Гемипаретикалық түрі кезінде БЦС-тың басқа түрлеріне қарағанда қозғалыс бұзылыстары төмен деңгейде байқалады. Трофикалық бұзылыстары себебінен балаларда сүйек өсуі баяуланып, аяқ-қолдардың паретикалық ұзындығының қысқаруы пайда болады. Бұнда әсіресе қолдар - оң немесе сол қол - зақымданады. Бұл БЦС түрі кездінде науқастар басқаларға қарағанда жақсы қатынасады, әлеуметтік бағдаянады, еңбекке меңгеріледі. Бірақ санау, жазу, кеңістікті қабылдау сияқты ми-қабат бұзылыстарды түзету қажет етеді. Балалық церебралды салдығының бір ерекшелігі қол маторикасының бұзылуы. Ауруының кейбір түрлерінде нәрестелік кезеңнің тоникалық рефлекстері сақталғандықтан, қозғалыстың дамуына кедергі туғызады (Семенова К. А., Махмудова Н. М.).
Қозғалтқыш анализатордың орталық бөлімінің бұзылуы қол моторикасының күрделі және тұрақты бұзышылықтарға соқтырады. Олар тек бұлшықет тонусының бұзылуымен, паретикасымен, гиперкинезбен ғана сипаттамай, аяқ-қолдардың қате ұстауы мен буындардың контрактураларымен белгіленеді. Ми-қабат функциялардың бұзылуы қол іс-қимылының анық еместігіне себеп болатын атаксияны негіздейді. Бұндай қозғалыс ауытқушылықтары уақыт өте келе күшеюі мүмкін. Әсіресе олар ерікті іс-қимыл жасаған кезде анық көрінеді, бұл қимылдарды жадыда дұрыс қалыптастырып белгілеп қоюға кедерді туғызады.
Церебральді параличіне бұлшық ет тонусын анықтап қана қоймай, өндірісті іс әрекетті анықтайтын жоғарғы кинестетикалық функциялардың (бұлшық ет - буынның сезінуінің бұзылуы) бұзылысының сипаты тән (К. А. Семенова).
Осы сырқатпен ауыратындар дұрыс сақталған бөлшек іс-қимылды тұтас іс-әрекетте пайдалана алмайды.
Қос гемиплегиямен ауыратын балалар саусақтың баяу қимылын геометриялық фигураны айналдыра жүргізген кезде немесе кинестетикалық қабылдауда білмейді, егер балаға үшбұрышты беріп, балаға саусақпен баяу айналасынан жүргізіп шығуға бұйырса және осы кезде шеңбер көрсетсе бала үшбұрышты емес «шеңбер бойын» сезеді. Церебральді сал ауруының гиперкинетикалық түрімен ауыратын бала дұрыс емес әрекет жасаса кинестетикалық сезімі балада толықтай жоғалып кетеді.
Аурудың атоника-астатикалық түрінде кинестетикалық қабылдауда бала тік сызықты тік сызық ретінде қабылдай алмайды. Ол оны шеңбердің жартысы ретінде қабылдайды.
Гемипарез кезінде кинестетикалық қабылдау толық болмайды, кейде баяу іс-әрекетті жалған түрде қабылдайды.
Церебральді сал ауруының мәселелерін қарастыратын ғалымдар (Э. С. Калижнюк, И. Ю. Левченко, Е. М. Мастюкова, К. А. Семенова, М. Б. Эйдонова) кинестетикалық қабылдаудың ауытқуы гностикалық функцияның дамуының бұзылысының бір себебі деп санайды.
Церебральді сал ауруы кезінде саусақ праксисінің, саусақ гнозисінің, стереогноздың бұзылатындығы анықталған.
Өз денемізді елестеткенде, денеміздің орналасуы - дене сызбасы, денеміздің қимылға келтіретін функциялармен яғни, көру, сезу, кинестетикалық қабылдаулармен тығыз байланысты екенін белгілі.
