Тақырыбы: «Қыз қылығымен сүйкімді.» Мақсаты


ІІІ. Енді мақал – мәтелдерге кезек береміз



бет2/2
Дата04.02.2024
өлшемі20.84 Kb.
#490737
1   2
Қыз қылығымен... тәрбие сағаты

ІІІ. Енді мақал – мәтелдерге кезек береміз.
Мысалы:
1. «Жақсы қыз – жағадағы құндыз»
2. «Қыз қылығымен сүйкімді».
3. «Қыз ақылы шешеден».
4. «Қызға қырық үйден тыйым».
5. «Қызым үйде, қылығы түзде».
6. «Қызы бар үйдің қызығы бар».
Ән шашу: «Қазақ қызы».
ІҮ. Бойжеткен қыздарды қазақ халқы ажарына қарай жетіге бөліп қараған ғой.
1. Әдемі қыз.
2. Әсем қыз.
3. Көрікті қыз.
4. Ажарлы қыз.
5. Шырайлы қыз.
6. Сұлу қыз.
7. Ару қыз.
Осы қыздар туралы ортаға 7 қыз шығып, өз ойларын айтады.
6 – оқушы.
Қыз сұлу көрінеді қылығымен,
Жарыса төгілген қос бұрымымен.
Бұл күнде сұлулықтың үлкені осы –
Қыз сұлу көрінеді білімімен.
Қыз сұлу көрінеді шашыменен,
Ай қабақ, қиғаш қара қасыменен.
Қыз сұлу көрінеді толған айдай
Он бес пен он сегізде жасыменен.
Мұғалім: Ал қазіргі отбасында қыз бала тәрбиесі қандай?
7-оқушы: Қыз баланың жақсы болып өсуіне оның өскен ортасының, бірге жүрген құрбы – құрдастарының дос – жарандарының әсері күшті. Қазақтың «Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол», «Қызға қырық үйден тыйым» деген нақыл сөздері сол өмір тәжірбиесінен алынған.
Сонымен қазіргі заманғы қыздардың бойынан ақылдылық, инабаттылық, сымбаттылық, көріктілік және де іскерлік қасиеттерді табуға тиіс. Халық «Өнерсіз қыздан без, өнегесіз ұлдан без» деген. Ұлы Абай атамыз «Ары бар, ақылы бар, ұяты бар ата-ананың қызынан қапы қалма» деген екен.

Мұғалім:
Тәрбие отбасынан басталады. Қазақ отбасындағы қыз бала тәрбиесі оң жолға қойылуы керек. Келешекте ұлттық салт – дәстүрлермен тәрбиеленген қыздар ел қорғайтын, ұлтжанды жас ұрпайты тәрбиелей алатынына біз сенімдіміз.


Ү.Қорытынды.
1) Қыз баланың бойында қандай қасиеттер болу керек?
2) Қыз балаға қандай міндеттер жүктелген?
3) Басқа ұлттарға қарағанда қазақ отбасында қыз бала тәрбиесінің ерекшелігі қандай?
4) Қазіргі отбасындағы қыз баланың тәрбиесі қандай?
Бүгінгі заман жастарымыздан терең білімді, салауаттылықты, ұлттық тіліміз бен дінімізді құрметтейтін мәдениетті талап етеді. Осы талап тұрғысынан көріне білуге мемлекеттімізде барлық жағдай жасалған. Біз, ата – аналар, мұғалімдер өмірден көрген – білгенімізді жастарға үлгі – өнеге, ұлағат ретінде айта жүру парызымыз. Оларға әркез аялы алақан, мәпелеген бап керек.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!!!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет