Қысқаша теория
ЭКГ-ның биоэлектрлік негіздері. Жүрек биопотенциалдарының пайда
болуы.
Жүректің биопотенциалы негізінен қозу үрдісін және миокардада импульстің
жүруін бейнелейді. ЭКГ-ның теориялық негіздері жүректе электр импульсінің
ритмикалық генерациялануы мен жүрек пен миокарда өткізгіш жүйесінде қозудың
таралуына
байланысты
жүретін
электр
үрдістерінде
қолданылатын
электродинамиканың заңдарынан жасалады. Қалыпты жұмыс жасайтын жүректе электр
импульстері электр өрісін туғыза отырып генерацияланады. Бұл өріс математикалық
жағынан шамасы мен бағыты бар вектор түрінде көрсетілген. Жүректің электр
потенциалдарының векторлық көрсетілімін дат физиологы В. Эйнтховен ұсынды.
Тыныштық күйде миокарда жасушасы калий мен натрий иондарының
концентрациясының айырмасы (сыртына қарағанда калий иондары жасушада 30 есе
көп болса, ал натрий керісінше 10 есе аз болады) есебінен поляризацияланған. Қозу
импульсі өткенде натрий тез жасушаға кіріп, ал потенциалы диполь түзе отырып,
қарама – қарсы жаққа қарай өзгереді. Миокардиоциттердің потенциалдардың
қосылуынан жүректе жалпы түрде диполь түзейді. Олардың қосындысы жүректің
электр векторы деп аталады, цикл кезінде күшті және уақытқа байланысты өзгертіп
отырады.
Жүректің момент векторы кеңістіктегі торды сипаттайды. Өткізетін ортада
айнымалы электр өрісі пайда болады. Эйнтховен теориясы бойынша жүректің әрбір
бөлігін біртекті өткізгізгіштік ортада орналасқан электрлік диполь ретінде қарастыруға
болады. Диполь электр өрісін тудырады, ал оның потенциалдарын дене бетінде
тіркеуге болады. Осы диполдың электрлік моментінің векторы жүректің
биопотенциалдарының айырымының нәтижесіндегі сипаттамасын береді. Бұл вектор
жүректің электрлік векторы деп аталады.
Электродтар жұбының көмегімен реттелетін сәйкес нүктелердің арасындағы
потенциалдар айырмасын тармақ деп атайды.Клиникада ЭКГ-ні тіркеу үшін 12
тармақты қамтитын жүйені алады: Эйнтховен ұсынған берілген әрбір электродтар
|