Тақырыбы: Электролиз заңдары. Орындаған: Берикбекова М. Тексерген: Шәріпхан. Ж. Ш. Группа: эл-001 Семей 2021ж Электролиз заңдары



бет2/2
Дата02.01.2022
өлшемі18.44 Kb.
#454035
1   2
13 апта жалпы химия

Электролиз заңдары

Фарадей заңдары — электролиттер арқылы электр тогы өткенде электродтарда бөлінетін не ыдырайтын заттардың мөлшерін (массасын) анықтайтын электролиз процесінің негізгі заңдары. Ол заңдарды 1833 — 34 ж. ағылшын ғалымы М.Фарадей ашқан.Фарадей заңының математикалық өрнегі электролиз кезінде бөлінетін заттың массасын, электрхимиялық және химиялық эквиваленттерін дәл аңықтау үшін пайдаланылады. Басқаша айтқанда Фарадей заңдары электролиз заңдары деп аталады. [2]

Катодта тотықсызданып,анодта тотығатын заттар мөлшері тотығу-тотықсыздану процесіне қатысқан электрондар санына,басқаша айтқанда,электролиттен өткен электр мөлшеріне тікелей тәуелді. Ол электролиздің екі заңын ашты:

1)Электролиз кезінде бөлінетін заттардың мөлшері электролиттен өткен ток мөлшеріне тура пропорционал.

2)Кез келген заттың бір молін электролиздеп алу үшін бірдей ток мөлшерін -96500 кулон (А-сек) жұмсау қажет.

М.Фарадей заңдарының теңдеуі:

M=Э/F*I*t=Э/96500*q

Мұндағы

m - электролиз кезінде бөлінген немесе электродта реакцияға түскен зат массасы, г;

Э-заттың 1 моль массасы,г;

Ғ- 96500 кулон (Кл). Фарадей тұрақтысы;

І-ток күші,А;

t- электролиздеу уақыты,с;



q-ток күші І мен уақытқа t сай кулон (А-с) саны.[1.308-309б]

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Бірімжанов Б.А.,Нұрахметов Н.Н.

Жалпы химия- Алматы:Ана тілі- 1991,640 бет.

  1. https://kk.wikipedia.org/wiki/Фарадей_заңдары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет