Тақырыбы: «Ертегі терапиясын қолдану жолдары» Дайындаған: 3сво тобының студенті Ерболатова А. Жетекшісі: Ғалымова Р. М. Орал-2014 жыл Жоспар


Оқу – тәрбие процесінде ертегі мәтінімен танысуда қолданылатын әдіс - тәсілдер



бет3/7
Дата09.10.2024
өлшемі101 Kb.
#504471
1   2   3   4   5   6   7
Оқу – тәрбие процесінде ертегі мәтінімен танысуда қолданылатын әдіс - тәсілдер
Топтың немесе жеке оқушының ертегі мәтінімен танысуы әртүрлі жолмен жүзеге асуы мүмкін. Ескеретін жағдай, жалпы ең бастысы – ғажайып атмосфераны бұзып алмау.
1. Жүргізуші әрбір топ мүшелеріне ертегінің көшірмесін таратып береді. Олар ертегіні сабақтың басталуына дейін оқып шығады. Шындығын айтатын болсақ, бұл тәсіл сабаққа деген топ мүшелерінің қызығушылығын төмендететіні анық.
2. Жүргізуші ертегіні нақышына келтіріп, дауыстап оқиды. Талқылауға арнап арасында үзіліс жасап отырады. Топ мүшелері ертегінің соңын немен аяқталатынын өздері талқылап, табулары үшін кей кездері ертегі соңына дейін оқылмайды. Негізінен ертегіні оқығаннан айтып берген тиімдірек болады.
3. Ертегі қойылымға қатысушы топ мүшелерінің көмегімен бөлімдерге бөлініп оқылады. Бұл ертегінің бөлімдері бойынша анық түсінікті болып ашылуы үшін.
4. Келесі бір түрі, ертегі рольдер бойынша оқылады. Автордың мәтіні міндетті түрде оқылады.
5. Ертегі спектакль болып қойылады. Жүргізуші рольдер бойынша топ мүшелерін бөледі, яғни қатысуға тілек білдірушілерді шақырады, жреби тастайды. Жүргізуші ойналатын ситуацияны суреттейді және әрбір қатысушының монолог құруын сұрайды. Сонымен қатар ертегіге қатысушыларға жансыз заттардың да ролі беріледі (қамалдың есігі, ағаштар, қала қақпалары). Мұндай рольдер сөзбен немесе сөзсіз ойналады.
Ертегі терапиясының жетекші идеяларын бөліп көрсетуге болады:
- өміріндегі мүмкіндіктері мен өмірінің құндылығын, өзіндік әлеуетін сезіну;
- оқиға мен амалдардың себеп-салдарын түсіну;
- қоршаған ортаны түйсінудің әртүрлі стильдерін танып-білу;
- қоршаған ортамен өзара жасанды әрекет ету;
- үндестік пен күшті сезіну.
Ертегі терапиясының когнитивті және шығармашылық аспектілері ерекше маңызды. Ертегіге талдау жасау (когнитивті талдау) рухани құндылықтарға жанасуды, күнделікті жағдайларға қатысты көзқарасты өзгертеді, байытады. Қиялдың шығармашылық энергиясын – шығарма, сурет салу, қуыршақтар дайындау, ертегіні драматизациялау (шығармашылық аспектілер) арқылы шығаруға мүмкіндік береді. Барлық осы күштер өз өмірін конструктивті өзгертуге көмегін тигізеді.
Ересек адамдардың ертегі терапиясына бірден дайын бола алмайтынын естен шығармау керек. Психотерапиялық ертегілерді қолдануда негізгі үш нәрсені естен шығарып алмау керек:
- орындылық;
- шынайылық;
- мөлшерлілік.