Церебральді сал ауруымен зардап шеккен балалардың көбісі өздерінің іс-әрекет жасай алатын дене мүшесін қолдануды «ұмытып» кетеді. Өз денесін сезу, өз қалпын сезу, ұсақ моторикасын сезу үшін кинестетикалық анализатордың құлдырауы шартты рефлексті алып тастайды.
Церебральдіпараличінің түрлі формасымен ауыратын балалардың қимыл әрекет функциясына, күрделі және тұрақты бұзылыс тән.
Церебральді сал ауруы бар балалардың танымдық әрекеттері олардың психикалық дамуына байланысты да бұзылады. Көптеген авторлар (М.Б. Эйдинова, К.А. Семенова, Р.Я. Абрамович-Лехтман, Е.И. Кириченко, И.Ю. Левченко) Церебральді сал ауруы бар балаларда психикалық дамудың бұзылуы аномальды бұзылысқа тиісті және бұл бұзылыс бас миының бұзылуының уақыты мен ықшамдалуына байланысты екенін бекітеді.
Л.С. Выготскийдің, С.Л. Рубинштейннін, А. И. Леонтьевтің, И.М. Сеченованың, П.К. Анохиннің, А.Г. Лурияның, А.В. Запорожецтің және басқа авторлардың теориясымен келісе отырып тәжірибелік іс-әрекеттің анықталған түрлерінде, қимылдың негізінде белсенді сипатта болатын танымдық қабылдау процесстер калыптасады. Бұлардың акырындап дамуынан кейін, қабылдаудың жоғары сатысын дамытатын, тәжірибелік қимылдарды күрделендіретін психологилық тұжырымдамалар дамиды.
Психологияда қабылдауды «бағыттаушы-зерттеуші әрекет» ретінде қарастырады (Венгер А.А. Запорожец В.А)
Церебральді сал ауруы бар балаларда қозғалыс күшінің жеткіліксіздігінің пайда болуы ерте жастан бастап қабылдаудың барлык түрінің дамымауына әкеледі.
Көздің моторлы аппаратынын бұзылуының, бұндай балалардың көзінің көру аймағының статокинетикалық дамымауының себебін осы факторлар құрайды. Көру аймағынын дамуы кеңістікті қабылдаумен және барлық қабылдау түрлерімен тығыз байланысты.
Церебральді сал ауруы бар балаларда заттық әрекет аз болғандықтан олардың заттық қабылдауы жеткілікті түрде дамымаған, ал заттық әрекет жалпы моториканың дамымауынсыз және қалыптаспауынсыз мүмкін емес. Заттық әрекеттің арқасында түйсіну дамиды.
Бұдан басқа қимылдың жеткіліксіз болуы көріп және кинестетикалық қабылдаудың дамуына ғана кедергі келтіріп қоймайды, сонымен қатар интерсенсорлық байланыстың қалыптасуына, әсіресе көру моторлық байланысқа кедергі келтіреді.
Жоғарғы қабықты функциялардын дамуына кимыл қозғалыс пен тәжірибелік әрекет үлкен мән береді. Бұл Церебральді сал ауруына шалдыққан балаларда кеністіктік бұзылыстың жиі байқалуымен түсіндіріледі.
Церебральді сал ауруы бар балалардың көбісі пішінді қабылдау жағынан, кеңістікте көлемді және жалпақ заттарға байланысты көп киналады (А.Л. Добронравова)
Церебральді сал ауруы бар балалар жиі өз денелерінде бағыттай алмай жатады. Дене схемасының дамуы кеңістікті қабылдаумен тығыз байланысты.
Кеңістікті бағдарлау науқаста байланысты түрде пайда болуы мүмкін. Оларда «онға», «солға» деген түсініктер ауыр қалыптасады, саусақ агнозиясының элементтері пайда болады, жазуды, оқуды, санауды меңгергенде қиындықтар кездеседі. Көріп жане кинестетикалық қабылдаумен қатар, кеңістіктік елестетуді дамыту кезінде есту анализаторының мәні үлкен.
