Тақырыбы: Әдеби сын Мақсаты: «Бағалау және салыстыру. Әдеби сын» бөліміндегі оқу мақсаты бойынша жұмыс түрлерін ұйымдастыру жолдарын зерделеу



Pdf көрінісі
бет11/13
Дата01.03.2024
өлшемі1.32 Mb.
#493738
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
7-күн 3,4-сабақ Қазақ тілі Т1

2-қадам. Мәтінді талдау 
 
1.Шығарманың оқырманға әсері. Шығарма қалай әсер етті? Ерекше әсер еткен 
тұстары қандай? Неліктен? Не сезіңдің? Қандай ой келді? Автор осы шығарма 
арқылы не айтқысы келеді? Шығарма оқырманды неге тәрбиелейді? Бұл 
шығарма қандай фильмді, туындыны еске түсіреді? 
2.Автор үні. Автордың өмір сүрген кезеңі, ортасы, әлеуметтік жағдайы шығармада 
қалай көрінеді? 
3.Автордың сөз қолданысы. Қандай символдар, көркемдегіш құралдар көрініс 
табады? 
4.Автордың ұстанымы. Автор өз ұстанымын негіздеу үшін қандай дәлел келтіреді? 


3-қадам. Құрылымын сақтап, сыни мақала жазу 
Сөз басы 
•Шығарма авторы, шығарма атауы, шыққан жылы, т.б. ақпараттарды қамтитын, 
талданатын шығарма туралы қысқаша ақпарат беру. 
•Шығарма тезисін 1-2 сөйлеммен сипаттау. 
•Автор ұсынған аргументтерді сипаттап болған соң, өз тұжырымын жасау. 
Шығарманың маңыздылығы неде? Неліктен құнды? 
Негізгі сөз 
•Шығарманың мазмұнына қысқаша сипаттама беру. 
•Қоғамдық мәселені талқылау (құрылым, стиль, көзделген аудиториясы, автор 
көзқарасы). 
•Шығармадан дәлел келтіру. Автор ұстанымын, өз ұстанымын дәлелдеу, т.б. 
үзінділерді қолдану. 
Сөз соңы 
•Автор көздеген мақсатына жетті ме? Шығармадан қандай ой түюге болады? Қандай 
қорытынды шығаруға болады? 


«Сынды тек қана сынау құралы деп түсіну — қателік. Сынның ең əуелгі жəне 
негізгі міндеті — əдемілікті, сұлулықты, жарастықты, парасаттықты, көркемдікті 
қастерлеу, жақсыға қуану, жаманға қамығу, гүлденер өнерге қолғабысын тигізу, 
теріс жолдан сақтандырып, оңға бастау, бағыт-бағдар сілтеу»
Кəкішев Т. Қазақ əдебиеті сынының тарихы. — Алматы: Ғылым, 1994. — 358б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет