Тақырыбы: «Ғылыми зерттеу жұмыстарының негіздері» Кіріспе  Ғылымның салалары  Ғылыми зерттеудің түрлері Кіріспе



бет21/52
Дата24.12.2022
өлшемі106.39 Kb.
#467858
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   52
Ãûëûìè æóìûñòàð íåãèçè

Ғылыми зерттеу бағытын таңдау
Жалпы ұғымдар
Ғылыми бағыттардың құрылымдық бірліктері
Жалпы ұғымдар
Ғылыми зерттеудің мақсаты жан-жақты, объектіні тиімді зерттеп білу, процесстер мен құбылыстарды, олардың құрылымдарын, байланыстары мен қатынастарын ғылымда жасалған қағидалар мен таным әдістері негізіндеүйрену, сондай-ақ адамдарға пайдалы нәтижелерді өндіріске (тәжірибеге) енгізу және алу кез-келген ғылыми зерттеудің өз объектісі мен пәні бар.
Ғылыми зерттеудің объектісі - материалды немесе идеалды жүйе болып табылады.
Пәні – жүйе құрылымы, жүйе ішіндегі элементтердің өзара әрекет заңдылықтары, даму заңдылықтары, әр түрлі қасиеттер мен салалары т.б.
Кез-келген ғылыми-зерттеу жұмысын нақты бағытталған жұмысқа жатқызуға болады. Ғылыми бағыт астарынан зерттеу жүргізіліп жатқан саладағы ғылыми кешен немесе ғылымды түсінеміз. Осыған байланысты техникалық, биологиялық, элеуметтік, физикалық-техникалық, тарихи т.б. бағыттарды ажыратады. Техникалық бағытқа мұнай мен газ көздері бар іскерлерді эксплуатациялау мен өңдеу саласындағы зерттеулерді жатқызуға болады.
Ғылыми бағыттың негізі бір ғылым саласына кіретін арнайы ғылымдар тізбегі, сондай-ақ зерттеудің арнайы әдістері мен техникалық жабдықтар болып табылады. (Мысалы, жерасты гидромеханикасы, мұнай орындарын өңдеу, газ көзі бар жерлерді өңдеу т.б.)
Бағытты таңдау, мәселелер, ғылыми зерттеулердің тақырыптары мен ғылыми мәселелерді алдыға қою шамадан тыс жауапты міндеттер болып табылады.
Ғылыми бағыттың құрылымдық бірліктері
• Кешенді мәселе (Комплексті проблема)
• Проблема
• Ғылыми зерттеудің тақырыбы және мәселелері
1. Кешенді мәселе - біртұтас мақсатқа біріккен проблемалар жиынтығы деген түсінікті береді.
Актуальды (көкейкесті) бағыт пен зерттеудің кешенді мәселелері біздің еліміздің үкіметіндегі директивті құжаттарында қалыптасады. Зерттеудің бағыты көп жағдайда зерттеуші жұмыс істейтін ғылым саласында, ғылыми мекеме алдын-ала анықталып алынады. Сол себепті ғылыми бағытты таңдау әрбір жекелеген зерттеуші үшін өзі жұмыс істегісі келетін ғылым саласын таңдаумен жиі ұштасады. Зерттеу бағытын нақтылау өндірістік сұраныстарды, қоғамдық қажеттіліктерді және белгілі бір аталған уақыт кесіндісіндегі зерттеу жағдайын танудың нәтижесі болып табылады.
Өткізіліп қойған зерттеулердің жағдайы мен нәтижелерін білу процессінде өндірістік мәселелерді шешуге арналған бірнеше ғылыми бағыттарды кешенді түрде қолдану идеялары қалыптасуы мүмкін. Мұнымен кешенді зерттеулерді орындау үшін жасалған барынша ыңғайлы жағдайлар жоғарғы мектепте, оның университеттерінде, ғылым мен техниканың әртүрлі салаларындағы орын алған ғылыми оқу мектептерімен байланысты болатындығын айтып өткен жөн.
Зерттеудің таңдалған бағыты бұдан ары қарай ғылыми қызметкердің немесе ғылыми ұжымның стратегиясы болып қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет