АҚТҚ және нашақорлар.
Есірткі – адамның қас жауы. Ортақ шприцтер мен инелерді пайдалану АҚТҚ жұқпасына әкеп соқтырады.. Аталмыш ауру нашақорлар арасында өршіп тұр. Нашақорлардың 95%-ы АҚТҚ мен сары ауруға шалдыққан. Зерттеу барысында көбісі ине арқылы есірткі қолданғандар болып шықты.
Көрініс. «Жын мен періште» 9-сынып оқушылары
Қатысушылар: Арақ, Наша, Темекі, Жігіт, Періште, Ақыл, Талап.
Арақ: - Ей жас жігіт неге жүрсің серіксіз?
Наша: – Танысайық, жақындашы сен бізге.
Темекі: - Біз достыққа әрқашан да берікпіз.
Жігіт: - Бұрын көрген секілдімін бір жерден.
Кімсің өзің, жүзің неге түнерген?
(Жігітті айналып жүреді )
Арақ:
Менің даңқым көп тараған кең жерде,
Ізім жатыр қырқаларда, белдерде.
Мен – Шараппын. Жаза бассаң, сүрінсең,
Шақырмай – ақ жетіп келем сендерге.
Темекі:
Жас өмірің атқан кезде таң болып,
Есіңде ме, менде саған жолыққам.
Талай – талай бірге жүрдік серік боп,
Содан кейін бір күні әкең өлгенде,
Наша қалмай меніменен еріп кеп,
Түнеп алдық сенің балғын кеудеңде
Наша:
Иә, мұнан кейін бір күннен соң бір күннен
Есігіңді жиі қағып тұрдым мен.
Жиі қақтым, келмейді оны жасырғым,
Кей күндері бірге жүрген досыңның,
Баянсызын сезінгенде жолықтым.
(Өзімен бірге жігітті ертіп кете береді. «…………»)
Періште:
- Ей, ақымақ, ақымақ,
Жақын болма жаманға!
Жалыныңды сөндіріп,
Жастығыңды күйдіріп,
Сезіміңді қорлатасың оларға.
Жігіт:
Денсаулықтың басшысы,
Жан – тәнімді өз қолыңа беремін.
Бір өзіңсің адамзаттың сақшысы,
Айтқаныңа көнемін.
Періште:
Шыншыл мақсат қай кезде де жол табар,
Кезің келді қоғам жүгін арқалар
Аярлыққа еріп кетсең сүмеңдеп,
Айта алмаймын ертеңіне сенем деп.
Талап:
Онда барсам, естілмейді талаптының сазды үні,
Тентектер көп, таяқ ала жүгіреді бәз бірі
Бір жеткіншек кезікті де келбетіне бақ күлген,
Сол баланың жүрегінен жайлы мекен таптым мен
Ақыл:
Мен қалғысам тірліктің не мәні бар?
Темекі мен арақ, наша бүкіл елге танылар.
Тыныштық жоқ, күзетемін жамандықтан еліңді,
Сондықтан да тыным таппай торып жүрем жеріңді.
Періште:
Ана сүті арамдықты суарса,
Сиыр сүті ала алмайды сені емдеп.
Темекіден түтін сорсаң улайсың,
Өзіңді – өзің жіпсіз байлап шырмайсың.
Ақылды болсаң жас жігіт,
Сөзімді менің тыңдайсың!
Жігіт: Міне, достар өмірдің мәнін мен енді түсінген сияқтымын, сендерге айтарым:
Тек жүзіңді төмен салма,
Нашақорға жолдас болма.
Тек көзіңді жасауратпа,
Сенің көзің заман үшін бағалы.
Сенің әнің асқақ шықса,
Қоғам даңқы жоғары.
Достарыңызбен бөлісу: |