Тақырыбы: Дүлей зілзала ошақтарында көмекті Ұйымдастыру Орындаған: Бегмуратов Алибек Тобы: 204 а жоспар


Зақымдану ошақтары мен табиғи апат аудандарындағы



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата07.02.2024
өлшемі151.31 Kb.
#491200
1   2   3   4   5
Alibek 1

1. Зақымдану ошақтары мен табиғи апат аудандарындағы
апаттық құтқару жане жедел қалпына келтіру жұмыстары.
Зақымдану ошақтарындағы апаттық-құтқару жəне жедел қалпына 
келтіру жұмыстарын (АҚ жоне ЖҚК) ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі іс- 
шаралар алдын ала жоспарланады жəне дайындалады, апат туындағаннан 
кейін нақтыланады жəне қалыптасқан мəн-жайлар есепке алына отырып 
өткізіледі.
Зақымдану 
ошақтарындағы 
мəн-жайды 
болжамдау 
жергілікті
жағдайлар мен мүмкіндіктерді, халықты құтқару аумағы мен шаруашылық 
объектілерін қорғау бойынша міндеттердің орындалуына əсер ететін 
заманауи зақымдау құралдарының зақымдаушы факторларын сипаттайтын 
мөліметтер негізінде жүргізіледі. Бұл факторларға:
— физикалық-географиялық, метеорологиялық, сейсмологиялық, басқа
да экзогенді құбылыстар мен санитарлық-эпидемиологиялық жағдайлар;
— адам жəне материалдық ресурстардың болуы;
— инфрақұрылым, қалалардың жəне басқа елді мекендер құрылсының
сипаты;
— 
қорғаныс 
құрылыстарымен, 
қорғану 
құралдарымен
қамсыздандырылу;
— Азаматтық қорғаныс күштері мен құралдарының болуы;
Бұған қоса, халықтың мүмкін болатын шығындары (жалпы,
санитарлық, қайтарымсыз); ғимараттар мен құрылыстардың, көліктік 
коммуникациялардың, коммуналдық-энергетикалық желілер мен байланыс 
құралдарының қирау дəрежесі; сондай-ақ, тұтастай алғанда, аудан, қала, 
облыс бойынша құтқару жəне басқа да шұғыл сипаттағы əрекеттер 
мүмкіндігі болжанады. Одан кейін Азаматтық қорғаныстың апаттық-құтқару 
жəне жедел қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін қажетті күштері мен 
құралдарын есептеу жүргізіледі.
Зақымдану ошақтарында апаттық-құтқару жəне жедел қалпына келтіру
жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі аса маңызды іс-шаралар мыналар: 
— мəн-жайды бағалау;
— апаттық-құтқару жəне ЖҚК жұмыстарын жүргізуге шешім
қабылдау;
— апаттың-құтқару жəне ЖҚК жұмыстарын өткізуді жоспарлау;
— апаттық-құтқару жəне ЖҚК жұмыстарын жүргізу барысында
Азаматтық қорғаныс күштерін басқару жəне жан-жаңты қамтылған, өзара 
ұйымдасқан əрекеттер жүргізу;
— Азаматтық қорғаныс күштері əрекетін жан-жақты қамтамасыз етуді, 
өзара əрекетті ұйымдастыру жəне апаттық-құтқару жəне ЖҚК жүргізу 
барысында оларды басқару.
Құтқару жəне жедел қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге
қабылданған шешімге сүйене отырып, алдын ала топтасқан күштерді құру
4


мен зақымдану ошақтарындағы алдын ала белгіленген учаскелерде
(нысандарда) оларды пайдаланудың тəртібі жоспарланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет