Тақырыбы: «Биология ғажайыптары» сайысы Мақсаты: Білімділік



бет2/4
Дата27.09.2022
өлшемі27.72 Kb.
#461436
1   2   3   4
1- жүргізуші: Әділ-қазылар алқасы әр топқа таныстыру кезеңі бойынша қойған бағаларымызды айтып өтсеңіздер.
ІІ.кезең «Кім тапқыр?»ойыны.
Ойынның шарты:үстел үстіндегі табақта әртүрлі жемістер мен көкөністерді көріп тұрсыңдар. Енді әрбіртопқа сұрақ қоямын. Осы сұрақтың жауабы мына табақта бар. Сұрақты оқығаннан кейін сұраққа бірден жауап берсе, 5 ұпайалады. Ал егерде көмекке 2- ші сұрақты алса 4- ұпай, 3-ші көмекті алса 2- ұпай алады.
І топ:
Бұл өсімдікпен, Ежелгі египетте пирамида салып жатқан құлдарды ауырып қалмас үшін тамақтандырған.
Бұл өсімдікте фитонцидтер өте көп, оны тұмау ауруымен ауырғанда пайдаланады.
Жуаның туған інісі «сарымсақ»
ІІ топ:
Бұл өсімдіктің отаны – Оңтүстік Америка. Оның шырыны асқазан ауруына ем.
Бұл өсімдіктен спирт, крахмал алынады, мал азығы ретінде де пайдаланылатын техникалық өсімдік.
Көзшелерін кесіп алу арқылы көбейтуге болады «картоп»
ІІІ топ:
Бұл жемісті бетті күтуде, маска жасауда, беттегі сепкілді кетіруге пайдаланады.
Оның құрамында 98% су бар.
Огурцы- сөзінің қазақша атауы. «қияр»
2- жүргізуші. Ал енді әділ-қазы алқасы осы «Кім тапқыр?» сайысы бойынша қойған ұпайларыңызды білсек.
Муызыкалық үзіліс «Ядро» тобының өнерін тамашалаймыз.
III-«Сиқырлы сандықша»сұрақ –жауап.
Мына сандықшаның ішінде биология ғылымы бойынша 3 сұрақ топтамасы жасырылған .Әр топ басшысы шығып, таңдап алады .Топ мүшелерімен бірге берілген сұрақтарға нақты және шапшаң жауап беруі керек.Жауабын білмеген жағдайда басқа топ шешуін тапса оларға ұпай косылады.
1-топ
1.Көз дәрігері (окулист)
2.Ең ірі сала тамыр (қолқа)
3.Омыртқа жотасыныңөзегінде не орналасады (жұлын)
4.Адамда қанша қабырға болады (12жұп)
5.Қандай зат үш агрегаттық күйде болады (су)
6.Мүшелер мен ұлпалардан жүрекке ағатын қантамыр (вена)
2-топ
1.Жасушаны зерттейтін ғылым ( цитология )
2.Суда ерімейтін күрделі органикалық қосылыстар (майлар)
3.Артериялық қысымды өлшейтін құрал (тонометр)
4.Темекінің құрамындағы ең зиянды зат (никотин)
5.Журек ауруларын емдейтін дәрігер (кардиолог)
6.Аминшышқылдары мономерінен тұратын курделі биополимер (нәруыздар)
3-топ
1.Ең қауіпті қан кету (артерия)
2.Ересек адам миының орташа салмағы (1300-1400)
3.Неге мұз суға батпайды (мұздың тығыздығы судың тығыздығынан аз)
4.Қан ұйымайтын ауру (гемофилия)
5.Адам температурасын өлшейтін құрал (градусник)
6.Адамның ауруларға қарсы тұру қабілеті (иммунитет)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет