Тақырыбы: Грамматикалық жаттығулар және олардың түрлері



бет2/2
Дата13.03.2024
өлшемі20.47 Kb.
#495179
түріОқулық
1   2
Грам.жат. және олардың түрлері

Қорыта келгенде, оқушылардың алған білімін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттьіғуларға жалпы мына сияқты талаптар қойылады:
Белгілі бір жаттығуды орындау үшін оқушылардың сол жаттығуды орындарлық білімі болуы шарт.
Оқушылар жаттығуды не үшін орындайтынына, оның қандай пайдасы барлығына түсінсе ғана, оны саналы орындайды. Жаттығуларды түсініп орындағанда ғана белгілі бір дағды қалыптасады.
Жаттығу оқушының қызығуын, ынтасын, ықыласын арттыруға тиіс. Ол үшін жаттығу түрлендіріліп берілуі шарт, өйткені бір сарынды жаттығу оқушылардың зейінін, қабылдауын, белсенділігін нашарлатады.
Жаттығулар кездейсоқ болмай, белгілі бір жүйемен орындалып отырылуы шарт.Жаттығу жұмыстары тек таяуда ғана өтілген материалдарға негізделмей, бұрын өтілген кейбір материалдарды да қамтуы керек.
Бір жаттығу ұзақ уақытқа созылмауға тиіс. Әсіресе, балалардың жасы неғұрлым кіші болған сайын жат­тығу да қысқа уақытқа мөлшерленеді де, үнемі жиі-жиі қайталауға негізделген.
Шығармашылық жаттығулар көбірек болуы қажет.
Әр жаттығу оқушы еңбегінің нәтижесін көрсетіп отыруға тиіс.
Жаттығулар оқушы ойына әсер етуі жағынан анналитико-синтетикалық болғаны жөн: яғни грамматикалық
талдау, сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер мен мәтіндер құрастыру; салыстыру арқылы ұқсастық пен ерекшеліктерді табу, топтау; өз пікірлерін дәлелдей алып, білгендерінен жалпы қорытынды шығара білу т. б.
Жаттығу жұмысының барысында оқушылардың оқудан алған білімдері бекіп, өз беттерімен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады (яғни зейін қойып тыңдай білу, жатқа жаза білу, белгілі бір жоспар бойынша сөздерді құрамына, сөз табына, сөйлем мүшелеріне талдау, сұрақ қоя білу, қажетті деректерді оқулықтан, сөздіктен қарап таба алу).

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет