Испандық философ А. Тоффлер «Үшінші толқын» (1980) деген кітап жазды. Оның пікірінше, адамзат тарихы 3 дәуірді басынан өткізді. Бірі – аграрлық қоғам. Онда бәрі адам қолымен жасалады, табиғат, мал күшін де пайдаланады. Екінші толқын индустриалдық қоғам. Бұл техниканың дамып, машина пайда болған кезеңі. Бәрін техника жасайды. Үшінші толқын постиндустриялдық қоғам. Жаппай техникаланған, автоматтандырылған дәуірде адам да өзінің табиғи қасиеттерін жоғалтып, жанды, саналы күрделі техниканың бір түріне айналуда.

«Техника – деп жазды Карл Ясперс, – адамдардың күнделікті өмірін, қоршаған ортаны, еңбек процесі мен қоғамды түбімен өзгертіп, күшпен басқа салаға, жаппай өндіріс саласына көшірді, бүкіл өмірді кейбір техникалық механизмге, бүкіл планетаны бүтін бір фабрикаға айналдырды» (Ясперс К. Всемирная история философии. – М., 2000. – 113 б.).
Техника логикасы тоқтаусыз, тойымсыз дами бермек, ал адамның ойлау логикасы техниканы қолдан шығармай, оны басқаруды шыңдай беру. Бұл адамзаттың болашағы туралы әлемдік проблема. Міне, бұл, техника философиясының басты мәселесі.
3. Бүгінгі жаһандану заманында әлем күрделеніп, сан қырлы қатынастар мен қоғамдық өмірдің бағдарлары да өзгерістерге ұшырауда. Осыған байланысты ғылым да мынадай жалпы өзгерістерді бастан кешіп отыр: интеграция, дифференциация, математикаландыру, индустрияландыру, ақпараттандыру т.б.
Білім беру философиясы
Білім беру философиясында білімділік идеясы, білім берудің мақсаты, білім беретін жүйелер талқыланады
Білім беру философиясының арнайы ғылыми сала ретінде бөлініп шығуының себептері :
1)білім беру технологияларының өзгеруі;
2) білім көлемінің өсуі;
3) қоғам мен оқу-білім саласы арасындағы қайшылықтардың тереңдей түсуі.
Джон Дьюи өзінің «Мектеп және қоғам» (1899), «Болашақ мектептері» (1915), «Демократия және білім беру» (1916) атты енбектерінде прагматизмге, әсіресе, оның инструментализм деген тармағына сүйеніп, білім беру философиясының негізін қалаған. Дж. Дьюи бихевиоризм психологиясына сәйкес интеллектті қоршаған ортаға бейімделудің және аман қалудың басты құралы, ол біздің қажеттіліктерімізге сәйкес шындықты өзгертуге бағытталған деп сипаттайды.
Дж. Дьюидің білім беру философиясының түйінді ұғымдары: коммуникация, ғылыми ойлау, тәжірибе.
Дж. Дьюи пікірінше, білім беру – қоғамды демократияландырудың басты құралы. Сондықтан мектеп баланың ойлау қабілетін дамыту үшін, оны еңбекке үйретуі тиіс.