар алу немесе өндіріс үрдісінде ағымға қойылған өнім алу мақсатында түрлі әдіс- тәсілдермен өңдей білу шеберлігі. Технология түрлері көп,адам қызметінің әрбір саласының өз ерекше технологиялары болады. «Технология» деген термин гректің түп тамыры techne — өнер, шеберлік, кәсіп және loqos – ғылым, білім деген сөздерінен шыққан.
ХХІ ғасырда ақпарат жүйелерінің өркендеп, ғарыштап дамып келе жатқанын білеміз, өнеркәсіп және ортаның дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстар табылады. Ақпараттық технологияларды және компьютерлік желі арқылы жаңа әдістерді пайдалану кеңейтіліп келеді. Жаңа ақпараттық технологияларды нарықта қолданудың ең маңызды факторы, негізгі қозғаушы күші — адам, сол себепті нарықтың негізгі принциптері іске асырылуы тиіс. Осыған байланысты адамның шығармашылық потенциалын дамыту үшін қажетті жағдай жасалуы тиіс.алдыруға бағытталуы керек.