Бүгінгі таңда да,адамдар саналы түрде ертегілерге салынған білім көзіне тартылады. Осы кезде бұл әдіс ертегі терапиясы деген атауға ие болып отыр. Ертегі дүниені ішкі жағынан ақтарып, кейіпкерді жағымды іс-әрекеттері арқылы, көптеген үрейлі жағдайлардан арылтып, баланың сана-сезіміндегі қайшылықтарды шешуге мүмкіндік береді. Бала ертегі кейіпкеріне ұқсағысы келген кезде ертегі терапиялық әсер етеді. Ертегі жақсылыққа үміт береді де баланың өмірінде болып көрмеген бірқатар өмірлерде өзін көз алдына елестеткізеді. Ертегіні оқып жатқан уақыттағы елестетіп ойлау арқылы пайда болатын суреттер әр баланың өзіндік жеке екендігіне қарамастан, ертегінің феномені балалардың түсіндіруге мүмкін емес таңғаларлық ғажайып шытырман оқиғаға қызығушылық болып табылады. Ертегі елестетіп ойлау қабілетін қалыптастыруда анықтаушы болмаса да, соңғы рөл алмайтынын атап өтпеуге болмайды. Ертегі терапиясы әдіснамасының ерекшелігі негізгі жұмыс бағалау деңгейінде өтетіндігінде. Ертегідегі мейірімділік пен зұлымдық, жомарттық пен сараңдық, батылдық пен қорқақтық сияқты т.б. ұғымдар берілген. Бұның бәрі адамгершілік құндылықтар арқылы бала тұлғасын қалыптастырады. Ертегі-баланың ішкі дүниесінің айнаша ақтарылатын символикалық үлгісі деуге болады. Ол балаға мүлде әр түрлі әлеуметтік рөлдерді басынан кешуге, ертегі оқиғалары мен нағыз өмір арасындағы байланысты айыруға мүмкіндік береді. Ертегі тілі түсінікті, кейде сюжет тіпті өз өмірінің ең қиын деген жағдайларын ашады. Бұл жерде балалардың қиыншылықтары мен оларды шешу тізбектерін тауып алуға болады. Ертегіде көзге көрінбейтін ұзтаз бар екені сезіледі, ол сездірмей үйретіп отырады, кейіпкердің қателік жасауына жол бермейді. Балаға келіспеушілік жағдайды шешуге болатын жолдарды қарастыруға және де сол немесе басқа таңдап алған жолдың нәтижесін қарастыруға ұсыныс жасалады. Тәрбиелік мағынада бала мен үлкен адам арасындағы жағымсыздықты жеңіп шығуға мүмкіндік беретін байланыстырушы ретінде әсер етеді. Одан кейінгі баланың күнделікті өмірінде әрекеті уақытша шектелмейді де, сана-сезімі деңгейінде әсер ете береді.
Ертегілік қойылым барлық уақытта оған қатысушыларға мерекелік көңіл - күй сыйлайды. Егер де ертегіні өте жоғары деңгейде ұйымдастыра білсе, кейбір қиын мәселелерге қатысты жүргізілетін терапиялық жұмыстар мен коррекциялық жұмыстарда да өзінің көмегін тигізеді.
Айту мәнері, қимыл, мимика, сондай-ақ ертегіні айту кезінде көзге елестетіп отыратын бейнелердің ақпараттық мәні бала үшін өте ерекше. Ғалымдар мұқият тыңдай білетін бала ертегі айтушының ойын да оқып отыратынын дәлелдеген. Сонымен қатар, ертегі тыңдаған баланың ой-өрісі мен тіл байлығы дамиды. Ал дәрігерлер болса, «ертегі-терапия баланың рухани тұрғыда ғана емес денсаулығын жақсартуға да ықпалын тигізеді», - деп отыр.
«Нерв жүйесінің дұрысталуына, психологиясының өсуіне, тәрбие жағынан да ертегі пайдалы. Ауырып тұрған балалар мазасызданып тұрады, тыныштандыру үшін ертек айту емделуге пайдасы тиеді. Ертегі-терапия курстары бізге қажет әрине ашылу керек», - дейді педиатр - Күлмира Шадиева.
Қазіргі таңда ертегіні ғаламтордан да табуға болады. Ал оны көруге уақыт табылмаса, арнайы аудио - ертегілер бар. Ақ халаттылар бүлдіршініңізді түнгі ұйқыға бөлерде мейірімділік пен адалдыққа, достыққа үйрететін ертегіні айтуға кеңес береді. Себебі, мұндай ертегіні естіген баланың ұйқысы тыныш, жайлы болады, әрі жақсы түс көреді.
Ертегі терапиясын тәжірибеде қолдану - адамзат дамуындағы тәжірибелік психологияның әдістерінің бірі. Көптеген зерттеу жұмыстары көрсеткендей - ертегідегі теңестірулер, яғни, метафора, адамның бейсаналы күйіне тікелей әсерін тигізеді. Ескеретін жағдай, метафора әсері терең әрі тұрақты деңгейде жүреді. Метафоралық ғажайып әсерлер жеке тұлғаның өзіндік, жекелік ресурстарын белсендіре түседі. Көптеген образдар, метафора тілдері қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас орнатудың жаңа мүмкіндіктерін ашады, адам санасын оятып, белсендіреді. Ертегі терапиясын сол себепті де адамның рухани жан дүниесіне үйлесімділікте тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Сондықтан да психологиялық қызмет барысында ертегі терапиясын қолданғанда адамның жасы мүлдем шектелмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет