Тақырыбы: Әдеби сын Мақсаты: «Бағалау және салыстыру. Әдеби сын» бөліміндегі оқу мақсаты бойынша жұмыс түрлерін ұйымдастыру жолдарын зерделеу


АҢДАТПА (АННОТАЦИЯ) ЖАЗУҒА АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет3/13
Дата01.03.2024
өлшемі1.32 Mb.
#493738
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
7-күн 3,4-сабақ Қазақ тілі Т1

АҢДАТПА (АННОТАЦИЯ) ЖАЗУҒА АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ  
Аннотация немесе аңдатпа – кітаптың, мақаланың, қолжазбаның мазмұнын, саяси-идеялық бағытын, құндылығын түсіндіретін қысқаша сипаттама [1]. 
Аңдатпа кітаптың, не мақаланың бірінші бетінде орналасады.
Аңдатпаның көлемі, оның түріне қарай бөлінеді. Мәселен, кітапқа берілетін аңдатпа 1 сөйлемнен де тұруы мүмкін, я болмаса 1 бетке дейін жетуі мүмкін. 
Ал ғылыми мақалаға берілетін аңдатпа 500 әріптен немесе 7-8 сөйлемнен тұрады. Сонымен қатар ғылыми жобаға және диссертацияға жазылатын 
аңдатпалар да бар. Ғылыми жобаға арналған аңдатпа 1-3 бет көлемінде болса, диссертациялық жұмыстың аңдатпасы 3-7 бет көлемінде болады.
Кітапқа аңдатпа жазу барысында мындай элементтерді ескеріңіз:
Библиографиялық деректер. Мұнда, кітаптың толық атын (кітап атауынан кейін нүкте қойыңыз), автордың аты-жөнін (аты-жөнінің алдында таяқша 
қойып, артынан нүкте қойыңыз), шығарылған қаласын (қаланың алдында сызықша қойып, қос нүкте қойыңыз), баспасын (баспа атауын тырнақшаға алып 
жазыңыз, соңынан үтір қойыңыз), жылы (жылдан соң нүкте қоясыз) мен бет санын (бет санының алдында сызықша қоясыз) жазасыз. Мысалы:
Екінші болма! Бизнесте, карьерада және өмірде жеңіске жетудің қазақша жолы./ Қ. Шонбай. – Алматы: «Самға» баспасы, 2019. – 224 б. [2]  
Автор туралы мәліметтер. Мұнда қысқаша бір сөйлеммен кітап авторы кім екенін жазасыз. Мысалы: «Табысты кісіпкер, ресторатор Қуаныш 
Шонбай бұл кітабында тұлғаны және бизнесті дамытуға қатысты ақпараттармен бөліседі» [2] немесе «Бұл жинақты құрастырып, аударып 
дайындаған аудармашы Шынар Әбділдә» [3].  
Туындының жанры немесе нысаны. Мұнда кітаптың қай жанрға жататынын көрсетесіз. Мысалы:
Жанры: ғылыми Серия: өмір/ата-ана [4].  
Тақырыптың қысқаша мазмұны. Мұнда кітап не жайлы жазылған, нені қамтиды, негізгі мақсаты не сол туралы қысқаша сипаттама жазасыз. 
Мысалы: Бұл кітапта халқымыздың салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ырым-тыйымдарының мағынасы жас ұрпаққа кеңінен түсіндіріледі. Осы арқылы 
бұрынғы жақсы мен бүгінгі жаңаны ұштастырып, ұлттық болмыстан айнымай, қазақы тәлім-тәрбиенің мәнін ұғындырады. Кітапта құрсақ 
шашудан бастап, баланың алғашқы мүшеліне дейінгі аралыкта салт-дәстүр, жөн-жоралғылар барынша қамтылған [5].  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет