Сергіту сәті «Көбелекті құтқару»
Жүргізуші: Көрермендер, қазір мен сіздерге бір жұмбақ жасырамын, осы жұмбақтың шешуін табуға көмектесіңіздерші.
Ұшып жүрген гүл көрдім,
Қонғанда ұстап үлгердім.
Дұрыс айтасыңдар, енді келесі кезеңімізде көрермендермен «Көбелекті құтқару» ойыны.
Мұнда өрмекші торына көбелек түсіп қалыпты. Ойын шарты бойынша тордағы көбелектерді алып, онда жазылған жұмбақтардың шешуін табады, егер жұмбақтың шешуі дұрыс болса, көбелек тордан құтқарылады.
Алуан түсті жайқалып тұр далада,
Басты азық бал жинайтын арада,
Тарту етсек мерекелі күндерде
Одан артық сый болмайды анаға. (Гүл)
Үстіндегі көк шатыр,
Астында қызыл дәу жатыр. (Қызылша)
Тарам- тарам бір ғалам,
Айқыш- ұйқыш шырғалаң.
Толған ағыс тоқтаса
Жоғалады бірге адам. (Қан тамырлары)
Жас кезінде қара орман
Жыл озған сайын ағарған. (Шаш)
Бірі үлкен бірі кіші
Туысқан бірге бес кісі. (Бес саусақ)
Көреді бәрін өзгенің,
Көре алмайды өздерін. (Көз)
Муызыкалық үзіліс «Цитоплазма» тобының өнерін тамашалаймыз.
ІV-кезең. «Ойлан тап!»
2- жүргізуші: Келесі, 4-кезең «Ойлан тап» деп аталады, яғни, топ басшылар қатысады. Бұл кезеңде әр топ басшысына сөз құрастыру тапсырмасы беріледі. Бір сөзге 5 ұпайдан қойылады.
1-топтың басшысына: Басы АЙ- дан басталатын жігіт есімін атаңыз.
2-топтың басшысына: Басы ГҮЛ-ден басталатын қыз есімін атаңыз.
3-топтың басшысына: Аяғы ГҮЛ-ге аяқталатын қыз есімін атаңыз.
2-жүргізуші: Әділ- қазылар алқасы осы кезең бойынша әр топ басшысының бағаларын айтып өтсеңіздер.
V-кезең. «Зерттеу жұмыстары» үй тапсырмасы
1. «Лотос» тобы. «Алманың емдік қасиеті».
2. «Ядро» тобы «Кактус өсімдігі».
3. «Цитоплазма» тобы «Адыраспан».
1-жүргізуші: Әділ- қазылар алқасы осы кезең бойынша әр топ басшысының бағаларын айтып өтсеңіздер.
2-жүргізуші: Әділ-қазылар алқасы жалпы ұпай сандарын есептеп, жеңімпаз топты анықтағанша
Достарыңызбен бөлісу: |