Жалпы моториканың дұрыс дамымауы кеңістікті ажырату әрекетінің жетіспеушілігі сипатталады, Церебральді сал ауруы бар балаларға естіп кабылдаудың жетіспеушілігі тән болады.
Жоғарыда айтылғандардың бәрі Церебральді сал ауруы бар балалардың зиятының дамуына арнайы жағдай жасайды. Науқас бала өзінің мүмкіндігін байқамай саусақтарын айыра алмайды және белгілей алмайды. Саусақтық агнозиясы кейде бет элементтерінің білінбейтіндігімен, реакция бермейтіндігімен ұштасып жатады. Бұл науқастар адамның суретін, әсіресе беті мен қолын сала алмайды. Олар жазуды меңгергенде қатты қиналады. Және де сол науқастарда құрама апраксия синдромы байқалады. Сөйлеуінде моторлы алалияның, жеңіл анамнестикалық бұзылысы және семантикалық жағының дамымауы байқалады. Церебральді сал ауруынан зардап шеккен балаларда айқын және бұзылысы жағынан жоғары түрі анығырақ айтқанда сол жақ гемипарез, минимальды қол құлдырауындағы спастикалык деплегия екені белгілі (Литтл синдромы). Емдік-педагогикалык шараларды жүргізген жағдайда осы процесстер қайтымды болуы мүмкін.
Церебральді сал ауруынан зардап шеккен балаларда қимыл функциясының патологиясы олардағы психикалық дамудың баяу және төмендігінің пайда болуына әкеледі. Рецепторлық жүйенің құлдырауынан болатын көріп жэне естіп кабылдаудың потологиясы баланың танымдық әрекеттерінің, сөйлеуі мен зиятының бұзылуына экеп соғады. Бұдан басқа, сөйлеу тілінің дамымағандығы сөйлеу тілінің бағдарын, қарым-қатынасты бұзады. Қазіргі кезде ерте диагноз қою мен диспансерлік бақылау психомоторлық даму тежелуін дер кезінде анықтап, баланы емдеуге жіберуге мүмкіндік жасайды. Ерте басталған емдеу (дәрі-дәрмекпен, массажбен, гимнастикамен) салдану құбылыстарын азайтып, жалпы моториканы жақсартуға, баланың әрі қарай моторлық, сөйлеу және ақыл-ес дамуына жағдай жасайды. Соңғы жылдары БЦСА спастикалык түрлерін емдеуде ботулиндік токсин негізінде жасалған «Диспорт» атты дәрілік препарат өзінің тиімділігін көрсетті. Ол бұлшық еттердің тонусын төмендете отырып, балалардың қимыл-қозғалысын дамытуға, ауыру сезімін азайтып, түзету шараларын кеңейтуге мүмкіндік берді. БЦСА науқас балалардың реабилитациясы (қалпына келтіру) бойынша арнайы әдістемелері ойластырып дайындалған. Тәрбиелеу шарты науқас балада маңызды рөл атқарады, нақтырақ айтқанда ойын әрекетінің болмауы қоршаған ортамен карым-қатынастың аздығы психикалық бұзылысқа әкеледі. Ата-ананың шектен тыс көңіл аудару немесе шектен тыс қатал болуы, өзінің мүгедектігіне реякциясы балалардың кейбіреулерінде енжарлык, қиындықты жеңе алмауды туғызса, екіншісінде негативизм, кырсықтық, қарсы келушілікті туғызады. Церебральді сал ауруынан зардап шеккен балаларды зерттеушілер арасында өз уақытында, дұрыс бағыттағы түзету жұмыстарын жүргізсе керісінше бала дұрыс жағынан дамиды деген тоқтамға келген.
Достарыңызбен бөлісу: |