Тақырыбы: фосфор тыңайтқыштары


Өсімдік үшін калийдің маңызы



бет3/5
Дата21.12.2023
өлшемі178.27 Kb.
#487472
түріҚұрамы
1   2   3   4   5
ЛЕКЦИЯ 8

Өсімдік үшін калийдің маңызы

Калий-өсімдіктер тіршілігіне қажетті элементтердің бірі. Орыс ғалымы К.А.Тимирязев: “Өсімдікке калий қажет, ол калийсіз тіршілік ете алмайды” деген болатын. Калий өсімдікте ион түрінде, цитоплазма коллоидтарында, ал негізінен (80-пайыз шамасында) клетка шырынында тұздар түрінде кездеседі. Ол органикалық қосылыстар құрамында болмайды. Калий өсімдіктің жас мүшелерінде көбірек болады. Көпшілік өсімдік күлінде оның мөлшері едәуір, ал картоп түйнегінде барлық күл мөлшерінің 50-пайыздан астамы калий үлесіне тиеді. Егер азот, фосфор дәнде көп болса, калий дәнді дақылдардың сабанында көбірек кездеседі. Калий өсімдіктердің бір мүшесінен екіншісіне тез еніп, түнде оның біразы өсімдіктен топыраққа бөлінеді. Көне жапырақтағы осы элементтің біраз бөлігін жаңбыр суы шаяды. Оны өсімдік қайтадан қабылдайды. Бұл құбылысты реутилизация деп атайды. Өсімдік тіршілігінде калий көптеген физиологиялық үрдістерге қатысады. Ол қарапайым және күрделі көмірсулардың синтезделуіне ықпал етіп, жапырақтағы көмірсулардың тамырға жылжуына себепші болады. Сөйтіп қант қызылшасының тамырында қанттың, картоп түйнегінде крахмалдың молаюына көмектеседі. Фотосинтез және тыныс алу үрдістері өсімдіктің калиймен қоректену деңгейіне байланысты.


Калий өсімдік организмдегі кейбір ферменттердің қызметіне әсер етеді. Мысалы, амилаза, инвертаза сияқты ферменттердің белсенділігін арттырады.
Өсімдікте кейбір витаминдердің түзілуі калий элементінің қатысында өтеді. Мысалы, аммиактан азотты органикалық заттардың пайда болуына әсер ететін тиамин витамині калий қатысында түзіледі. Калий жетіспесе плазма коллоидтарының суды ұстап тұру қабілеті төмендейді, өсімдік сола бастайды. Калий ауыл шаруашылық дақылдарының суыққа және түрлі ауруларға төзімділігін күшейтеді.
Калий өсімдік клеткаларының толысуына, бүршіктердің неғұрлым қаулап жетілуіне үлкен әсер етеді.
Д.Н.Сабинин калий, натрий, кальций өсімдіктердің цитоплаз-
ма құрылымын жақсартатын ролін көрсетті.
Ауыл шаруашылығы дақылдары вегетациялық дәуірінде калийді түрліше дәрежеде пайдаланады. Мысалы, көкөніс, қант қызылшасы, картоп, қарақұмық, темекі сияқты дақылдар астық дақылдарына қарағанда калийді молырақ қабылдайды. Дақылдардың негізгі және қосымша өнімдерінде калий мөлшері бірдей болмайды. Мысалы, пайдаланатын бүкіл калийдің 15 пайызы дәнді дақылдардың өнімінде, 85 пайызы сабанда, ал картоп түйнегінде 95 пайызы жинақталады. Кейбір дәнді бұршақ тұқымдастардың дәнінде калий көп болады. Сондықтан ауыл шаруашылық дақылдарын тыңайтуда калий элементінің рөлін білудің маңызы зор.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет