Өлшеуіш қондырғы (стенд) бір немесе бірнеше шамаларды өлшеуге арналған өлшеудің негізгі немесе қосымша құралдарынан тұратын жүйе болып табылады. Қондырғылар құрамына бір немесе көп сатылы сигналдарды өлшеуіш механизммен бекітуге болатындай деңгейге дейін түрлендіруге арналған әртүрлі өлшеу және түрлендіргіш құралдары кіреді.
Шаманың физикалық мәнін өзгертпей оны бірнеше есе үлкейтетін түрлендіргіштер масштабты деп аталады (трансформаторлар, электрондық үлғайтқыштар және т.б.). Сонымен қатар сигналдардың физикалық мәнін өзгертіп түрлендіретін түрлендіргіштер бар. Сонымен, электромеханикалық түрлендіргіш кіргенде электорлық сигналды шыққанда механикалық сигналды немесе керісінше түрлендіреді. Бір құралда шығар кезде өлшенетін шаманы әр түрлі диапазонда өзгертетін бірнеше түрлендіргіш болуы мүмкін. Өлшеуіш қондырғылар сонымен қатар өлшеу нәтижесің автоматты өңдеуге ыңғайлы сигналдар шығарылуы мүмкін.
Құрал шкаласы
Шкала кұралдын маңызды бөлігі болып табылады. Шкаладағы екі көрсеткіштің арасындағы милиметрлік ара-қашықтық шкала бөлігінің ұзындығы деп аталады. Өлшенетін шамасының шкаланың басына немесе соңына сәйкес келетін мәндердің арасындағы айырмашылық құралдың диапозондық көрсеткіші деп аталады.
Құралдың қателігі
Өлшеу құралдары қателік және дәлдік шамасымен, өлшеудің тұрақтылығымен, сезімталдығымен сипатталады. Өлшеу құралдарының қателігі - оның маңызды сипаттамасының бірі. Ол құралды жасауға қолданылатын сапасыз материалдар құралдардың дайындау сапасының нашарлығы әсерінен пайда болады. Үлкен әсерді шкаланы градирлеу және құралдарды кезеңдік тексеру тигізеді. Осы жүйелік қателіктерден басқа әр түрлі кездейсоқ факторлармен байланысқан кездейсоқ қателіктер пайда болады. Сондықтан, құралдар қателігінің тек қана жеке емес, олардың қосындысын қарастыру керек.
Қалыпты жағдайда tв= 20С°; ауа ылғалдығы 80%; р=1.01325·105Н/м2 анықталған қателіктер қосындысын құралдың негізгі қателіктері деп атайды.
Құралдың қателіктері абсолюттік және салыстырмалы болады.
Өлшеу құралының абсолюттік қателігінде в=ү(хи-хд) шамасы алынады, мұнда хи- құрал көрсеткіші; хд-анық тәсілімен өлшеніп алынған шаманың нақты мәні. Салыстырмалы қателік вотн= ү(хи-хд) /100/ хд.
Достарыңызбен бөлісу: |