Гемотома ( тері астына қан құйылуы)
Белгілері: терінің астына қызару мен қан ұйылу пайда болады.
Себептері: көк тамырға егуді ұқыпсыз жасағанда, тамырдың екі қабырғасы тесіледі. Өткір емес инелерді пайдаланғанда.
Алдын-алу: көк тамырға егу жасаудың техникасын ұқыпты сақтау, өткір инелерді пайдалану.
Емдеу:
- Егуді тоқтату (басқа тамырға жасау);
- Тамырдың үстін спирттелген мақтамен қысып ұстау;
- Гемотома болған жеріне жартылай спирттелген компресс қою.
Липодистрофия
Белгілері: инсулин еккен жерлерінде май ұлпалардың сорылуынан тері астында шұңқыр пайда болады.
Себептері: инсулинді бір жеріне жиі еккенде.
Алдын-алу: егу жерлерін кезектеп ауыстыру.
Аллергиялық реакциялар
Белгілері: қышыну, бөртпелер, тұмау және т.б. Анафилактикалық шок.
Алдын-алу:
- Бірінші инъекция жасар алдында емделуші мен дәлерге сезімталдығын сұрастырып анықтау.
- Ауру тарихының бірінші бетінде қандай дәрілерді көтере алмайтыны туралы мәліметтер жазылуы мүмкін.
- НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Антибиотиктерді бірінші рет егу алдында сезімталдығын анықтау үшін тері ішіне проба (сынама) жасау керек.
Емдеу:
Достарыңызбен бөлісу: |