Тақырыбы: Эпидемиология ғылым ретінде. «Инфекция», «инфекциялық процесс» және «жұқпалы аурулар» туралы ұғымдар. Эпидемиялық процесс


Эпидемиялық процестің 1 звеносы (буыны) – бұл инфекция көзі - микроорганизмдердің табиғи тіршілік ететін ортасы, олардың қоректенуі мен көбеюі және бөлініп шығып, айналасындағыларды зақымдауы



бет4/5
Дата03.05.2024
өлшемі0.76 Mb.
#500454
1   2   3   4   5
Презентация 1 тақырып. Эпидемиология. Есбосынова П.109- топ

Эпидемиялық процестің 1 звеносы (буыны) – бұл инфекция көзі - микроорганизмдердің табиғи тіршілік ететін ортасы, олардың қоректенуі мен көбеюі және бөлініп шығып, айналасындағыларды зақымдауы.

  • антропоноздарда инфекция көзі ауру адам;
  • зооноздарда - ауру жануарлар;
  • сапроноздарда - абиотикалық сыртқы орта
  • обьектілері (су, топырақ, ауа т.б.).
  • Эпидемиялық процестің 2 звеносы.

  • Қоздырғыштың берілу механизмі – бұл паразиттің эволюциялық қалыптасқан бір иеден басқа иеге берілу қабілеттілігі.
  • Берілу механизмі 3 фазамен іске асады:

  • ауру адамнан қоздырғыш сыртқы ортаға бөлініп шығуы;
  • сыртқы ортада қоздырғыштардың уақытша болуы;
  • қабылдағыш организмге енуі.
  • Берілу механизмінің екінші және үшінші фазасы белгілі бір (немесе бірнеше) фактор арқылы іске асады.

Берілу жолдары - бұл нақты эпидемиялық жағдайда қоздырғышты бір организмнен екіншісіне жеткізуді қамтамасыз ететін нақты сыртқы орта элементтерін және тасымалдаушыларды (буынаяқтыларды) немесе факторлар жиынтығын айтады.

Берілу жолдар болу мүмкін:

  • су жолы;
  • тағам жолы;
  • тұрмыстық-қатынас жолы;
  • парентеральды жолы;
  • жыныстық қатынас жолы;
  • плацентарлы жолы;
  • трансфузия, трансплантация және т.б.

Берілу факторлары - бұл қоздырғыштың бірорганизмнен екіншісіне таралуын қамтамасыз ететін сыртқы орта обьектілері, элементері және буынаяқтылар.

Берілу факторлары - бұл қоздырғыштың бірорганизмнен екіншісіне таралуын қамтамасыз ететін сыртқы орта обьектілері, элементері және буынаяқтылар.

Берілу факторларына жатады: ауа, топырақ, су, әр түрлі тағамдар, қан, медициналық құрал-жабдықтар, ойыншықтар, лас қол, горшок, сперма, вагинальді бөліністер, үй жабдықтары, қоршаған орта заттары, өндіріс құралдары, буынаяқтылар және т.б.

Л.В. Громашевский қоздырғыш адам ағзасында орналасуына байланысты 4 берілу механизмін анықтады:

фекальды-оральды берілу механизмі - бұл кезде қоздырғыш асқазан-ішекте орналасады (ішек инфекциялар);



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет